ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 716 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен ереже алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 наурыздағы
№ 270 қаулысымен
бекітілген
Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:
1) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - арнайы даярлығы және аспаптар мен қондырғылардың тиісті түрлері мен маркалары бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар және мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жіберілген (өтініш берушінің бұйрығымен және келісімшартпен немесе жұмысқа жолдау туралы шартпен) мамандардың білікті құрамының;
2) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - мәлімделген жұмыстың әрбір кезеңін орындауға өтініш беруші бекіткен жұмыстың негізгі әдістерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, өлшеу әдістемесін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын технологиялық регламентінің;
3) иондаушы сәуле шығару көздері жұмысының сапасын бақылау жөніндегі кіші қызмет түрі үшін - өтініш беруші бекіткен тестілеу түрлерінің, қолданылатын аспаптарының, әдістемелердің, сынаулардың мерзімділігінің сипаттамасымен тестілік сынаулар жүргізу бағдарламасының;
4) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қажетті өлшеу құралдарының, бақылау аспаптарының, қосалқы материалдар мен жабдықтардың (өтініш беруші бекіткен тізімі мен түгендеу сертификатының);
5) азық-түліктердің, материалдардың, қоршаған орта объектілерінің құрамындағы радионуклидтерді айқындау жөніндегі және персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізу жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - мәлімделген жұмыстарды орындау үшін мамандандырылған үй-жайлардың, зертханалардың;
6) құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын, медициналық қызметті қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға, техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу, иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау жөніндегі кіші қызмет түрлері үшін - өтініш беруші бекіткен радиациялық қауіпсіздік, ықтимал авариялардың алдын алу және жою жөніндегі нұсқаулықтардың;
7) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;
8) құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын, медициналық қызметті қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу, иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау кіші қызмет түрлері үшін - персоналдың жеке дозиметрлік бақылауды жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың;
9) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.