ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен 354-2-баппен толықтырылды
354-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртібін бұзу -өнiм таралымы тәркiлене отырып не онсыз жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.26.07. № 311- III ҚР Заңымен 354-3-баппен толықтырылды; 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 354-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
354-3-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы-
жеке тұлғаларға он, заңды тұлғалар үшін - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II Заңымен; 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен; 2006.20.01. № 123-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 355-бап өзгертілді
355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсіздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полициясының, кеден органының, шекара қызметiнiң, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқауларын орындамау немесе заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау
1. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсіздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полицияның, кеден органының, шекара қызметiнiң, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсіздiк, қаржы және әскери полиция органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң, кеден органының, шекара қызметiнiң, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқты тiл тигiзу не зорлық iс-әрекет жасау қатерiн төндiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 355-1-баппен толықтырылды
355-1-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу
Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу,- бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 356-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 356-бап өзгертілді
356-бап. Мемлекеттік инспекторға өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiру, қаулыларын, нұсқауларын және өзге де талаптарын орындамау
1. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қызмет туралы, кiрiстер туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажеттi құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және басқа мәлiметтердi беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңдармен көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не жалған ақпарат беру, -
жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстiң 130, 147-9, 168, 173, 216, 219, 305, 313-баптарында, 317-баптың екінші бөлігінде, 317-1, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, ұсынымдарын, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, -
жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы Кодекстiң 481-бабының екiншi бөлiгiнде, 482-бабының бірiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 356-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
356-1-бап. Бақылау және қадағалау функцияларын заңсыз беру
Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын уәкілетті емес тұлғаларға заңсыз беруі, -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 356-2-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)
356-2-бап. Билік өкілінің немесе мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену
1. Билік өкілеттіктерін алу мақсатында билік өкілінің немесе мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, —
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 357-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
357-бап. Озбырлық
Озбырлық, яғни бір адамның заңдармен белгiленген тәртiпке қарамастан, заңсыз жасаған, заңдылығы екiншi бір адам немесе ұйым тарапынан дау туғызатын iс-әрекетi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 357-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 357-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
357-1-бап. Тиісті тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілік аттестатынсыз (куәлігінсіз) кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру
1. Рұқсат, лицензия, біліктілік аттестаты (куәлігі) міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілік аттестатынсыз (куәлігінсіз) кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нысанасы және (немесе) құралы тәркіленіп не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірісті (дивидендтерді), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркілеуге әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нысанасы және (немесе) құралы тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірісті (дивидендтерді), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркілеуге әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 357-2-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 357-2-бап өзгертілді
357-2-бап. Лицензиялау ережелері мен нормаларын бұзу
1. Заңнамада белгіленген лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзу, соның ішінде лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, -
белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу дұрыс емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормалардың бұзылуын жоймау -
белгілі бір қызмет түріне берілген лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 357-3-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 357-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
357-3-бап. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат, біліктілік аттестатын (куәлігін) беру тәртібі мен мерзімін бұзу
1. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат, біліктілік аттестатын (куәлігін) беру мерзімін бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лицензияны, арнайы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлігін) заңнамада белгіленген тәртіпті бұза отырып беру, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 357-4-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
357-4-бап. Заңды тұлғаларды, филиалдарды, өкілдіктердi мемлекеттік тіркеу туралы заңнаманы бұзу
1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті қайта тіркемей, қызметті жүзеге асыру, -
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тіркеуші органға заңды тұлғаның тұратын жерінің өзгергені туралы уақытында хабарламау, -
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 357-5-баппен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)
357-5-бап. Лицензиарға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайтармау
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиаттың он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтармауы -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейінгі, заңды тұлғаларға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 357-5-баппен толықтырылды (қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 357-5-бап өзгертілді
357-6-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасын бұзу
1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері заңнамасын өзге де бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 358-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 358-бап өзгертілді
358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де уәкiлеттi органдардың салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Салық заңнамасына сәйкес осы бөлiкте көрсетiлген органдар бюджетке аударуға тиiс салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық заңнамасында салық қызметi органдарына табыс ету үшiн айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi органдардың табыс етпеуi, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың біржолғы талондарды бермеуi және (немесе) белгiленген құннан аз беруi, сол сияқты салық заңнамасында біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтамауы, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 358-1-баппен толықтырылды; 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 358-1-бап өзгертілді
358-1-бап. Заң актілерінде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу мен одан әрi пайдалану ережелерiн бұзу
1. Заң актілерінде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi уәкiлеттi органға толық және (немесе) дер кезiнде тапсырмау, -
жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заң актілерінде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртібін сақтамау, сондай-ақ осындай мүлiктi сатудан түскен соманы мемлекеттік бюджетке дер кезiнде аудармау, -
лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II; 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 359-бап өзгертілді
359-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді осындай мәліметтер туралы өзіне белгілі болған адамдардың кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария етуі, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 360-бап өзгертілді
360-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай, сондай-ақ мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай тұрып, белгiлi бір iс-әрекеттердi жүзеге асыруы
1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заң актілерінде көзделген жағдайларда, салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 361-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
361-бап. Салық есебiне тұрудан бас тарту немесе салық есебiне тұру мерзiмiн бұзу
1. Салық төлеушiнiң тiркелу есебiне немесе салық төлеушiнiң қосылған құнға салық төлеушi ретiнде есепке тұрудан бас тартуы, сол сияқты салық органы лауазымды адамының салық заңдарында белгiленген мұндай тiркеу (есеп) мерзiмiн бұзуы, -
салық органы басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
салық органының басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 362-бап өзгертілді
362-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу
Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды мына бөлiктерiнде орындамау:
1) келу және кетудiң ерекше режимi;
2) белгiлi бір жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бір жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу, сондай-ақ сол жердiң тұрғындары болып табылмайтын қоғамдық тәртiптi бұзушыларды олардың есебiнен өздерi тұрақты тұратын жерлерiне немесе төтенше жағдай жарияланған жердiң аймағынан шығарып жiберу туралы нұсқау;
3) жиналыстар, митингiлер, шерулер мен демонстрациялар, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткізуге тыйым салу;
4) ереуiлдер өткізуге тыйым салу;
5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік iшiмдiктермен және құрамында спиртi бар заттармен сауданы шектеу немесе тыйым салу;
6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық эпидемияға қарсы iс-шараларды өткізу;
7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио,- және теледидар хабарларын тарату аппаратурасын, дыбыс,- және бейне жазу техникасын пайдалануға шек қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқаулар; бұқаралық ақпарат құралдарына бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
8) байланысты пайдаланудың айрықша ережелерi;
9) көлiк құралдарының қозғалысын шектеу және оларды тексеруден өткізу;
10) коменданттық сағат уақытында жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 362-1-баппен толықтырылды
362-1-бап. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында құқықтық режимнің бұзылуы
Құқықтық режимді бұзу немесе терроризмге қарсы операциялардың жариялануына байланысты белгіленген талаптарды:
1) келудің және кетудің ерекше режимі;
2) жергілікті жерлердің жекелеген учаскелерінде және объектілерде жеке тұлғалардың болуына тыйым салу, сондай-ақ көлік құралдарын сүйреп әкетуге кедергі жасау;
3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке тексеріп қарауға және жеке адамның заттарын тексеріп қарауға, көлік құралдарын тексеріп қарауға кедергі жасау;
4) байланысты пайдаланудың айрықша ережелері;
5) егер кешеуілдеу адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстау үшін көлік құралдарын алып қоюға кедергі жасау;
6) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аумақ шегінде тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіруге кедергі жасау;
8) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
9) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кіруге кедергі жасау;
10) қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, күшті әсер ететін химиялық және улы заттар саудасын шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткілік, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольдік өнімдер айналымының айрықша режимін орнату бөлігінде орындамау, -