230. Корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып жүргiзiлетін төлемдер карт-шоттағы ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады.
Карт-шотты толықтыру мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жеке жоспарларымен бекітілген сомалар шегiнде төлеуге берiлетiн шот негiзiнде жүзеге асырылады.
231. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзiмде және тәртiппен сауда чектерiн, слиптердi және чектерді және (немесе) корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып жүргiзiлген төлемдердi растау болып табылатын басқа да құжаттарды қоса бере отырып, чек бойынша және (немесе) карт-шоттан ақшаны пайдаланғаны туралы аванстық есеп бередi.
232. Ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін карт-шоттағы ақшаның пайдаланылмаған қалдықтары және/немесе есеп беретін тұлға корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып алған пайдаланылмаған қолма-қол ақша мемлекеттік мекеменің тиісті шотына тиісінше қалпына келтірілуге тиіс. Бұл ретте егер бюджет ақшасы ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін қалпына келтірілмеген болса, келесі қаржы жылының бірінші үш жұмыс күнінде бюджет ақшасының қайтарылатын сомасын мемлекеттік мекеме (мемлекеттік мекеменің есеп беруші тұлғасы) тиісті бюджет кірісіне аударуы тиіс. Басқа қаржы көздерінен ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тиісті шотқа аударылмаған ақшаларының пайдаланылмаған қалдықтарының қайтарылатын сомасы келесі қаржы жылының бірінші үш жұмыс күнінде тиісті шотқа қалпына келтірілуге тиіс.
233. Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердiң кассаларындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау тәртібін бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтайды.
30-тарау. Мемлекеттік мекеменiң жасалған төлемдер сомасын және ақша аударымдарын қайтару
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 234-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
234. Ағымдағы қаржы жылында жасалған төлемдерді қайтару кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі:
1) орындалмаған міндеттемелер сомасын арттыру және шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту арқылы мемлекеттік мекеменің кассалық шығыстарын қалпына келтіруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік мекемеге осы 2-38 «Төлем тапсырмасы» нысанындағы есепті Ереженің 90-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі - 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы) және 5-17 «Қалпына келтіру және ауыстырулар тізілімі» нысанындағы есепті осы Ереженің 91-қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 2-38 «Төлем тапсырмасы», 5-17 «Қалпына келтіру және ауыстырулар тізілімі», 5-56 «Жалақы бойынша төлемдерді қайтару жөніндегі есеп», 5-57 «Зейнетақы төлемдерін қайтару жөніндегі есеп» нысанындағы есептерді дербес қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 235-тармақтың екінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады
235. Ағымдағы жылдың деректемелері дұрыс көрсетілмеген төлемдері немесе өткен жылдардың төлемдерiн қайтарған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мұндай төлемдерді 902 «Өзара есеп айырысулар бойынша айқындалғанға дейінгі сомалар» шотына (бұдан әрі - 902-шот) есептейді. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің жауапты орындаушысы келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекемеге 2-38 нысан бойынша төлем тапсырмасын бередi.
Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi жеті жұмыс күні ішінде сомалардың 902 - шотқа есептелу себебін айқындауды қамтамасыз етеді, қате аударылған төлемдер болған жағдайда, сома ақша жөнелтушіге кері қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 236-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
236. Мемлекеттік мекеме төлем тапсырмасын алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне аумақтық қазынашылық бөлiмшесi ақша алушыға қайтарылған төлем құжатының сомасын кейiн аудару үшiн нақтыланған деректемелердi көрсете отырып не аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қайтарылған төлем құжатының сомасын тиiстi бюджеттiң кiрiсiне кейiн аудару үшiн өткен жылдардың дебиторлық берешегiн растайтын хат жiбередi.
Тиісті бюджеттің кірісіне өткен жылдардың дебиторлық берешегін қайтару сомасын аударуға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің 2-38-нысаны бойынша көлем тапсырмасы мемлекеттік мекеменің есебіндегі дебиторлық берешекті есептен шығару үшін негіз болып табылады.
237. Ағымдағы қаржы жылы ішінде зейнетақылық, әлеуметтік аударымдар, жалақы, алименттер, стипендиялар бойынша өткен жылдардың төлемдерін қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген свифт-файлдың негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны жөнелтушіге одан әрі аударуы үшін 902-шотқа есептеледі.
Кірістері бойынша түсімдер сомасын есептеу кезінде 902-шотқа (құжаттарда 2-28-нысан бойынша төлем тапсырмаларындағы көрсетілген деректемелер болмаған немесе дұрыс болмаған кезде) аумақтық қазынашылық органы соманы ақшаны жөнелтушіге не мемлекеттік мекеменің хаты негізінде деректемелерді нақтылаған кезде тиісті бюджеттің кірісіне есептелуі мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтер шотына, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру шотына түсімдер бойынша 902-шотына есептелген сомалар 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелер болмаған немесе қате көрсетілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекеме хатының негізінде деректемелерді нақтылаған кезде ақшаны алушыға есептейді.
