Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1317 Қулысы
Осы редакция 2011 жылғы 1 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 101-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану ережесi бекітілсiн.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасының орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы № 1235 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 48, 585-құжат);
2) «Өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгізу ережесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 431 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 11, 110-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1317 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану
ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану тәртібін регламенттейдi.
Осы Ереженiң күшi мемлекеттік орман қорының бүкіл аумағына, сондай-ақ, егер бұл Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасына қайшы келмесе, осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен (бұдан әрi - уәкілеттi орган) және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісіп алынатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын орман табиғаты мен оның құраушыларын тану, соның негiзiнде орман ресурстарын күзету, қорғау, молықтыру және ұтымды пайдалану жөнiнде тәсiлдер, әдiстер және технологиялық процестер, оның iшiнде жаңа техника жасау үшiн кешендi және мамандандырылған (ботаникалық, зоологиялық, орман өсiру, орман-патологиялық, топырақтану және басқа да) ғылыми зерттеулер мен экспериментальдық жұмыстар (бұдан әрi - ғылыми-зерттеу жұмыстары) жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан өзге де табиғи объектiлердi зерделеу жатады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде, су қорғау аймақтары мен алқаптарында жүргiзiлетiн судың жай-күйiне әсер ететiн экспериментальдық жұмыстарды орман пайдаланушылар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен келiсе отырып жүргiзедi.
3. Тәжiрибелiк-өндiрiстiк тексерулер жүргiзу мен ғылыми және конструкторлық талдамаларды орман шаруашылығы өндiрiсiне енгізу, тұрақты ағаш тұқымдары базасы объектiлерiн құру уәкiлеттi органмен келiсе отырып осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Жұмыстардың түрлерi (стационарлық, далалық, бағыттық), ерекшелiгi (ботаникалық, орман өсiру, топырақтану және басқалар), басталу және аяқталу мерзiмдерi, ғылыми зерттеулердiң бағыттары, экспериментальдық объектiлердi орналастыру орындары мен көлемi, пайдаланудың арнайы режимi, шектеулердiң түрлерi мен мерзiмдерi белгiленетiн мемлекеттік орман қоры учаскелерiнiң алқабы көрсетiлiп, орман пайдаланудың басқа түрлерiнiң шектеулерi немесе оларға тыйым салушылықтар, аталған жұмыстарды жүргiзудiң басқа да ережелерi уәкiлеттi органның немесе қарауында мемлекеттік орман қоры учаскелерi болатын облыстық атқарушы органдардың және орман пайдаланушылардың арасында жасалатын ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартымен және (немесе) орман билетiмен айқындалады.
5. Ғылыми-зерттеу мақсаттарын жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының және (немесе) орман билетiнiң талаптарын өзгертуге:
1) белгiленген бағдарлама бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру мүмкiн болмайтын жағдайға душар еткен табиғи апаттардың салдарынан мемлекеттік орман қорының жай-күйi өзгергенде;
2) егер бұрынғы пайдалану шарттары осы санаттардың мәртебесiмен үйлеспейтiн болса, мемлекеттік орман қоры санатының өзгеруi, оларды ерекше қорғалатын орман аумақтары құрамына енгізу нәтижесiнде мемлекеттік орман қоры учаскелерiн пайдалануды жүзеге асыру талаптары мен тәртібі өзгергенде;
3) мемлекеттік орман қоры учаскесi мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн iшiнара алынғанда жол берiледi.
6. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану кезiнде алынған орман өнiмi (сүрек, жемiстер мен тұқымдар, сеппелер, қалемшелер, көшеттер, дәрi-дәрмектiк және техникалық шикiзаттар) ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн қажет бөлiгiн қоспағанда, мемлекеттік орман иеленушiлердiң меншiгi болып табылады. Оның тiзбесi мен көлемi зерттеулер бағдарламасы мен әдiстемесiн басшылыққа ала отырып белгiленедi және мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында және (немесе) орман билетiнде көрсетiледi.
7. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану орманның экологиялық жүйелерiне және олардың құраушыларына нұқсан келтiрмей жүзеге асырылуға тиiс.
8. Мемлекеттік орман қорының учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 39-41-баптарымен айқындалған тәртiппен және негiздемелер бойынша тоқтатыла тұруы, шектелуi немесе тоқтатылуы мүмкiн.