егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса - 2 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне - 1 айлық есептік көрсеткіш;
басқа адамдарға - 2 айлық есептік көрсеткіш;
3) автомотокөлік құралдарын иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса - 5 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне - 2 айлық есептік көрсеткіш;
басқа адамдарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
4) жалға беру, заем (ипотекалық тұрғын үй заемы шартын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік шарттарын, неке келісімшарттарын, ортақ меншіктегі мүлікті бөлу, мұрагерлік мүлікті бөлу шарттарын, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырған кезде - 5 айлық есептік көрсеткіш;
5) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
6) өсиеттерді куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін - берілген әрбір куәлік үшін 3 айлық есептік көрсеткіш;
8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығында мүлкі бар өзге де адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті берген кезде - 4 айлық есептік көрсеткіш;
9) мүлікті пайдалану және иелік ету құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде - 1 айлық есептік көрсеткіш;
11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
12) басқа сенімхаттарды куәландырған кезде:
жеке тұлғалар үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш;
13) теңіздік наразылық жасаған кезде - 5 айлық есептік көрсеткіш;
14) құжаттардың көшірмелері мен құжаттардың үзінді көшірмелерін куәландырған кезде (әр беті үшін):
жеке тұлғалар үшін - 0,05 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 0,07 айлық есептік көрсеткіш;
15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін - 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға берген кезде - 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
17) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін берген кезде - 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
18) телнұсқаны берген кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
19) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың растығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін - 0,3 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
20) жылжымайтын мүліктің кепілзат шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәліктерді куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
өзге де кепілзат шарттарын куәландырған кезде - 3 айлық есептік көрсеткіш;
21) вексель наразылығын жасаған кезде және чектің төленбегенін куәландырған кезде - 1 айлық есептік көрсеткіш;
22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтаған кезде - әр айға 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
23) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырған кезде - 1 айлық есептік көрсеткіш;
24) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттерді жасаған кезде - 7 айлық есептік көрсеткіш.
2. Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсеткеніне ақы төлеуден мыналар:
1) нотариаттық куәландыруға жататын құжаттың жобасын өздері дайындаған жеке және заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 542-бабының 4), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар;
3) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар;
5) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
6) жасына байланысты зейнеткерлер босатылады.»;
23) 31-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Нотариус қызметін бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады».»;
24) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
«31-1-бап. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылау
1. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылауды «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
2. Аумақтық нотариаттық палаталардың:
1) жекеше нотариаттық мұрағаттарды құру, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастыру жөніндегі;
2) жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастыруы жөніндегі;
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін және жекеше нотариустарды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық әділет органы аумақтық нотариаттық палатаға бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жібереді. Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, аумақтық әділет органы анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға мәжбүр ету туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.»;
25) 32-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау қағидасын бекітедi;»;
3) тармақшада:
«келісу арқылы» деген сөздерден кейін «Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен» деген сөздермен толықтырылсын;
«нұсқаулық әзiрлейдi және бекiтедi» деген сөздер «қағиданы бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «ереже әзiрлейдi және» деген сөздер «ережені» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Республикалық нотариаттық палатаның келісімі бойынша тағылымдамадан өтушілердің кәсіптік даярлығының бірыңғай бағдарламасын бекітеді;»;
6) тармақшадағы «әзiрлеп,» деген сөз алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Жекеше нотариустардың есептік тiркеуден өту қағидасын бекiтедi;»;
7-1) тармақша «нотариустардың» деген сөзден кейін «ең аз» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекiтедi;»;
13), 14) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
26) 33-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «мемлекеттік» және «қызметтік» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) нотариустың таңдаған үй-жайының болуын және оның заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді және осыдан кейін жекеше нотариустың есепке тұруын тiркеуді жүзеге асырады. Тiркеу нотариустың үй-жайы орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады;»;
11) тармақша алып тасталсын;
2-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша «нотариустардың» деген сөзден кейін «ең аз» деген сөздермен толықтырылсын;
3), 7), 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
27) 39-баптағы «тәртiбi туралы нұсқаулықпен» деген сөздер «қағидаларымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
28) 54-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару шарттарын куәландыру кезінде нотариус иелiктен шығарылған жылжымайтын объектілер орналасқан жер учаскесінің құқықтық режимін белгілеуге тиіс.
Жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару шарттарын куәландыру кезінде нотариус жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжаттарды талап етеді және жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) өзіне тиесілі құқықтарын иелiктен шығару жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды.
Жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжаттар кондоминиум құрамындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иелiктен шығарған кезде талап етілмейді.»;
29) 57-баптағы «хабарлама», «хабарламаны» деген сөздер тиісінше «өтініш», «өтінішті» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 105-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы желтоқсанның 26-ы.
№ 516-ІV