Төлеуге берілетін шоттарды «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша өткізген кезде төлеуге берілетін шоттардың тізілімдері ұсынылмайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 195-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 195-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
195. Аумақтық қазынашылық бөлімшенің жауапты орындаушысы осы Ережеде көзделген жағдайларда оларға қоса берілген төлеуге берілетін шоттар және қағаз тасығыштағы құжаттармен бірге төлеуге берілетін шоттармен тізілімінің екі данасын қабылдайды, олардың жинақтылығын, осы Ереженің 24-29-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Төлеуге берілетін шоттардың тізіліміне қоса берілген төлеуге берілетін шоттар мен құжаттардың саны төлеуге берілетін шоттар тізілімінде көрсетілген санына және осы Ереженің 24-29-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде тізілімнің 2 данасына және тізілімге қоса берілген төлем шоттарына қолын, күнін және мөртабан бедерін қояды. Төлеуге берілетін шоттар тізілімінің қол қойылған және мөртаңба қойылған данасы мемлекеттік мекемеге қайтарылады, төлеуге берілген шоттарға және құжаттарға қоса берілген төлеуге берілетін шоттар тізілімінің екінші данасы одан әрі орындау үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
Мемлекеттік мекемеге «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы төлеуге берілетін шоттың электрондық түрінің және оған жапсырылған сканерленген құжаттардың түрінің осы Ереженің 24-29-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және төлеуге берілетін шоттың электрондық түрін бекітеді.
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) шарт жасаспай не жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелуін талап етпейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып сатып алған жағдайда ҚБАЖ-да ақша алушы болмай қалған кезде, мемлекеттік мекеме Ақша алушылардың анықтамалығына ақша алушы енгізуге арналған өтінімді қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде осы Ереженің 60, 62-қосымшаларына сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген бейнесін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын:
1) заңды тұлға:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесін;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасын;
ақшаны алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растау-хатын (ақшаны алушы резидент емес болып табылған жағдайда);
2) жеке тұлға:
жеке басын куәландыратын құжаттың немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесін;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасын қоса бере отырып ұсынады.
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) шарт жасаспай не ол бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінде жасалған шартты тіркеу талап етілмейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, сатып алған жағдайда, ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелері өзгерген (болмаған) кезде, мемлекеттік мекеме нөмірі көрсетілген банк шотының болуы туралы банктің анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженің 63, 64-қосымшаларына сәйкес осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, олар бойынша өзгерістер енгізілген деректемелерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып), ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімді қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде береді.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынылатын төлеуге берілетін шотты ашу кезінде мемлекеттік мекемеде Ақша алушы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-дан ақша алушылар анықтамалығында ақша алушының бар болуын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-дан Ақша алушылар анықтамалығында қажетті ақша алушы бар болған кезде мемлекеттік мекеме осы Ережеге 63-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырады.
Ақша алушыны ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуінің растығы мен дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 196-тармақ жаңа редакцияда
196. Төлем жүргізілгеннен кейін мемлекеттік мекемелердің төлеуге берілетін шотының немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің төлем тапсырмасының екінші данасы және осы Ереженің 76-қосымшасына сәйкес 5-15-«Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің төлемдерін жүргізу жөніндегі күнделікті көшірмесі» нысаны бойынша қалыптастырылған есеп (бұдан әрі - 5-15-нысан) төлеуге берілетін шотта немесе төлем тапсырмасында төлем жүргізілген күнді және 5-15 нысанда салыстыру жүзеге асырылған күнді көрсете отырып, салыстырылады, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен және мөртабан бедерімен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне беріледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.20.06. № 667 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 197-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 197-тармақ жаңа редакцияда
197. Қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарында төлеуге берілетін шоттарды орындау үшін ақша болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, жергілікті уақытпен сағат 16.00-ге дейін түскен қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмай оны аумақтық қазынашылық бөлімшесі қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекемелерден сағат 16.00-ден кейін қағаз тасығышта түскен төлеуге берілетін шоттар келесі жұмыс күні түскен болып саналады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша түскен төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмастан келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылады.
Қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шот және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде түскен шот:
1) төлеуге берілетін шот осы Ережеде белгіленген нысанға сәйкес келмейтін нысан бойынша ұсынылған;
2) түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетіліп ұсынылған;
3) осы Ережеде көзделген растау құжаттары, оның ішінде магниттік (электрондық) қосымшасыз (сканерленген түрі тіркелмеген немесе мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған сканерленген түрі тіркелген) ұсынылған;
4) талап етілген жолдарда қойылған қолдар және (немесе) мөр бедері болмаған;
5) қойылған қолдар және (немесе) мөр бедері қойылған қолдардың және мөр бедерінің үлгісі бар құжатқа сәйкес келмеген;
5-1) түпнұсқалығын тексеру кезінде ЭСҚ-ның дұрыс еместігі айқындалған;
6) құжаттың барлық даналарындағы талап етілген жолдарда мөр бедері дәл (анық) қойылмаған;
7) санмен көрсетілген сома жазылған сомаға сәйкес келмеген;
8) төлеуге берілетін шоттарда көрсетілген, бағдарламалық тексеруге жататын деректер ҚБАЖ-ға енгізілген деректерге сәйкес келмеген;
9) төлемнің мақсаты Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыстардың бағытына сәйкес келмеген;
10) төлеуге берілетін шоттар деректемелерінің төлеуге берілетін шоттарға қоса берілген (осы Ережеде белгіленген жағдайларда құжаттар қоса берілген (сканерленген түрі жапсырылған) кезде) растайтын құжаттардың деректемелеріне сәйкес келмеген;
11) төлем сомасы қаржыландырудың жеке жоспарының тиісті кезеңдегі (өспелі қорытындылармен) төлемдері бойынша пайдаланылмаған қалдығы сомасынан асып кеткен;
12) аванстық төлем пайызы, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруды қоспағанда, осы Ереженің 156-161-тармақтарында көзделген мөлшерінен асып кеткен;
13) төлеуге берілетін шоттың бірінші данасының деректемелері төлеуге берілетін шоттың екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеген;
14) төлеуге берілетін шоттың қолданылу мерзімінен асатын мерзімде берілген;
15) ұсынылған төлеуге берілетін шоттар саны төлеуге берілетін шоттар тізілімінде көрсетілген санға сәйкес келмеген;
16) ҚБЕО белгілеген хабарламалар форматында магниттік (электрондық) тасығышта қателер анықталған;
17) осы Ереженің 185-тармағының екінші абзацында көзделген талаптарды сақтамай, төлем шотына «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша хабарлама бекітілген жағдайларда орындалмай мемлекеттік мекемеге қайтарылады (қабылданбай тасталады).
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлеуге берілетін шоттағы деректердің қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде жоғарыда санамаланған талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде төлеуге берілетін шот қайтару негіздемесі көрсетіле отырып, электрондық түрде мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Қабылдау кезеңінде төлеуге берілетін шотта жоғарыда санамаланған жағдайларға сәйкессіздік анықталған кезде хат ресімделместен, төлеуге берілетін шоттардың тізілімінің бірінші данасында мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қолымен қайтару туралы белгі қойыла отырып, екінші данада - аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен қайтарылады. Қабылданғаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік анықталған кезде төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесі бастығының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен жазбаша негіздеме бере отырып қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 198-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
198. Мемлекеттік мекеменiң қағаз тасығыштағы және «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шотының атқарылу күнi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекiткен 5-15 нысанындағы есепке бекітілген төлеуге берiлетiн шотты енгiзген күнi болып табылады.
