Бұдан басқа, аумақтық сулар (теңiз) мен iшкi суларда, шекаралық өзендер мен өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiнде әскери емес кемелерге қатысты Шекара қызметiнiң:
1) егер кеме сұрау салу дабылдарына жауап бермесе, Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын шарттарда және тәртiппен жүзуге тыйым салынған ауданда жүрсе, Қазақстан Республикасының суларына кiру, оларда жүзу және болу тәртiбiн бұзса, осы кеменi тоқтатуға және оны қарап-тексеруге құқығы бар. Кеменi қарап тексеру кемені және жүзу құжаттарын, экипаж мүшелерi мен жолаушылардың құжаттарын, жүк құжаттарын, ал қажет болған жағдайларда кеменiң iшiн тексерудi қамтиды. Кеменi қарап-тексеру нәтижелерi бойынша оған белгiленген қағидаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының суларында жүзудi (болуды) жалғастыруға рұқсат берiлуi немесе Қазақстан Республикасының суларынан кету ұсынылуы мүмкiн немесе ол қылмыстық iс жүргiзу немесе әкiмшiлiк заңнамаға сәйкес ұсталуы мүмкiн;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартылуға тиiстi адамдарды ұстауға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, бұл адамдарды анықтау және тергеу органдарына немесе тиісті органдарға беруге;
3) егер iзге түсу кеменің дабылды көруiне немесе естуiне мүмкiндiк беретiн қашықтықтан көру немесе дыбыс дабылы берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының шекаралық суларында басталып, үздiксiз жүргiзiлген болса, Қазақстан Республикасының шекаралық суларында жүзу (болу) заңдарын немесе қағидаларын бұзған кеменi, ол кеме өз елiнiң немесе үшiншi бiр мемлекеттiң аумақтық суларына кiргенге дейiн ізіне түсуге және ұстауға;
4) егер ту көтерiлмесе, кемеге өз туын көрсету жөнiнде ұсыныс жасауға;
5) егер кеме жүзуге тыйым салынған ауданға жүзiп бара жатса немесе басқа да жүзу режимiн бұзушылықтарға әкеп соқтыруы мүмкiн болса, кемеге бағытын өзгерту жөнiнде ұсыныс жасауға құқығы бар.»;
5) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНДЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»;
6) 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Шекара қызметінің кадрлары және Шекара қызметінде әскери қызмет өткеру ерекшеліктері
Шекара қызметiнiң кадрлары әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден тұрады.
Шекара қызметiнде әскери қызмет өткеру заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.
Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне арналған бiрыңғай әскери атақтары мен айырым белгiлерi болады. Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi, олармен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Шекара қызметiнiң офицерлерi - белгiленген үлгiдегi куәлiктермен, солдаттар (матростар) мен сержанттар (старшиналар) әскери билеттермен қамтамасыз етiледi.
Шекара қызметi шақыру бойынша әскери мiндеттiлiк негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әскери қызметке ерiктi түрде (келiсiмшарт бойынша) тұру жолымен әскери қызметшiлерден жасақталады.
Шекара қызметi үшiн кадрлар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының жоғары, орта кәсiптiк, әскери және арнайы оқу орындарында, оқу жасақтарында, орталықтарында (мектептерiнде), сондай-ақ келiсiмдер (шарттар) бойынша шет мемлекеттерде жүзеге асырылады.
Шекара нарядтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету және қорғау жөнiндегi қызметтi атқару жауынгерлiк кезекшiлiк (жауынгерлiк қызмет) болып табылады.
Шекара қызметiнiң әскери қызметшiлерi қызметтiк мiндеттерiн атқарған кезде билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Заңмен уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдардан басқа ешкiмнiң де Шекара қызметiнің қызметтік әрекетіне араласуға құқығы жоқ.
10-бап. Шекара қызметінің қызметкерлері
Шекара қызметiндегi қызметкерлердің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.»;
7) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАЛУЫ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ»;
8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң жауаптылығы
Шекара қызметiнің әскери қызметшiлерi құқыққа қарсы әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.».
12. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша:
«әскери қызметшiлердiң», «әскери қызметшiсi», «әскери қызметшiсiнiң», «әскери қызметшiлерiнiң», «әскери қызметшiлерiне», «әскери қызметшiлерi», «әскери қызметшiлер», «әскери қызметшiсiне», «әскери қызметшiлерiн», «Әскери қызметшiлердiң» деген сөздер тиісінше «қызметкерлердің», «қызметкері», «қызметкерінің», «қызметкерлерінің», «қызметкерлерiне», «қызметкерлерi», «қызметкерлер», «қызметкерiне», «қызметкерлерiн», «Қызметкерлердiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
3) 4-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын, лауазымнан босататын және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығаратын Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы жүзеге асырады.»;
4) 9-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде анықтау жүргізу;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) күзетілетін адамдар келуге арналған үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда, оларға іргелес жатқан аумақтарда, сондай-ақ күзетілетін объектілерде санитариялық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін объектілерді күзету және қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару;»;
5) 14, 15, 16, 17, 18 және 19-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметiнің кадрлар құрамы
Президенттің Күзет қызметінің кадрларын қызметкерлер мен жұмыскерлер құрайды.
Президенттiң Күзет қызметiндегi қызмет пен жұмысқа өзiнiң моральдық және iскерлiк қасиеттерi, бiлiмi мен денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
Президенттің Күзет қызметінің штаттық санының лимитін Президенттің Күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Президенттің Күзет қызметі қызметкерлерінің санын осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде Президенттің Күзет қызметінің бастығы белгілейді.
15-бап. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлері
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде қызметте тұрған адамдар Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері болып табылады.
Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері Президенттің Күзет қызметі кадрларында немесе қолданыстағы резервте тұрады.
Қызметкерлерді қолданыстағы резервке алу және олардың қызмет өткеру тәртібін Президенттің Күзет қызметінің бастығы белгілейді.
Президенттің Күзет қызметі күзететін күзетілетін адамдардың, объектілер мен көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда олардың келісімімен белгіленген тәртіппен штаттағы лауазымдарды атқара тұру үшін Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте қалдырыла отырып, іссапарға жіберілуі мүмкін.
16-бап. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің жұмыскерлері
Президенттің Күзет қызметі жұмыскерлерінің еңбек қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
17-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлері қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде билік өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлеріне оның жеке басы мен өкiлеттiктерін растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің қызметтік әрекеттеріне тура және тiкелей бастықтарынан басқа ешкiмнiң де араласуына құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің заңды талаптарын азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
Қызметкерлердің, Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау, олардың қызметтік мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерін қорлау, оларға қатысты қарсылық көрсету, қатер төндіру немесе күш көрсету, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкіне қол сұғу, олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауына кедергі жасайтын басқа да әрекеттер, сондай-ақ Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкері заңды басшылыққа алуға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң қызметкерлері партияларда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде тұруға, сондай-ақ қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес.
Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметiнің қызметкерлері, заңнамаға сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, өзге ақылы лауазымдарды атқаруға, кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесінің құрамына кіруге құқылы емес.
18-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi қызметкерлерінің қызметтік мiндеттерi мен құқықтары
1. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлері:
1) алдарына қойылған мiндеттердi бiлiктiлiкпен және дәлме-дәл шешуге;
2) кәсiптiк және құқықтық бiлiмнiң, дене күші дайындығының, арнайы және жауынгерлік даярлықтың қажеттi деңгейiн сақтап тұруға мiндеттi.
2. Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлері өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде қолданыстағы заңнамада көзделген шектерде және тәртiппен:
1) күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда азаматтар мен лауазымды адамдардан белгiленген тәртiптiң сақталуын талап етуге;
2) қылмыстарды, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) қажет болған кезде азаматтар мен лауазымды адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;
4) құқық бұзған немесе қылмыстар жасаған жағдайда азаматтарды ұстауға, iшкi iстер органдарына, өзге де құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметтік үй-жайларына әкелуге;
5) ұйымдарға, ал шұғыл жағдайларда азаматтарға да тиесілі байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға;
6) қылмыстарды болғызбау, қылмыстар жасаған немесе олардың жасалуына күдiкті адамдарды қудалаумен ұстау үшiн, жедел медициналық жәрдем қажет адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ оқиға болған жерге бару үшiн қызмет мақсатында ұйымдардың көлiк құралдарын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiне тиесілі көлiк құралдарынан басқа) пайдалануға;
7) егер кешеуiлдеу күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге нақты қатер төндiруі мүмкін болса, күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге қатер төндiретiн қылмыстардың жолын кесу кезiнде, сондай-ақ осындай қылмыс жасаудағы күдiктілерді қудалау кезінде азаматтарға тиесілі тұрғын үй-жайлар мен өзге де үй-жайларға, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнен басқа) аумақтары мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
8) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгi мақсатында «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел-iздестiру iс-қимылдарын жасауға;
9) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң көшелер мен жолдардағы қозғалысын уақытша шектеуге немесе бұған тыйым салуға, азаматтарды жерлердiң жекелеген учаскелері мен объектiлерге жiбермеуге, олардың жерлердiң нақты учаскелерінде немесе объектiлерде қалуын немесе бұл учаскелер мен объектiлерден кетуiн міндеттеуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi қызметкерлерінiң дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерін олардың қызметтік мiндеттерiне қатысы жоқ функцияларды орындау үшін тартуға тыйым салынады.
19-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің жеке қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалу кепiлдiктерi
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерi қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде оны әкiмшiлiк ұстауға, сондай-ақ жеке қарап-тексеруге, оның өзiмен алып жүрген заттарын, пайдаланатын қызметтік көлiк құралдарын қарап-тексеруге жол берiлмейдi.
Президенттің Күзет қызметі қызметкерінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ Президенттің Күзет қызметі қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залал бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеліп, кейiннен залал келтірген адамнан толық көлемде өндiрiлiп алынады. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
6) 20 және 21-баптар алып тасталсын.
13. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (бұдан әрi - Республикалық ұлан) - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін күштерге жататын және өз құзыретi шегiнде күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.».
14. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы»1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1) 13-баптың бірінші бөлігіндегі «сондай-ақ Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «арнаулы мемлекеттік органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын, «басшы құрамдағы адамдары» деген сөздер «қызметкерлері» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 14-баптың бірінші бөлігіндегі «прокуратура,» деген сөз «арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура,» деген сөздермен ауыстырылсын
3) 20-баптың бірінші бөлігіндегі «прокуратура,» деген сөз «арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура органдарының қызметкерлері,» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) астыртын әрекет ету - құпия ақпарат көздерін жедел шифрлау және оларға қолжетімділікті жабу жолымен қарсы барлау күштерін, құралдарын, іс-қимылдарын, жоспарлары мен ниеттерін жасыру және қадағалаудың ерекше тәртібін белгілеу;
2) қарсы барлау қызметі - Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, экономикалық және қорғаныс әлеуетін шет мемлекеттердің және өзге де шетелдік ұйымдардың арнаулы қызметтерінің барлау және нұқсан келтіру әрекеттерінен қорғау жөніндегі жедел және ұйымдастырушылық іс-шаралар жүйесі.»;
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі қағидаттары
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, құпиялылық, астыртын әрекет ету, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктер қызметiнен тәуелсіз болу қағидаттарына негізделіп құрылады.»;
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.»;
4) 8-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарына басшылықты жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) ұлттық қауіпсіздік органдарын мүлікпен қамтамасыз етуді жоспарлауды, оны пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастырады;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, өзiнiң нышандары мен айырым белгiлерi болады.»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандарын, айырым белгiлерi мен ведомстволық наградаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.»;
5) 8-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғалар болып табылады, оның нақты және шартты атаулары болады.»;
6) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) әскери құралым болып табылады;»;
7) 10-1-бап алып тасталсын;
8) мынадай мазмұндағы 10-2-баппен толықтырылсын:
«10-2-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға арналған.»;
9) 12-бапта:
3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау және өзге де қызметiн анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу жөнiнде қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға;»;
«7) мемлекеттiк органдарда, әскери құралымдарда, бөлiмдер мен ұйымдарда мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ аталған салада олардың қызметiн бақылауға міндетті. Мемлекеттiк және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргiзуге;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруға және атқаруға;»;
«17-1) барлау, қарсы барлау және өзге де жедел-іздестіру қызметін жүргізу кезінде, осы қызметтің нәтижелері көрсетілген материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе жедел-қызметтік қызмет материалдарына оларға жария сипат берілгенге дейін қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін уәкілетті лауазымды адамның өкімдік қызметі арқылы ақпарат көздерінің құпиясын ашуға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдануға;»;
10) 13-бапта:
1) тармақшадағы «оларды тергеу заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстардың алдын алу, тыю және ашу мақсатында» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жолын кесу шарасы ретінде қамауға алу таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған адамдарға қатысты оларды ұстау үшін уақытша ұстау изоляторлары және тергеу изоляторлары бар болуға. Жекелеген жағдайларда, олар ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімімен, - құқық қорғау органдары, соттар ұстаған және қамауға алынған адамдарды, сондай-ақ сотталғандарды ұстау үшін пайдаланылады;
«17) ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлері мен әскери қызметшiлерiнiң жеке басын, олардың бөлiмшелерiнiң, үй-жайлары мен көлiк құралдарының ведомстволық қарастылығын шифрлау мақсатында әзірленуі және (немесе) ресімделуі бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарын пайдалану;»
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұлттық қауіпсіздік органдарына құжаттардың бланктері мен қызметтік куәліктерді, оларды толтыру үлгілерін беру туралы орындалуы міндетті сауалдарды жолдау;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтандыру құралдарын әзiрлеу, жасау, сатып алу және пайдалану. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;»;