4) 256-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«256-бап. Әскери қызметтегі адамдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери қызметтегі адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, әскери қарсы барлау органдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Республикалық ұланда, ішкі әскерлерде, әскери-тергеу органдарында және әскери полицияда, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлімдерінде және әскери прокуратура органдарында қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.»;
5) 257-бап мынадай редакцияда жазылсын:
257-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу
Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодексте реттеледі.»;
6) 303-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не төтенше жағдай туралы заңнамаға сәйкес айрықша шаралар енгізілген кезеңде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің органдары мен ұйымдарында, елдің қорғанысын, мемлекеттің қауіпсіздігін, авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын басқа да әскери құралымдар мен ұйымдарда; арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында; қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станцияларында;»;
7) 322-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің;».
6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 53-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;».
7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
156-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы «қызметтік міндеттерін орындауға байланысты» деген сөздерден кейін «арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің,» деген сөздермен толықтырылсын.
8. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 135-баптың тақырыбында:
«Әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясының қызметкерлеріне,» деген сөздер «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осы ведомстволардың» деген сөздер «осы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-бап. Әскери-дәрiгерлiк сараптама
1. Әскери-дәрiгерлiк сараптама денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, iшкi iстер органдарындағы, қылмыстық-атқару жүйесiнiң, өртке қарсы қызмет, қаржы полициясы, кеден органдарындағы, прокуратура органдарындағы қызметке (бұдан әрi - әскери қызмет немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет) жарамдылықты белгiлеу үшiн, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметтi немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi және әскери жиындарды өткерумен (мiндеттердi орындаумен) байланысты ауруының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрi - мертiгу) және қайтыс болуының себептi байланыстарын айқындау үшiн жүргiзiледi.
2. Әскери-дәрiгерлiк сараптама:
1) мыналарды:
шақыру учаскелерiне тiркелетiн, әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылатын және әскери (арнайы) оқу орындарына, республикалық әскери мектеп-интернаттарға (лицейлерге) түсетiн азаматтарды;
әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызметке кiретiн азаматтарды;
әскери қызметтi шақыру бойынша немесе келiсiмшарт бойынша өткеретiн әскери қызметшiлердi;
арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін;
әскери (арнайы) оқу орындарының, арнаулы мемлекеттік органдары оқу орындарының курсанттарын, кадеттер мен тәрбиеленушiлердi;
радиоактивтiк заттармен, иондандырушы сәулелену көздерiмен, зымыран отыны компоненттерiмен, электр-магниттiк өрiс көздерiмен қызметке (жұмысқа) iрiктеп алынатын және қызмет өткерiп (жұмыс iстеп) жүрген әскери қызметшiлердi (Қарулы Күштер қызметшiлерiн), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін (жұмыскерлерін);
мемлекеттiк авиацияның авиация персоналын;
әскери жиындарға, арнаулы мемлекеттік органдар жиындарына немесе әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметке шақырылған кезде немесе есепке алу мақсатында запастағы азаматтарды медициналық куәландыру кезiнде;
2) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кiретiн азаматтарға психологиялық-физиологиялық iрiктеудi жүзеге асыру кезiнде;
3) әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткерген әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің немесе азаматтардың мертiгуiнiң, ауруының себептi байланыстарын айқындау кезiнде;
4) азаматтар әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтен босатылған кезде олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке жарамдылық санатын айқындау кезiнде;
5) әскери қызметшiлердiң, әскери мiндеттiлердiң, қызметкерлердiң әскери қызмет (әскери жиындар) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметі кезеңiнде не әскери қызметтен (әскери жиындардан) немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, құқық қорғау органдарындағы әскери қызметтен (жиындардан) босатылғаннан кейiн әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткеру кезеңiнде мертiгуі, ауруы салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себептi байланыстарын айқындау кезiнде жүргiзiледi.
3. Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда және iшкi iстер органдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзедi.
Арнаулы мемлекеттік органдар үшін әскери-дәрiгерлiк сараптаманы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары жүргiзедi.
4. Денсаулық жағдайының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, iшкi iстер және мемлекеттiк авиация органдарындағы қызметке сәйкестігіне қойылатын талаптарды қорғаныс, iшкi iстер саласындағы орталық атқарушы органдар және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттiк орган уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.»;
3) 135-баптың тақырыбындағы «Әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясының қызметкерлеріне,» деген сөздер «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осы ведомстволардың» деген сөздер «осы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «ұлттық қауіпсіздік,» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік органдар және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осы ведомстволардың» деген сөздер «осы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 924-құжат; 2004 ж., № 24, 150-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
10-бап алып тасталсын.
10. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; № 22, 334-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 923-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат):
15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Әскери қызметшiлерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне берiлетiн жеңiлдiктер туралы
Ластанған аумақтарда әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген кезде әскери қызметшілер және осы органдардың қызметкерлері осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiне сәйкес құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.».
11. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 1, 3-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №14, 275-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 24, 180-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Шекара қызметiнiң жұмыс қағидаттары
Шекара қызметiнiң жұмысы заңдылық, iзгiлiк, жариялылық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, астыртын әрекет ету, дара басшылық, ұлттық қауiпсiздiк органдары жүйесiнiң бiрлiгi қағидаттарына, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен, ұйымдармен және халықпен өзара iс-қимыл жасауға негiзделiп құрылады. Шекара қызметiнде саяси партиялардың қызметiне тыйым салынады.»;
2) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шекара қызметiнiң құрылымы мыналардан тұрады: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен құрылатын Шекара қызметiнiң Орталық аппараты, арнаулы бiрлестiктер, құрамалар, авиациялық, теңiз, арнаулы және басқа да бөлімдер.»;
3) 5-1-бап алып тасталсын;
4) 6, 7, 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Шекара қызметiнiң жұмысына басшылық ету және оны бақылау
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң жұмысына басшылықты және бақылау жасауды жүзеге асырады.
7-бап. Шекара қызметiнiң мiндеттерi
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзете отырып, Шекара қызметi:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының өтетін жерін заңсыз өзгертуге ұмтылу әрекеттерінің жолын кесуге;
2) Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кiруге тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында қарулы және өзге де арандатушылықтың жолын кесуге, халықты, мемлекеттiк және жеке меншiктi аталған қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауға;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткiзу пункттерiнен тыс жерлерден немесе заңсыз әдiстермен адамдардың және көлiк құралдарының өтуiнің, сондай-ақ жүктер мен тауарларды өткізудің алдын алуға және оған жол бермеуге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын бұзушыларды анықтауға және ұстауға;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды белгiленген тәртiппен өткiзудi жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасына әкелуге немесе одан әкетуге тыйым салынған жарылғыш, уландырғыш, радиоактивтi, есiрткi заттарын, қаруды, оқ-дәрiлердi, басқа да заттарды, сондай-ақ контрабандалық заттарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткізудің белгiленген тәртiппен дербес немесе кеден органдарымен бiрлесе отырып жолын кесуге;
6) мемлекеттiк шекара режимі мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етуге;
7) дербес немесе iшкi iстер органдарымен бiрлесе отырып, шекара режимінің сақталуын бақылауға;
8) дербес немесе iшкi iстер органдарымен халықаралық ұшу сапарлары үшiн ашық әуежайлардың (әуе айлақтарының), шекаралық темiржол станцияларының, теңiз және өзен порттарының, халықаралық автокөлік тасымалдары қызметтерiнiң әкiмшiлiгiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өту пункттерiнде белгiленген режимнің орындалуын бақылауға;
9) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде) және шекаралық өзендер мен өзге де су айдындарының қазақстандық бөлiгiндегi iшкi суларда қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң жүзуi мен болуының белгiленген тәртiбiн сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
10) шекаралық қызмет атқару аудандарында Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлдiк берiлген органдарының қоршаған ортаны қорғауға бақылау жасау, кәсiпшiлiк қызмет қағидаларын сақтау жөнiндегi қызметiне қажеттi жәрдем көрсетуге міндетті.
8-бап. Шекара қызметiнiң құқықтары
Шекара қызметiнiң:
1) шекара кеңiстiгi шегiнде шекаралық нарядтар қоюға, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жолдармен, соқпақтармен және маршруттармен жүрiп-тұруға, құжаттарды тексеруге, көлiк құралдарын және оларға тиелген жүктер мен тауарларды тексерiп қарауға, көлiк құралдарына ілесіп жүруге және оларға шекаралық нарядтар қоюға;
2) белгіленген тәртіппен қажеттi инженерлiк-техникалық құрылыстар салуға, байланыс және коммуникация желiлерiн салуды жүзеге асыруға, техника мен қару-жарақты орналастыруға және пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес заң бойынша өз қарауына жатқызылған iстер бойынша тергеу жүргiзуге;
4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыруға, хаттамалар жасауға және өзiнiң қарауына жататын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге;
5) әкiмшiлiк ұстауға алынған адамдарды осы мақсатта арнайы жабдықталған орындарда ұстауға;
6) өзiнiң қарауына жататын құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн Шекара қызметiнiң бөлiмшелерiне адамдарды шақыруға және заңмен белгiленген жағдайларда оларды сонда әкелуге құқығы бар. Қажетті жағдайларда аталған құқық бұзушылықтардың мән-жайын анықтау өзге жерлерде де жүзеге асырылуы мүмкiн;
7) Шекара қызметiнiң құзыретiне жататын құқық бұзушылыққа қарсы күресте, оның алдын алуды жүзеге асыруға;
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету мүдделерi үшiн жедел-iздестiру қызметін жүргiзуге, шекара маңындағы аудандардың құқық қорғау органдарының, ұйымдарының дерекқорын пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтетiн адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне немесе Қазақстан Республикасынан кетуіне құқық беретiн құжаттарын тексеруге, оларға тиiстi белгiлер соғуға және қажет болған жағдайда оларды алып қоюға, шетелде немесе Қазақстан Республикасында болған кезiнде құжаттарын жоғалтып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдарды олардың кiм екенi анықталғанға дейiн өткiзбей, режим аймағында немесе осы мақсаттар үшiн арнайы жабдықталған орындарда қалдыруға;
10) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтiп бара жатқан адамдардың көлiк құралдарын, жүктерi мен тауарларын белгіленген тәртіппен дербес немесе кеден органдарымен бiрлесе отырып қарап тексеруді жүзеге асыруға;
11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы алып өтетiн, Қазақстан Республикасынан әкетуге немесе әкелуге тыйым салынған заттарды, сондай-ақ контрабанда бұйымдарын белгiленген тәртiппен алып қоюға;
12) көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өту пункттерiнде тоқтау (аялдау) орны мен аялдау ұзақтығын мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып анықтауға;
13) Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi суларында жүзу кезiнде немесе кемелер Қазақстан порттарында тұрған кезде құқық бұзушылықтарға жол берген шетелдiк әскери емес кемелер экипаждары мүшелерiнiң және онда болған басқа да адамдардың жағаға шығуына және жағада болуына тыйым салуға;
14) Қазақстан Республикасының мүдделерiне қатер төнген жағдайда, шекаралық белдеуде азаматтардың болуын, көлiктiң жүрiсiн және жұмыстар жүргiзудi уақытша шектеуге, бұған қорғаныстық маңызы бар жұмыстар, халықаралық мiндеттемелердi орындау мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан туындаған зардаптарды жоюға байланысты жұмыстар қосылмайды;
15) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын бұзушылардың ізіне түскен кезде кез келген жер учаскелерімен және акваториялармен жүруге, ұйымдардың үй-жайларына және азаматтардың тұрғын (тұрғын емес) үй-жайларына кiруге;
16) байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға, ал Қазақстан Республикасының аумағына басып кiруге тойтарыс беру кезінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы арандату әрекеттерiнің жолын кесу кезінде ұйымдардың, ал қажет болған жағдайда шығындарды кейiннен өтей отырып, азаматтардың келісімімен олардың көлiк құралдарын пайдалануға;
17) заңдарда көзделген тәртiппен және жағдайларда қаруды, ұрыс техникасын, арнаулы құралдар мен қызметтік жануарларды пайдалануға;
18) шекара аудандарының елдi мекендерiнде және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзетуге қатысу үшiн жергiлiктi тұрғындардан ерiктi құралымдар құруға;
19) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен, Шекара қызметiнiң құрамалары мен бөлiмдерiнiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметін қамтамасыз ету мақсатында арнаулы техника сатып алуға;
20) шектес мемлекеттердiң шекара өкiлдерiмен мемлекеттiк шекара режимін сақтап тұру, шекарадағы жанжалдарды реттеу, ақпарат алмасу мәселелерi бойынша хат алысуды жүргiзуге;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шекара мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзу үшiн өзара уағдаластық бойынша шектес мемлекеттердiң өкiлдерiн Қазақстан Республикасының аумағына шақыруға және шектес мемлекеттердiң аумағына өтуге;
22) мемлекеттiк органдар мен заңды тұлғаларға, сондай-ақ өзге де ұйымдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасына қатысты құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгiзуге;
23) ақпараттық дерекқор құруға;
24) өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ратификацияланған халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен басқа мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету бойынша басқа да iс-қимылдарды жүзеге асыруға құқығы бар.