1) баға ұсыныстарына;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға;
3) ұсынылатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың осы Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарға сұрау салады.
81. Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы мынадай ақпараттан тұратын хаттаманы жасауы тиіс:
1) бір көзден сатып алу тәсілін қолдану негіздемесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, фармацевтикалық қызметінің қысқаша сипаттамасы;
3) сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы.
Осы Ереженің 5-тарауы 7-бөлігінің талаптарын ескере отырып, тапсырыс беруші сатып алу туралы шарт жасасады.
8-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алу
ҚР Үкіметінің 2010.14.07. № 716 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.27.08. № 844 қаулысымен (бұр.ред.қара) 82-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 82-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
82. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілерді дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен жыл сайын бірінші шілдеден кешіктірмей уақтылы қамтамасыз ету мақсатында келесі күнтізбелік жылға бірыңғай дистрибьютордың тізімін бекітеді. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қамтуы тиіс.
Бірыңғай дистрибьютордың тізімін уәкілетті орган әрбір атау бойынша шектеулі бағаны көрсете отырып, бірыңғай дистрибьюторға жолдайды, осы Ереженің 11-1-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай дистрибьюторда бұдан жоғары бағаға сатып алуды жүргізуге құқығы жоқ.
83. ҚР Үкіметінің 2010.26.05. № 474 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
84. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютор тізімі бекітілген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға келесі күнтізбелік жылға алдын ала өтінімді ұсынады, онда мыналар қамтылуы тиіс:
1) дәрілік заттар (халықаралық патенттелмеген атауларымен) мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы;
2) алдыңғы аяқталған күнтізбелік жылы пайдаланылған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың нақты саны;
3) тапсырыс берушілердің толық атауы, олардың деректемелері, мекен-жайы (почта және заңды), байланыс телефондары, факстары, электрондық почтасының мекен-жайы, бірінші басшының немесе оны ауыстыратын адамның лауазымы және Т.А.Ә., сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамның Т.А.Ә., бағдарламаның, кіші бағдарламаның, ерекшеліктің атауы шеңберінде сатып алу жоспарланады;
4) алдыңғы жылғы нақты тұтынуды және келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына болжамды қалдықты ескере отырып, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрқайсысының атауы бойынша келесі жылға қажеттілік есебі.
85. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүргізу рәсімдерін бірыңғай дистрибьютор осы Ереженің 3-бөлімінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 86-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
86. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды өткізгеннен кейін және келесі күнтізбелік жылға өнім берушілерді айқындағаннан кейін тапсырыс берушілерге тиісті күнтізбелік жылға бюджетті қалыптастыру (түзету) үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрқайсысының атауы бойынша бағасы мен ең аз қаптамадағы санын ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерге Бірыңғай дистрибьютор белгілеген өзінің үстеме бағасын ескере отырып, белгіленген бағаға 10%-дан аспайтын мөлшердегі бағаларды ұсынады. Сонымен бірге үстеме баға сомасы орфандық препараттарға арналған қаптамаға төрт айлық есептік көрсеткіш сомасынан аспауы тиіс.
Үстеме баға саясатын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Бірыңғай дистрибьютор анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 87-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
87. Тапсырыс берушілер жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған бюджет бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға бірыңғай дистрибьютордың тізімінде көзделген келесі күнтізбелік жылға арналған дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға түпкілікті өтінімді береді, онда мыналар қамтылуы тиіс:
1) дәрілік заттардың атауы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі;
2) бекітілген бюджетке сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны;
3) тапсырыс берушілердің толық атауы, тапсырыс берушілердің толық деректемелері, мекен-жайы (почта және заңды), байланыс телефондары, факстары, электрондық почтасының мекенжайы, бірінші басшының немесе оны ауыстыратын адамның лауазымы және Т.А.Ә., сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамның Т.А.Ә., бағдарламаның, кіші бағдарламаның, ерекшеліктің атауы шеңберінде сатып алу жоспарланады.
Соңғы өтінімдерді қалыптастыру кезінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны алдын ала өтінімде көрсетілген санынан кемінде 25 %-ға (жиырма бес пайызға) арттырылуы немесе азаю жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Соңғы өтінімді қалыптастыру кезінде тапсырыс беруші сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын олардың сапасын сақтау мақсатында осы Ереженің 86-тармағына сәйкес ең аз қаптамаға дейін жинақтайды.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 87-1-тармақпен толықтырылды
87-1. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды қорытындылаған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде сатып алынатын дәрілік заттардың атауларының нақты бағасын көрсете отырып, белгіленген нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға нәтижелері туралы есеп береді.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 87-2-тармақпен толықтырылды
87-2. Бірыңғай дистрибьютор ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу және жеткізу мониторингін жүргізеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есеп береді.
88. Тапсырыс берушілер осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс берушінің арасындағы дәрілік заттарды сатып алу үлгі шартына сәйкес әзірленген және жасалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың соңғы өтінімдері мен сатып алу шарттарының (бұдан әрі - сатып алу шарты) негізінде бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.
Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден соңғы өтінімді алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде сатып алу шартын қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге қол қоюға береді.
Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алу шартын алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей толық көлемде оларға қол қоюға міндетті.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 8-1-тараумен толықтырылды
8-1-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғаның медициналық техниканы
сатып алуды ұйымдастыруы
ҚР Үкіметінің 2011.27.06. № 721 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 88-1-тармақ жаңа редакцияда
88-1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алатын медициналық техниканы, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беру үшін Лизинг берушінің қаражаты есебінен медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алуды ұйымдастырушы «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болады.
ҚР Үкіметінің 2011.27.06. № 721 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 88-2-тармақ жаңа редакцияда
88-2. Ағымдағы нысаналы трансферттер шеңберінде бөлінген қаражат есебінен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алуды дайындау және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтау саласына бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілген күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға әрбір атау бойынша медициналық техниканың тізбесі, саны, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшін бөлінген сома қамтылатын ақпаратты ұсынады.
Денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беру үшін сатып алынатын медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алуды дайындау және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Лизинг берушінің медициналық техника тізбесін ұсынған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде медициналық техниканың тізбесін келісуді жүзеге асырады.
Медициналық техниканың келісілген тізбесінің негізінде Лизинг беруші сатып алуды ұйымдастырушыға атауы, саны, бағасы, техникалық өзіндік ерекшелігі, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны қамтылатын ақпаратты ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 88-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88-3. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан ақпарат алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сатып алынуға тиіс денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беру үшін қаржылық лизинг шарттарында сатып алынатын медициналық техниканы қоспағанда, медициналық техниканың техникалық сипаттасыманың (техникалық өзіндік ерекшелігінің) оңтайлы параметрлерін анықтау үшін медициналық техниканың сұратылған үлгісінің бейіні бойынша мамандардан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бас штаттан тыс мамандардан, медициналық ұйымдар мамандарынан, медициналық техниканың сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан тұратын сараптама комиссиясын құрады. Сараптама комиссияның құрамында сатып алынатын медициналық техниканың бейіні бойынша сарапшылар топтары құрылуы мүмкін. Сараптама комиссиясы және/немесе сарапшылар тобы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан және кемінде бес адамнан тұруы тиіс.
88-4. Сараптама комиссиясы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген ақпараттың негізінде үш жұмыс күні ішінде сатып алынуға тиіс медициналық техниканың техникалық сипаттамаларының (техникалық өзіндік ерекшелігінің) оңтайлы параметрлерін анықтайды. Сараптамалық қорытынды әрбір бетіне қол қойылып, ал соңғы бетіне сараптама комиссиясының немесе сараптама тобының мүшелері қол қойып жазбаша ресімделеді және сараптама комиссиясы отырысының хаттамасына қоса беріледі.
88-5. Сараптама комиссиясы оны құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы әрбір атау бойынша медициналық техниканың тізбесі, саны, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшін бөлінген сома, техникалық сипаттама (техникалық өзіндік ерекшелік) қамтылған сатып алынатын медициналық техниканың тізімін қалыптастырғанға дейін жұмыс істейді.
88-6. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушілерге сатып алынатын медициналық техниканың тізімін қарау және бекіту үшін жібереді.
88-7. Тапсырыс берушілер бес жұмыс күні ішінде сатып алынатын медициналық техниканың тізімін қарайды және жазбаша түрде бекітеді, оның әрбір бетіне қол қойылады, ал соңғы бетіне тапсырыс берушілердің өкілдері қол қояды және олардың мөрімен бекітіледі, содан кейін үш жұмыс күні ішінде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.
Тапсырыс берушілер сатып алынатын медициналық техниканың тізіміне тапсырыс берушілердің толық атауын, банктік деректемелерін, мекенжайын (пошталық және заңды), байланыс телефондарының, факстерінің нөмірлерін, электрондық поштасының мекенжайын, тапсырыс беруші өкілінің лауазымын және Т.А.Ә. қоса беруі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 88-8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88-8. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы 5 жұмыс күнінің ішінде тапсырыс берушілер ұсынған сатып алынатын медициналық техника тізімдерінің негізінде және/немесе осы Ереженің 88-2-тармағының үшінші абзацында көрсетілген ақпарат негізінде әрбір атау бойынша медициналық техниканың тізбесі, саны, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшін бөлінген сома, техникалық сипаттама (техникалық өзіндік ерекшелік) қамтылған сатып алынатын медициналық техниканың әрбір атауы бойынша және тендер жариялайды.
88-9. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру осы Ереженің 3-бөлімінің 10 және 11-тарауларында көзделген тәртіппен сатып алынатын медициналық техниканың жиынтық тізімі негізінде жүзеге асырылады.
9-тарау. Отандық тауар өндірушіні қолдау
89. Егер осы Ереженің 7-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көзделген тәсілдермен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алған жағдайда әлеуетті өнім берушілер ретінде бір және тек сол лот бойынша екі және одан көп отандық тауар өндірушілер қатысса, онда тапсырыс беруші осы лот бойынша тек отандық тауар өндірушілердің баға ұсыныстарын қарайды.
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен 90-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
90. Егер тендерде қандай да бір лот бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін бір өтінімі берілсе немесе әлеуетті өнім берушінің екі және одан көп өтінімі берілсе, оның біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін өтінімі болса, онда комиссия тендерді бұл лот бойынша өтпеген деп жариялайды (өтініш берілген көлем шеңберінде), ал тендерді ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен отандық тауар өндіруші болып табылатын осы әлеуетті өнім берушіден сатып алуға көшеді.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-бөлім. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғаның медициналық техниканы
сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
10-тарау. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер
өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-тармақ өзгертілді
91. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер тәсілімен сатып алу мынадай реттік кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы комиссия құруы;
бiрыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы;
екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер өткізу туралы хабарландыру;
әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдау, ашу және қарау;
әлеуетті өнім берушілердің қосымша өтінімдерін қабылдау, ашу және қарау;
әлеуетті өнім берушілерге ең төмен бағаны айқындау рәсіміне рұқсатнама;
2) екінші кезеңде ең төмен бағаны айқындау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады.
1. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер
өткізуді ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 92-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
92. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссиясын (бұдан әрі - комиссия) құрады және оның құрамын әр тендерге жеке бекітеді.
93. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болуы тиіс және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияның хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы болмайды.
Комиссия оны құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап сатып алу туралы шарты күшіне енгенге дейін жұмыс істейді.
Егер тендер өтпей қалды деп танылса немесе оның нәтижелері жойылса, онда комиссия өзінің қызметін тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 94-тармақ жаңа редакцияда
94. Комиссияның құрамына бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе ол өкілеттік берген тұлға, қызметкерлері, тапсырыс берушілердің өкілдері және/немесе тапсырыс берушілердің мемлекеттік басқару органының, Лизинг берушінің өкілдері енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 95-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
95. Комиссияның төрағасы бірыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлімшесінің немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының басшысынан төмен емес, оның қызметін басқаратын, комиссия отырыстарында төрағалық ететін, жұмысты жоспарлайтын және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын адам болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 96-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
96. Комиссияның хатшысы бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының қызметкері болып табылады. Комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілерден тендерлік өтінімдермен конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды және материалдарды дайындайды, комиссияның отырысы өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді, түскен тендерлік өтінімдерді және ашық тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуеттік өнім берушілерді, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (тендерлік өтініммен конвертті ұсынған және конверттерді ашу рәсімдері кезінде қатысқан адамдар), әлеуетті өнім берушілер ұсынған конверттердің уақыты мен күні көрсетілген тіркеу журналдарын жүргізеді. Келіп түскен тендерлік өтінімдерді және ашық тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдары тігілген, парақтары нөмірленген болуы тиіс, соңғы парағы бірыңғай дистрьюбитердің мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
97. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда ғана өткізіледі. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс бергенде ғана қабылданды деп есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 98-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
98. Комиссия мүшелерінің біреуі өндірістік немесе басқа себепке байланысты болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі және осы фактіні дәлелдейтін құжатқа сілтеме көрсетіледі.
Егер комиссияның жұмыс регламентінде оның төрағасы немесе төрағасының орынбасары бекіткен (бұдан әрі - Регламент) көрсетілген уақытта комиссия мүшелерінің қажетті саны болмаса, онда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы комиссияның құрамына мұндай ауыстыру себебін көрсете отырып комиссияның жоқ мүшелерін ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізеді.
99. Комиссия отырысының хаттамасына қатысқан барлық комиссияның мүшелері, оның төрағасы, орынбасары және хатшысы қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 100-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
100. Қажет болған жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы клиникалық фармакологтардан және/немесе медициналық техниканың сұратылған үлгісінің бейіні бойынша мамандардан және/немесе денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарынан не дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан тұратын сараптама комиссиясын құра алады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 101-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
101. Сарапшылар (сараптама комиссиясы, оны құрған жағдайда) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізіміне сәйкес не медициналық техниканың техникалық сипаттамасының талаптарына сатып алынатын медициналық техниканың жиынтық тізіміне сәйкес сараптама қорытындысын береді және комиссия шешім қабылдау кезінде дауыс құқығы жоқ. Сараптама қорытындысы жазбаша түрде ресімделеді, сарапшылар (сараптама комиссиясының мүшелері) қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сарапшылардың (сараптама комиссиясының) сараптама қорытындысын ең төменгі бағаны айқындау рәсіміне әлеуетті өнім берушінің өтінімін жіберу туралы мәселені шешу кезінде комиссия қарайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 102-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 102-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
102. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен тендер өткізу туралы әлеуетті өнім берушілер өтінімдерді қабылдауды аяқтау күніне дейін жиырма күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі хабарландыруды республикалық мерзімдік баспа басылымдарында және (немесе) медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында жариялау жолымен хабарланады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 103-тармақ өзгертілді
103. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен тендерді өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
1) бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының атауы, мекенжайы және банк деректемелері;
2) дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атауларымен), медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың атауы;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың техникалық сипаттамасы (техникалық сипаттамалар туралы мәліметтер көлемі ауқымды болған жағдайда бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында ғана орналастырылуы мүмкін);
4) Тапсырыс берушілердің соңғы өтінімдерін ескере отырып, қажеттілікке қарай дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлеміне түзетулер енгізілуі мүмкін;
5) жеткізу шарттары;
6) жеткізу сәтінде сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалған жарамдылық мерзімдері;
7) ашық тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды тоқтату күні, уақыты және орны;
8) ашық тендерді өткізуді бастау күні, уақыты және орны;
9) әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сома.
Әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген соманы есептеу кезінде бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілердің алдын ала өтінімдеріне сәйкес уәкілетті орган анықтаған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың шектік бағаларын он пайызға азайтады.
2. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, ұсынылуы,
өзгерту және кері қайтару
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 104-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
104. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін бірыңғай дистрибьюторға немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға екі Кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға тендерлік өтінімді ұсынады.
105. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, ұсыну тәртібі, өзгерту және тендерлік өтінімдерді кері қайтару ұсынылмаған бағалар кестесін қоспағанда, осы Ереженің 5-тарауының 2-бөлігінде белгіленген тәртіпке ұқсас.
3. Кепілдікті қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 106-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 106-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
106. Әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 5-тарауында айқындалған тәртіппен тендерлік өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуін енгізеді.
Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізу туралы хабарландыруда көзделген шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған лоттар бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммуно биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген соманың үш пайызы мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.