156) жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу;
157) агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
158) өсімдік шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
159) өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды сақтандырушы мен агенттен, сақтанушыдан сұрау және алу;
160) сақтанушылардың міндетті сақтандыру келісім шартын жасауынан бұлтаруы туралы істерді қарау;
161) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудағы агенттің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 162) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
162) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру және ұйымдастыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 163) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
163) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайын бақылауды жүзеге асыру;
164) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоса, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 165) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
165) ішкі сауда объектілерінде, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (өткізу) кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;
166) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламентте белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
167) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, хаттама толтыру және әкімшілік жаза белгілеу;
168) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың тамақтан улануының шарттары мен себептерін белгілеу және анықтау;
169) асыл тұқым өнімді (материалды) ендіру және селекциялауда жаңа технологияларды, аспаптарды, құрал-жабдықтарды, материалдар мен биотехнологиялық әдістерді қолдануды мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
170) асыл тұқым мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзылған жағдайда ол қалпына келтірілгенге дейін асыл тұқым өнімдерді сатуды тоқтата тұру;
171) асыл тұқым мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
172) аттестаттаудан өткен жеке және заңды тұлғалардың қызмет көрсету сапасын тексеру;
173) асыл тұқымды мал шаруашылығының аттестатталған субъектілеріндегі малды асылдандыру жұмысының, оны есепке алудың және оның есептілігінің жай-күйін тексеру;
174) асыл тұқым өнімді (материалды) субъектілердің ұстау, азықтандыру, қоректендіру, сондай-ақ сақтау шарттарының сәйкестігін тексеру;
175) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қызметтері сәйкес келмеген жағдайда асыл тұқымды орталық пен дистрибьютерлік орталықтың, асыл тұқымды зауыт пен шаруашылықтың аттестатын алып қою, асыл тұқымды өнімнің асылдығын анықтау бойынша және жануарларды өсіру қызметтері бойынша жеке және заңды тұлғаларға берілген аттестаттың қызметін тоқтату туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына ұсыныс беру;
176) астық қабылдау кәсіпорындарының:
мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - тоқсан сайын уәкілетті органның облыстық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен мемлекеттік ресурстар астығының сақтауын тексеру кестелері негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда);
өзге де иеленушілердің астығы бойынша - астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық сақтау; астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі ережелерінің сақталуын бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 177) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
177) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынақтарын жүзеге асыру;
178) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді және ветеринария саласында мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыру;
179) мемлекеттік органдардың арнайы үндеуінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, жоспарлы емес тексеріс түрінде астық экспортшыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
180) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы жазбаша өкім беру;
181) жыл сайын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен кестелер негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда), астық сапасының сараптамасы жөніндегі аккредиттелген зертханалардың астық сапасын сараптау мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, уәкілетті орган белгілеген астық сапасы куәлігін беру тәртібін және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі талаптарын сақтауы тұрғысынан олардың қызметін бақылау;
182) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астық қолхаттары тізілімі мәліметтеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
183) уәкілетті орган бекіткен кестенің негізінде жыл сайын жүргізілетін жоспарлы тексеріс түрінде астық экспортшыларының астықты экспортқа сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын орындауын және астық рыногының мониторингі жөніндегі есеп берудің анықтығы нысанасын лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
184) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтату;
185) «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздемелер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;
186) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өкілеттіктер шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды;
мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жіберуді және тасымалдауды (алып жүруді);
астық қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен мазмұн 186-1) тармақшамен толықтырылды
186-1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 187) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
187) фитосанитариялық бақылау бекеттеріне әкелінетін карантинге жатқызылған өнімді бастапқы карантиндік қарауды тұрақты жүргізу, қажет болғанда - олардың лабораториялық сараптама үлгілерін алып, көлік құралдарын, қол жүгі мен жол жүгін тексеруді, әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік құжаттарын тексеруді жүргізу;
188) әкелінетін карантинге жатқызылған өнімнің түпкілікті қабылданатын пункттерінде бұл өнімді тұрақты түрде екінші рет қайталап карантиндік қарауды жүргізеді, қажет болғанда - оның лабораториялық сараптама үлгілерін алып, өндірілген аумағы мен орнының фитосанитарлық сипаттамасын, апарылатын пунктін, сондай-ақ карантиндік объектілерден таза немесе аз мөлшерде таралған аймақтарды, көлік құралдарын ескеріп, карантиндік құжаттарды тексеру, лабораториялық сараптама жүргізу;
189) жергілікті әкелінген карантинге жатқызылған өнімнің, қажет болғанда - лабораториялық сараптама үлгілерін алып және фитосанитарлық сертификациясына тұрақты карантиндік тексеру жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 190) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
190) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінген және транзиттік карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік құжаттарының нақты және дұрыс ресімделуіне тұрақты тексеру жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 191) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
191) карантинге жатқызылған өнімді, қажет болғанда - оның лабораториялық сараптама үлгілерін, Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантиндік құжаттарды тұрақты тексеру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 192) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
192) өсімдік текті өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдарға, ішкі сауда объектілеріне, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа да мақсаттағы жерлерге тұрақты бақылау іріктеу зерттеулерін жүргізу;
193) ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 194) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
194) мыналарды:
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзудың анықталып жойылғаны туралы;
өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалғаны туралы нұсқаманы беру және оның орындалуын бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 194-1) тармақшамен толықтырылды
194-1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жіберу;
195) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерде импорттық егу және отырғызу материалының карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен көмескі залалдануының болуын тексеру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және бақылау;
196) ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
197) өсімдік қорғау және карантині саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
198) жеке және заңды тұлғалардың карантиндік шараларды орындауын тұрақты бақылауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 199) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
199) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
200) ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
201) пестицидтердің (улы химикаттардың) айналымы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
202) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егу сапаларының сараптамасын жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
203) бірегей тұқымдардың және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған арзандатылған тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
204) мемлекеттік тұқым ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
205) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егістерді байқауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтан өткізуді, тұқымның сапасына сараптама жасауды жүргізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
206) мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру;
207) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар беру;
208) мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап қою;
209) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 32-бабының 2-тармағында көрсетілген нақты негіздеме бойынша мақта беруге уақытша шектеу қою;
210) мақта қауіпсіздігі мен сапасын;
тіркелген сынақ зертханаларының (орталықтардың) қызметін;
экспорттық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
211) мақта өңдеу ұйымдарының:
мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу;
мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу;
мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
212) сарапшы ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру ережелерін сақтауын жыл сайынғы бақылауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 213) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
213) ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау бойынша ветеринарлық-санитарлық сараптаманы жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 214) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
214) ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 215) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
215) ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және мониторингті жүзеге асыру;
216) балық шаруашылығы, аңшылық жүргізу ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
217) балық аулау және аңшылық ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
218) балық шаруашылығы, аңшылықты жүргізуде жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
219) еріксіз және жартылай еріксіз жануарларды, сонымен қатар зоологиялық коллекцияларды асырау тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
220) жануарлар дүниесін пайдалануға тиым салу және белгіленген шектеудің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
221) жануарлар дүниесін пайдалану, өсіру, қорғау бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
222) жануарларды интродукциялау және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
223) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 224) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
224) жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекіту, ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
225) жануарлар үйірімен мекендейтін жерлерді периметр бойынша олардың індері орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе оларды алдын ала басқа жерге көшірмей жыртуға келісу;
226) ұшақтардың, тікұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтін аумақтардың үстінен бір километрден төмен биіктікте ұшып өтуіне келісу;
227) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып (дала кеміргіштерін қыру кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесі объектілерін аулауға келісу;
228) жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алуға рұқсаттар беру;
229) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қолда ұстауға, тасымалдауға, сатуға, сатуға шығаруға және сатып алуға, сондай-ақ оларды әкелу мен әкетуге рұқсаттар беру;
230) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және II қосымшаларына енгізілген, олар еріксіз жағдайларда өсірілген жануарлар түрлерін тіркеу;
231) облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру туралы шешімдерін келісу;
232) жануарлар дүниесін пайдаланушымен аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге шарттар жасасу;
233) облыстық атқарушы органмен бірлесіп жергілікті маңызы бар аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу ережелеріне сәйкес конкурстық комиссия құру;
234) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде немесе уақытша жер пайдалануында болатын жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптардың белгіленген біліктілік талаптарына сай болған жағдайда олардың өтінімі бойынша конкурс өткізбей бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органға ұсыныс жіберу.
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 235) тармақшамен толықтырылды
235) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды іске асыру.
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен мазмұн 236) - 240) тармақшалармен толықтырылды
236) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылау; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және олардың азықтан улану себептері мен жағдайларын табу әрі анықтау;
237) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілуін бақылау;
238) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылау;
239) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
240) қызметтің мынадай кіші түрлерін:
ветеринариялық емдеу-алдын алуды;
ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді;
ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізуді;
ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын тұлғаларды бақылау.
15. Министрліктің өзіне жүктелген тапсырмаларды іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға:
1) өз құзыреті шегінде міндетті түрде орындалатын нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) қолданыстағы заң актілерінде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
17. Министр Министрлікті басқаруды жүзеге асырады, Министрлікке жүктелген тапсырмаларды орындауға және оны өз қызметінде жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2205 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Осы мақсатта Министр:
1) реттеуші саладағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасайды;
2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
3) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекетінің тәртібін және құзыретін айқындайды;
4) ведомстволар актілерінің толық немесе бөліктерінің күшін жояды немесе тоқтатады;
5) Министр бұйрығына қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
7) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
8) Министрлікке келімге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына бұрыштама қояды және келіседі;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
19. Министрлік қабылдаған шешімдер Министрдің бұйрығымен ресімделеді.
20. Министрліктің аппараты басшылығын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Жауапты хатшы жүзеге асырады.
21. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі Жауапты хатшының өкілеттілігінің қысқаруына әсер етпейді.
22. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Министрге, Премьер-Министрге, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.
23. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастырған мемлекеттік басқарудың реттеуші саласындағы саясатты жүзеге асыруды және оның тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
2) Министрліктің аппаратын басқарады, ұйымдастырады, үйлестіреді және оның бөлімшелерінің жұмысын қадағалауды жүзеге асырады;
3) Министрліктің қаржылық және материалдық-техникалық, құқықтық-ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдаушылық қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келісуден кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
5) Министрмен келісуден кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, құжат айналымын ұйымдастырады және кадрлық қызмет жұмысын, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қадағалайды;
7) Министрлік қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісуден кейін Министрлік басқармалары мен департаменттерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомство басшылары тағайындауға ұсыным берген ведомство басшыларының орынбасарларын тағайындауда Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне енетін қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметтен босатады және қызметке тағайындайды;
11) Министрмен келісу арқылы Министрлік қызметкерлеріне сыйақы және үстемақы төлеу, көтермелеу, біліктілігін көтеру, даярлау (қайта даярлау), материалдық көмек көрсету, еңбек демалыстарын беру, іссапар мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісу арқылы еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне енетін қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Министр бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен Министрлікті қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жылдық жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижесі туралы жылдық есепті әзірлеуді және Министрлік басшысына бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;
15) Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына берілетін бюджеттік өтінімдерді Министрге ұсыну, сонымен катар басқа да бюджеттік процестің рәсімдерін орындауды, Министрліктің бюджеттік өтінімдерін дайындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржылық есебін және қаржыландыру жоспарын Министрмен келісуден кейін бекітеді және дайындауды қамтамасыз етеді;
17) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын және регламенттерін әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісімге түсетін нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша қорытындылар әзірлеуді ұйымдастырады;
20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қатынаста Министрлікті білдіреді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
24. Жауапты хатшының:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне міндетті түрде орындауға тапсырмалар беруге;
2) Жауапты хатшының құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдар мен құжаттарды, лауазымды тұлға үшін қажетті ақпараттарды, материалдар мен құжаттарды өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұрауға және алуға;
3) жеке қолданысқа құқықтық актілер жасауға құқығы бар.