2. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi:
1) ұзақ уақыт ықпал етуi су объектiсiнiң экологиялық жүйесiнiң өзгеруiне әкеп соқтырмайтын антропогендiк жүктеменiң жол берiлетiн шектi мөлшерiне;
2) су объектiсiне және оның су жинау алаңына түсуi мүмкiн зиянды заттардың жол берiлетiн көлемi мен шоғырлануына сүйене отырып белгiленедi.
3. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 85- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
85-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттау мен сертификаттау
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары және техникалық талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрленедi, бекітіледi және тiркеледi.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестiктi айқындау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.
3. Бөлшектеп құйылған түрде (бөтелкелерде немесе басқа ыдыстарда) тұтынушыларға сатуға арналған ауыз суды, суды тазарту мен зарарсыздандырудың жеке тұрмыстық және топтық техникалық құралдары, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдаланылатын материалдар, реагенттер, технологиялық процестер, жабдықтар және өзге де құралдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбеге сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.
86-бап. Су алу мен пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптар
1. Су объектiлерiнен су алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптарға экономиканың барлық салаларында әртүрлi технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерiн және су тұтынудың үлестiк нормаларын қайта қарау арқылы қол жеткiзiледi.
2. Су ресурстарын алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптарға:
1) барлық тасымалдайтын, бөлетiн желiлердегi және су тұтынудың әрбiр нүктесіндегі шығындар мен ысыраптарды қысқарту;
2) су пайдаланудың ұтымды әдiстерi мен технологияларын енгізу және судың нақты пайдаланылуын барлық жерде бiрдей есепке алуды қамтамасыз ету негiзiнде су үнемдеу есебiнен қол жеткiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік органдар, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары және су пайдаланушылар судың жұмсалуын, тасымалдайтын желiлердегi, су тұтыну нүктелеріндегі судың ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектiлерiнен су алу көлемдерiн қысқарту мүмкiндiгiн жыл сайын талдап отыруға және су пайдалану көлемдерiн қысқарту мақсатымен кемiнде бес жылда бiр рет экономиканың барлық салаларындағы әртүрлi технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерiн және су тұтынудың үлестiк нормаларын қайта қарауға мiндеттi.
87-бап. Ауыз судың сапасын жақсарту жөніндегі талаптар
Уәкiлеттi орган басқа мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп ауыз судың сапасын жақсарту жөніндегі талаптарды әзiрлейдi, олар:
1) су объектiсiнiң белгiлi бiр сапасына сай келетiн құрылыстардың технологиясы мен қуатын жұмысқа қабiлеттi күйiнде ұстауды;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң ақауларын қалпына келтiрудi;
3) құрылыс жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, сенiмдi жабдықтар мен материалдарды пайдалануды;
4) тұтынылатын судың нормативтерi мен мемлекеттік стандарттарын мезгiл-мезгiл жетiлдiрiп отыруды қамтиды.
88-бап. Су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу
1. Мыналарды:
1) судың зиянды әсерiн, ластануын және қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ су тұтынуды және ағынды су ағызуды есепке алу құралдарымен жабдықталмаған жаңа және қайта жаңғыртылып жатқан объектiлердi;
2) балық қорғау құрылғыларынсыз cу тарту және ағызу құрылыстарын;
3) тазарту құрылыстары мен санитарлық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндiрiстiк кешендердi;
4) жердi су басуды, топан су басуды, олардың батпақтануы мен сортаңдануын және топырақ эрозиясын болғызбайтын, жобаларда көзделген iс-шараларды жүргiзуге дейiн суару, суландыру және құрғату жүйелерiн, су қоймаларын, бөгеттердi, каналдарды және басқа да гидротехникалық құрылыстарды;
5) жер асты суларын оларды су реттеу құрылғыларымен, өлшеу құралдарымен жабдықтамай пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын;
6) санитарлық қорғау аймақтарын және су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары жай-күйiнiң көрсеткiштерiн қадағалау пункттерiн белгiлемей су тарту және өзге де гидротехникалық құрылыстарды;
7) мұнай, химиялық және басқа да өнiмдердi оларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен құрылғыларды пайдалануға беруге тыйым салынады.
2. Су объектiлерi жай-күйiнiң көрсеткiштерiн байқау пункттерiн құрмай ағынды сулармен суару объектiлерiн пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.
3. Су шаруашылығы объектiлерiн - жердi қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды аяқтамай, ал су қоймаларында - олардың табанын су басуға әзiрлеу жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырмай пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.
4. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу туралы шешiмдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қабылданады.
89-бап. Жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалану
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалануға тыйым салынады.
2. Ағынды суды жер үстi су объектiлерiне ағызуға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектерге дейiн тазартылған жағдайда уәкiлеттi органның рұқсатымен жол берiледi.
3. Өнеркәсiптiк ластанған ағынды немесе шахталық, карьерлiк кенiш суларын жинағыштары бар ұйымдар оларды тазарту, зарарсыздандыру және кәдеге жарату үшiн қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ осы жинағыштар орналасқан жерлердi қайта өңдеудi жүзеге асыруға мiндеттi.
Ерекше бөлік
6-Бөлім. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану
16-тарау. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау
90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыз сумен және шаруашылық- тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн пайдалану
1. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн олардағы судың сапасы белгiленген мемлекеттік стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетiн, ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер үстi және жер асты су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары берiледi.
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайына арнап халықты ауыз сумен жабдықтауға жарамды сумен қамтамасыз ету үшiн ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер асты су объектiлерiнiң негiзiнде ауыз сумен жабдықтау көздерiн резервтеу жүзеге асырылады. Резервтелген сумен жабдықтау көздерiнде Қазақстан Республикасының су заңдары мен өзге де заңдарына сәйкес оларды қорғаудың және жай-күйiн бақылаудың арнайы режимi белгiленедi.
3. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға арналған жер үстi және жер асты суларының қауiпсiздiгiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
4. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен оның сенiмдiлiгi және санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру мүмкiндігi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
5. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз сумен жабдықтауға жарамды жер асты су объектiлерiн өзге мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
6. Жер үстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi негiздеме болған жағдайда уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша осы суларды ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат бере алады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
7. Қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде сумен жабдықтауды осы аумақтардың әкiмдерi ұйымдастырады.
91-бап. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауды тиiстi су құбырлары желісі бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Орталықтандырылған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар алынатын суды есепке алуды ұйымдастыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелеріндегі судың жай-күйiн үнемi қадағалап отыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелеріндегі су сапасының белгiленген мемлекеттік стандарттар мен гигиеналық нормативтерден ауытқуы туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына, уәкiлеттi органға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға,қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлауға мiндеттi.
92-бап. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында мiндеттi түрде тiркеп, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тұтас алғанда осы су объектiлерiне оң қорытындысы болған жағдайда тiкелей жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алуға құқылы.
Су объектiлерiнен тәулiгiне елу текше метрге дейiнгi көлемде су алу кезiнде халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алу уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
17-тарау. Су объектілерін сауықтыру және рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану
93-бап. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалану
1. Ресурстарының табиғи емдiк қасиетi бар, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мақсаттар үшiн қолайлы су объектiлерi сауықтыру объектiлерi санатына жатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сауықтыру мақсаттары үшiн пайдаланылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның, уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша:
1) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2) жергiлiктi маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.
3. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалануға беру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
94-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ықтимал сел қаупi бар су объектiлерiн қоспағанда, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшiн пайдалануға оған арнаулы рұқсатсыз жол берiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқойлық және спорттық балық аулау үшiн пайдалануға уәкiлеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары рұқсат бepeдi.
18-тарау. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын
ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану
95-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану
1. Су объектiлерiн ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану ортақ және арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Бастапқы су пайдаланушылар қайталама су пайдаланушылардың су пайдалану жоспарларының негiзiнде су көлемдерiн алуға жыл сайынғы өтiнiмдерiн жасайды. Уәкiлеттi орган жылдың жоспарланған сулылығын ескере отырып және бастапқы су пайдаланушылардың өтiнiмдерi негiзiнде олар үшiн су пайдалану лимиттерiн белгiлейдi. Қайталама су пайдаланушылар үшiн су жеткізу көлемдерi белгiленген лимиттер ескерiле отырып, бастапқы және қайталама су пайдаланушылардың арасында жасалған шарттармен айқындалады.
3. Ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану мақсатымен ерiген, жауын және тасқын суларды жинауға арналған су шаруашылығы құрылыстары бар жеке және заңды тұлғаларда уәкiлеттi органның рұқсаты болуға мiндеттi.
4. Жер үстi және жер асты су объектiлерiн жайылымдарды суландыру үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
5. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртібімен жол берiледi.
6. Жеке қосалқы шаруашылық жүргiзетiн, бағбандықпен және бақша өсiрумен айналысатын жеке тұлғаларға суару үшiн су белгiленген лимиттерге сәйкес арнайы су пайдалану тәртібімен бөлiнедi. Жеткiлiктi су ресурстары болмаған жағдайда суару үшiн су басқа су пайдаланушылардың лимиттерiн қайта бөлу есебiнен бөлiнуi мүмкiн.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Суару, құрғату, сортаңданған топырақты шаю және басқа да мелиорациялық жұмыстар су объектiлерiн және олардың су жинау алаңдарын қорғауды қамтамасыз ететiн табиғат қорғау iс-шараларымен бiр кешенде жүзеге асырылуға тиiс. Суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингiн және оны бағалауды бюджет қаражаты есебiнен мамандандырылған мемлекеттік мекемелер жүргiзедi.
8. Ағынды суды суару үшiн пайдалану белгiленген экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
9. Суармалы аймақта су пайдаланушылар қайталама сулардың көлемi мен сапасына болжам жасайды, су объектiлерiне ағызу көлемдерiн, жинақтағыш су қоймаларын жасауды немесе оларды жасалған жерiнде пайдалануды жоспарлайды.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен Заң 95-1 баппен толықтырылды
95-1-бап. Жерді гидромелиорациялау
1. Жерді гидромелиорациялау жай-күйі судың әсеріне байланысты құрғақшылық, эрозияға ұшыраған, сортаңданған, батпақты, артық ылғалды, шайылған және басқа да жерлерді түбегейлі жақсартуды қамтамасыз ететін мелиорациялық іс-шаралар кешенін білдіреді.
Жерді гидромелиорациялау гидромелиорациялық жүйелердің, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстардың көмегімен суды көтеру, беру, бөлу және бұру жөніндегі шараларды жүзеге асыру арқылы мелиорацияланатын жерлерде топырақтың су, ауа, жылу және қоректік режімдерін реттеуге бағытталған.
2. Жерді гидромелиорациялау түрлеріне жерді суару, құрғату және сортаңданған топырақты шаю жатады.
96-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум
1. Гидромелиорациялық кондоминиум - бiртұтас мүлiктiк кешен (бұдан әрi - гидромелиорациялық кондоминиум объектiсi) ретiнде жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше нысаны, бұл ретте жер учаскелерiне заттық құқық жеке және заңды тұлғалардың иелiгiнде, ал гидромелиорациялық жүйе немесе оның элементтерi ортақ үлестiк меншiк құқығында олардың иелiгiнде болады.
97-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумды құру және тоқтату
1. Гидромелиорациялық кондоминиум екi және одан көп жер пайдаланушыларға немесе жер учаскелерi меншiктенушілерiне тиесiлi бiр суару каналында немесе оның бөлiгiнде орналасқан суармалы алқаптарының жер учаскелерiнде құрылуы мүмкiн.
2. Жер учаскелерiне заттық құқық иелерiнiң әрқайсысы өз қалауы бойынша гидромелиорациялық кондоминиумға өзiнiң қатысу-қатыспауына қарамастан жер учаскесiне өз құқығын iске асыруға құқылы.
Гидромелиорациялық кондоминиумның құрамына кiретiн су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жер учаскелерi бұру белдеулерiне жатады және ортақ үлестiк меншiк құқығында гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушыларға тиесiлi болады.
3. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi осы қатысушы құқығын иеленген суармалы жер учаскесiнiң бүкiл суару алқабының жалпы алаңына қатынасымен айқындалады. Гидромелиорациялық кондоминиум мүлкіндегі мұндай үлестi заттай түрде бөлуге болмайды (мiнсiз үлес).
4. Гидромелиорациялық кондоминиумның барлық қатысушыларының келісімiнде ортақ мүлiктегi үлестiң мөлшерi айқындалмауы мүмкiн, бұл жағдайда гидромелиорациялық кондоминиумның мүлкi үлестi бөлiнуге жатпайтын ортақ меншiкте болады.
5. Суармалы жер учаскесiне заттық құқығының (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығының тоқтатылуын қоспағанда) басқа тұлғаға ауысуы гидромелиорациялық кондоминиум мүлкіндегі үлестiң де алушыға ауысуына әкеп соғады.
6. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушы гидромелиорациялық кондоминиум мүлкіндегі өз үлесiн суармалы жер учаскесiне құқығынан бөлек иелiктен айыруға құқылы емес.
7. Гидромелиорациялық кондоминиумның ортақ мүлкi оның барлық қатысушыларының келiсуiмен кепіл ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
8. Бiр гидромелиорациялық кондоминиум қызмет көрсететiн барлық суармалы жер учаскелерiне заттық құқығы (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығын қоспағанда) және гидромелиорациялық кондоминиум мүлкiне меншiк құқығы бiр тұлғаға ауысқан жағдайда гидромелиорациялық кондоминиум жойылуы мүмкін.
98-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн тiркеу
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсi Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу туралы заңдарына сәйкес бiртұтас кешен ретiнде тiркелуге тиiс.
2. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
99-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың құқықтары
1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың барлығының ортақ мүлiктi олардың гидромелиорациялық кондоминиумға қатысудағы үлесiне мөлшерлес басқаруға құқығы бар.
2. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлiктi пайдалануға құқығы бар. Гидромелиорациялық кондоминиумның ортақ мүлкiн пайдалану тәртібі қатысушылардың келісімiмен айқындалады.
Жер учаскесiн басқа тұлғаларға жалға беру (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығы) жалға берушiнiң гидромелиорациялық кондоминиумға қатысуын тоқтатуға әкеп соқпайды.
3. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтарға ие болуы мүмкiн.
100-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың мiндеттерi
1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар:
1) ортақ мүлiктi ұстауға арналған барлық шығыстарға қатысуға;
2) ортақ мүлiктiң сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi атқара алады.
101-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысу ерекшелiктерi
1. Ортақ мүлiктi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерi, егер гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың келісімiмен өзгеше көзделмесе, қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлес белгiленедi.
2. Егер гидромелиорациялық кондоминиумдағы суармалы жер учаскесiн оған қатысушы пайдаланбаған жағдайда, ол ортақ мүлiктi ұстауға арналған шығыстардан босатылмайды.
3. Суармалы жер учаскелерi жалгерлерiнiң дауыс беру құқығы болмайды және олар гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқаруға өзге түрде қатыса алмайды, бiрақ гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар үшiн ортақ ережелердi сақтауға мiндеттi.
4. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың кондоминиумның ортақ мүлкiн өз атынан иелiктен айыруға құқығы жоқ.
102-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару
1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар гидромелиорациялық кондоминиум объектi тiркелгеннен кейiн бiр айдың iшiнде оны басқару нысаны туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
2. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару нысаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қатысушылардың келісімiмен айқындалады.
19-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы
құрылыстарын өнеркәсіп пен энергетика үшін пайдалану
103-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiп пен жылу энергетикасы үшiн пайдалану
1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiптiң және жылу энергетикасының мұқтаждары үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Өнеркәсiп пен жылу энергетикасы ұйымдары айналымдық сумен жабдықталымға ие болуға мiндеттi. Айналымдық сумен жабдықталымы жоқ ұйымдар уәкiлеттi органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға нақты мерзiмдерiн көрсете отырып, айналымдық сумен жабдықталымға көшу жоспарын беруге мiндеттi.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)