Осы редакция 2012 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысына
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.28.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ мекенжайы осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 29-тармағының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (электронды мекенжай: www.minjust.kz., «Сіз білесіз бе:» бөлімі) интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген орталықтардың үй-жайлары мен уәкілетті органдардағы стенділерде орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің жүргізілгені туралы белгімен азаматтарды тіркеу кітабын және электронды тасымалдағышта жеке куәлікке азаматтың заңды мекенжайын қайта жазу немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе шетелден тұрақты тұруға келген азаматтарға (тұтынушыларға) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар қарастырылмаған;
2) құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
ҚХТ ТП арқылы мемлекеттік қызмет бір жұмыс күніне дейінгі және Орталық арқылы екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік баж заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттар берілген жердегі бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде банк мекемелері арқылы төленеді. Мемлекеттік баж тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленуі тиіс.
9. Мына:
ХҚТ ТП арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден сағат 14-30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Орталық арқылы еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, түскі асқа үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі. Орталықтың өкілдіктері мен филиалдарында құжаттар бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қабылданады.
Алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жеріндегі мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органда көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) тұрғын үйге меншік иесінің келісімі бар тіркеу туралы өтініші;
2) олардың белгіленген тәртіппен тұрғын үйді меншігіне сатып алғанын растайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша тұрғын үйге тұруға құқық беретін өзге де құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
3) азаматтарды тіркеу кітабы;
4) бұрынғы тұрған жерінен кету мекенжай парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаты (16 жасқа дейінгі балалар туу туралы куәлігі) (түпнұсқасы және көшірмесі);
6) әскери міндеттілер - жергілікті әскери басқару органының әскери есепке қабылдағаны туралы белгісі бар әскери билет (әскери міндеттілер тіркеу куәлігі) (көшірмесі);
7) жаңа тұрғылықты жері бойынша 3 данада келу мекенжай парағы (ХҚТ ТП арқылы қызмет алғанда бланкіні толтыру талап етілмейді);
8) келу парағына статистикалық талон;
9) құжат үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын) ұсынады.
12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе Орталықтың консультантында болады.
13. Құжаттарды қабылдау атқаратын қызметтері және оның міндеттері туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.
14. Тұтынушыға:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттардың беру күні, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
15. ХҚТ ТП арқылы қабылданған дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның қызметкерлері жүзеге асырады.
Орталықтың инспекторы толтырған өтініштің негізінде қабылданған дайын құжаттарды беру Орталықтың «терезесі» арқылы Орталықтың инспекторы берген қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделген және сыпайылық, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің және уәкілетті органдардың, мекемелердің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік қызметінің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
5. Шағымдану тәртібі
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесуде тұтынушы осы стандарттың 1-қосымшасында телефондары көрсетілген уәкілетті органның басшыларына жүгінеді.
21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.
22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.
23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Қажет жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді.
25. Пошта және қолма-қол қабылданған шағымдарды растау оларды Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (мөр, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады).
Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.
Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: ww.minjust.kz.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
«Қазақстан Республикасының
азаматтарын тұрғылықты жері
бойынша тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының
тізімі мен мекенжайлары
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасқан мекенжайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақмола облысының ХҚКО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | (87162) 25-77-16 | 40-10-63 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының ХҚКО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | (87132) 56-24-53 | 56-57-87 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының ХҚКО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | (87282) 24-31-10 | 24-41-33 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының ХҚКО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | (87122) 28-31-14 28-40-06 | 28-40-14 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚКО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | (87232) 22-48-03 | 28-94-67 қабылдау бөлмесі |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚКО | Семей қаласы, 408 квартал, 21-үй | (87232) 33-57-97 | 33-55-93 қабылдау бөлмесі |
7 | Жамбыл облысының ХҚКО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | (87262) 51-44-79 | 43-84-14 қабылдау бөлмесі |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚКО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | (87112) 28-13-12 | 23-68-81 қабылдау бөлмесі |
9 | Қарағанды облысының ХҚКО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | (7212) 41-63-03 | 41-63-10 қабылдау бөлмесі |
10 | Қостанай облысының ХҚКО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | (87142) 53-26-00 21-13-11 | 54-10-20 қабылдау бөлмесі |
11 | Қызылорда облысының ХҚКО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | (87242) 23-07-51 | 23-08-46 қабылдау бөлмесі |
12 | Маңғыстау облысының ХҚКО | Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б» үй | (87292) 42-23-19 | 42-23-12 қабылдау бөлмесі |
13 | Павлодар облысының ХҚКО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | (87182) 33-47-54 33-47-48 | 33-47-35 қабылдау бөлмесі |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | (87152) 42-69-50 | 33-31-03 қабылдау бөлмесі |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | (87252) 21-48-96 | 30-06-79 қабылдау бөлмесі |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | (8727) 378-09-10 | 378-09-09 қабылдау бөлмесі |
17 | Алматы қаласы Алатау ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 24-үй | (8727) 377-19-80 | 377-19-80 қабылдау бөлмесі |
18 | Алматы қаласы Әуезов ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөкеев көшесі, 128-үй | (8727) 317-82-29 | 256-08-69 қабылдау бөлмесі |
19 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9а | (8727) 293-41-14 | 248-17-77 қабылдау бөлмесі |
20 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | (8727) 378-46-72 | 390-18-07 қабылдау бөлмесі |
21 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | (8727) 239-65-53 239-65-47 | 239-65-52 қабылдау бөлмесі |
22 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Рихорд Зорге көшесі, 9-үй | (8727) 234-09-27 | 234-09-35 қабылдау бөлмесі |
23 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 25-үй | (87172) 61-84-03 | 61-84-03 қабылдау бөлмесі |
24 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚКО | Астана қаласы, Субханбердин көшесі, 2-үй | (87172) 23-23-62 | 23-23-62 қабылдау бөлмесі |
25 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 47-үй | (87172) 32-42-79 | 32-40-95 қабылдау бөлмесі |
26 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚКО | Астана қаласы Сүйінбай ақын көшесі, 85-үй | (87172) 37-74-34 | 37-74-34 қабылдау бөлмесі |
27 | Астана қаласы Есіл ауданының ХҚКО | Астана қаласы, Сауран көшесі, 7-үй | (87172) 50-13-69 | 50-13-72 қабылдау бөлмесі |
«Қазақстан Республикасының
азаматтарын тұрғылықты жері
бойынша тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Уәкілетті органның орналасқан мекенжайы | Бөлімнің телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақмола облысының Әділет департаменті | Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 37-үй | (87162) 41-21-65 | 25-09-39 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының Әділет департаменті | Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 51 «а» үй | (87132) 56-30-16 | 55-09-59 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының Әділет департаменті | Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі, 69 «а» үй | (87282) 24-43-47 | 21-08-15 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының Әділет департаменті | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 16 «а» үй | (87122) 46-53-15 46-53-12 | 35-75-38 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 6-үй | (87232) 55-59-26 | 22-19-83 қабылдау бөлмесі |
6 | Жамбыл облысының Әділет департаменті | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | (87262) 43-67-17 | 43-05-05 қабылдау бөлмесі |
7 | Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Орал қаласы, Достық көшесі, 208-үй | (87112) 50-82-91 | 51-80-43 қабылдау бөлмесі |
8 | Қарағанды облысының Әділет департаменті | Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі, 1-үй | (87212) 56-64-12 | 42-05-33 қабылдау бөлмесі |
9 | Қостанай облысының Әділет департаменті | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 38-үй | (87142) 50-65-40 | 54-82-23 қабылдау бөлмесі |
10 | Қызылорда облысының Әділет департаменті | Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29-үй | (87242) 23-03-57 | 26-24-03 қабылдау бөлмесі |
11 | Маңғыстау облысының Әділет департаменті | Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 8-үй | (87292) 50-32-20 | 42-05-70 қабылдау бөлмесі |
12 | Павлодар облысының Әділет департаменті | Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 18-үй | (87182) 32-43-02 | 32-32-58 қабылдау бөлмесі |
13 | Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 72-үй | (87152) 33-27-53 | 33-23-80 қабылдау бөлмесі |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16-үй | (87252) 23-31-70 | 23-23-76 қабылдау бөлмесі |
15 | Алматы қаласының Әділет департаменті | Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 287-үй | (8727) 392-16-16 | 392-25-75 қабылдау бөлмесі |
16 | Астана қаласының Әділет департаменті | Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15-үй | (87172) 48-88-36 | 39-12-13 қабылдау бөлмесі |
«Қазақстан Республикасының
азаматтарын тұрғылықты жері
бойынша тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |