1) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, тауарларды өндiрумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап-буумен, берумен, өткізумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын;
2) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, резидент еместiң кез келген басқару орны, филиалы, бөлiмшесi, өкiлдiгi, бюросы, кеңсесi, офисi, кабинетi, агенттiгi, фабрикасы, шеберханасы, цехы, зертханасы, дүкенi, қоймасы;
3) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, көмiрсутектерiн өндiру орындарын қоса алғанда, табиғи ресурстарды өндiрумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын: шахта, кенiш, мұнай және (немесе) газ скважинасы, карьер, жер үстi немесе теңiз мұнаралары және (немесе) скважиналары;
4) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, құбырмен, газ құбырымен, табиғи ресурстарды барлаумен және (немесе) игерумен, құрал-жабдықтарды орнатумен, монтаждаумен, құрастырумен, жөнге келтiрумен, iске қосумен және (немесе) қызмет көрсетумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын (оның iшiнде бақылау және байқау қызметiн жүзеге асыратын) кез келген орын;
5) қызмет көрсету мерзiмдерiне қарамастан, ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлiк немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi деп танылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қазақстан Республикасында қызмет көрсету кезінде резидент емес осындай мақсат үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа персонал арқылы қызмет көрсететін орын, егер осындай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасында күнтізбелік алпыс күннен астам кезең бойы жалғасатын болса, тұрақты қызмет орны болып танылады.
2. Құрылыс алаңы, монтаждау немесе құрастыру объектiсi, жобалау жұмыстарын жүргізу, жұмысты жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, тұрақты мекеме құрады.
Бұл ретте, атап айтқанда, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн тұрғызу және (немесе) қайта жаңарту жөніндегі қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде үйлер, ғимараттар салу және (немесе) монтаждау жұмыстарын жүргiзу, көпiрлер, жолдар, каналдар салу және (немесе) қайта жаңарту, құбырлар тарту, энергетикалық, технологиялық немесе өзге де жабдықтарды және (немесе) басқа да осыған ұқсас жұмыстарды жүзеге асыру орны құрылыс алаңы (объектiсi) деп түсiнiледi.
Құрылыс алаңы (объект) пайдалануға берiлген объектiнi (орындалған жұмыстың көлемiн) қабылдау туралы актiге қол қойылған және құрылысқа толық ақы төленген күннен кейiнгi күннен бастап өзiнiң iс-әрекетiн тоқтатады.
3. Резидент емес, сондай-ақ, егер:
1) уәкiлетті тұлға арқылы Қазақстан Республикасында тәуекелді сақтандырушы немесе қайта сақтандыруды жүзеге асырса;
2) 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасында ақылы негiзде және (немесе) тауарлар сатуды iске асыратын көрме өткiзсе;
5) резидентке немесе резидент емеске шарт қатынастары негiзiнде Қазақстан Республикасында оның мүддесiн бiлдiруге, iс-әрекет жүргiзуге немесе оның атынан келісім-шарт (шарт, келісім) жасасуға құқық берсе, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Осы бапта көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезіндегі он екі ай кезең шегіндегі уақытша үзілістер және маусымдық үзiлiстер тұрақты мекеменi таратуға әкеп соқпайды.
5. Осы резидент еместiң атынан келісім-шартқа қол қоюға уәкiлеттiк берiлмеген тәуелсiз делдал (тапсырма, комиссия, консигнация шарты немесе басқа да осыған ұқсас шарт негiзiнде жұмыс iстейтiн брокер және (немесе) өзге де тәуелсiз агент) арқылы Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент емес тұрақты мекеме құрушы ретiнде қарастырылмайды.
Өзінің әдеттегі (негiзгi) қызметi аясында әрекет ететiн және резидент еместен заң жағынан да, экономикалық жағынан да тәуелсiз болып табылатын тұлға тәуелсiз делдал деп түсiнiледi.
6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлғаның еншiлес ұйымы, егер еншілес және негiзгi ұйымдардың арасында осы баптың 3-тармағы 5) тармақшасының ережелерiне сай келетiн қатынастар туындамаса, өзiнiң негiзгi ұйымының тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылмайды.
6-1. Өзге де заңды тұлғаға, оның ішінде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емеске Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін резидент емес мынадай шарттарды бiр мезгілде орындаған кезде:
егер мұндай персонал тек өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерiн көздеп әрекет етсе;
шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн резидент емес осындай персоналдың Қазақстан Республикасында орындайтын жұмыс нәтижелеріне жауапты болмаса;
шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден алынатын резидент еместiң табысы осындай персоналдың өзін ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерiн көздеп өз міндеттерін орындаған уақытын ескере отырып анықталса және резидент емес тұлғаның осындай персоналды ұсыну шығындары жалпы сомасының он процентінен аспауға тиіс болса, Қазақстан Республикасындағы осындай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.
Шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрceтуге арналған шығындардың жалпы сомасын растау үшін резидент емес қызмет көрсетудi алушыға есеп құжаттамасының көшiрмелерін табыс етуi міндетті.
Осы тармақта белгiленген шарттар орындалған кезде және резидент емес шетелдiк қызметкердi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ұсыну жөніндегі қызметтер көрсеткен жағдайда резидент еместiң мұндай қызметтерi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде көрсетiлген қызметтер болып табылады.
7. Резидент еместiң қызметi оның салық органында тiркеу есебiне тұруына немесе тұрмауына қарамастан, осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 178-бап өзгертілді
178-бап. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары
Табыстардың мынадай түрлерi:
1) Қазақстан Республикасында тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) нақты қызмет көрсетiлген жерiне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен байланысты резиденттерге немесе резидент еместерге көрсетiлетiн басқару, қаржылық (сақтандыру және (немесе) тәуекелдердi қайта сақтандыру жөніндегі қызмет көрсетулердi қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заңдық (адвокаттық қызмет көрсетулерді қоспағанда) қызметтерден, бағдарламалық өнiмдердi демеу және қолдау бойынша қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
2-1) осы Кодекстің 130-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар елдердің резиденттері болып табылатын тұлғалар алған, қызметтердің нақты көрсетілген жеріне қарамастан (Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы осындай тұрақты мекемелермен байланысты қызмет көрсету бойынша қызметін жүзеге асыратын резиденттерге немесе резидент еместерге) қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi өткізу;
резиденттер шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаға, консорциумға немесе мүлiкке қатысу үлесiн өткізу;
егер резидент емес заңды тұлғаның акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен астамын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, резидент еместер шығарған осындай акцияларды, сондай-ақ, резидент емес заңды тұлғаға қатысу үлестерін өткізу;
резидент еместер шығарған және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген борыштық бағалы қағаздарды өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түскен табыстар;
4) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметiне байланысты резиденттiң немесе резидент еместің борышты қайтаруды талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыстар;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) борышты талап етуді алу орнына қарамастан, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқығын алу кезінде борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар;
5) резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы қызметi барысында туындаған мiндеттемелерiн, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келісім-шарттар (шарттар, келісімдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткізуге сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша мiндеттемелерiн резиденттер мен резидент еместердiң орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсiмпұлдар);
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) резидент заңды тұлғадан дивидендтер түрiнде түсетiн табыстар;
7) мыналардан:
резиденттерден;
егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар осы резидент еместерден алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
8) мыналардан:
резидент - эмитенттерден;
егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар резидент емес эмитенттерден алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы табыстар;
9) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты резиденттерден немесе резидент еместерден алынатын роялти түріндегі табыстар;
10) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi жалға беруден түскен табыстар;
11) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар;
12) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдердi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары нысанындағы табыстар;
13) тараптардың бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстар;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) Қазақстан Республикасында еңбек шарты бойынша қызметтен түскен табыстар;
15) осындай тұлғаларға резидент заңды тұлғаға қатысты жүктелген басқару міндеттерiн орындауға байланысты басшылардың қаламақылары және (немесе) басқару органының директорлар кеңесінің, басқарманың немесе өзге де органының мүшелерi алатын өзге де төлемдер. Бұл ретте осындай тұлғалардың басқару мiндеттемелерін iс жүзінде орындаған жер маңызды емес;
16) Қазақстан Республикасында тұруға байланысты төленетiн үстемеақылар;
17) материалдық, әлеуметтiк игiлiктер үшiн жұмыс берушi немесе жалдаушы шеккен шығыстардың өтем нысанындағы табыстары немесе Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн резидент емес жеке тұлғалардың өзге де материалдық пайдалары, оның iшiнде тамақтандыруға, тұруға, оқу мекемелерiнде балалар оқытуға жұмсалған шығыстар, отбасы мүшелерiнiң демалысқа барып-келу шығыстарын қоса алғанда, демалысқа байланысты шығыстар;
18) резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерi;
19) кiмге төлем жүргiзiлетiнiне қарамастан, өнер қызметкерлерiне: театр, кино, радио, теледидар артистерiне, музыканттарға, суретшiлерге, спортшыларға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетiн табыстар;
20) резиденттер төлейтiн ұтыстар;
21) Қазақстан Республикасында жеке (кәсiби) тәуелсiз қызмет көрсетуден алынған табыстар;
22) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi тегiн алу нысанындағы табыстар, оның iшiнде осындай мүлiктен түсетiн табыстар;
23) Қазақстан Республикасындағы қызмет негiзiнде туындайтын, алдыңғы тармақшаларда қамтылмаған табыстар;
24) Қазақстан Республикасы жасасқан және ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасында салық салу құқығы көзделген, алдыңғы тармақшаларда қамтылмаған басқа да табыстар резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары деп танылады.
28-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай
қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды
тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 179-бап өзгертілді
179-бап. Төлем көзiнен табыс салығын есептеу мен ұстаудың тәртібі
1. Резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 178-бабында белгiленген, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына осы Кодекстің 180-бабында белгiленген ставкалар бойынша шегерiмдi жүргiзбестен төлем көзiнен табыс салығы салынуға тиiс.
2. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандарда ақша, бағалы қағаздар, қатысу үлесiн, тауарлар, мүлiк беру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, табыс алушы резидент еместiң борышты талап етуін Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместiң алдындағы табыстарды төлеу жөніндегі берешектi өтеу есебiне жүргiзiлетiн есептен шығару немесе есепке алу табысты төлеу деп түсініледi.
3. Төлем көзiнен салық салуға мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды жеткізумен байланысты төлемдер;
2) резидент банктердің корреспонденттiк шоттарын ашуға және жүргiзуге, олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуды жүзеге асыруға байланысты қызмет көрсетуден түскен табыстар;
3) бағалы қағаздарды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстар;
4) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигацияларымен жүргізілген операциялардан түскен табыстар;
2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;
5) бiртұтас құбыр жүйесi бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасымалданатын шикi мұнай сату құнының сапасы бойынша түзетуге байланысты төлемдер;
6) сатып алушы-резиденттер борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезiнде резидент еместерге төлеген жинақталған (есептелген) сыйақылар сомасы;
7) Осы Кодекстiң 198-бабына сәйкес резидент еместiң шартты банк салымдары бойынша сыйақылары;
8) халықаралық қаржы лизинг шарттары бойынша қаржы лизингіне негізгі қаражатты беруден түскен табыстар;
9) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, осы Кодекстiң 178-бабының 2) және 2-1) тармақшаларында өрсетiлмеген жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден түскен табыстар жатпайды.
4. Резидент еместiң өз табыстарын үшiншi тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегi өз бөлiмшелерiнiң пайдасына жұмсауына қарамастан, резидент еместiң табыстарына төлем көзiнен салық салынады.
4-1. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Мемлекеттік бюджетке төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу бойынша мiндет пен жауапкершiлiк табыстарды төлеушi тұлғаға (соның iшiнде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес) жүктеледi. Осындай тұлға осы Кодекстiң 10-бабы 1-тармағына сәйкес салық агентi болып танылады.
Егер резидент еместiң қызмет кезеңi тұрақты мекеме құру үшiн белгiленген мерзiмнен асып кетсе, ол Қазақстан Республикасында қызмет атқара бастаған кезден бастап салық агентi болып танылады.
6-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудің көзі осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті болып табылады.
7. Төлем көзiнен табыс салығы табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан ұсталады.
180-бап. Төлем көзiнен ұсталатын табыс салығының ставкалары
Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзiне мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) дивидендтер, сыйақылар | 15 процент |
2) тәуекелдердi сақтандыру шарттары бойынша төленетiн сақтандыру сыйлықақылары | 10 процент |
3) тәуекелдердi қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетiн сақтандыру сыйлықақылары | 5 процент |
4) халықаралық тасымалдарда көлiк қызметтерiн көрсетуден түскен табыстар | 5 процент |
5) осы баптың 1)-4) тармақшаларында аталған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 178-бабында белгiленген табыстар | 20 процент |
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 181-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
181-бап. Төлем көзінен табыс салығын аудару тәртібі мен
мерзімдерi
1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын, төлем көзінен табыс салығын салық агенті мемлекеттік бюджетке:
1) табыстың есептелген және төленген сомасы бойынша - төлем төленген ай аяқталғаннан кейінгі жиырма жұмыс күні ішінде;
2) есептелген, бірақ шегерімге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі он жұмыс күні ішінде аударуға тиіс.
Өтеу мерзімдері осы тармақшада белгіленген мерзім аяқталған соң басталатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға осы тармақшаның ережелері қолданылмайды.
2. Резидент еместің табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды салық агенті орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға өзінің табыстарынан ұсталатын, төлем көзінен табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды тұрақты мекеменің, филиалдың, өкілдіктің орналасқан жері бойынша жүргізеді.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 182-бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
182-бап. Салық есептілігiн табыс ету
Салық агенттерi төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалу жөнiнде мiндеттеме туындаған есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей, тiркелген жерi бойынша салық органдарына төлем көзiнен алынған табыс салығы жөнiнде тоқсан сайын есеп-қисапты табыс етуге мiндеттi.
Салық агенттері резидент еместің табыстары шегерімге жатқызылған есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей, тіркелген жері бойынша салық органдарына төлем көзінен ұсталған табыс салығы жөніндегі есеп-қисапты табыс етуге міндетті.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 183-бап өзгертілді
183-бап. Бағалы қағаздарды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстарға салынатын салықты есептеу мен төлеу ерекшелiктерi
2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.06. № 146-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді ; 2006.11.12 № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, резидент еместің осы Кодекстің 178-бабының 3) тармақшасында көрсетілген бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстарына, осы Кодекстің 180-бабында белгіленген ставка бойынша салық салынуға тиіс.
2006.11.12 № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мыналар:
1) өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстар;
2) мемлекеттік бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстар салық салуға жатпайды.
2006.11.12 № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Корпорациялық табыс салығын резидент емес заңды тұлға өз бетiмен есептеп шығарады және салық осы Кодекстің 127-бабының 4-тармағымен белгіленген мерзімде резидент-эмитент немесе мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен астамын құрайтын резидент заңды тұлға тiркелген жерi бойынша салық органына корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны мiндеттi түрде табыс ете отырып, төленуге тиiс.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын кірістерді қоспағанда, резидент емес заңды тұлғаға бағалы қағаздарды сатудан түскен кірістер төлейтін тұлға осы баптың 2-тармағында көрсетілген салық органын төлем сомасы туралы кіріс төленген кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
29-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты
мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын
резидент емес заңды тұлғалардың
табыстарына салық салу тәртібі
184-бап. Қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау ерекшелiктерi
1. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі осы баптың және осы Кодекстің 79-135-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзіледi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алынатын табыстарына мыналарды:
1) осы Кодекстің 178-бабының 1)-22), 24) тармақшаларында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарды;
2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көзделген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан туындайтын табыстарды;