11) кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауіпті өзге де объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу мен тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;
12) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан өздерінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге құқығы бар.
2. Жеке тұлғалар:
1) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға;
2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыруға жәрдемдесуге;
3) өз кінәсінен экологиялық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерді болдырмауға;
4) өз қызметін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
3. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.
14-бап. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерi
1. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) экологиялық бағдарламаларды әзірлеуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді қызметке ерікті негізде тартуға;
2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметіне қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуға;
4) экологиялық білім беру мен ағарту жұмыстарын орындауға, қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;
5) қоғамдық экологиялық сараптамаға және қоғамдық тыңдаулар өткізуге бастамашылық жасауға және оларды ұйымдастыруға;
6) қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыруға;
7) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;
8) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара іс-қимыл жасауға, олармен келісімдер жасауға, олар үшін шарттар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген белгілі бір жұмыстарды орындауға;
9) қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезеңінде оларды талқылауға қатысуға және әзірлеушілерге өз ескертпелерін ұсынуға;
10) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесіне қатысуға;
11) жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге;
12) кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауіпті өзге де объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім шығаруды талап етуге;
13) қоршаған ортаны қорғау қорларын құруға құқығы бар.
2. Қоғамдық бірлестіктер қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыруға жәрдемдесуге;
2) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
3. Қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.
15-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы өкілеттіктерi
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы өкілеттіктеріне:
1) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) елді мекендерді санитарлық тазартуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтіп ұстау;
4) жергілікті атқарушы органдарға, тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғи және басқа да объектілерді тарих немесе мәдениет ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныстар енгізу жатады.
3-тарау. Мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы құзыретi
16-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында:
1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық шараларды әзірлейді;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
2) 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) табиғат пайдаланудың әралуан түрлері бойынша тұжырымдамаларды мақұлдайды;
4) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сондай-ақ, гидрометеорология, климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы бағдарламаларды бекітеді;
6) табиғи ресурстардың әрбір түрінің мемлекеттік есебін, мемлекеттік кадастрлары мен мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды;
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) мыналарды:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді;
ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін;
эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын;
қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелерді сату тәртібін;
ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау қағидаларын;
коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын;
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын;
парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін;
парниктік газдар шығарындалары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру тәртібін;
қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
8) мыналарды:
шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін;
айрықша экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесін;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу тәртібін;
сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін;
қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртібін айқындайды;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) мыналарды:
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәртібін;
кешенді экологиялық рұқсаттар беру тәртібін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін;
озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін;
озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу тәртібін;
аумақтардың экологиялық жағдайын бағалау критерийлерін;
жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шекарасын;
қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртібін;
мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдар тізбесін;
белгіленген мөлшердің бір бөлігін, парниктік газдар шығарындыларын азайту бірліктерін, шығарындыларының сертификатталған азайту бірліктерін, сіңірулерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін;
белгіленген мөлшер резерві мен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібін;
экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібін белгілейді;
10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11) аумақты төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялайды және төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимінің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) жобаларды іске асыру кезінде алынған парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру бірліктерінің бөлігін басқа елдердің тізіліміне беруді және (немесе) оларды квоталардың белгіленген мөлшер резервіне немесе Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне беруді шектеу туралы шешім қабылдайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органның құзыретi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сондай-ақ гидрометеорология, климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді;
2) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бөлігіндегі қызметін үйлестіреді;
3) климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
4) жеке және заңды тұлғалардың климатты және Жердің озон қабатын қорғау, биоәртүрлілікті сақтау, жердің шөлейттенуі мен жұтаңдауы саласындағы қызметін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекітеді немесе келіседі;
6) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бағдарламаларын әзірлейді;
7) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын келіседі;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) өз құзыреті шегінде экологиялық рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға арналған эмиссияларға лимиттер белгілейді;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
8-1) жергілікті атқарушы атқарушы органдардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру жөніндегі қызметіне Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бұзылған жағдайда оларды тоқтата тұру және жою құқығымен бақылауды жүзеге асырады;
9) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар беруді жүзеге асырады;
11) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды, рұқсаттарды, шарттарды (келісімшарттарды) өз құзыреті шегінде келіседі;
12) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
13) 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы шешім қабылдайды және міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекітеді;
15) қоршаған орта жай-күйінің мемлекеттік мониторингін және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіреді;
16) Табиғи ресурстар кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізеді;
17) Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
18) Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына жіберудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
19) қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
20) Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 20-1) - 20-3) тармақшалармен толықтырылды
20-1) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
20-2) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
20-3) қалдықтарды кәдеге жаратуды ынталандыру және олардың түзілу көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар тізбесін айқындайды;
21) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат береді;
22) Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және оларды есепке алу тәртібін белгілейді;
23) Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастырады, қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және белгіленіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткізу мерзімдері мен тәртібін белгілейді;
24) ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін әзірлейді және олардың тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
2009.23.06. № 164-ІV ҚР Заңымен 17 бап 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;
25) әр түрлі дәрежедегі полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін айқындайды;
26) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
27) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
28) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 17-бап 28-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
28-1) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 28-2) - 28-8) тармақшалармен толықтырылды
28-2) парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін әзірлейді;
28-3) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асырудың тәртібін әзірлейді;
28-4) Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын әзірлейді;
28-5) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу тәртібін әзірлейді;
28-6) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді;
28-7) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
28-8) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29) тармақша өзгертілді
29) мыналарды:
қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесін;
қалдықтар сыныптамасын;
қауіпті қалдықтар бойынша есеп беру нысанын;
табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу тәртібін, қоршаған ортаны эмиссияларға рұқсат беру мәселелері бойынша құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесін;
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;
қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу жөнінде ақпарат алмасудың тізбелерін, нысандарын және мерзімін;
топырақтағы химиялық заттардың жол берілетін шекті шоғырлануын бекітеді.
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олар жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;
сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;
қондырғы паспортының нысанын;
парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;
парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемесін;
жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;
көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
30) мыналарды:
қоғамдық тыңдау өткізу тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілейді;
өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды белгілейді;
31) мемлекеттік экологиялық бақылау органдары жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің жұмысын жетілдіреді;
32) су объектілерін кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын келісуге, бассейндік келісімдерді дайындауға, су объектілерін пайдалану, молықтыру және қорғау жөніндегі мемлекеттік (өңірлік және бассейндік) бағдарламалар әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде су ресурстарын басқарудың бассейндік принципін іске асыруға қатысады;
33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
34) қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер, меморандумдар жасасады;
35) Ұлттық экологиялық атласты әзірлеуді және жариялауды ұйымдастырады;
36) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілер жобаларының тізілімін жүргізеді;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 36-1) - 36-4) тармақшалармен толықтырылды
36-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
36-2) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органын айқындайды;
36-3) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдайды;
36-4) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласында кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттейді;
37) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 38) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 38) тармақша өзгертілді
38) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 38-1) - 38-6) тармақшалармен толықтырылды
38-1) Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық шарттарын іске асыру бойынша орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
38-2) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарын іске асыруды ұйымдастырады;
38-3) Қазақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функциясын жүзеге асырады;
38-4) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
38-5) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін есептеу үшін бағдарламалық кешендерді қолдануды келіседі;
38-6) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде, жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 39) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
39) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган: