2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
2007 ж. 19 ақпанындағы өзгерістерді қара (ресми түрде жаряланған күннен бастап 6 ай өткенде қолданысқа енді)
10) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленген жағдайларда сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияны қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;
11) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру төлемдерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру тәртібін айқындайды;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12-бап. Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
1) қаржы рыногының активтерiн бағалы қағаздар ретiнде таниды;
2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырады, акцияларды шығару және орналастыру, облигацияларды орналастыру мен өтеу және бағалы қағаздар шығаруды жою туралы есептердi қарап, бекiтедi және мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн бередi;
3) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналымға жiберудiң және өтеудiң шарттары мен тәртібін, мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртібін айқындайды;
4) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тiркеудiң, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қараудың талаптары мен тәртібін белгiлейдi;
5) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) бағалы қағаздардың және туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы мен айналысын тоқтату және қайта бастау талаптары мен тәртібін айқындайды;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9) тармақша өзгертілді
9) Бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
10) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртібін, оның iшiнде бағалы қағаздармен операциялар жасау шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
11) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың және институционалдық инвесторлардың инвестициялық қызметiн жүргiзу тәртібін белгiлейдi;
12) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және өзiн өзi реттейтiн ұйымдардың қызметiн жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi;
13) бағалы қағаздардың, оның iшiнде туынды бағалы қағаздардың бағаларымен айла-шарғы жасауға, бағалы қағаздар рыногында инсайдер ақпаратын немесе қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдалану арқылы мәмiлелер жасауға бақылауды жүзеге асырады;
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 14-тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
14) инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;
2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат алу тәртібін айқындайды;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
13-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
1) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлерiне, басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
2) жинақтаушы зейнетақы қорлары жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн, оны қалыптастыру тәртібін және құрамын белгiлейдi;
3) алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алуды жүргiзу тәртібін белгiлейдi және оның дұрыс жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражатын аудару тәртібін белгiлейдi;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жеке және заңды тұлғалардың ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, осындай келісімді береді не беруден бас тартады;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) жинақтаушы зейнетақы қорларының еншілес ұйым құруына және ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына едәуір қатысуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді;
5) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерiн келiседi;
6) қайта құрылатын немесе таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, оның зейнетақы шарттары бойынша мiндеттемелерiн басқа қорға беру тәртібін белгiлейдi;
2007 ж. 19 ақпанындағы өзгерістерді қара (ресми түрде жаряланған күннен бастап 6 ай өткенде қолданысқа енді)
7) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген жағдайларда зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметке берiлген жинақтаушы зейнетақы қорларының лицензиясын керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;
8) жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау туралы шешiм қабылдайды;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 13-1) бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-1-бап. Қаржылық ұйымдарды және олардың аффилиирленген тұлғаларын, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар эмитенттерін, кредиттік бюроларды, банктердің тарату комиссияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын тексерудi ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің ерекшеліктерi
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қаржылық ұйымдарды және олардың аффилиирленген тұлғаларын, бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар эмитенттерін, кредиттік бюроларды, банктердің тарату комиссияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрі - ұйымдар) тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарту арқылы жүргізеді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Уәкілетті орган ұйымдардың қызметіне жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді кешенді түрде не ұйым қызметінің жекелеген мәселелері бойынша іріктей отырып жүргізеді.
Жоспарлы тексеру уәкілетті органның тексеру жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі болмайтындай етіп жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштеріне байланысты, сондай-ақ уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуын анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) өтініш бойынша тексеру - келіп түскен өтініштерге, арыздарға, шағымдарға, хабарламаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өзге де ақпараттарға байланысты тағайындалатын тексеру;
2) бірлескен тексеру - бірнеше мемлекеттік органдардың бірлескен актісінде тағайындалатын және (немесе) актіде тексеруге қатысатын басқа да мемлекеттік органдар көрсетіле отырып, бір мемлекеттік органның актісінде тағайындалатын тексеру;
3) қарсы тексеру - егер тексеру жүргізу кезінде уәкілетті органның жүргізілген операциялар туралы, тексерілетін тексеру объектісімен байланысты шарттық не өзге де өзара қарым-қатынастарды іске асыру туралы қосымша ақпаратты алу қажеттілігі туындаса, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреттер шегінде үшінші тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;
4) рейдтік тексеру - бірнеше ұйымдардың қызметін олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша бір мезгілде қамтитын тексеру;
5) бақылаушылық тексеру - алдыңғы тексеруде анықталған бұзушылықтарды жоюды орындау мақсатында жүргізілетін тексеру.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Уәкілетті орган ұйымды алдағы тексеру туралы жазбаша хабардар етеді. Уәкілетті органның алдағы тексеру туралы хабарламасында тексерілетін ұйым тексеру жүргізу басталарда тексеруші қызметкерлерге беруге міндетті құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
Хабарламаның екі данасы ұйымға беріледі, оның біреуі ұйымның хабарламаны алғаны туралы белгі қойылып, уәкілетті органға қайтарылады.
Тексеру алдын ала хабарландырылмай да жүргізілуі мүмкін.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Ұйым тексеру басталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей тексеру тобы жетекшісінің немесе уәкілетті органның тексеруші қызметкерінің атына мынадай:
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша аралық және (немесе) қорытынды есеппен танысуға және қол қоюға жауапты басшы туралы және оны ауыстыратын адам туралы;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) ұйымның қажетті құжаттарды (мәліметтерді) әзірлеуге, оларды уақытында тексеруші қызметкерлерге беруге және тексеруші қызметкерлерден аралық есептерді алуға жауапты мамандары туралы деректерді қамтитын хатты табыс етеді.
5. Уәкілетті орган қажет болғанда тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бұл жөнінде ұйымға жазбаша хабарлама жіберіледі.
Хабарламаның екі данасы ұйымға беріледі, оның біреуі хабарламаны алғандығы туралы белгі қойылып уәкілетті органға қайтарылады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 6 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Ұйым тексеруші қызметкерлерге уәкілетті орган тексеруге берген тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерден жауап алу мүмкіндігін және ақпаратты тексеру үшін қажетті кез келген көздерге қол жетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Ұйым тексеруші қызметкерлерге жұмыс жасау үшін ұйымдық техникамен және қалааралық байланыспен жабдықталған жеке үй-жай және өз әкімшілік ғимараттарына (оның ішінде ұйымның келісімі бойынша мереке және демалыс күндері) кіруге рұқсат береді, өз қызметкерлерінің тексеруші қызметкерлердің сұрақтарына түсініктемелер (ауызша және жазбаша) беруін, ұйымның қызметіне қатысты ақпараттарға, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді, тексеру тобына қажетті құжаттардың көшірмелерін түсіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ тексеру тобына тексеруді уақтылы аяқтауға көмек көрсетеді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 8 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8. Уәкілетті органның тексеруші қызметкерлері аралық есептер жасауы мүмкін, олар ұйымға танысу үшін табыс етіледі.
Аралық есеп екі дана етіп жасалады, оған тексеру тобының орындаушысы мен жетекшісі немесе уәкілетті органның тексеруші қызметкері қол қойып, ұйымға жіберіледі.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 9 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Ұйым аралық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде басшы (орынбасар) не ұйымда тексеру жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қойған аралық есептің бір данасын қайтарады, аралық есептің мазмұнында ескертпелер болған жағдайда өздерінің жазбаша қарсылықтарын табыс етеді.
Аралық есептерде жазылған қорытындылар алдын ала болып табылады және ұйымнан алынған келіспеушіліктер мен қосымша, оның ішінде үшінші тұлғалардан алынған ақпарат ескеріліп, тексеру нәтижелері туралы жиынтық есепте қайта қаралуы мүмкін.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10 тармақ өзгертілді
10. Ұйым тексеруші қызметкерлерден сауалды алған күні не сауалда белгіленген мерзімдерде тексеру нәтижелері туралы аралық және қорытынды есептерге қоса тіркеу үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды, соның ішінде олардың көшірмелерін табыс етуге міндетті.
Тексеру тобының жетекшісі ұйымның басшысына көрсетілген мерзімдерде орындалуға тиіс жазбаша сауалдар жібереді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 11 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Уәкілетті органның тексеруші қызметкерлері тексеру жүргізу кезінде ұйымнан алған құжаттардың сақталуын және олардағы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12 тармақ өзгертілді
12. Тексеру аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде ұйымның бірінші басшысының атына тексеру жетекшісі мен оның тікелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелері туралы қорытынды есептің екі данасы жіберіледі.
Уәкілетті орган қажет болған жағдайда тексеру нәтижелері туралы қорытынды есеп жасау мерзімін ұзарта алады.
Жоспардан тыс тексеру жүргізілетін жағдайда уәкілетті органның тексеруші қызметкерлері қол қойған тексеру нәтижелері туралы есептің екі данасы коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді жариялауға қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптар сақтала отырып, ұйымның басшысына (оның орнындағы адамға), тексеру жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты адамға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға жіберіледі.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 13 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
13. Басшы (орынбасар) не ұйымды тексеруді жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы тексеру нәтижелері туралы аралық немесе қорытынды есептің бірінші данасын қабылдап алады, есептің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы аралық немесе қорытынды есепті алғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей оны уәкілетті органға жібереді. Тексеру нәтижелері туралы аралық немесе қорытынды есепте жазылған тексеру нәтижелерін ұйым ұйымның атқарушы және басқа басқару органдарына мәлімет үшін жеткізеді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 14 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14. Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтар болған кезде ұйым тексеру нәтижелері туралы аралық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде немесе қорытынды есепті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оларды уәкілетті органның тексеруші қызметкерлеріне немесе уәкілетті органға жазбаша түрде табыс етеді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 15 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
15. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды есепте жазылған ұйымды тексерудің нәтижелері уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының, уәкілетті органның бөлімшелері басшыларының немесе олардың орынбасарларының, тексеру тобы басшысының төрағалық етуімен өткізілетін мәжілісте ұйым басшыларын шақыра отырып қаралуы мүмкін.
16. Мәжіліс нәтижелері мәжіліс төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде ұйым басшысына танысуға жіберіледі. Ұйым келіспеушілігі болған жағдайда мәжіліс хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға жазбаша түрде береді.
Уәкілетті орган ұйымның хаттамамен қарсылықтарымен келіспеген кезде соңғы шешімді уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды.
17. Тексеру нәтижелері тек қана уәкілетті органның өз функцияларын орындауы мақсатында пайдалануға жатады.
18. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды есепті ұйым өзінің қаржылық дәулеттілігін растау үшін жарнамалық немесе өзге де мақсатта пайдалана алмайды, сондай-ақ ол үшінші тұлғаларға, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның келісімінсіз берілмейді.
19. Ұйым уәкілетті органға табыс еткен қаржылық және өзге де есептіліктің құжаттық деректері мен тексеру нәтижелері туралы қорытынды есепте келтірілген мәліметтерінде алшақтық болған жағдайда, ұйым уәкілетті органның нұсқамасы бойынша өз есептілігін қорытынды есептің нәтижелеріне, оның ішінде алдыңғы есеп күндеріне сәйкес келтіреді.
20. Ұйым жоспарланған шаралары және тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі жауапты орындаушылары көрсетілген іс-шаралар жоспарын уәкілетті орган белгілеген мерзімде келісуге ұсынады.
Ұйым іс-шаралар жоспарын уәкілетті органмен келіскеннен кейін бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы есептерді не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне алған міндеттердің орындалмау себептері туралы түсініктерді табыс етеді.
21. Ұйым тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік болмауына әкеп соқтырған, құжаттарды, ақпараттарды тексеру топтарының сұрауларында көрсетілген мерзімдерде беруден бас тартқан, осы баптың 7 және 10-тармақтарының шарттарын орындамаған жағдайда, тексеру жетекшісінің шешімі бойынша бұл жөнінде уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары жазбаша хабардар етілгеннен кейін тексеру тоқтатылуы мүмкін.
22. Уәкілетті органның қызметкерлеріне ұйымның қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
23. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына ұйым қызметін тексеру барысында алынған және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 14 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
14-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер
Уәкiлеттi органға жүктелген қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан өзiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажетті ақпаратты өтеусіз алуға құқылы, бұл орайда алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Уәкiлеттi органның қызметкерлерi өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жариялағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
15-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен және басқа мемлекеттердiң қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарды реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекетi
1. Уәкiлеттi орган өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актілерімен өзiне берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ешкiмге тәуелсiз. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар уәкiлеттi органның заң тұрғысында бекітілген өкiлеттiктерiн iске асыру жөніндегі қызметiне араласуға құқылы емес.
2. Уәкiлеттi орган өз қызметiн басқа мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде үйлестiредi.
3. Уәкiлеттi орган басқа мемлекеттердiң қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарымен ынтымақтастықта болады және олардың қадағалау функцияларын жүзеге асыруына қажеттi ақпарат алмасуға құқылы.
3-тарау. Қорытынды ережелер
16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңдарын бұзғаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының