ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 107-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
107. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы, егер әлеуетті өнім беруші:
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса;
2) егер әлеуетті өнім беруші екі кезеңді ресімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы деп танылса, бірақ жеткізу шартын уақтылы жасамаса;
3) жеткізу шартын жасап, шартты орындауды кепілдікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды орындамаса немесе уақтылы орындамаса;
4) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға жіберіліп, бірақ рұқсат беру хаттамасында көрсетілген мерзімдерде баға ұсыныстарын ұсынбаса, қайтармайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 108-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
108. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша оған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуге берілген 5 (бес) жұмыс күні ішінде мынадай жағдайлардың бірі болғанда қайтарады:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің тендерлік өтінімін өтінімдерді қабылдау мерзімінің соңғы мерзіміне дейін кері қайтарып алса;
2) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің қорытындысы туралы хаттамаға қол қойса (көрсетілген жағдай жеңімпаз белгілеген екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысушыға қолданылмайды);
3) жеткізу шартының күшіне енуі және екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазының жеткізу шартының орындалуын қамтамасыз ету рәсімдерін енгізуі;
4) әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімінің қолданылу мерзімінің аяқталуы.
4. Тендерлік өтінімдерді ашу және қарау
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
109. Комиссия әлеуеті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері салынған конверттерді екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерді өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.
Комиссия конверттерді ашу кезінде осы Ереженің 113 - 115 және 120-тармақтарына сәйкес рәсімдерді өткізу орны, уақыты мен күні көрсетіле отырып, әлеуетті өнім берушілердің назарына Регламент жеткізіледі. Регламент бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында да орналастырылады.
110. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
111. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде комиссияның хатшысы барлық қатысушы адамдарға ашық тендерге қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атауын және мекенжайын, өтінімдерді құрайтын ұсынылған құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды. Бұл ақпарат тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі.
112. Комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің ұсынған тендерлік өтінімдерінің біліктілік талаптарына және осы Ереженің талаптарына сәйкестігін қарайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 113-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
113. Комиссия Регламентке сай күні мен уақытына сәйкес тендерлік өтінімдерді қараудың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ашу хаттамасын (отырыс өткізу және бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру жолымен) әлеуетті өнім берушілердің назарына ұсынады, онда мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлерін көрсете отырып, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
2) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің мазмұны;
3) тендерлік өтінімдері толықтырулар мен өзгерістерді қажет етпейтін әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4) тендерлік өтінімдеріне ескертулер бар әлеуетті өнім берушілердің атауы;
5) комиссия көрсеткен ескертулерді жою үшін толықтырулар енгізу мерзімі ашу хаттамасын хабарлау күнін қоспағанда 3 (үш) жұмыс күнін құрауға тиіс;
6) екіден аз тендерлік өтінім ұсынылған лоттардың нөмірі;
7) отандық тауар өндірушілер ұсынған тендерлік өтінімдер лоттарының нөмірі.
114. Ескертулер жойылғаннан кейін тендерлік өтінім беру кезінде қойылған талаптарға сәйкес ресімделген толықтыру түріндегі өзгертілген тендерлік өтінім ашу хаттамасында көрсетілген өзгерістерді енгізу мерзімінің соңғы жұмыс күнінің 15 сағатына дейін комиссияның хатшысына ұсынылады.
115. Толықтырулары бар конверттерді ашу өзгерістер енгізу мерзімінің аяқталу күнінде 15 сағат 30 минутта комиссия жүзеге асырады. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдерге толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
116. Өзгерістер енгізуге ұсынылған тендерлік өтінімдердің толықтыруларын зерделегеннен кейін комиссия Регламентке сәйкес күні мен уақытында, бірақ толықтырулар салынған конверттерді ашу күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 117-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
117. Әлеуетті өнім берушілерді ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне рұқсат беру хаттамасына комиссия ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін хабарлау күні қол қоюы тиіс. Рұқсат беру хаттамасын бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған күнінен 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпараттан тұруы тиіс:
1) тендерлік өтінімдерді ұсынған әрбір әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің атауы;
2) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің мазмұны;
3) тендерлік өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4) тендерлік өтінімдеріне комиссияның ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атауы, сондай-ақ өтінімдерге толықтырулар ұсыну туралы ақпарат;
5) отандық тауар өндірушілердің тендерлік өтінімдері ұсынылған лоттардың нөмірлері;
6) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне әлеуетті өнім берушілерді қатыстыру туралы комиссияның шешімі.
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 118-тармақ өзгертілді
118. Егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерде, оның ішінде екі және одан да көп отандық тауар өндірушілер бір лот бойынша қатысатын болса және осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін болса, комиссия осы лот бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға тек қана отандық тауар өндірушілерді қатыстырады (өтінім берілген көлемдер бойынша).
Егер екі кезеңді рәсімдерді пайдаланылатын тендерде қандай да бір лот бойынша отандық өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес тек бір өтінімі берілсе немесе әлеуетті өнім берушінің екі немесе одан көп өтінімі берілсе оның біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін өтінімі болса, онда комиссия тендерді бұл лот бойынша өтпеген деп жариялайды (өтініш берілген көлем шеңберінде), ал бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен отандық тауар өндіруші болып табылатын осы әлеуетті өнім берушіден сатып алуға көшеді.
Осы тармақтың талаптары әлеуетті өнім берушінің өтініш берілген оның өндірістік қуаттылығынан шығатын көлемге қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 119-тармақ өзгертілді
119. Комиссия ұсынылған өзгерістерді зерделегеннен кейін, егер:
1) әлеуетті өнім беруші осы Ережеде көзделген нысанда, көлемде және жағдайларда өтінімдерді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе;
2) әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Кодекске, осы Ереженің 8, 8-1, 12 және 13-тармақтарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібіне сәйкес сатып алынатын дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға қойылатын талаптарға сай келмесе;
3) әлеуетті өнім беруші (өнім берушілердің) жосықсыз әлеуеттік өнім берушілердің тізбесіне енсе;
4) осы Ереженің 118, 123 және 126-тармақтарында көзделген жағдайларда тендерлік өтінімді қарамайды.
5. Ең төменгі бағаны анықтау
120. Рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күнінен кейінгі жұмыс күні сағат 10-да (Астана қаласының уақытымен) комиссия ең төменгі бағаны анықтауға қатысатын әлеуетті өнім берушілерден баға ұсыныстарын қабылдауды бастайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 121-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
121. Бастапқы баға ұсыныстарын қабылдау уақыты 5 минутты құрайды. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын беруге уәкілетті тұлғаның қатысуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 122-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
122. Осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсыныстары лот бойынша әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілген және бірінші басшының немесе мұндай баға ұсынысына қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған бағалар көрсетіле отырып, жазбаша ұсынылады.
Әлеуетті өнім беруші тендердің қандай да бір лоты бойынша бастапқы баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша келесі баға ұсынысын ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тендердің жеке лоты бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
123. Комиссия, егер лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса баға ұсынысын қарамайды және мұндай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімін қарамайды. Бұл ретте, егер осы лот бойынша ең төмен бағаны анықтау рәсіміне қатысуға екіден аз тендерлік өтінім қалса, комиссия лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерді өтпей қалды деп таниды.
124. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілердің барлық ұсынылған баға ұсыныстарын, оның ішінде лот бойынша ең төмен баға ұсыныстарын жариялайды және оларға бастапқы ұсынылған баға ұсыныстарын азайтуды ұсынады.
Келесі баға ұсыныстарын қабылдау уақыты осындай ұсыныстарды қабылдаудың басталуы туралы комиссия хатшысының хабарлау сәтінен бастап 5 минутқа дейін болады. Егер бастапқы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші келесі баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда комиссия оның бастапқы ұсынған баға ұсынысын келесі ұсыныс ретінде қабылдайды.
Ең төменгі баға ұсынысы біреу ғана болған жағдайда ең төменгі бағаны анықтау рәсімі түпкілікті болып табылады.
Екі немесе одан да көп бірдей ең төменгі бағамен баға ұсыныстары болған кезде ең төменгі бір баға ұсынысы анықталғанға дейін анықтау рәсімі жалғастырылады.
125. Баға ұсынысы басқа баға ұсыныстарына қарағанда ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып танылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 126-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
126. Егер бірдей ең төменгі баға ұсыныстарын берген әлеуетті өнім берушілер өздерінің лот бойынша бұрын берген баға ұсыныстарын азайтудан бас тартқан жағдайда, осы лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер өтпей қалды деп танылады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 127-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
127. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер нәтижесі бойынша комиссия үш жұмыс күнінің ішінде екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер қорытындысы жөнінде хаттамаға қол қояды, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің күні, басталу және аяқтау уақыты;
2) комиссияның құрамы;
3) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері;
4) лоттардың атауы және қысқаша сипаттамасы;
5) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер қорытындысы бойынша анықталған ең төменгі баға;
6) әр лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпаздарының атауы және орналасқан жері;
7) егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса - Комиссияның мұндай шешім қабылдау негіздемесі;
8) жеткізу шартына қол қойылуы тиіс мерзім.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 128-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
128. Ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің аяқталу сәтінен бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазының атауын интернет-ресурста жариялайды.
129. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушінің жазбаша талабы бойынша оған екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесі беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 129-1-тармақпен толықтырылды
129-1. Медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушілердің тендер жеңімпаздарымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес жасалған медициналық техниканы сатып алу шарттарын (бұдан әрі - сатып алу шарты) жасасу үшін қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге беруге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 129-2-тармақпен толықтырылды
129-2. Тапсырыс берушілер медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тендер жеңімпаздарымен медициналық техниканы сатып алу шарттарын жасасуға тиіс.
130. Комиссия екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендерді, егер:
1) осы Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға жіберілген кемінде екі әлеуетті өнім берушінің екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін берген;
2) барлық берілген өтінімдер қабылданбаған;
3) осы Ережеде 123 және 126-тармақтарында көзделген жағдайда тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша өтпей қалды деп таниды.
Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер нәтижесі бойынша жеткізу шарты осы Ереженің 12-тарауының талаптарын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютормен жасалады.
11-тарау. Бір көзден сатып алу және оны қолдану шарттары
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 131-тармақ өзгертілді
131. Бір көзден сатып алуды бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) екі кезеңді рәсімдерді тұтасымен пайдаланып немесе оның қандай да бір болмаған лоты бойынша тендерді тану кезінде;
2) тендерде қандай да бір лот бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушінің бір өтінімі ғана берілгенде не әлеуетті өнім берушілер олардың біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім беруші осы Ереже талаптарына сәйкес келетін екі және одан көп өтінім берілгенде. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы аталған отандық тауар өндірушілерден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады.
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар көлемін көбейтуге қатысты сол қаржы жылында тапсырыс берушінің қосымша өтінімі түскен кезде. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор белгіленген баға бойынша өнім берушілерден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады;
4) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып табылған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға немесе тапсырыс берушіге келіспеушіліктердің болғаны туралы хабарламай, осы Ереженің 135-тармағында белгіленген мерзімде жеткізу шартына немесе сатып алу шартына қол қоймаған жағдайда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы ашық тендер жеңімпазының бағасынан аспайтын бағамен осы Ереженің біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғадан бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Аталған тармақтың талаптары, егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, қолданылмайды;
5) өнім беруші жеткізу шартының немесе сатып алу шартының талаптарын орындамағандықтан, тиісінше орындамағандықтан жеткізу шарты немесе сатып алу шарты бұзылғанда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бұзылған жеткізу шартының белгіленген бағасынан аспайтын баға бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қалдық көлеміне осы Ереженің біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғадан бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Аталған тармақтың талаптары, егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, қолданылмайды;
6) ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасқан кезде. Шартты жасасу мерзіміне жасалатын ұзақ мерзімді жеткізу шартын шеңберінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға болжанатын көлемдер есебін бірыңғай дистрибьютор соңғы аяқталған күнтізбелік жылдың тапсырыс берушілердің нақты пайдаланған қажеттілігі негізінде жүзеге асырады, бұл ретте сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемдері бірыңғай дистрибьютордың тізіміне сәйкес және тиісті қаржы жылына арналған Тапсырыс берушілердің өтінімдері негізінде бірыңғай дистрибьютор нақтылайды;
7) шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атау бойынша аналогы жоқ тек бір дәрілік заты немесе медициналық мақсаттағы бұйымы ғана тіркелгенде.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 132-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
132. Осы Ереженің 131-тармағының 1) - 5) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден:
1) баға ұсынысын;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың осы Ереженің 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар сұратады.
Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіден мыналарды сұратады:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсыныс;
2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасында тіркелгенін және олардың осы Ереженің 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
3) сауда тізілімінен заңдастырылған немесе апостильденген үзінді көшірмесі не шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар басқа заңдастырылған немесе апостильденген құжат не құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның нотариалды куәландыратын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы бар жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
4) нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы бар шетелдік заңды тұлға жарғысының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі;
5) нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге және/немесе көтерме, бөлшек сатуға шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) құқығын растайтын лицензияның заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі.
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен 132-1-тармақпен толықтырылды
132-1. Ұзақ мерзімді шарт бірыңғай дистрибьюторға мынадай құжаттарды ұсынған кезде ғана жасалуға тиіс:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісілген тізім бойынша өндірушімен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сатып алудың ұзақ мерзімді шартын жасасудың тиімділігі туралы қорытындысы;
2) заңды тұлғаның инвестициялық жобасын Қазақстан Республикасының индустрияландыру картасына енгізу туралы индустрия және жаңа технологиялар саласындағы уәкілетті органның растауы;
3) аккредиттелген бейіндік қауымдастықтардың сараптау қорытындысы.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 133-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
133. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде мынадай ақпараттан тұратын хаттама толтырады:
1) бір көзден сатып алу тәсілін қолданудың негіздемесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қысқаша сипаттамасы;
3) жеткізу шарты немесе сатып алу шарты жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері және мұндай шарттың бағасы.
Жеткізу шарты немесе сатып алу шарты бір көзден сатып алу тәсілін пайдалану нәтижесі бойынша осы Ереженің 12-тарауының талаптарын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютормен немесе тапсырыс берушімен жасалады.
ҚР Үкіметінің 2010.14.07. № 716 Қаулысымен 11-1-тараумен толықтырылды
11-1-тарау. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше
жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше
тәртібі
133-1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың ерекше тәртібін бірыңғай дистрибьютор:
1) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу қажет болған;
2) төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою қажет болған жағдайларда жүзеге асырады.
133-2. Сатып алудың ерекше тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде қолданылады.
133-3. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою үшін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен уақтылы қамтамасыз ету және ерекше тәртіппен сатып алуды жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) сатып алынуға тиіс дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін (тізімін) және санын;
2) кедендік тазарту бойынша шығыстарды қоса алғанда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың болжамды құнын (бағасын);
3) қаржыландыру көзін айқындайды.
133-4. Әлеуетті өнім беруші ретінде ерекше тәртіппен сатып алуға қатысу үшін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдарға рұқсат беріледі.
133-5. Ерекше тәртіппен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіден:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсынысты;
2) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасында тіркелгенін және олардың осы Ереженің 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды сұрайды.
133-6. Ерекше тәртіппен жүзеге асырылған Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы шартты (келісімді) осы тараудың талаптарын есепке ала отырып, бірыңғай дистрибьютор жасайды.
133-7. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт шеңберінде жасалған шарттарда (келісімдерде) шарт сомасының 100 пайызы мөлшеріндегі аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
12-тарау. Жеткізу шартын жасасу және орындау
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен 134-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
134. Тендер жеңімпазы екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, тендердің қорытындысын шығарғаннан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен, жеткізу көлемдері, мерзімдері және шарттары көрсетілген кестесін ұсынады.