12) бал ара шаруашылығы өнiмдерi - бал араның жинаушылық және физиологиялық қасиеттерi арқасында алынған өнiмдер (бал, балауыз, бал ара тозаңы, балтозаң, желiмтiк, бал ара сүтi, бал ара уы, еркек бал араның гомогенаты), сондай-ақ бал араның өзi;
13) бал ара шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган - бал ара шаруашылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14) көшпелi омарта - орнын ауыстырып тұру арқылы бал жинау көздерiнде немесе энтомофильдi өсiмдiктер алабында орналасатын омарта;
15) омарта - бал арасымен қоса белгiлi бір жерде орналастырылған бал ара ұялары және бал ара шаруашылығымен айналысуға қажеттi мүлiк;
16) тұрақты омарта - бір жыл бойы тұрақты жерде орналастырылған омарта;
17) энтомофильдi өсiмдiктер - жәндіктер тозаңдандыратын өсiмдiктер.»;
2) 15-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
31. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат):
21-1-баптың 2) тармақшасындағы «лицензиядан кейінгі» деген сөздер алып тасталсын.
32. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар):
1) 7-бапта:
19) тармақшадағы «, дайындауға» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiгі міндетті декларациялануға жататын өнеркәсіп объектiлерінің электрондық тізілімін жүргізеді және декларацияланған объектiлер туралы ақпаратты өзiнiң интернет-ресурсына орналастырады.»;
2) 11-1-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Уәкілетті органның қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы немесе декларациялаудың қажет еместігі туралы шешімі сараптама қорытындысының түпнұсқасы қоса берілген қауіпті өндірістік объект иесінің еркін нысандағы өтініші бойынша беріледі.»;
3) мынадай мазмұндағы 11-2 және 11-3-баптармен толықтырылсын:
«11-2-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу және есептен шығару
1. Қауіпті өндірістік объектіні есепке алу, есептен шығару үшін оның иесі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді.
2. Өтініште қауіпті өндірістік объектіні есепке алу немесе есептен шығару үшін оны сәйкестендірудің негіздемелері көрсетіледі.
3. Қауіпті өндірістік объектіні есепке алу, есептен шығару иесін хабардар ете отырып, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қауіпті өндірістік объектіні есепке алу, есептен шығару уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіндегі қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу журналына тиісті жазба жасау арқылы жүргізіледі.
11-3-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңарту, жою жобаларын, сондай-ақ жергілікті жобаларын келісу
1. Қауіпті өндірістік объектінің иесі жобаны, сондай-ақ жергілікті жобаны келісу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бас инспекторына:
жобаны келісуге жіберу туралы өтінішті;
жобаның көшірмесін;
жобаның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының тұпнұсқасын ұсынады.
2. Жобаның, сондай-ақ жергілікті жобаның келісілгені туралы оң шешім немесе оны келісуден дәлелді бас тарту құжаттарды толық көлемде берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жіберіледі.»;
4) 12-бапта:
4-тармақ «оқытудың» деген сөздің алдынан «жұмысшы персоналға» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыс iстейтiн барлық адамдардың:
1) қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың - жыл сайын;
2) техникалық басшылардың, мамандар мен инженер-техникалық қызметкерлердің - қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқыта отырып, үш жылда бір рет;
3) қауіпті өндірістік объектіде жұмысты орындаумен байланысты емес персоналдың - сегіз сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқыта отырып, ұйымның техникалық басшысы бекіткен тізбе бойынша үш жылда бір рет білімдерi тексерiлуге жатады.»;
6-тармақтағы «, ол уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiледi» деген сөздер алып тасталсын;
5) 4-2-тараудың тақырыбындағы «дайындауға,» деген сөз алып тасталсын;
6) 14-9-бап алып тасталсын;
7) 14-10-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Техникалық құрылғылар құрамына кіретін ілмектерді, бөлшектерді, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді қолдануға рұқсат беру талап етілмейді.»;
8) 14-12-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргізуге арналған аттестатты алған кезде ұйымдар;»;
9) 14-13-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын.
33. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар):
1) 6-баптың 1-тармағы 3-1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;»;
2) 17-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына бақылаудан тұрады.»;
3) 19-4-бап алып тасталсын.
34. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):
5-баптың 5) тармақшасындағы, 6-баптың 4) тармақшасындағы «топографиялық-геодезиялық» деген сөздер «геодезиялық» деген сөзбен, 7-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Топографиялық-геодезиялық» деген сөздер «Геодезиялық» деген сөзбен ауыстырылсын.
35. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат):
1) 5-баптың 11) тармақшасындағы «қызметті лицензиялаудың біліктілік талаптары мен ережелерін бекіту» деген сөздер «қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту» деген сөздермен және 8-баптың 10) тармақшасындағы «қызметті лицензиялаудың біліктілік талаптары мен ережелерінің» деген сөздер «қызметке қойылатын біліктілік талаптарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) ветеринариялық анықтаманы беру;»;
3) 13-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметінің түрлеріне:
1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізу;
3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу;
4) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру мен өткізу;
5) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлері кіреді.».
36. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 5-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
2) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметi
1. Куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады.
2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымының бірнеше жүйесiне қызмет көрсете алады.».
37. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар):
1) 4-баптың 1) тармақшасының оныншы абзацы «тұқым шаруашылығы субъектiлерiн бiлiктiлiк» деген сөздердің алдынан «байқаудан өткізушіні және тұқым сарапшысын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес берілетін рұқсат бойынша белгіленген мемлекеттік стандарттарға қарағанда төмендетілген сапа көрсеткіштері бар ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын себу (отырғызу) үшін сатуға және пайдалануға жол беріледі.
Тұқым сапасының көрсеткіштерін төмендетуге рұқсатты не дәлелді бас тартуды уәкілетті орган өтініш келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына береді.
Аталған рұқсатты алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тұқым шаруашылығы субъектілерінің өтініштерін қабылдайды және бес жұмыс күні ішінде оларды уәкілетті органға жібереді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары рұқсатты немесе бас тартуды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде тұқым шаруашылығы субъектілерін уәкілетті органның шешімі туралы хабардар етеді.»;
3) 14-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «уәкiлеттiк органмен келiсiлген көлемде» деген сөздер алып тасталсын.
38. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат):
8-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы және 9-бап алып тасталсын.
39. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 6, 7 және 8-баптарында белгiленген нормалар және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы бұзылған;».
40. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
1) 12-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) автомобиль көлiгi саласындағы лицензияланатын қызмет (кіші қызмет) түрлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;».
2) 19-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «, сондай-ақ автокөлік қызметтерін көрсету саласындағы лицензиялау қағидасының» деген сөздер алып тасталсын;
3) 19-5-бапта:
1-тармақтағы «талаптарын орындауды» деген сөздер «талаптарының орындалуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшасындағы «болуын;» деген сөз «болуын тексеру арқылы жүргізіледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;
4) 19-7-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) автомобиль көлiгі саласында Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау;».
41. «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат):
1) 1-бапта:
2) тармақшадағы «лицензияның негізінде» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) туроператор - туристiк өнiмді қалыптастыру, оны турагенттер мен туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес қалыптастырған туристiк өнiмді ұсыну мен өткізу жөніндегі қызметпен айналысу құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензия алған, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға;»;
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Осы Заңда белгіленген туроператор мен турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттерді туроператор мен турагенттің орындауын мемлекеттік бақылауды туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
3. Туроператор мен турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттерді туроператор мен турагенттің орындауын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
42. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат, № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 8-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау;»;
2) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «сатып алуға (сатуға),» деген сөздер алып тасталсын;
3) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау
Байланыс саласындағы қызметті лицензиялауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
4) 18-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық негiзде бөлу»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды пайдалану құқығы мынадай жағдайда, егер:»;
1) тармақшадағы «сапасы тиiстi деңгейдегi байланыс қызметiн көрсету үшiн қолжетiмдi» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «пайдалана отырып, байланыс саласында қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру» деген сөздер «пайдалану» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Телевизия және радио хабарларын тарату желiлерiн «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тізбеленген байланыс қызметтерін көрсету үшiн пайдаланған жағдайда, аталған желiлердiң иесi қызметiн Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде жүзеге асырады.»;
6) 24-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Почта байланысы қызметтерiн мемлекеттік емес почта байланысы ұйымдары көрсетуге құқылы.».
43. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы алып тасталсын;
2) 12-баптың 2-тармағындағы «уәкiлетті органмен келiсе отырып» деген сөздер алып тасталсын;
3) 13-бапта:
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «тек қана уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
7, 8 және 9-тармақтар алып тасталсын;
4) 14-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақтағы және 3-тармақтың бірінші абзацындағы «уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы «, уәкiлеттi органмен келiсiлген» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;
5) 17-бапта:
11) тармақша алып тасталсын;
13) тармақшадағы «лицензиялық ережелердi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақша «көлемді» деген сөзден кейін «өздігінен жүзетін» деген сөздермен толықтырылсын.
44. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
6-бапта:
10-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларының электр желілерiне қосылуына рұқсат береді.»;
11-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттауды жүзеге асыруға;
4) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеуді, энергия үнемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиiмдiлiгiн тексеруді жүзеге асыруға;».
45-тармақ алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
45. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар):
1) 14-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «шектеу белгіленеді.» деген сөздер «шектеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жануарлар әлемін пайдалану орындарын шектеу белгіленеді.»;
2) 26-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
3) 39-баптың 5-тармағының 3) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеменің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мерзімде және орындарда қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде;»;
«13) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеменің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін орындарда және мерзімде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбею кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында.».
46. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Қоғамды мемлекеттік тiркеу
Қоғам мемлекеттік тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органды мемлекеттік тiркеуден өткенi туралы:
1) заңды тұлға ретіндегі қоғамның жарғысы мен мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмелерін;
2) қоғамды құру туралы шешім қабылданғанын куәландыратын құжаттарды қоса беріп, жазбаша хабардар етуге мiндеттi.»;
3) 8-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қоғам жарғылық, соның ішінде әділет органдарында қайта тіркеуді талап ететін құжаттарына енгізілетін өзгерістер немесе толықтырулар мемлекеттік тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн iшiнде уәкiлеттi органға жарғылық құжаттарға енгізілген өзгерістердің немесе толықтырулардың нотариат куәландырған, оны тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар көшірмесін табыс етуге міндетті.».
47. «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат):
1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) пайдалануға беруге рұқсат - мемлекеттік қабылдау комиссиясының тұрғын жайды қабылдау туралы қол қойылған актісі;»;
2) 3-1-баптың 5) тармақшасындағы «лицензиялау ережесін және оларға» деген сөздер алып тасталсын.
48. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар):
1) 3-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) құзыретті (салалық) орган - мемлекеттік басқарудың лицензияланатын қызмет түріне жататын тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
«8-1) лицензиялар тізілімі - берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор базасы;»;
9-1) тармақша «қолданылуы тоқтатылған лицензиялар» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-баптың 4 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптары белгiленетiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлерді осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бір күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгізуге болмайды.
Осы қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін осы Заңға жаңа қызмет түрлері және (немесе) қызметтің кіші түрлері енгізілген жағдайда, осы Заңда белгіленген тәртіппен лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге арналған құжаттарды тапсырған кезде қызметті тиісті лицензиясы болмаса да оны алғанға дейін, бірақ осы қызмет түріне және (немесе) қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары қолданысқа енгізілген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен асырмай, жүзеге асыруға жол беріледі.»;