625-бап. Жалпы ережелер
1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында салық қызметі органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салық бақылауының нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады.
2. Тәуекел - салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы.
3. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары:
1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту.
4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салық бақылауын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде:
1) салық тексерулерін жүргізу үшін;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау үшін;
2) осы Кодекстің 274-бабының ережелері ескеріле отырып, қосылған құн салығының асып кеткен соманы қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқықты айқындау үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу мақсатында пайдаланылады.
5. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
626-бап. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылдары
Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігінің деректеріне, уәкілетті органдардан алынған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.
Мұндай талдаудың нәтижелерін салық қызметінің органдары осы Кодекстің 625-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.
89-тарау. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
§ 1. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері
627-бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері
1. Салықтық тексеру - салық қызметі органдары:
1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалуын;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттар, ақпарат бар адамдарды, оның ішінде осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серіктестік (консорциум) қатысушыларының уәкілетті өкілін;
3) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органы қызметінің хабарламаға шағымды қараудың нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым берген салық төлеушіден (салық агентінен) қосымша мәліметтер алу үшін жүргізетін тексеру.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қажет болған кезде салық қызметі органдары салықтық тексеру барысында:
оның орналасқан жеріне қарамастан салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объекті болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруді;
салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін (тұрғын үйінен басқа) түгендеуді жүргізуі мүмкін.
Мыналар:
нұсқамада көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары және осы Кодекске сәйкес салық қызметі органдары тексеру жүргізуге тартатын өзге де адамдар;
мынадай:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде - нұсқамада көрсетілген аумақтың учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;
салықтық тексерудің басқа түрлері кезінде - нұсқамада көрсетілген салық төлеуші салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.
Арнайы білімді және дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеп-тексеру, консультация алу үшін салық қызметі органы салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес маманды салықтық тексеруге тартуы мүмкін.
Салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын салық қызметі органы лауазымды адамының жазбаша түрде қойған сұрақтары бойынша салықтық тексеруге тартылған маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру барысында пайдаланылады. Мұндай жазбаша сұрақтар мен қорытындылардың көшірмесі салықтық тексеру актісіне, соның ішінде салық төлеушіге табыс етілетін салықтық тексеру актісінің данасына қоса беріледі.
Салық қызметі органы маманды салықтық тексеруге тартқан жағдайда салық төлеуші өз тарапынан маманды тартуға құқылы, оның қорытындысы салық төлеуші маманының қорытындысын салық қызметі органына салықтық тексеру актісіне қол қойылған күннен кешіктірмей ұсынған жағдайда, салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.
3. Салықтық тексерулерді тек қана салық қызметі органдары жүзеге асырады.
4. Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) құжаттық тексеру;
2) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) хронометраждық зерттеп-тексеру.
5. Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кешенді тексеру - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуы және әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі бойынша салық қызметі органы салық төлеушіге қатысты жүргізетін тексеру.
Кешенді тексеруге тақырыптық тексеру мәселелері де енгізілуі мүмкін.
Жүргізілуі осы Кодекстің 37-40-42-баптарында көзделген құжаттық тексеру тарату тексеруі болып табылады және ол кешенді тексеруге жатады;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) тақырыптық тексеру - мыналар:
салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы;
кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесінің орындалуы;
міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі, ұсталуы мен аударылуын, сондай-ақ әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді орындауы;
трансферттік баға белгілеу;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу;
соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау;
сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбестен жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемелерін анықтау мәселелері бойынша;
салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау;
халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерін қолдану заңдылығы;
қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;
резидент еместің салықтық өтініші және төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде шартты банк салымынан қайтару;
салық органдарының осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен камералды бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасын салық төлеушінің (салық агентінің) орындалуы;
салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын қарау;
төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға резидент еместің салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішін қарау;
мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтау;
уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігіндегі қызметі;
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;
бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін сақтау;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін лицензиялау қағидалары мен оларды өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық қызметі органы жүргізетін тексеру.
Мынадай:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектері бірлестіктерінің өкілдері осындай бірлестіктермен келісім бойынша тартылуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субъектері бірлестіктерінің өкілдері көрсетілген тақырыптық тексерулерді жүргізуі кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тақырыптық тексеру актісінде жеке кәсіпкерлік субъектерінің бірлестіктері өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.
Бұл ретте тақырыптық тексеру бір мезгілде осы тармақшада көрсетілген бірнеше мәселелер бойынша жүргізілуі мүмкін. Тақырыптық тексеру бюджетке төленетін салықтың барлық түрлері және басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізуді көздемейді;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қарсы тексеру - салық қызметi органы салық төлеушiмен (салық агентiмен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргiзетiн тексеру, салық қызметi органдары аталған салық төлеушiнi тексеру барысында пайдалану үшiн осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты кешендi немесе тақырыптық тексеру жүргiзедi.
Қарсы тексеру кешендi немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады.
Қарсы тексеру деп:
тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрауы бойынша;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі жөнінде және осындай операцияларға байланысты бұзушылықтарды жоймаған не осындай бұзушылықтардың жоқтығын растай алмайтын түсініктеме ұсынған салық төлеушімен (салық агентімен) жасалатын операцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады;
4) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Хронометраждық зерттеп-тексеру - салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру.
8. Салықтық тексеру жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін тоқтата тұрмауға тиіс.
9. Салықтық тексерулер мынадай типтерге бөлінеді:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жоспарлы тексеру - салықтық тексерулер жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын кешенді және тақырыптық тексерулер, оны уәкілетті орган жыл сайын бекітіп отырады. Салықтық тексерулер жоспары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау негізінде жасалады;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жоспардан тыс тексеру - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген, оның ішінде:
салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша;
салық төлеуші (салық агенті) бұрын тексерілген салық кезеңіне қосымша салық есептілігін осындай қосымша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында табыс еткен жағдайда;
салық қызметі органының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келіп түспеген жауап алынған жағдайда;
осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда;
резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;
резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына байланысты;
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат қызметінің тоқтатылуына байланысты;
салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты;
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімінің өтуіне байланысты;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелері бойынша;
қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген талаптары негізінде;
резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтініші негізінде;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген міндеттерді банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы мәселелері бойынша;
соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;
сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;
салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағымын - осы шағымда көрсетілген мәселелер бойынша;
резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішіне байланысты;
олар бойынша лицензиар лицензия қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәселесі бойынша;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның шешімі негізінде;
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша;
салық органдарында тіркеу есебіне қою мәселелері бойынша;
бақылау-касса машиналарының болуы мәселелері бойынша;
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша;
бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша;
лицензиялау ережелерін және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау мәселелері бойынша;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жоспардан тыс тексерулер бұрын тексерілген кезең үшін жүзеге асырылады.
Бұл ретте бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша немесе Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның шешімі негізінде жүргізіледі.
10. Салық қызметі органдары заңды тұлғаның өзіне салықтық тексерудің жүргізілуіне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.
Салық төлеушінің құрылымдық бөлімшенің таратылуына байланысты салықтық тексеру жүргізуге салықтық өтініш беру жағдайларын қоспағанда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу есебінен шығарған кезде тарату салықтық тексеруі жүргізілмейді.
11. Құжаттық тексеруге жататын кезең осы Кодекстің 46-бабына сәйкес белгіленген талап қою мерзімінен аспауға тиіс.
12. Салық қызметі органдары камералдық тексерудің нәтижелері бойынша соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, осындай операциялар және (немесе) мәміле (мәмілелер) жасалған салықтық кезең ішінде салық қызметі органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтар жойылғанға және осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін салықтық тексерулер жүргізілмейді.
Жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеуші туралы ақпарат салық қызметі органы соттың заңды күшіне енген үкімін немесе қаулысын алғашқы алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның сайтында орналастырылады.
§ 2. Салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімі
628-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
629-бап. Салықтық тексерулер жүргізудің мерзімі
1. Нұсқамада көрсетілетін салықтық тексерулер жүргізудің мерзімі, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Салықтық тексеру жүргізу мерзімін:
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан аспайтын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер үшін:
салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - қырық бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық қызметі органы - алпыс жұмыс күніне дейін;
2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан асатын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін:
салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - жетпіс бес жұмыс күніне дейін;
жоғары тұрған салық қызметі органы бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
3. Уәкілетті орган өзі тағайындаған салықтық тексеру мерзімін:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - алпыс жұмыс күніне дейін;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Салықтық тексеру мерзімінің жүргізілуі салық төлеушіге (салық агентіне) салық қызметі органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беру туралы талаптарын тапсыру күні мен салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беру күні арасындағы, сондай-ақ басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға салық қызметі органының сұрау салуы жіберілген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Салықтық тексеру мерзімінің жүргізілуі шетел мемлекетіне ақпарат беру туралы сұрау салу жіберілген күн мен салық қызметі органдарының халықаралық келісімдерге сәйкес жіберілген сұрау салу бойынша мәліметтер алған күн арасындағы уақыт кезеңіне де тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органы құқықтық статистика органына хабарлай отырып, салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны қолын қойғызып тапсыруға немесе оған хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберуге міндетті.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша тоқтатыла тұру мерзімі:
1) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) резидент заңды тұлғаның таратылуына, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына, дара кәсіпкердің қызметінің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокат қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін салықтық тексеру;
3) трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заңды тұлғалардың тақырыптық тексерулерінің;