Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2012 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 87-2-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацындағы «лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып,» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «лицензиядан айыра отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 155-1-бапта:
бірінші бөліктің он екінші абзацындағы, екінші бөліктің тоғызыншы абзацындағы және үшінші бөліктің төртінші абзацындағы «банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып,» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыра отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
3) 17-тараудың тақырыбы «электр» деген сөзден кейін «және атом» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 220-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «ядролық материалдарды,» деген сөздерден кейін «радиоактивті заттарды,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 222-бапта:
тақырып «ядролық» деген сөзден кейін «, радиациялық» деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
«Атом энергиясын пайдалану кезінде» деген сөздер «Ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен айналысу кезінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ядролық» деген сөзден кейін «, радиациялық» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «ядролық материалдармен және радиоактивті заттармен» деген сөздер «ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен және иондаушы сәулелену көздерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 309-1-бапта:
бесінші бөліктің бірінші абзацындағы «астықты сақтауға» деген сөздер «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қызметті қоспағанда, астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктің бірінші абзацындағы «астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазарту, сақтау және тиеп жөнелту қызметтерін» деген сөздер «астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 309-4-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацындағы «шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу» деген сөздер «мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 317-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) аккредиттеусіз өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттау;»;
9) 325-баптың бірінші абзацында:
«, мұндай қызмет түрiне лицензиясы және оларды жарнамалауға рұқсаты жоқ» деген сөздер «тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қоспалардың мемлекеттік тіркеусіз» деген сөздер «қоспаларды мемлекеттік тіркеусіз олардың» деген сөздермен ауыстырылып, «және оларды жарнамалауға рұқсатсыз» деген сөздер алып тасталсын;»;
10) 357-2-бапта:
тақырыптағы «ережелерi мен» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «Заңнамада белгiленген лицензиялық ережелер мен нормаларды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «лицензиялық ережелер мен нормалардың» деген сөздер «лицензиялау нормаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 399-баптың бірінші абзацындағы «тиiстi лицензиясыз немесе лицензияда көзделген шарттарды бұза отырып, сол сияқты» деген сөздер алып тасталсын;
12) 576-6-баптың бірінші бөлігіндегі «357-2-бабында» деген сөздер «175 (екінші бөлігінде) (туроператорлар мен турагенттер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 357-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отыз жетінші абзацындағы «87-2,» деген цифрлар алып тасталсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар):
1) 10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
«облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органы» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 14-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «төтенше жағдайлар,» деген сөздер алып тасталсын;
3) 14-1-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы, 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
4) 43-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік меншiктегi жерлерден жер учаскесiне құқық беру мынадай ретпен жүргiзiледi:
1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;
2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;
3) жер учаскесiн алдын ала таңдау (объектілер құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде);
4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындау;
5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекіту;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң - шешім, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;
7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану туралы шартын жасасу;
8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
9) жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын дайындау және беру.»;
2-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесін беру туралы шешім комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданады. Жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім комиссияның теріс қорытындысы негізінде қабылданады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары комиссияны жергілікті өкілді органның депутаттарынан, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының, сондай-ақ тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар бар болса) өкілдерінен құрады.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмi ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары құратын комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданады. Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның теріс қорытындысы негiзiнде қабылданады.»;
мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«Комиссия қорытындысы сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алу (объектілер құрылысы үшін жер учаскесін сұрау кезінде) мүмкіндігі туралы ұсыныстың комиссияға түскен кезінен бастап бес жұмыс күні ішінде екі данада хаттамалық шешім нысанында жасалады.
Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін өтініш берушіге жіберіледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар - жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiгiне өтiнiш бередi.
Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында аталған жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс. Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiшке жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi.
Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп) айқындау үшін жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарына үш жұмыс күні ішінде түседі.
Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі ол түскен кезден бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайды.
Өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары өтініш берушіге екі жұмыс күні ішінде оның өтінішін қараудан дәлелді бас тартуды жазбаша жібереді.
Аталған мерзiмге:
осы Кодекстің 44-бабының 3-тармағына сәйкес дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау;
осы Кодекстің 44-бабының 6-тармағында белгіленген келісу;
жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу кезеңдері кірмейді.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жер учаскелерiне тиiстi құқықтар беру не оларды беруден бас тарту туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі шешімінің көшірмесі, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі шешiмінің көшiрмесi шешім қабылданған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге беріледі (жіберіледі).
Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен бірге жоғары тұрған органға түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн жiбередi.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиiстi уәкiлеттi органы бекiткен жерге орналастыру жобасы келiп түскен кезден бастап жеті жұмыс күніне дейiнгi мерзiмде қабылданады.
Сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей сол шешімнің негізінде жасасады.
Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады.
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеу және беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алты жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жеке тұрғын үй құрылысына бөлiп берiлетiн алаңда жер учаскелерiн жайластырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда әрбір жер учаскесi үшiн жерге орналастыру жобасын жасау талап етiлмейдi.»;
5) 44-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Объектілер құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін алдын ала таңдау жүргізіледі, оны арнайы комиссия жүзеге асырады. Арнайы комиссияны, оған құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдерін тарта отырып, тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері құрады.»;
екінші бөліктегі «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы» деген сөздер «тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер учаскесiн таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу осы Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні қарау және қорытынды дайындау үшiн комиссияға жібере отырып, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Құрылыс объектiсiн орналастыруға таңдалған аумақта бұзылуға немесе көшiрiлуге тиiстi (соның iшiнде жердi бөлiп беру кезiнде өнеркәсiп орындарының санитариялық-қорғау аймағына кiретiн) тұрғын үйлер, басқа да ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ инженерлiк коммуникациялар және жасыл екпелер орналасқан жағдайда өтiніш беруші немесе оның сенім бiлдiрген адамы жер учаскесiн бөлiп беруде талап етiлетiн келiсiмдердi өз бетінше қамтамасыз етедi.
Өтініш беруші меншік иесіне шығындарды өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлiк меншiгі иелерiнiң әрқайсысымен жасасқан шартты қосымша ұсынады.»;
6) 150-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жерге орналастыру жұмыстарын азаматтар мен заңды тұлғалар орындайды.»;
4-тармақтың 3) тармақшасындағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары» деген сөздер «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары жеті жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 158-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осындай ақпаратты беру мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.».
3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат):
1) мазмұнындағы 44 және 208-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
2) 17-бапта:
29) тармақшаның он екінші абзацындағы «шекті шоғырлануын;» деген сөздер «шекті шоғырлануын бекітеді.» деген сөздермен ауыстырылып, он үшінші абзацы алып тасталсын;
30) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды белгілейді;»;
3) 20-баптың 6) тармақшасындағы «жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс» деген сөздер «жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 21-баптың 1-тармағы «қызметі» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 28-баптың 2-тармағындағы «Эмиссиялар» деген сөз «Осы Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін эмиссиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 36-баптың 3-тармағындағы «және жұмыс iстеп тұрған» деген сөздер алып тасталсын;
7) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың кезеңдерi
1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысы және құрылысты жобалау кезеңдерi ескерiле отырып, жүйелі түрде жүзеге асырылады.
2. Қоршаған ортаға әсердi бағалау мынадай:
1) қоршаған ортаға әсердi алдын ала бағалау (1-кезең);
2) жобаны iске асырудың ықтимал әсерлерiн немесе шаруашылық және өзге де қызметтi одан әрi жүзеге асыруды толық және кешендi талдау, баламалы нұсқаларды негiздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзiрлеу мақсатында орындалатын әсердi бағалау (2-кезең);
3) қоршаған ортаға қолайсыз әсерлердi болдырмау жөніндегі техникалық шешiмдердi қамтитын жұмыс жобасы құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмi (3-кезең) кезеңдерін қамтиды.
3. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың 2 немесе 3-кезеңдерiнде осы Кодекстiң 4-тарауына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерi әзiрленедi.»;
8) 38-баптың 1-тармағындағы «Қоршаған» деген сөз «Осы Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін қоршаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 40-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптілік сыныптарына жатпайтын қызмет түрлері сыныпталмайтын болып табылады.»;
10) 44-бап алып тасталсын;
11) 47-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға:
1) осы Кодекстiң 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;
2) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың оларға ілеспе материалдарымен бірге мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар жобалары;
3) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары;
4) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;
5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттар жобалары;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;
7) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер;
8) қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметін жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;
9) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары;
10) шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары;
11) Қазақстан Республикасына өткізілетін (әкелінетін) технологияларды, көлік құралдарын қоспағанда, техникаларды және жабдықтарды қолдану жөніндегі құжаттама жатады.»;
«3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған мемлекеттік экологиялық сараптама объектiлерi осы Кодекстiң 40-бабында келтiрiлген объектiлердiң сыныпталуына сәйкес I, II, III, IV санаттарға бөлiнедi.
Іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн, орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін мемлекеттік, салалық бағдарламалардың, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары I санатқа жатады.
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлеген өңірлік бағдарламалардың, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары II санатқа жатады.
Осы баптың 1-тармағының 5) - 11) тармақшаларында аталған мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері I санатқа жатады.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған және осы Кодекстiң 40-бабында келтірілген объектілердің сыныпталуына сәйкес сыныпталмайтын, қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы II санатқа жатады.»;
12) 50-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзімі мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажеттi барлық құжаттама берiлген кезден бастап I санаттағы объектілер үшін - екі айдан, II, III және IV санаттардағы объектілер үшін бір айдан аспауға тиіс.