2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 611-613-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Салық берешегi өтелмеген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тәсiлдi қоспағанда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 3 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi бар салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қолданылмайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
3-1. Осы тармақта өзгеше белгiленбесе, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi мынадай:
1) салық төлеушiнi сот банкрот деп таныған жағдайда - банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап;
2) салық төлеушiге қатысты оңалту рәсiмi енгiзiлген жағдайда оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот ұйғарымы күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте салық төлеушiлер оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн туындаған салық мiндеттемесiн мерзiмiнде орындамаған жағдайда, оларға қатысты осы тарауда белгiленген тәртiппен осындай мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi қолданылады;
3) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда:
банктердi, жинақтаушы зейнетақы қорларын - мәжбүрлеп тарату туралы сот iс қозғаған күннен бастап;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын - мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.
4. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
5. Салық төлеуші (салық агенті) айыппұлдар сомасын төлемеген жағдайда осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот қаулысының негізінде салық төлеушіні (салық агентін) хабарландырмай-ақ қолданылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң банк шоттарында және кассасында салық берешегiн өтеу үшiн ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайларда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерiн осы құрылымдық бөлiмшенi құрған салық төлеушi заңды тұлғаға қолданады.
Заңды тұлғада бiреуден көп құрылымдық бөлiмше болған кезде, заңды тұлғаға осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi қолданылғаннан кейiн оның құрылымдық бөлiмшесiнiң салық берешегi өтелмеген жағдайда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерiн мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiне бiр мезгiлде қолданады.
7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
610-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасына өсімпұл
1. Осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімінде төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының есебіне жазылатын мөлшер өсімпұл болып танылады.
2. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан өсімпұл сомасы есепке жазылып, төленеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Өсімпұл салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, мерзімі өткен әрбір күн үшін, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады.
4. Салық және басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін; оларды бюджетке аудармағаны (есептемегені); салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар, айыппұлдар сомасын, сондай-ақ шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын және есепке жазылған банктік сыйақыларды төлеу есебіне енгізілген қолма-қол ақшаны бюджетке уақтылы аудармағаны үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есепке жазылады.
5. Салықтарды (төлем көздерінен ұсталатын салықтардан, акциздерден басқа) төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген кезде, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, сондай-ақ қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады.
6. 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі) (бұр.ред.қара)
7. Бересінің жиналып қалуының бірден-бір себебі қызмет көрсететін банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердің кредит берушілеріне бересі сомаларын дер кезінде өтемегені үшін өсімпұл банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім күшіне енген кезден бастап есепке жазылмайды.
8. Жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген кезде сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арыз берген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін бересіні өтеу үшін сот шешімімен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылатын бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
9. Жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі күшіне енген кезден бастап, оның күші жойылғанға дейін бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
10. Өсімпұлға және айыппұл сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
11. Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомаларын есепке жатқызуды жүргізу жолымен өтелген бересі сомасына есепке жатқызу жүргізуге төлем құжатының күнінен бастап өсімақы есепке жазылмайды.
12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын аудару кезінде:
1) банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаны есептен шығарған күнінен бастап;
2) салық төлеушінің банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күнінен бастап;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген сомаларды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізген күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.
Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстің 599-бабының 8-тармағында белгіленген есепке жатқызуды жүргізу мерзімі бұзылған ретте артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасына барабар бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
611-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
1. Осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мынадай жағдайларда:
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;
2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтінішті табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;
3) салық берешегін өтемегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін;
4) осы Кодексте белгіленген салықтық тексеру жүргізу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық қызметі органының лауазымды адамдарын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық тексеруге және зерттеп-тексеруге жібермегенде - жіберілмеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
5) почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша жоқ болуына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарғанда - қайтару күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда - осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмағанда - осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.
2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Кодекстің 55-бабында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерін төлеу бойынша операциялардан;
2) ақшаны:
өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алиментттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға демалысқа шығу жәрдемақысын және еңбек ақысын төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақы, міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі клиент міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
салық берешегін өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушінің (салық агентінің) барлық шығыс операцияларына қолданылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып белгілеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Салық органы мұндай өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе байланыстың және телекоммуникацияның электронды арналары арқылы электронды түрде жібереді. Салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі электрондық түрде жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.
4. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бұлжытпай орындауға тиіс.
5. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жояды.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тиісті салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылғаны туралы хабарламамен қоса шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді салық органына қайтарады.
612-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне оның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.
Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.
Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агенті) бұлжытпай орындауға тиіс.
3. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
4. Салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.
613-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Салық органы осы Кодекстiң 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеудi:
1) салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген;
2) мониторингке жататын iрi салық төлеушiнi қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметi органының шешiмiне шағым жасаған жағдайларда жүргiзедi.
Бұл ретте салық органы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарлама жiбермей-ақ, осы бапта белгiленген тәртiппен салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың шағым жасалған сомасы шегiнде салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлкiне билiк етуiне шектеу салады. Иелiк етуге шектеу қоюға қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттарына және бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң негiзгi құрал-жабдығы және (немесе) жылжымайтын мүлiкке инвестиция болып табылатын мүлкi ғана жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеу туралы шешiм осы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған мүлiкке қатысты шығарылады.
Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көзделген жағдайда мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм шығару кезiнде қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң негiзгi құрал-жабдығы және (немесе) жылжымайтын мүлiкке инвестиция болып табылатын мүлкi ғана билiк етуге шектеуге жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi салық органы:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда - мұндай шешiм шығарылған күнгi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) дербес шотында бар деректер бойынша салық берешегi сомасында;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда - осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламада көрсетiлген салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер және өсiмпұлдар сомасында қабылдайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің негізінде салық төлеушіге (салық агентінің) мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертіле отырып, мүлік тізімдемесінің актісі жасалады.
Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есепке алу деректерінің негізінде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамалық актісіне сәйкес жүргізілетін есепте белгіленген құн нарықтық құн болып табылады.
Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда екі дана етіп жасалатын актімен ресімделеді.
Мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық төлеуші (салық агенті) мұндай мүлікке меншік құқығын және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін танысу үшін табыс етуге міндетті. Мүлікке меншік құқығын және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері мүлік тізімдемесінің актісіне қоса тіркеледі.
Мүлік тізімдемесінің актісіне оны толтырған адам, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) лауазымды адамы қол қояды. Мүлік тізімдемесі актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады.
Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім мен мүлік тізімдемесінің актісін салық органында тіркеу бір нөмірмен жүргізіледі.
Мүлік тізімдемесінің актісі соның негізінде жасалған салық төлеушінің мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күші жойылуымен бір мезгілде күшін жояды.
5. Салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын, оған тиісті күтім жасалуын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болады. Салық төлеуші (салық агенті) аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Осы талаптарды сақтамаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша болған шығындарды өтеуге міндетті.
6. Салық берешегі өтелмеген және екі аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік сатылмаған жағдайда салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректерді ескере отырып, жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкіне тізімдеме жүргізуге құқылы.
7. Уәкілетті органдарда тіркелуге тиіс мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
8. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомаларын өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жояды.
86-тарау. САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН МӘЖБҮРЛЕП ӨНДІРІП АЛУ ШАРАЛАРЫ
614-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық берешегіне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберіледі.
Салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелген жағдайларда жай серіктестік (консорциум) құрамындағы өнімді бөлу туралы келісім бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің салық берешегін өндіріп алған кезде осы тарауда көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары салық төлеушіге және (немесе) операторға қатысты қолданылады. Өндіріп алудың түпкілікті мөлшері салық берешегін өтеу туралы хабарламада көрсетілген сомадан аспауы тиіс.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары:
1) салық төлеушiде (салық агентiнде) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 3 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi болған кезде - осындай берешек пайда болған күннен бастап;
2) салық төлеушiнi сот банкрот деп таныған жағдайда - банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап;
3) салық төлеушiге қатысты оңалту рәсiмi енгiзiлген жағдайда - оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот ұйғарымы күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн салықтық берешек туындаған жағдайда, мұндай салық төлеушiлерге қатысты осы тарауда белгiленген тәртiппен ондай берешектi мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданылады;
4) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда:
банктердi, жинақтаушы зейнетақы қорларын - мәжбүрлеп тарату туралы сот iс қозғаған күннен бастап;