24-тарау. Төлеуге берiлетiн шотты ресiмдеу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 199-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 199-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 199-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
199. Қағаз тасығыштағы және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша түскен төлеуге берілетін шот былайша ресімделеді:
1)»№ төлеуге берілетін шот» ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәнді кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екі саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы - төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірінен тұратын төлеуге берілетін шоттың нөмірі көрсетіледі;
2) «Күні» ашық жолағында төлеуге берілетін шот үзіндісінің күні көрсетіледі;
3) «Мемлекеттік мекеме» бөлімінде:
«ММ-нің коды» ашық жолағында Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің жеті белгіден тұратын коды көрсетіледі;
«Атауы» ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес келетін мемлекеттік мекеменің толық атауы көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанның атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі;
«СТН» («БСН») ашық жолағында мемлекеттік мекемеге салық қызметі органы берген салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;
«АҚБ» ашық жолағында мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін аумақтық қазынашылық органының атауы көрсетіледі;
«БСК» ашық жолағында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның сәйкестендіру коды көрсетіледі;
4) «ЖСК» ашық жолағында:
мемлекеттік мекеменің қаржыландыру көзіне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетіне) не аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне) түсетін түсімдерді есепке алу;
мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаны есепке алу және олардың есебінен есеп айырысулар жүргізу;
мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес алатын ақшаны есепке алу және жұмсау;
мемлекеттік мекемеге қайтарымды не белгілі бір жағдайлар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алу;
ерекше шығыстарды жүргізуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану жөніндегі операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шотының тиісті жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі;
5) «Қаржыландыру көзі» ашық жолағында қаражатының есебінен төлем мен ақшаны аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзінің түрін білдіретін белгі көрсетіледі:
1 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражатының есебінен;
2 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатының есебінен;
3 - мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен;
4 - демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақша есебінен;
5 - жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттік мекемеге беретін ақшаның есебінен;
8 - ерекше шығыстардың есебінен;
6) «Бюджет түрі» ашық жолағында қаражатының есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін белгі көрсетіледі:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық (республикалық маңызы бар қала (астана)) бюджет;
03 - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті;
7) «Шығыстардың БСК» ашық жолағы бюджет қаражатының немесе мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады; онда кезектілікпен үш мәнді бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, бюджеттік бағдарламаның, бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің кодтарын білдіретін он екі мәнді код көрсетіледі;
8) «Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды» мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды көрсетіледі;
9) «Ақшаны алушы» бөлімінде:
«Атауы» ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес келетін ақшаны алушының атауы; ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің аумақтық қазынашылық бөлімшесінің, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанының атауын және ақша алушының атауын қысқартуға жол беріледі;
10) «СТН» ашық жолағында - ақша алушыға салық қызметі органы берген салық төлеушінің тіркеу нөмірі («БСН» - бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;
11) «Банк» ашық жолағында ақшаны алушыға қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледі;
12) «БСК» ашық жолағында ақшаны алушы банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
13) «ЖСК» ашық жолағында банктен ақша алушының банктік ағымдағы шотының нөмірі көрсетіледі;
14) «Түсімдер БСК» ашық жолағында - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша төлем есепке алынатын түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бюджетке төлемдерді жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады) немесе шетел валютасына айырбастауға арналған төлемдерді жүргізу кезіндегі ерекшелік коды көрсетіледі;
15) «Төлем мәртебесі» ашық жолағында «ағымдағы» не «түпкілікті» деп көрсетіледі;
16) «Төлемнің мақсаты» ашық жолағында: төлемнің мақсаты, құжаттың, тауарларды беру туралы құжаттың атауы (шот немесе хабарлама-шот немесе шот-фактура), нөмірі мен күні немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе осының негізінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат) және қосымша:
тіркелген шарттар (қосымша келісімдер) жөніндегі төлеуге берілетін шоттар бойынша - хабарламаның нөмірі мен күні;
жасасқан аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеуге жатпайтын шарттар жөніндегі төлеуге берілетін шоттар бойынша - шарттың нөмірі мен күні; банк қызметтерін төлеу кезінде - жасалған шарттың талаптарына сәйкес пайыздық төлемнің мөлшері;
төлем жүзеге асырылатын кезең (бір жолғы сипаттағы және кезеңінің көрсетілуін талап етпейтін төлемдерді жүргізу кезінде көрсетілмейді);
осы аударымдар жүзеге асырылатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде мемлекеттік мекеменің заңды тұлға болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің атауы мен СТН-і (БСН-і);
17) «Сомасы» ашық жолағында төлеуге берілетін шоттағы теңге және тиын сомасы санмен көрсетіледі;
18) «Жазбаша сомасы» ашық жолағында - төлеуге берілетін шоттың теңгедегі сомасы жазбаша бас әріппен көрсетіледі, тиын сомасы - санмен көрсетіледі;
19) «М.О.»ашық жолағында мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедері қойылады, елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс;
20) «Басшының тегі, аты-жөні, қолы» ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бірінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының және (немесе) әкесінің атының басқы әріптері) көрсетіледі;
21) «Бас бухгалтердің тегі, аты-жөні, қолы» ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының бас әрпі және тегі) көрсетіледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша төлем шотына орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бірінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеме басшысының, мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолы қойылады, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының не бас бухгалтерінің ЭЦҚ, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының қолы қойылады.
Қол қою кезінде өшпейтін төзімді сиялар пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
«Код», «КБе», «ТМК» ашық жолақтарын толтыру Қазақстан Республикасының Банктік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 199-1-тармақпен толықтырылды
199-1. Электрондық төлеуге берілетін шоттарды жасау кезінде тиісті электрондық ашық жолақтарда төлем түрін көрсету қажет:
1 - қарапайым төлем;
2 - қосымшасы бар жиынтық 10% зейнетақы төлемі;
3 - еңбекақыны және дивидендтерді аудару;
4 - қосымшасы бар әлеуметтік аударымдар.
Шығыс есептілік нысандарында қамтылған мәліметтерді бұрмалауға жол бермеу мақсатында мемлекеттік мекеме жасаған, бірақ мемлекеттік мекеменің басшысы қол қоймаған төлеуге берілетін шоттарды айдың соңғы күнінің сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, ал ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында бұл күн ерте болуы мүмкін, қазынашылық Жүйеден алып тастайды.
200. Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы, басқа да ақшалай төлемдер, жеке тұлғаларға стипендиялар мен төлемақы бойынша төлемдердi жүргiзуге арналған төлеуге берiлетiн шоттарда олардың сомасын қарт-шоттарға немесе ақша алушылардың жинақ ақша шоттарына есептеу жолымен «Ақшаны алушы» бөлiмiнде ақша алушы карт-шот немесе ақша алушының жинақ ақша шотын ашқан банктiң деректемелерi көрсетiледi.
«Ақшаны алушы» бөлiмiнде мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақыны, басқа да ақшалай төлемақыны, жеке тұлғаларға стипендияларды және төлемақыны төлеуге арналған чектер бойынша банкте берілген сомасын қалпына келтіруге арналған төлеуге берілетін шоттағы мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi шарт жасасқан банктiң деректемелерi көрсетiледi.
201. Аванстық (алдын ала) төлемдi жүргiзген кезде төлеуге берiлетiн шотта «Төлемнiң мақсаты» ашық жолағында: «_____№______ шарт сомасының _____ % мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлем, № _____, хабарламаның күнi және № _____» мәтін қосымша көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 202-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 202-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
202. Төлеуге берілетін шотта «ағымдағы» не «түпкілікті» төлемінің мәртебесі көрсетіледі.
«Ағымдағы» мәртебесі бар төлеуге берілетін шот - тіркелген шарттың талаптарына сәйкес тауарларды беруге (орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) аралық төлемді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұсынатын («Қазынашылық-клиент» АЖ қалыптастырылатын) төлеуге берілетін шот.
«Түпкілікті» мәртебесі бар төлеуге берілетін шот - растайтын құжаттар қоса беріле отырып (тіркеліп), тіркелген шарттың талаптарына сәйкес берілген тауарларға (орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) түпкілікті төлемді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұсынатын («Қазынашылық-клиент» АЖ қалыптастырылатын) төлеуге берілетін шот.
Шарт жасау талап етілмейтін және аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеу талап етілмейтін шығыстар бойынша экономикалық сыныптама шығыстарының түрлері бойынша төлеуге берілетін шотта «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.
Төлеуге берілетін шотта төлемнің «ағымдағы» мәртебесі көрсетілетін жалақы бойынша аванстық төлемдерді жүргізу айырықша жағдай болып табылады, ал орындалған кезең үшін жалақы бойынша төлемдерді жүргізген кезде - «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.
Үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша төлемдер бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен жүргізілген кезде қаржы жылының ішінде төлеуге берілетін шотта «ағымдағы» мәртебесі, ал ағымдағы қаржы жылының түпкілікті сомасына төлеуге берілетін шотты өткізу кезінде «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеме демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ арқылы төлемдер мен ақша аударымын жүргізген кезде «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.
25-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа ақшалай төлемақыларды, жеке тұлғаларға стипендияларды және басқа да төлемақыларды төлеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру, мiндеттi зейнетақы жарналарын және әлеуметтiк аударымдарды аудару тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 203-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
203. Мемлекеттік мекеменiң қызметкерлерiне барлық төлем қолма-қол ақшалай емес нысанда жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақыларды төлеу олардың сомасын ақша алушының таңдауы бойынша банкте ашылған карт-шоттарға немесе жинақ ақша шотына есептеу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақыларды төлеу: