299-бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру
300-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу
301-бап. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату
302-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу
303-бап. Магистральдық құбыржолдарды салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
304-бап. Құбыржолдарды қасақана зақымдау немесе қирату
304-1-бап. Құбыржолдарды абайсызда зақымдау немесе қирату
305-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi
306-бап. Халықаралық ұшу қағидаларын бұзу
13-тарау. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар
307-бап. Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану
308-бап. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану
309-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiгiн иемдену
310-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
310-1-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
311-бап. Пара алу
312-бап. Пара беру
313-бап. Парақорлыққа делдал болу
314-бап. Қызметтiк жалғандық жасау
315-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк
316-бап. Салақтық
14-тарау. Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстар
317-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын немесе Мемлекеттік Гимнiн қорлау
317-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау
317-2-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі кепілдіктерін бұзу
318-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау
319-бап. Депутаттың абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау
319-1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметіне кедергi жасау
320-бап. Билік өкiлiн қорлау
321-бап. Билік өкiлiне қатысты күш қолдану
321-1-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның заңды талаптарын орындамау
322-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету
323-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе сату
324-бап. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру
325-бап. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе сату
326-бап. Әскери қызметтен жалтару
327-бап. Озбырлық
328-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын билік өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетiмен иелену
329-бап. Мемлекеттік Туды заңсыз көтеру
330-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан қасақана заңсыз өту
330-1-бап. Елден шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау
330-2-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру
330-3-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу
331-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту
332-бап. Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану
333-бап. Байланыс желiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу және орындамау
334-бап. Жиналыстарды, митингтердi, тосқауылдарды, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу
335-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, кәсiпорынның, ұйымның жұмысына кедергi жасау
336-бап. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың қызметiне заңсыз араласуы
337-бап. Заңсыз қоғамдық және басқа да бiрлестiктер құру немесе олардың қызметiне қатысу
337-1-бап. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру
338-бап. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарына жәрдем көрсету
15-тарау. Сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстар
339-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргiзуге кедергi жасау
340-бап. Сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге асыратын адамның өмiрiне қол сұғу
341-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргiзуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi
342-бап. Сотты құрметтемеу
343-бап. Судьяға, алқабиге, прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзетін адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу
344-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
345-бап. Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату
346-бап. Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау
347-бап. Жауап беруге мәжбүр ету
347-1-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
348-бап. Айғақтарды және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау
349-бап. Коммерциялық параға сатып алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа арандату
350-бап. Көрiнеу әдiлетсiз үкiм, шешiм немесе өзгедей сот актiсiн шығару
351-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу
352-бап. Сарапшының көрiнеу жалған жауабы, қорытындысы немесе қате аудару
353-бап. Куәнiң немесе жәбiрленушiнiң жауап беруден бас тартуы
354-бап. Жалған жауап беруді немесе жауап беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу не оған мәжбүр ету
355-бап. Анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария ету
356-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету
357-бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз іс-әрекеттер
358-бап. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу
359-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару
360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау
361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу
362-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн орындамау
363-бап. Қылмысты жасырушылық
363-1-бап. Қылмысты жасыру
364-бап. Қылмыс туралы хабарламау
365-бап. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі адвокаттар мен өзге де адамдардың заңды қызметіне кедергі жасау
16-тарау. Әскери қылмыстар
366-бап. Әскери қылмыс ұғымы
367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
368-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүр ету
369-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi
370-бап. Әскери қызметшiлердiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде олардың бiр-бiрiнiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу
371-бап. Әскери қызметшiге тiл тигiзу
372-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
373-бап. Қашқындық
374-бап. Дене мүшесiне зақым келтiру жолымен немесе өзге тәсiлмен әскери қызметтен жалтару
375-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару қағидаларын бұзу
376-бап. Шекаралық қызмет атқару қағидаларын бұзу
377-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу
378-бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бұзу
379-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың қағидаларын бұзу
380-бап. Билiктi терiс пайдалану
380-1-бап. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану
380-2-бап. Билiктiң әрекетсiздiгi
381-бап. Қызметке салақтық
382-бап. Батып бара жатқан әскери кеменi тастап кету
383-бап. Қарсыласқа соғыс жүргiзу құралдарын беру немесе тастап кету
384-бап. Өз еркiмен тұтқынға берiлу
385-бап. Тонаушылық
386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту
387-бап. Әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру
388-бап. Әскери мүлiктi абайсызда жою немесе бүлдiру
389-бап. Әскери мүлiктi жоғалту
390-бап. Айналадағылар үшін қауiп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау қағидаларын бұзу
391-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу
392-бап. Ұшу немесе оған даярлану қағидаларын бұзу
393-бап. Кеме жүргiзу қағидаларын бұзу»;
3) 32-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нәтижесiнде қол сұғушыға тым шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Адам өміріне қол сұғатын не:
қорғанушының немесе басқа адамдардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін қаруды не өзге де заттарды немесе құралдарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен;
қорғанушының немесе басқа адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықпен не мұндай зорлық-зомбылықтың тікелей қатерімен;
тұрғын үйге немесе өзге де үй-жайға заңсыз басып кірумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды.»;
4) 40-бапта:
бiрiншi бөлiктегі «не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтiне белгiлi бiр кезең iшiндегi өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктегі «немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi аптадан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
5) 42-бапта:
бірінші бөліктегі «түрлерін жергiлiктi атқарушы органдар немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары белгілейді» деген сөздер «түрлері жергілікті атқарушы органдардың немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілерімен белгіленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге» деген сөздер «елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 45-баптың үшінші бөлігіндегі «ауыр және» деген сөздер «ауыр немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 48-баптың бесінші бөлігінде:
а) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«а) абайсызда жасаған қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдарға - колония-қоныстарға;»;
б) тармағы «жасағаны үшін» деген сөздерден кейін «бір жылдан астам мерзімге» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 50-бапта:
бірінші бөліктегі «Ауыр немесе аса ауыр» деген сөздер «Қасақана» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «ауыр немесе аса ауыр қылмысы» деген сөздер «қасақана қылмыс жасағаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 51-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «бір бөлігін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 53-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:
«5-1. Егер осы Кодекстің 7-тарауында көзделген, сол бойынша адам кінәлі деп танылған баптың санкциясында жазаның әрқилы (балама) түрлері көзделсе, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке қылмыспен келтірілген мүліктік залал толық көлемде өз еркімен өтелген кезде бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
Осы бөліктің ережелері осы Кодекстің 192-бабы екінші бөлігінің в) тармағында, 193-бабы үшінші бөлігінің а) тармағында, 226-бабында, 226-1-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасаған адамдарға қолданылмайды.»;
алтыншы бөліктегі «көзделген» деген сөз «қолданылған» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 64-бапта:
екінші бөлік «бұзушылық жасаса» деген сөздерден кейін «не тіркеу үшін дәлелді себепсіз келмесе немесе қылмыстық-атқару инспекциясына хабарламастан тұрғылықты жерін ауыстырса» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік «қайталап жасаған,» деген сөздерден кейін «тіркеу үшін тағы да дәлелді себепсіз келмеген, қылмыстық-атқару инспекциясына хабарламастан тұрғылықты жерін ауыстырған» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 66-бап «сасқалақтау салдарынан» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ тұтқиылдан шабуылдау салдарынан» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 67-баптың бірінші және екінші бөліктері «жәбiрленушiмен» және «жәбірленушіге» деген сөздерден кейiн тиісінше «, арыз берушiмен» және «, арыз берушiге» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 69-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, экономикалық қызмет саласында, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.»;
15) 70-баптың екінші бөлігіндегі «Жазасын өтеуден» деген сөздер «Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 72-баптың бірінші бөлігінің екінші сөйлеміндегі «бала он төрт жасқа толғанға дейін» деген сөздер «бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан асырмай» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 75-баптың төртінші бөлігінің үшінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне, экономикалық қызмет саласында, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.»;
18) 77-баптың үшiншi бөлiгінің е) тармағы «сотталған» деген сөздiң алдынан «бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 79-баптың екiншi бөлiгiндегі «немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екi аптадан алты айға дейiнгi кезеңдегi мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
20) 84-бап «бас бостандығынан айыруға» деген сөздерден кейін «, бас бостандығын шектеуге» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 88-бапта:
үшінші бөліктегі «денсаулық сақтау туралы заңдарымен» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртiппен психиатриялық-неврологиялық мекемелерге» деген сөздер «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен психиатриялық-неврологиялық ұйымдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 93-баптың төртінші бөлігіндегі «психиатриялық-неврологиялық мекемеге жiберу туралы мәселенi денсаулық сақтау туралы заңдарда» деген сөздер «психиатриялық-неврологиялық ұйымға жiберу туралы мәселенi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 95-бапта:
бірінші бөлікте:
«в) және г) тармақтарында көзделген жағдайларда» деген сөздер «в) тармағында көзделген жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«денсаулық сақтау органдарының емханалық психиатриялық көмек көрсететiн мекемелерiнде» деген сөздер «амбулаториялық-психиатриялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстiң 88-бабының бiрiншi бөлiгiнің г) тармағында көзделген жағдайда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары - бас бостандығынан айыру орнында, ал өзге жазалау түрлеріне сотталғандарға қатысты денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.»;
екінші бөліктегі «денсаулық сақтау туралы» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «денсаулық сақтау туралы» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 103-баптың екінші бөлігінің д) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«д) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;»;
25) 111-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
төртiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
26) 114-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
27) 116-баптың үшiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы «сегiз жылға» деген сөздердiң алдынан «төрт жылдан» деген сөздермен толықтырылсын;
28) 117-бапта:
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «дәл сол» деген сөздер «үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінде үшiншi бөлiктің екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«үш жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
төртiншi бөлiктiң бiрiншi абзацындағы «Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi бар адамның, сол сияқты мұндай бiлiмi жоқ адамның заңсыз аборт жасауы, егер бұл әрекет абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса» деген сөздер «Абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан заңсыз аборт жасау» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 118-баптың бiрiншi бөлiгінiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
30) 129-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
31) 130-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
32) 134-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
33) 135-баптың екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
34) 136-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
«немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi айдан бес айға дейiнгi кезеңде тапқан өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
«, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
«немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi айдан бес айға дейiнгi кезеңде тапқан өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
«, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға» деген сөздер алып тасталсын;
35) 137-баптың екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
36) 138-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның жетi айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
37) 139-баптың екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
38) 140-баптың екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi айдан бес айға дейiнгi кезеңде тапқан өзге де табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
39) 141-1-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
40) 142-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «немесе тарату, егер осы әрекеттер жәбiрленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрсе» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацта:
бұл түзетудің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
«немесе сотталған адамның төрт айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«жасаған нақ сол әрекеттер» деген сөздер «жасаған дәл сол әрекет» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, сол сияқты нақ сондай зардаптарға әкеп соққан» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы «немесе сотталған адамның жеті айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
41) 143-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екі айдан төрт айға дейінгі кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
42) 145-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
43) 146-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екінші абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
44) 147-баптың бiрiншi бөлiгінiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
45) 148-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның үш айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
46) 150-1-баптың екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
47) 151-баптың екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
48) 153-баптың екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
49) 155-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
50) 157-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның үш айдан тоғыз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның алты айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
51) 159-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы «он екi жылға дейiнгi» деген сөздердiң алдынан «алты жылдан» деген сөздермен толықтырылсын;
52) 164-баптың екiншi бөлiгінiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
53) 168-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы «немесе сотталған адамның он айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын;