Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысы
(2011.02.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 5 мамырдағы
№ 371 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 Қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібін реттейді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі заңдарына және осы Ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
3. Әскери есепке алу тұрақты жүзеге асырылады және мыналарды:
1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
2) әскери міндетті атқарудан босатылғандарды;
3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқандарды;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратындарды қоспағанда, әскери есепке алынуға тиіс азаматтардың барлық санаттарын қамтиды.
4. Әскери есепке алудың мақсаты ел қорғанысын және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын адами ресурстарды тиімді пайдалану мүддесінде олардың сандық және сапалық құрамын айқындау болып табылады.
5. Әскери есепке алудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, мемлекеттік органдарды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына жоспарлы түрде көшіру және оларды кейіннен жеке құраммен жете жасақтау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету үшін запаста тұрған азаматтар қатарынан қажетті әскери мамандарды даярлау жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізу;
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдасқан түрде өткізуді қамтамасыз ету үшін Республикада бар әскерге шақыру ресурстарын Қарулы Күштердің әскер түрлері, тектері бойынша ұтымды бөлу мүддесінде олардың сандық және сапалық құрамын уақтылы анықтау және айқындау;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және осы Ережені орындауын бақылауды жүзеге асыру.
6. Азаматтардың әскери есепте тұру ұзақтығы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
7. Әскери есепке алу жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы әскери есепте мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға жұмылдыру кезеңіне және соғыс уақытына бекітіліп қойылмаған азаматтар тұрады.
Арнайы әскери есепте органдарға немесе ұйымдарға жұмылдыру кезеңіне және соғыс уақытына белгіленген тәртіппен бекітіліп қойылатын азаматтар тұрады.
Шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген кезде осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
8. Азаматтарды әскери есепке алуды тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі - ЖӘБО) жүзеге асырады.
Әскери міндеттілерге тікелей тұрғылықты жері бойынша есепке алуды және есептен шығаруды ресімдеу кезінде неғұрлым қолайлы жағдай жасау және барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды дербес (сапалы) есепке алудың нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ЖӘБО жоқ елді мекендерде азаматтарды әскери есепке алуды кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтің әкімдері (бұдан әрі - әкімдер) жүзеге асырады.
Өздерінің ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдар мен ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) осы Ережеге сәйкес жұмыс істейтін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар болған кезде азаматтарды әскери есепке алуды жүргізеді.
Азаматтарды әскери есепке алуды ұйымдастыру, жүргізу жөніндегі жұмысқа жалпы басшылық жасауды және оны бақылауды ЖӘБО (қаланың, ауданның) жүзеге асырады.
ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) талап етуі бойынша ұйымдар жұмыс істейтін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың сандық құрамын растайтын құжаттаманы ұсынады.
9. Еркек жынысты азаматтарды ЖӘБО-ға (ауданның, қаланың) бастапқы әскери есепке қоюды жыл сайын қаңтар-наурыз аралығында, ал Қазақстан Республикасының азаматтығын алған азаматтарды бүкіл күнтізбелік жыл ішінде азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
Әйел жынысты азаматтарды бастапқы әскери есепке қою олар әскери-есептік мамандық алғаннан және 18 жасқа толғаннан кейін жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру
учаскелеріне тіркеуді жүргізу тәртібi
10. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жыл сайын қаңтар-наурыз аралығында тіркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркеледі.
Тіркеу азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейін белгілеу мақсатында жүргізіледі.
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы деректер негізінде ЖӘБО (қаланың, ауданның) әскерге шақыру ресурстарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскерлерінің түрлері мен тектері бойынша алдын ала бөлуді, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны филиалдарының оқу орындарында әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқыту үшін кандидаттарды алдын ала іріктеуді жүргізеді және әскери оқу орындарына түсуге тілек білдіретін адамдарды анықтайды.
Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді олардың тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО (қаланың, ауданның) жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізер алдында ЖӘБО (қаланың, ауданның) жыл сайын мынадай дайындық жұмыстарын жүргізеді:
1) жыл сайын 1 қарашаға дейін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары және/немесе салық органдары арқылы қаланың, ауданның ұйымдар тізбесін нақтылайды;
2) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін ұйымдардан осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс азаматтардың тізімін (бұдан әрі - азаматтар тізімі) сұратады;
3) есепке алу жөніндегі құжаттарды, әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс азаматтардың ұсынылған тізімдерінің жасалуын тексереді;
4) тұрғын үйлерді пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардан алынған, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жасалған тіркелуге тиіс азаматтардың тізімдерін ұйымдардан алынған, тіркелуге тиіс азаматтардың ұқсас тізімдерімен салыстырады;
5) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жыл сайын 25 желтоқсанға дейін салыстырылған тізімдер негізінде әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс азаматтардың жиынтық тізімін жасайды;
6) тіркелуге тиіс азаматтарға мыналарды:
емдеу-алдын алу ұйымдарынан - амбулаторлық науқастың медициналық карталарын, егулер туралы деректерді, жүйке-психикалық, наркологиялық, тері-венерологиялық, инфекциялық аурулар, туберкулез, АҚТҚ-инфекциясы (ЖҚТБ), трахома, ішкі мүшелердің созылмалы аурулары, хирургиялық бейіндегі аурулар бойынша есепте тұрған адамдардың тізімін, сырқат тарихынан көшірмені, азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын дәрігерлік тексеру мен диспансерлік қадағалау мәліметтерін;
халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан - мүгедек деп танылған адамдар туралы мәліметтерді;
девианттық мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдерге арналған қосалқы мектептер мен арнайы білім беру ұйымдарынан - медициналық-педагогикалық мінездемелер;
ішкі істер, прокуратура және сот органдарынан - қылмыстық жауапкершілікке тартылған, тергеуде болған, сотталған, ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың тізімін;
денсаулық сақтау басқармаларынан - стационарлық (амбулаторлық) тексеру мен емделуге мұқтаж әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы азаматтарды тексеруге, емдеуге бекітілген емдеу-алдын алу мекемелерінің тізімін сұратады.
12. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу бойынша мынадай жұмыс жүргізіледі:
1) ЖӘБО (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың):
жұмыс жоспарын және ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізудің тәртібі мен мерзімі туралы ұйымдық-әдістемелік нұсқаулық әзірлейді;
ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастықтарымен азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу жөнінде бір күндік нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізеді;
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп, азаматтарды медициналық куәландыру үшін емдеу ұйымдарының маман дәрігерлерін тарту тәртібін айқындайды;
2) ЖӘБО (қаланың, ауданның):
осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес ЖӘБО (қаланың, ауданның) бастығының азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы бұйрығын (бұдан әрі - ЖӘБО бастығының бұйрығы) шығарады;
азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді дайындау және жүргізу жоспарын әзірлейді, онда мыналар көзделеді:
әскерге шақыру учаскесіне тіркеу үшін азаматтарды хабардар ету тәртібі мен шақыру мерзімі;
тізімдерді жасау мерзімі және азаматтардың әскерге шақыру учаскелеріне күндер бойынша келуінің есептері (күніне 50 адамнан артық емес);
тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарының іс-шараларын өткізу;
әскерге шақыру пункттерінің үй-жайларын қажетті жабдықпен қамтамасыз ету;
тіркелетіндерді медициналық куәландыру үшін маман дәрігерлерді іріктеу;
азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қызметкерлердің, қызмет көрсетуші персонал мен көліктің қажетті санын бөлуге арналған есеп;
тіркеуді жүргізуге тартылатын адамдарға нұсқау өткізу мерзімі.
13. ЖӘБО-ның уәкілетті адамдары Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі 89-бабының 2-тармағына сәйкес Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасына Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізуге байланысты қажетті шығыстарға өтінімдер ұсынады.
Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасы Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды уақтылы жүргізу үшін қажетті шығыстарға өтінімдерді уақтылы және белгіленген мерзімде қабылдайды.
Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне әскери есепке алуды жүргізу жөніндегі қаржы шығыстарын 003 "Жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындау шеңберіндегі іс-шаралар" бағдарламасы бойынша Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасы жүзеге асырады.
Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді уақтылы және сапалы жүргізу жөніндегі жоспарланған іс-шаралар, ұсыныстар туралы ЖӘБО жыл сайын 15 қарашаға дейін тиісті әкімдерді хабардар етеді.
Азаматтарға тіркелуге келу туралы хабарлау ЖӘБО (қаланың, ауданның) бастықтарының бұйрықтарымен және осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес шақыру қағаздарымен (бұдан әрі - шақыру қағазы) жүргізіледі, оларды азаматтарға тапсыруды жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың бастықтары тіркеуге келу белгіленген мерзімге дейін 5 күн қалғанда жүргізеді. ЖӘБО (қаланың, ауданның) бастықтарының тіркеуді жүргізу туралы бұйрықтары жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктірілмей шығарылуға тиіс. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін азаматтардың әскерге шақыру учаскелеріне келуінің нақты мерзімдерін шақыру қағаздарында ЖӘБО (қаланың, ауданның) белгілейді.
Ауыр науқастармен ауыратын, өз бетімен қозғалу мүмкіндігінен айырылған азаматтар тіркеуге келуден босатылады, бұл тиісті емдеу-алдын алу мекемелерінің немесе дәрігерлік-еңбек сараптама комиссияларының анықтамаларымен расталады.
Қажет болған жағдайда шақыру қағаздары азаматтарға тікелей олардың мекен-жайлары бойынша табыс етіледі.
14. Мыналар ЖӘБО (қаланың, ауданның) белгілеген мерзімде азаматтардың әскерге шақыру учаскелеріне келмеуінің дәлелді себептері болып танылады:
еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты ауру (жарақат);
жақын туысының қайтыс болуы немесе ауыр науқастануы;
азаматты өзі келу мүмкіндігінен айырған табиғи сипаттағы кедергілер немесе басқа да жағдайлар.
Келмеу себептері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.
15. Тіркеуден өту үшін ЖӘБО (қаланың, ауданның) шақыртатын барлық азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне шақыру қағаздарында көрсетілген мерзімде және құжаттарымен келеді.
16. Әскерге шақыру пункті бойынша кезекші тіркеуден өту үшін келген азаматтарды тіркеуден өту тәртібімен таныстырады, оларға Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
17. ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) уәкілетті адамдары азаматтармен әңгімелесулер өткізеді, олар ұсынған құжаттардың болуын және толықтығын тексереді. Шақыру учаскелерінде жұмыс істеу үшін тартылған техникалық қызметкерлерге осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес әскерге шақырылушының тіркелетін есеп картасын (бұдан әрі - шақырылушының есеп картасы), осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес шақырылушының жеке ісін (бұдан әрі - жеке іс) толтыру туралы нұсқау береді. Тізім бойынша тіркелуге келген азаматтарды күнделікті есепке алуды жүргізеді.
Әрбір әскерге шақырылушының жеке ісіне мыналар тігіледі:
әскерге шақырылушының есеп карточкасы;
әскерге шақырылушының тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
неке туралы куәліктің көшірмесі;
балаларының тууы туралы куәліктерінің көшірмесі;
білімі туралы құжаттың көшірмесі;
жұмыс немесе оқу орнынан анықтама;
жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме;
отбасы құрамы туралы анықтама;
әскерге шақырылушыны зерделеу парағы;
кеуде қуысы мүшелерін рентгенологиялық зерттеу анықтамалары;
денсаулық жағдайы туралы құжаттар;
сот органдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы хабарламалар;
ішкі істер органдары мен анықтау және алдын ала тергеу органдарынан анықтамалар;
азаматтық хал актілерін жазу ұйымдарынан (бұдан әрі - АХАЖ органдары) тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны, туған күні мен жері туралы өзгерістер туралы, қаза табуы туралы хабарламалар.
18. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс барлық азаматтарға Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес медициналық куәландыру жүргізіледі.
19. Ауыр науқасқа шалдығып, тіркеуге өздері келуге мүмкіндіктері болмаған адамдарды қоса алғанда, жиынтық тізімдерге сәйкес әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс барлық азаматтар осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабына (бұдан әрі - хаттамалар кітабы) енгізіледі.
Қосымша медициналық тексеруге жіберілген азаматтар бойынша тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабына мынадай жазу жазылады: "Қосымша тексеруге (қайда) жіберілсін. 20__жылғы "___"________ тіркеуге қайта келсін.".
Тіркеу жөніндегі комиссияның көрсетілген азаматтар жөніндегі түпкілікті шешімі қосымша тексеруден өткеннен кейін қабылданады және комиссияның хаттамалар кітабына қайта жазылады. Егер азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы қорытынды есеп жасағанға дейін жекелеген адамдарды қосымша тексеру бітпеген болса, онда көрсетілген адамдар тіркеу туралы есепте 1-тізім бойынша (әскери қызметке уақытша жарамсыздар) емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаждар ретінде көрсетіледі.
20. Әрбір жұмыс күнінің соңында тіркеу жөніндегі комиссия мүшелері тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабына жазылған жазбалардың дұрыстығын тексереді, хаттамаға тіркеу жөніндегі комиссияның төрағасы және мүшелері қол қояды.
21. Тіркеу жөніндегі комиссия әскерге шақырылушының құжаттарын зерделеу және жеке әңгімелесу негізінде оның кәсібін, мамандығын, білімін, жалпы дамуын және медициналық куәландыру нәтижелерін ескере отырып, тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабына енгізілетін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
"Әскери қызметке жарамды";
"Әскери қызметке жарамды, бірақ қосымша емделуге мұқтаж";
"Емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаж";
"Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі түрде жарамды";
"Әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз".
Тіркеу жөніндегі комиссия:
тіркелуге келмеген азаматтарды іздестіруді ұйымдастыру жөнінде;
шет мемлекеттердің азаматтарына әскери есепке қоюдан бас тарту туралы;
соттардың үкімдері бойынша жазасын өтеп жүрген адамдарды тіркеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.
22. Емделу қажеттігі туралы шешім мерзімді әскери қызметке жарамдылық дәрежесіне дейін сауығуы мүмкін сырқаттары анықталған адамдарға қатысты қабылданады. Бұл адамдар емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге тиіс. Олардың мерзімді әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселені әскерге шақыру кезінде әскерге шақыру комиссиясы шешеді.
23. Тіркеу кезінде "әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз" және "бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі түрде жарамды" болып танылған адамдарға тіркеу жөніндегі комиссияның шешімі негізінде, медициналық куәландырудан өткеннен кейін облыстық әскерге шақыру комиссиясының кезекті әскерге шақыруы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес әскери билет (бұдан әрі - әскери билет) беріледі, мұнда ол туралы тиісті жазбалар жазылады.
24. І және II топтағы мүгедек болып табылатын азаматтарға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуден өту кезінде комиссияның шешімі және мүгедектігін растайтын құжаттардың ұсынылған нотариалдық куәландырылған көшірмелері негізінде белгіленген тәртіппен "әскери міндетті емес" деген белгімен әскери билет беріледі. Қажет болған жағдайда әскери билет алатын адамның қолы қойылып, жақын туыстарына берілуі мүмкін.
25. Емделуге немесе медициналық бақылауға мұқтаж әскерге шақырылушылар тіркеуден кейін ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) есебіне алынады және олар туралы мәліметтер 1-тізім (әскери қызметке уақытша жарамсыздар) немесе 2-тізім (шамалы шектеулермен әскери қызметке жарамдылар) бойынша тіркеу аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде денсаулық сақтау органдарына жіберіледі.
26. ЖӘБО (қаланың, ауданның) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу процесінде мынадай әскерге шақырылушыларды анықтайды:
1) емдеу жоспарына сәйкес оларға осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес жолдама (бұдан әрі - жолдама) бере отырып, емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаждарды, емдеу-алдын алу ұйымдарына бекітілгендерді;
2) денсаулық жағдайы және басқа да деректер бойынша әскери-техникалық мектепте оқуға жарамдыларды, ол туралы әскерге шақырылушының есеп картасына жазылады;
3) бұл туралы әскерге шақырылушының есеп картасында және оны зерделеу парағында көрсете отырып, әскери оқу орындарына түсуге тілек білдіргендерді.
27. Әрбір жұмыс күнінің соңында ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастығы барлық азаматтардың өздері үшін белгіленген күні тіркеуге келгенін жеке өзі тексеруге тиіс. Тіркеуге белгіленген уақытта келмеген азаматтарға қатысты келмеу себебі анықталады және бір уақытта оларды қайтадан шақыру немесе іздеу салу шаралары қолданылады.
28. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген азаматтарға осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес жеке өзі қол қойып алатын әскерге шақыру учаскесіне тіркелгендігі туралы куәлік (бұдан әрі - тіркеу туралы куәлік) беріледі. Әскерге шақырылушының есеп картасына және тіркеу туралы куәлікке осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес әскери есепке алу/есептен шығару туралы мөртаңбамен (бұдан әрі - мөртаңба) тиісті белгі қойылады.
Тіркеу туралы куәлікті тапсыру кезіңде әскерге шақырылушыларға Әскери есепке алу ережесін сақтау жөніндегі, ал өздеріне қатысты емделуге (медициналық бақылауға) жіберу туралы шешім қабылданған адамдарға тиісті емдеу-алдын алу ұйымдарына жүйелі түрде бару қажеттігі туралы олардың міндеттері түсіндіріледі.
29. Әскерге шақырылушы тіркеу туралы куәлігін (әскери билетін, сержанттардың және сарбаздардың уақытша куәлігін) жоғалтқан жағдайда оған тіркеу туралы куәліктің (әскери билеттің, сержанттардың және сарбаздардың уақытша куәлігінің) телнұсқасы беріледі. Тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру ЖӘБО (қаланың, ауданның) бастығының шешімі бойынша және осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес жоғалту жағдайлары көрсетілетін әскерге шақырылушының жазбаша өтініші (бұдан әрі - өтініш) бойынша беріледі.
Тіркеу жөніндегі комиссия әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз және бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында саптан тыс қызметке жарамды деп таныған әскерге шақырылушының есеп картасы растайтын құжаттармен бірге жеке іске тігіледі, ол 10 жыл сақталады.
30. Әскерге шақырылушылардың жеке істері мен есептік карталары негізінде осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес есептік-алфавиттік кітап (бұдан әрі - есептік-алфавиттік кітап) толтырылады. Кітапқа тіркеуден өткен барлық шақырылушылар, оның ішінде тексерілуге жіберілген, тіркеу кезінде бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында саптан тыс қызметке жарамды, әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар енгізіледі.
31. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін ЖӘБО (қаланың, ауданның):
1) барлық азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеумен толық қамту мақсатында жыл сайын сәуірде ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) бар тіркеуден өткен азаматтардың есептік деректерін ұйымдардың есептік деректерімен салыстыруды жүргізеді;
2) ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) тіркеуден өткен әскерге шақырылушыларға басталған жеке істердің болуын тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабының, есептік-алфавиттік кітаптың деректерімен және жиынтық тізіммен салыстырады, ол туралы запасқа жіберілетін әскерге шақырылушылардың тізімін қоса бере отырып, акт жасалады;
3) әскерге шақыру учаскелеріне жүргізілген тіркеудің қорытындылары туралы есеп жасайды және белгіленген мерзімде әскерге шақырылушыны медициналық куәландырудың нәтижелері, өткен жылмен салыстырғандағы сапалық көрсеткіштер, сондай-ақ маман дәрігерлермен және диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілгендігі көрсетілетін түсіндірме жазбамен бірге оны ЖӘБО-ға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ұсынады.
32. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс, бірақ тіркелу үшін белгіленген мерзімде келмеген азаматтар келмеу себептері анықталғаннан кейін жеке ісін ресімдеумен және есептік-алфавиттік кітапқа енгізумен әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қабылданады. Көрсетілген азаматтарды медициналық куәландыру және олардың жарамдылық дәрежесін айқындау оларды әскери қызметке шақыру кезінде жүргізіледі.
33. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін ЖӘБО (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың):
1) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеудің қорытындылары туралы есеп жасайды, оны түсіндірме жазбамен бірге жыл сайын 30 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ұсынады;