62. Жұмылдыру нұсқамасын немесе ЖӘБО шақыру қағазын алған азаматтар оларға Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерімен жүктелген талаптарды орындайды.
Оларды әскери есептен шығару кезінде:
1) әскери билетке және азаматтарды тіркеу кітабына әскери есептен шығару туралы белгі қойылады;
2) ауданнан, қаладан тысқары шығатын азаматтардың жұмылдыру нұсқамалары алынады, ол туралы әскери билетке белгі қойылады;
3) әскери есептен шығарылған азаматтардың тізімі жасалады, ол алынған жұмылдыру нұсқамаларымен бірге он күнде бір рет ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) белгіленген тәртіппен жіберіледі;
4) әскери міндеттілердің бастапқы есепке алу карточкаларында әскери есептен шығарылған күні мен себебі жазылады.
63. Әділет органдары Қазақстан Республикасының азаматтары ЖӘБО-ға (ауданның, қаланың) әскери есепке қою немесе шығару туралы мәліметтер берілуіне қарай оларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді (тіркеуден шығаруды) жүзеге асыруға міндетті.
64. ЖӘБО жоқ жерлерде әскери міндеттілерді әскери есепке алуды ауылдық (селолық) округтің әкімдері Ережеге 20-қосымшаға сәйкес бастапқы есепке алу карточкалары (бұдан әрі - бастапқы есепке алу карточкалары) бойынша, ал әскерге шақырылушыларды Ережеге 21-қосымшаға сәйкес әскери есепте тұрған әскерге шақырылушылар тізімі (бұдан әрі - әскери есепте тұрған әскерге шақырылушылар тізімі) бойынша қамтамасыз етеді.
65. Олардың негізінде азаматтарды әскери есепке алу жүзеге асырылатын құжаттар мыналар болып табылады:
1) запастағы офицерлер үшін - запастағы офицердің әскери билеті немесе запастағы офицердің уақытша куәлігі;
2) әскери міндетті запастағы сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар) үшін - әскери билет немесе уақытша куәлік (сержанттар мен сарбаздардың);
3) әскерге шақырылушылар үшін - тіркеу туралы куәлік.
66. Әскери есепке алуды қамтамасыз ету үшін кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері:
1) Ережеге 22-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - есеп карточкасы) әскери міндеттілерді әскери есепке алуды/есептен шығаруды жүргізеді және өздерінің аумағына тұрақты тұруға немесе уақытша тұруға (3 айдан астам мерзімге) келетін (басқа ауданға, қалаға көшіп кететін) әскерге шақырылушыларды есепке алады;
2) өздерінің аумағында орналасқан барлық ұйымдарды есепке алуды жүргізеді және әскери есепке алуды жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
3) жылына кемінде бір рет әскери міндеттілерді бастапқы есепке алу карточкасы мен есепте тұрған әскерге шақырылушылардың тізімін салыстырады;
4) ұйымдардың жеке карточкаларын азаматтарды тіркеу кітаптарымен, сондай-ақ аулалар бойынша аралап тексеру жолымен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың нақты болуымен салыстырады;
5) азаматтарды ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) шақыру туралы хабардар етеді және осы шақыру бойынша көрсетілген пункттерге және мерзімде уақтылы келуіне жәрдемдеседі;
6) бастапқы есепке алу карточкаларына және әскерге шақырушылардың тізімдеріне білімінің, жұмыс орнының, лауазымының, отбасы жағдайының өзгерістерін енгізеді және ай сайын 25-і күні ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) хабарлайды;
7) жыл сайын 1 қыркүйекке дейін ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) 15-16 жастағы азаматтардың тізімдерін, ал 1 желтоқсанға дейін Ережеге 23-қосымшаға сәйкес келесі жылы әскери есепке тұрғызылуға тиіс азаматтардың тізімдерін (бұдан әрі - тіркеуге жататындар тізімі) ұсынады;
8) Ережеге 24-қосымшаға сәйкес әскери есептің және әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды бекітіп қоюдың жай-күйін тексеру журналын (бұдан әрі - тексеру журналы) жүргізеді;
9) азаматтарға әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді түсіндіреді және олардың осы Ереженің белгіленген нормаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
67. Азаматтарды ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) әскери есебіне қою кезінде азаматтардың бұрынғы тұрғылықты жері бойынша әскери есептен шығуы туралы белгінің болуын, запастағы офицерлер мен әскерге шақырылушылардың жаңа тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) әскери есепке тұруын тексеру қажет. Запастағы офицерлердің әскери билеттерінде, запастағы офицерлердің уақытша куәліктерінде, сержанттар мен сарбаздардың әскери билеттерінде, сержанттар мен сарбаздардың уақытша куәліктерінде, тіркеу туралы куәліктерде айтылмаған түзетулер, дәлсіздіктер мен жасандылық, парақ санының толық еместігі анықталған кезде әкімдер бұл туралы тиісті шаралар қабылдау үшін ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) хабарлайды. Әскери билетті әкімдерге қалдыру қажет болған жағдайда әскери міндеттілерге Ережеге 25-қосымшаға сәйкес қолхат (бұдан әрі - қолхат) беріледі;
Барлық әскери міндеттілерге бастапқы есепке алу карточкалары толтырылады, ал әскерге шақырылушыларға тізім жасалады және алфавиттік карточкалар толтырылады. Әскери міндетті сержанттарға (старшиналарға), сарбаздарға (матростарға) есеп карточкалары жүргізіледі. Көрсетілген құжаттарды толтыру әскери билеттердегі, уақытша куәліктер мен тіркеу туралы куәліктердегі жазбалармен дәл сәйкестікте жүргізіледі, бұл ретте білімі, жұмыс орны, лауазымы, тұрғылықты жері мен отбасы жағдайы туралы мәліметтер оларды жеке әңгімелесу кезінде анықтағаннан кейін жазылады. Дұрыс емес жазбалар анықталған жағдайда азаматтар әскери есепке қою ресімделгеннен кейін әскери билеттерге және тіркеу туралы куәліктерге тиісті өзгерістерді енгізу үшін ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) жіберіледі.
68. Шектеулі жасқа жеткен, запаста тұрған әскери міндеттілерді әскери есептен шығару жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес жүргізіледі.
69. Қайтыс болған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есептен шығару АХАЖ органдарынан қайтыс болғаны туралы хабарлама алған кезде жүргізіледі.
Бұл ретте қайтыс болған азаматтың әскери есепке алу құжатына тиісті жазба жазылады, одан кейін ЖӘБО (қаланың, ауданның) әскери билетті, уақытша куәлікті немесе тіркеу туралы куәлікті алып қалады. Бастапқы есепке алу карточкаларында қайтыс болғаны туралы актілік жазбаның нөмірін көрсете отырып белгі қойылады, одан кейін карточкалар есептен алынғандар мен есептен шығарылғандардың картотекасына салынады. Бұл карточкалар белгіленген тәртіппен жойылады.
70. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, басқа мемлекеттерде әскери (баламалы) қызмет өткермеген 27 жасқа дейінгі адамдар әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қабылданады.
71. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, 27 жасқа толған адамдар әскери міндеттілердің әскери есебіне қабылданады.
5. Ұйымдарда азаматтарды әскери есепке алуды жүргізу тәртібi
72. Ұйымдарда азаматтарды әскери есепке алу әскери есеп туралы мәліметтерді қамтитын жеке карточка бойынша жүргізіледі. Ережеге 26-қосымшаға сәйкес әскерге шақырылушыларға мерзімді әскери қызметке жататын, жұмыс істейтін (оқитын) жасөспірімдер тізімі (бұдан әрі - мерзімді әскери қызметке даярлауға жататын жасөспірімдер тізімі) қосымша жүргізіледі.
73. Әскери есепке алуды жүзеге асыру үшін ұйымдардағы әскери-есеп жұмыстарына жауаптылар:
1) жұмысқа (оқуға) қабылдау кезінде әскери міндеттілердің әскери билетін және уақытша куәліктерін, ал әскерге шақырылушылардың тіркеу туралы куәлігін тексереді. Көрсетілген құжаттарды қабылдау кезінде азаматтарға қолхат беріледі;
2) жұмысқа (оқуға) қабылданатын азаматтардың әскери есепте тұратындығын белгілейді. Әскери есепке тұрмайтын әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар жұмысқа (оқуға) олар тұрғылықты жері бойынша есепке алу органдарына әскери есепке қойылғаннан кейін ғана қабылданады;
3) ұйымдарда жұмыс істейтіндер (оқитындар) қатарынан азаматтарды толық және сапалы әскери есепке алуды қамтамасыз етеді;
4) жылына кемінде бір рет азаматтардың жеке карточкаларындағы әскери есепке алу туралы мәліметтерді ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) әскери есепке алу құжаттарымен салыстырады;
5) жұмылдыру кезеңінде және соғыс уақытында ұйымдарға запаста тұрған азаматтарды бекітіп қоюды уақтылы ресімдейді;
6) жыл сайын 1 қыркүйекте ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) 15-16 жастағы азаматтардың тізімін және 1 желтоқсанға дейін - әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс, келесі жылы әскери есепке қойылуға тиіс азаматтардың тізімін ұсынады;
7) азаматтардың ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) шақыру (шақыру қағазы) бойынша уақтылы келу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
8) ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) жұмысқа (оқуға) қабылданған немесе жұмыстан босатылған (оқу орындарынан шығарылған) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлайды;
9) ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) сұрауы бойынша ұйым қызметкерлерінің, оның ішінде жұмылдыру кезеңіне және соғыс уақытына ұйымға бекітіліп қойылғандардың саны туралы мәліметтерді жібереді;
10) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алудың және бекітіп қоюдың жай-күйін тексеру журналын жүргізеді.
74. Запаста болудың шекті жасына жеткен азаматтардың немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтардың жеке карточкаларында «жасы бойынша әскери есептен шығарылды» немесе «денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығарылды» деген белгі жасалады.
75. Әскери есепті ұйымдастыруды және жүргізуді, ұйымдарға әскери міндеттілерді бекітіп қоюды бақылауды ЖӘБО (қаланың, ауданның) жүзеге асырады.
6. Әскери есепке алу құжаттары
76. Әскери есепке алу және жұмылдыру кезеңі мен соғыс уақытына ұйымдарға әскери міндеттілерді бекітіп қою құжаттары азамат туралы мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) тегі, аты және әкесінің аты;
2) әскери атағы;
3) туған күні;
4) ұлты (адамның қалауы бойынша көрсетіледі);
5) тұрғылықты жері;
6) отбасы жағдайы;
7) білімі;
8) жұмыс орны;
9) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылығы;
10) негізгі антропометрикалық деректері;
11) әскери қызметті өткеруі;
12) әскери жиындардан өтуі;
13) шетел тілдерін білуі;
14) әскери-есептік және азаматтық мамандықтарының болуы;
15) спорттық разрядының немесе спорттық атағының болуы.
77. Запастағы офицерлердің әскери билеттері, запастағы офицерлердің уақытша куәліктері, сержанттар мен сарбаздардың әскери билеттері, запастағы сержанттар мен сарбаздардың уақытша куәліктері, тіркеу туралы куәліктер бланкілерінің үлгілерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірлейді және осы Ережемен бекітіледі.
78. Запастағы офицерлердің әскери билеттерінің; запастағы офицерлердің уақытша куәліктерінің; әскери билеттердің, запастағы сержанттар мен сарбаздардың уақытша куәліктерінің; тіркеу туралы куәліктердің, жұмылдыру кезеңінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы куәліктердің; арнайы әскери есепке алу туралы хабарламалардың бланкілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалады. Көрсетілген құжаттар қатаң есептегі құжаттар болып табылады және оларға бөтен адамдардың қол жеткізуін болдырмайтын тәртіппен сақталады.
79. Қатаң есептегі бланкілерден басқа, ұйымдарда азаматтарды әскери есепке алуды жүргізу жөніндегі құжаттарды (бланк өнімдерін) ұйымдар жасайды.
80. Азаматтарға қатаң есептегі бланкілерді беру ақысыз жүргізіледі.
81. Азаматтар шетелге тұрақты тұру үшін кеткен кезде олар әскери билеттерді, уақытша куәліктерді және тіркеу туралы куәліктерді ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) қайтаруға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен 7-бөлімнің тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. IIМ, ТЖМ, ҚПА мен Қаржымині КБК-да қызмет өткеретін
азаматтарды есепке алу тәртібі және ерекшеліктерi
82. IIМ, ТЖМ, ҚАЖ, ҚПА мен Қаржымині КБК органдарында қызмет өткеретін әскери міндеттілерді, сондай-ақ IIМ, ТЖМ мен ҚПА жоғары және орта арнайы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын есепке алу осы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен осы Ереже белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.
83. ЖӘБО-да (ауданның, қаланың) IIМ, ТЖМ, ҚАЖ, ҚПА мен Қаржымині КБК органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ IIМ, ТЖМ мен ҚПА жүйесі жоғары және орта арнайы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын әскери есептен шығару екі данада атаулы тізімдерді, әскери билеттерді және/немесе тіркеу туралы куәліктерді қоса бере отырып, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО-ға (ауданның, қаланың) жіберілетін көрсетілген органдардың қолдаухаты бойынша жүргізіледі.
ЖӘБО (ауданның, қаланың) азаматтарды әскери есепке алу құжаттарында әскери есептен шығару туралы белгі жасайды. Әскери есептен шығару туралы белгісі бар әскери билеттер, атаулы тізімдердің бір данасы, ал запастағы офицерлердің жеке істері мен қызметтік карталары қолдаухат жіберген органдарға қайта жіберіледі.
84. IIМ, ТЖМ, ҚАЖ, ҚПА мен Қаржымині КБК органдарының қызметінен қызметкерлерді босату кезінде кадр органдары оларға Ережеге 27-қосымшаға сәйкес нұсқама береді және оларды әскери есепке тұру үшін тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО-ға (ауданның, қаланың) жеті күн мерзімде келуге міндеттейді, олардың шығарылғаны туралы ЖӘБО-ны (ауданның, қаланың) жазбаша хабардар етеді.
85. IIМ, ТЖМ, ҚАЖ, ҚПА мен Қаржымині КБК органдарынан босатылған қызметкерлер, сондай-ақ оқудан шығарылған және/немесе келісім-шартты бұзған, бірақ 27 жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімін өткермеген IIМ, ТЖМ мен ҚПА жүйесі жоғары және орта арнайы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары тұрғылықты жері бойынша әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қабылданады.
86. IIМ, ТЖМ, ҚАЖ, ҚПА мен Қаржымині КБК тиісті органдарының басшылары жыл сайын 1 ақпанда (ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) ЖӘБО-ға (ауданның, қаланың) салыстыру үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген үлгі бойынша көрсетілген органдарда қызмет өткеріп жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың саны туралы мәліметтерді ұсынады.
IIМ, ТЖМ, ҚАЖ, ҚПА мен Қаржымині КБК органдарында қызмет өткеріп жатқан азаматтардың саны туралы мәліметтер ЖӘБО-да (ауданның, қаланың) оларға бөтен адамдардың қол жеткізуін болдырмайтын мөр қойылған жеке картотекаларда сақталады. Көрсетілген құжаттармен жұмыс істеуге тек ЖӘБО (ауданның, қаланың) бастығының бұйрығымен айқындалатын адамдарға ғана рұқсат етіледі.
8. Жұмысының сипаты мен жағдайлары тұрақты тұрғылықты
жерінен шығумен байланысты немесе шалғай жерлерде жұмыс
iстейтін азаматтарды әскери есепке алудың ерекшеліктерi
87. Теңіз және өзен кемелерінде жұмыс істейтін, порттарына осы кемелер тіркелген елді мекендерде тұрақты тұратын азаматтар тұрғылықты жері бойынша әскери есепте тұрады.
Теңіз және өзен кемелерінде жұмыс істейтін, осы кемелер порттарына тіркелген елді мекендерде тұрақты тұрмайтын азаматтар тиісті кеме шаруашылығының, басқармалардың кадр органдары орналасқан жер бойынша әскери есепте тұрады.
88. Далалық геологиялық және топографиялық-геодезиялық ұйымдарда, іздестіру, барлау, түсіру, гидрогеологиялық, геофизикалық, орман және жер құрылысы экспедицияларында, желілік құрылыс-монтаждау және мамандандырылған поездарда, жол және машина станцияларында, механикаландырылған және мамандандырылған жылжымалы колонналарда, тоннельдік, көпір салу, жүзу жасақтарында (учаскелерінде), құрылыс-монтаждау және іске қосу-жөндеу ұйымдарында, механизация және су асты техникалық жұмыстары басқармаларында, мұнай және газ өндіру кәсіпорындарында, сондай-ақ оларға теңестірілген басқа да ұйымдарда жұмыс істейтін және жұмыс орындарында тұрақты тұрмайтын азаматтар осы ұйымдар орналасқан жер бойынша әскери есепке алуды жүзеге асыратын органдарда әскери есепте тұрады.
89. Ұйымдарға жұмысқа қабылданатын азаматтарды әскери есепке қоюды немесе жұмыстан босатылатын азаматтарды әскери есептен шығаруды ұйымдардың әкімшілігі Ережеге 28-қосымшаға сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында
әскери міндеттілер мен
әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу
тәртібі туралы ережеге
1-қосымша
Әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс 19___жылы туған азаматтардың
ТІЗІМІ
____________________________________________________
(жергілікті өкілетті органдары және өзге де ұйымдар)
20__ж. "___"________жағдай бойынша
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты | Жұмыс (оқу) орны және атқаратын лауазымы | Тұрғылықты жері | 1 қаңтардан кейін тіркеу аяқталғанға дейін болған өзгерістер туралы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) белгісі және ол жиынтық тізімде қандай реттік нөмірмен есепке алынған (2-қосымша) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
| | | | |
М.О. Қолы______________(тегі, аты-жөні)
20__ж. "__"_________
Ескерту:
1. Тізім алфавиттік тәртіппен анық жазумен (баспа әріптерімен) жазылады. Тізімге азаматтығына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, денсаулық жағдайына, олардың тұрақты немесе уақытша тұруына немесе жұмысына (оқуына) қарамастан, тіркеу жылы 17 жасқа толатын барлық азаматтар енгізіледі.
2. Әскерге шақыру учаскесінде бұдан бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтар да осы тізімге жазылады. Олардың туған жылы 2-бағанда көрсетіледі.
3. Тізімдерге ұйымдардың басшылары қол қояды және сүргілі елтаңбалы мөрмен куәландырылады.
4. Тізімдер қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) тіркеледі, жеке іске тігіледі және 3 жыл бойы сақталады.
5. 5-баған қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) толтырылады.
Қазақстан Республикасында
әскери міндеттілер мен
әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу
тәртібі туралы ережеге
2-қосымша
20__жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс______
қаласында (ауданында) 19___жылы туған азаматтардың
ЖИЫНТЫҚ ТІЗІМІ
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты | Жұмыс (оқу) орны және атқаратын лауазымы | Тұрғылықты жері | Әскерге шақыру учаскесіне тіркелген күні туралы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) белгісі және әскерге шақырылушы хаттамада қандай реттік нөмірмен жазылған |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
| | | | |
___________________ қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім)
(әскери атағы, қолы)
бастығы
Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) бөлімше
бастығы _______________________________________
(әскери атағы, қолы)
20__ж."__"_________
Ескерту:
1. Тізімге азаматтығына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, денсаулық жағдайына, олардың тұрақты немесе уақытша тұруына, жұмыс (оқу) орнына қарамастан, тіркеу жылы 17 жасқа толатын барлық азаматтар қосылады.
2. Әскерге шақыру учаскесіне бұдан бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтар да осы тізімге жазылады. Олардың туған жылы 2-бағанда көрсетіледі.
3. Тізім қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) 3 жыл сақталады.
4. 5-баған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеген күні толтырылады.
Қазақстан Республикасында
әскери міндеттілер мен
әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу
тәртібі туралы ережеге
3-қосымша
Қорғаныс icтepi _______ ПРИКАЗ
жөніндегі басқарма | ҚР ҚК | НАЧАЛЬНИКА
(бөлім) БАСТЫҒЫНЫҢ | нышаны | управления (отдела) по
БҰЙРЫҒЫ |________| делам обороны
№ ___
20__ж."__" _______ ______________________
Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы
1. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заң, аудан (қала) әкімінің 20___ ж. "________" №_____ шешімі негізінде ________ облысының 19 жылы туған азаматтарын әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жарияланады.
2. Тіркеуге келуге 19_________жылы 1 қаңтар мен 31 желтоқсанды қоса алғанда туған,________ ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын барлық азаматтар, сондай-ақ бұрын тіркеуден әртүрлі себептер бойынша өтпеген туған жылы үлкен азаматтар жатады.
3. Әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге жататын барлық азаматтар дербес шақыру қағазында көрсетілген құжаттарды өзімен бірге алып, оларға нақты белгіленген күні және сағатта ____________ мекен-жай бойынша тіркеуге келуге міндетті. Дербес шақыру қағаздарын алмаған азаматтар жеке басын куәландыратын құжаттарды өзімен бірге алып, 20______ ж. "_______"________________ күні ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша келуге міндетті.
4. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, білім беру ұйымдарының басшылары тіркеуден өту үшін әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтарды қажетті уақытта босатуға және олардың қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) келуін қамтамасыз етуге міндетті.
_________________ қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы
Қазақстан Республикасында