Ағымдағы қаржы жылының соңында зейнетақылық, әлеуметтік аударымдар, жалақы, алименттер, стипендиялар бойынша төлемдерді қайтару өткен жылдардың төлемдерін қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген свифт-файлдың негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны жөнелтушіге одан әрі аударуы үшін 902-шотқа есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 30-1-тараумен толықтырылды
30-1-Тарау. Есептеудің аккредитивті нысанын пайдалану
237-1. Шетел валютасында жасалған шарттар бойынша Қазақстан Республикасының резидент еместерінің пайдасына шетел валютасында төлемдер және ақша аударуды жүзеге асыру кезінде құжаттық аккредитивті (бұдан әрі - аккредитив) қолдана отырып, есеп айырысу нысанын пайдалануға жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 237-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
237-2. Аккредитив ағымдағы қаржы жылына көзделген шарт сомасының шегінде және шетел валютасындағы шарттың қолданылу мерзіміне ашылады. Бұл ретте шартты ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейінгі немесе ағымдағы қаржы жылынан асатын қолданылу мерзімімен шарт жасасқан жағдайда аккредитивтің қолданылу мерзімі аккредитив ашылатын қаржы жылының 15 желтоқсанынан кешіктірмей белгіленеді.
237-3. Аккредитивті шетел валютасында ашу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ҚР ҰБ белгіленген тәртіппен ресімделетін және ұсынылатын өтінімді ұсынады. Осы Ережеде белгіленген тәртіппен тіркелген аккредитивті пайдалану көзделген шарт өтінімді ресімдеу үшін негіз болып табылады.
237-4. Аккредитив трансферленбейтін (аударылмайтын) болуы тиіс.
237-5. Аккредитив ҚР ҰБ-да ашылады. Есептеудің аккредитивті нысанын қолдана отырып жасалған шарттың талаптарында аккредитивпен көзделген құжаттарды тиісті ұсынуға дейін банк-эмитентте (ҚР ҰБ) аккредитив бойынша жабудың болуы көзделеді.
237-6. Аккредитивтің талаптарының мерзімнен бұрын орындалуына не аккредитивті қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты шетел валютасындағы аккредитив жабылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 237-7-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады
237-7. Шетел валютасындағы аккредитивтің пайдаланылмаған сомасы аккредитивтің қолданылу мерзімі аяқталған соң, қайта айырбастау жөніндегі рәсімдерді жүзеге асырғаннан кейін шетел валютасы айырбасталған шығыстар БСК бойынша ағымдағы қаржы жылының кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен есепке алынады.
237-8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің аккредитив сомаларының есебін жүргізеді.
31-тарау. Инкассолық өкiмдердi орындау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 238-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
238. Инкассолық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, кеден органдары алдындағы берешекті өтеуге байланысты атқарушылық құжаттарды мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.
Салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім атқару парағы немесе сот шешімі (үкімі, ұйғарымы, қаулысы) немесе ақшаны өндіріп алу туралы сот бұйрығы негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша берілген бұйрықтың негізінде жасалады.
Инкассолық өкім оны жасау үшін негіз болып табылатын атқарушылық құжаттың түпнұсқасын не әрбір беті соттың елтаңбалық мөрімен куәландырылған осы құжаттың көшірмесін қоса, Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген нысан бойынша 2 данада мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне қызмет көрсетілетін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беріледі.
Инкассолық өкімді аумақтық қазынашылық бөлімшесі инкассолық өкім есептен шыққан күннен 10 (он) күнтізбелік күн ішінде орындауға қабылдауы тиіс.
Инкассолық өкімдерді қабылдау кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдардың және мөр бедерінің болуына көзбен тексеруді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 239-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
239. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға, оның ішінде осы Ереженің 238-тармағына сәйкес болған кезде 92 және 92-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, инкассолық өкімдерді есепке алу журналында тіркеледі, ол беттердің жалпы санын көрсете отырып, нөмірленген, тігінделген және елтаңбалы мөр бедерімен және аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының қойылған қолымен нықталған болуы тиіс.
Жазбалар хронологиялық тәртіппен жүргізіледі, инкассолық өкімнің түскен күні журналда көрсетілген күнге сәйкес келуі тиіс. Инкассолық өкімдерді есепке алу журналы бюджет түрлері және қаржыландыру көздері бойынша жүргізіледі.
Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген және атқарушы құжаттарды ұсыну үшін, оның ішінде осы Ереженің 238-тармағында белгіленген мерзімі өтіп кеткен кезде инкассолық өкім екі жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша негіздеумен орындалмай қайтаруға жатады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 240-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
240. Салық және кеден органдарының атқарушы құжаттары бойынша мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне қойған инкассолық өкімдері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бір мезгілде түскен кезде, оларды орындау Азаматтық кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Салық және кеден органдарының инкассолық өкімдері мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне бір мезгілде түскен кезде, салық берешегі сомаларын өндіріп алуға қойылған инкассолық өкімдер бірінші кезекте орындалады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 241-тармақ жаңа редакцияда
241. Инкассолық өкімді орындау:
1) ол мемлекеттік мекеменің кодына қойылған жағдайда, ағымдағы қаржы жылының қабылданбаған міндеттемелері бойынша жоспарлы тағайындау сомасы. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуді қоса алғанда, бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының қолда бар үнемі инкассолық өкімді орындауға жіберіледі;
2) қабылданбаған міндеттемелер бойынша жоспарлы тағайындау сомасы және оны мемлекеттік мекемелердің олардың иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаны есептеумен және олардың есебінен шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ қойған жағдайда, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуынан түсетін ақша;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны мемлекеттік мекемелер үшін алатын демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен ақшаны есептеумен және жұмсаумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ қойылған жағдайда демеушілік, қайырымдылық көмек ақшасының қалдығы;
4) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотындағы ақша қалдығы есебінен және банктік заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 241-1-тармақпен толықтырылды
241-1. Атқару құжаттарының негізінде ұсынылған инкассалық өкімді орындау шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелігі бойынша жасалады. Атқару құжаттарын, сот актілерін орындауға арналған шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша қаражат жетіспеген не жоқ болған жағдайда инкассалық өкімді орындау жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жолымен жүзеге асырылады.
242. Инкассолық өкiм алғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы:
1) мемлекеттік мекемеге инкассолық өкiмдi тiркеген күннен кейiнгi келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей инкассолық өкiмдi қою және операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі - хабарлама хат) жiбередi:
мемлекеттік мекемелердiң қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша;
міндеттемелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердiң ақылы қызметтер ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде;
мемлекеттік мекемелердiң демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде жазбаша хабарлама;
осы Ереженің 238-тармағында көзделген жағдайларда инкассолық өкімнің бірінші данасы мен атқарушы құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде инкассолық өкімнің екінші данасы, оны атқарушы құжаттар негізінде қойған жағдайда - инкассолық өкімнің көшірмесімен бірге атқарушы құжаттың түпнұсқасы (көшірмесі) қалады;
2) сол күнi мыналар бойынша:
жалақы және басқа да ақша, оның ішінде штаттан тыс қызметкерлердің төлемдерi;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
жәрдемақы, алимент;
мiндеттi зейнетақы жарналары;
әлеуметтiк аударымдар;
банк қызметтерiне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстардың ҚБШ-ны қоспағанда, қызметтерiн қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары бойынша операцияларды тоқтата тұру жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 242-1-тармақпен толықтырылды
242-1. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы инкассолық өкімді алып, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотындағы қалдықтар шегінде инкассолық өкімде көрсетілген алушының пайдасына акцептсіз ақша алуды жүзеге асырады. Келесі жұмыс күні осы Ереженің 90-қосымшасына сәйкес 2-38-нысанды және 76-қосымшасына сәйкес 5-15-нысанды қалыптастырады және басып шығарады. 2-38-нысан мөртабанмен расталады және оған аумақтық қазынашылық бөлімшенің жауапты орындаушысының қолы қойылады да ақшаның алынғанын растайтын құжат ретінде квазимемлекеттік сектор субъектісіне беріледі.
243. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат өндіріп алу туралы атқарушы құжаттар бойынша инкассолық өкімдер қойылған кезде мемлекеттік мекемелердi ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша операцияларды тоқтата тұру жүргізілмейді.
244. Операцияларды тоқтата тұру, осы Ереженің 242-тармағының 2) тармақшасының екінші - сегізінші абзацында көзделген шығыстардың БСК қоспағанда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң мемлекеттік мекемелердi ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша пайдаланылмаған қалдықтары есебінен мемлекеттік мекемелердiң құжаттарын қабылдауды және орындауды тоқтата тұруды көздейді.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 245-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 245-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
245. Мемлекеттік мекеме хабарлама хатты алып, инкассолық өкім түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей инкассолық өкім деректері негізінде төлеуге берілетін шотты қалыптастыру және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну жолымен инкассолық өкімнің орындалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуді қоса алғанда, қабылданбаған міндеттемелер мен бюджеттік бағдарлама шығыстарын үнемдеу бойынша жоспарлы тағайындау сомасы жетіспеген немесе болмаған жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін инкассолық өкім қойылғаны туралы хабардар етеді және инкассолық өкімді орындауды аумақтық қазынашылық бөлімшесінде инкассолық өкім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Ережеде белгіленген тәртіппен басқа ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің пайдаланылмаған жоспарлы тағайындауларын азайту есебінен инкассолық өкім шығарылған мемлекеттік мекеменің жоспарлы тағайындауларын арттыру рәсімдерін жүзеге асырады.
Инкассолық өкімді орындау 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етілмеген жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі осы Ереженің 242-тармағы 2) тармақшасының екінші-сегізінші абзацтарында көзделген шығыстар БСК және жеке тұлғаларға трансферттер беруге, сондай-ақ соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, барлық бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 246-тармақ өзгертілді
246. Инкассолық өкімді алған және мемлекеттік мекемеде мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуді қоса алғанда, қабылданбаған міндеттемелер мен бюджеттік бағдарлама шығыстарын үнемдеу бойынша жоспарлы жұмсалым сомасы болмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, алынған инкассолық өкімдерді алуға және ағымдағы қаржы жылы ішінде сақтауға міндетті.
Егер мерзімі өткеннен кейін ұсынылған инкассолық өкім мемлекеттік мекемеде жоспарлы тағайындаулар болмауына байланысты орындалмаған болса, онда аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны өндіріп алушыларға инкассолық өкімді орындамастан қайтаруға міндетті.
Бұл норма салық қызметi органдары мен кеден органдарының салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді мәжбүрлеп өндіріп алуға, зейнетақы жинақ қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімінде төленбеген міндетті зейнетақы жарналарын, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын төлемегені немесе уақытында төлемегені үшін есептелген айыппұлдар мен өсімақыларды өндіріп алу туралы инкассолық өкiмдерiне қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 247-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
247. Ағымдағы қаржы жылының міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына инкассолық өкімді орындау және төлемге берілген шоттарды рәсімдеу үшін жеткілікті сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша операцияларды қайтадан жаңартуды жүзеге асырады.
Инкассолық өкімді қайтарып алынған жағдайда да мемлекеттік мекеме бойынша операцияларды қайта жаңарту жүргізіледі.
Операцияларды қайта жаңарту аумақтық қазынашылық бөлімшесінің мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары есебінен мемлекеттік мекеменің құжаттарын қабылдауды және орындауды қайта жаңартуды көздейді.
Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі өндіріп алушының инкассолық өкімді кері қайтарып алу туралы өтініші болған не «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 59-бабында белгіленген өзге жағдайларды көрсеткен кезде инкассолық өкімді қайтарады.
248. Мемлекеттік мекеме ақылы қызметтер ҚБШ-сына қойылған инкассолық өкiмнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде:
ақылы қызметтер ҚБШ-сында пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және ақша болған кезде төлеуге берiлетiн шотты бередi;
ақылы қызметтер ҚБШ-сында жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және/немесе ақша болмаған не жеткiлiксiз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi олар бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асыратын шығыстардың БСК-сiн және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтарын көрсете отырып, хатты ұсынады.
249. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері осы Ережеде белгіленген тәртіппен инкассолық өкім қойылған мемлекеттік мекемелердiң жоспарларына мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспары өзгерістер енгізу рәсімдерін жүзеге асырады.
250. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарларына инкассолық өкiмдi орындау үшiн жеткiлiктi сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы шығыстардың БСК-сiн және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтары бойынша операцияларды қайта жасауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарына өзгерістер енгізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берілетін шотты ұсынады.
251. Мемлекеттік мекеме демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында қойылған инкассолық өкiм аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында ақша қалдығы болған кезде төлеуге берілетін шот ұсынады;
демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында инкассолық өкiмдi орындау үшiн жеткiлiктi ақша болмаған не жеткiлiксiз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi инкассолық өкiмдi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және кезектілікпен орындайды;
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 252-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
252. Ақылы қызметтер ҚБШ не демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша операцияларды қайта жаңарту инкассолық өкім орындалғаннан не инкассолық өкім кері қайтарып алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі өндіріп алушының инкассолық өкімді кері қайтарып алу туралы өтініші болған не «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 59-бабында белгіленген өзге жағдайларды көрсеткен кезде инкассолық өкімді қайтарады.
253. Инкассолық өкiмді орындаған кезде инкассолық өкiмдерді есепке алу журналында оның орындалғаны туралы белгі соғылады.
Инкассолық өкiм толық орындалғаннан кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi атқарушы құжаттың түпнұсқасын төлеуге берілетін шоттың көшірмесін қоса бере отырып, екі жұмыс күні ішінде атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ілеспе хатпен қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 254-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 254-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
254. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне сот актілері, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары, белгілі бір ақша сомасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкциялаған атқару өндірісі органдарының қаулылары түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы: