15-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында коммуналдық қызметтер көрсету
Арнайы экономикалық аймақтың аумағын электрмен, жылу энергиясымен, газбен, сумен жабдықтауды жүзеге асыратын және коммуналдық қызметтер көрсететін өнім берушілер осындай қызметтер көрсетілетін өзге де тұтынушыларға ұсынылатын қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
16-бап. Арнайы экономикалық аймақты тарату
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Арнайы экономикалық аймақ осы арнайы экономикалық аймақ құрылған мерзім өткен соң таратылады. Арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы тиісті актісінде айқындалады.
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі жағдайында Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы экономикалық аймақты мерзімінен бұрын таратады.
3. Арнайы экономикалық аймақ таратылғаннан кейін жер учаскесін жалға алған арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының және арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асырған тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы жер учаскелерінің сатылуы кезінде сатып алу құқығы болады.
4-тарау. Арнайы экономикалық аймақты басқару
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын құру
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Арнайы экономикалық аймақ құру туралы акт қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы арнайы экономикалық аймақтың басқару органын құру және (немесе) құруға қатысу туралы шешім қабылдауға тиіс.
2. Астананың арнайы экономикалық аймағының басқару органын мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы экономикалық аймақ олардың бастамасы бойынша құрылған жағдайда мына тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары;
3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
4) басқа елдерде немесе Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды басқару тәжірибесі бар шетелдік тұлғалар басқарушы компанияның құрылтайшысы бола алады.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Арнайы экономикалық аймақ орталық атқарушы органдардың немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастамасы бойынша құрылған жағдайда, егер арнайы экономикалық аймақ құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, басқарушы компания шығарған дауыс беретін акциялардың елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі болуға тиіс.
Арнайы экономикалық аймақ мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бастамасы бойынша құрылған жағдайда, басқарушы компания шығарған дауыс беретін акциялардың кемінде жиырма алты пайызы мемлекетке тиесілі болуға тиіс.
Басқарушы компаниялардың мемлекетке тиесілі акциялары бірыңғай үйлестіру орталығына сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
5. Басқарушы компанияның бірінші құрылтай жиналысы Қазақстан Республикасының Үкіметі басқарушы компанияны құруға мемлекеттің қатысуы туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
6. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың орналасқан жері бойынша тіркеледі.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Акционерлер басқарушы компанияның директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған адамдар арасынан, лауазымы бойынша басқарушы компанияның директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитетін басқаратын тәуелсіз директорды, сондай-ақ бірыңғай үйлестіру орталығы ұсынған адамдар арасынан тәуелсіз директорды сайлайды.
18-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының функциялары
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының функцияларына:
1) арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына және қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын адамдарға жер учаскелерін кейінгі жер пайдалануға немесе пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті органға және бірыңғай үйлестіру орталығына арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есептілікті арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының жыл сайынғы есептері негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсыну;
5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;
6) инфрақұрылым объектілерін салу үшін және арнайы экономикалық аймақтың өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;
7) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) «бір терезе» қағидаты бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру;
9) арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты тұтынылуын растау;
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу;
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылды
11) арнайы экономикалық аймақты дамыту жоспарын әзірлеу;
12) арнайы экономикалық аймақтың маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
13) арнайы экономикалық аймақта жаңа өндірістерді құру бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу;
14) арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және ілгерілету жөніндегі іс-шараларды өткізу;
15) арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын, өтініш берушілерді, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының, өтініш берушілердің, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру;
16) арнайы экономикалық аймақта индустриялық-инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды тарту;
17) «бір терезе» қағидаты бойынша арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларымен, өтініш берушілермен, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау және жұмыс істеу;
18) коммуналдық, логистикалық және сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
19) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысу жатады.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды
18-1-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының құқықтық жағдайы
1. Бірыңғай үйлестіру орталығының қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасымен реттеледі.
2. Бірыңғай үйлестіру орталығының мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
3. Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды тиімді және тұрақты дамыту мақсатында бірыңғай үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының өкілеттіктері
Бірыңғай үйлестіру орталығының өкілеттіктеріне:
1) арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларын тіркеу, арнайы экономикалық аймақтардың жер учаскелерін бөлу, арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымын қаржыландыру және дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, басқарушы компаниялардың акционерлерімен, арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарымен және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау;
2) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
3) басқарушы компаниялардың мемлекетке тиесілі акцияларын сенімгерлік басқару;
4) Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және ілгерілету жөнінде қызметтер көрсету, оның ішінде:
арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін мониторингтеу;
арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жоспарларын және жобаларды іріктеу өлшемшарттарын әзірлеу, арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарын қаржыландыруды жоспарлау, арнайы экономикалық аймақтарды қаржыландыру (бюджетті жасау және шоғырландыру) жоспарларын әзірлеу, басқару модельдерін, ішкі бизнес-процестер мен корпоративтік құжаттарды әзірлеу және арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарына енгізу, арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарының қызметін жетілдіру, арнайы экономикалық аймақтарды ілгерілету жөніндегі жоспарды әзірлеу, арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарының қызметкерлерін оқыту жөнінде ұсынымдар (ұсыныстар) әзірлеу;
нарыққа талдау жүргізу және арнайы экономикалық аймақтардың маркетингтік стратегиясын әзірлеу жөнінде арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарына консультация беру;
нысаналы маркетинг жүргізу;
отандық арнайы экономикалық аймақтар мүмкіндіктерін халықаралық нарықтағы әлеуетті қатысушылардың нысаналы тобына ілгерілетуді қамтамасыз ету;
арнайы экономикалық аймақтарға әлеуетті салалық және инфрақұрылымдық инвесторларды тартуға жәрдем көрсету;
арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының қызметін ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының мемлекеттік органдардың, арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарының, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру, арнайы экономикалық аймақтар тақырыбы бойынша бизнес-форумдар, көрмелер, конференциялар және семинарлар өткізу;
жобаларға талдау жүргізу;
қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингтеу;
уәкілетті органның стратегиялық құжаттарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге жәрдем көрсету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің өзге де түрлері жатады.
19-бап. Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларды іріктеу
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс енгізілгеннен кейін уәкілетті орган басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізеді.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жүргізеді.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Атқарушы органның басшысымен не басқарушы компанияның атқарушы органы функцияларын жеке-дара атқаратын адаммен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда, басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесіп еңбек қатынастары тоқтатылған күннен бастап он бес жұмыс қүні ішінде жүргізеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган айқындайды.
20-бап. Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін көзделген құқықтық қорғау кепілдіктерін, салықтық және өзге де жеңілдіктерді пайдалануға;
2) осы Заңда көзделген тәртіппен қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерін алуға және инфрақұрылым объектілерін салуға;
3) қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру процесінде қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлғаларды тартуға;
4) қызметтің қосалқы түрлерін айқындауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары:
1) арнайы экономикалық аймақтың басқару органына өз қызметі туралы жыл сайынғы есепті ұсынуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында және қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген міндеттерді адал және тиісінше орындауға міндетті.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу
Қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары және бірыңғай үйлестіру орталығы арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары есептілік нысанында ұсынатын ақпараттың, сондай-ақ осы Заңға сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары туралы ақпараттың негізінде жүргізеді.
Осы Заңның 18-бабының 10) тармақшасында көзделген мониторингті арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары тұрақты негізде жүзеге асырады.
22-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру
1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын арнайы экономикалық аймақтың басқару органын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Басқарушы компанияның қызметін қаржыландыру:
1) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына басқарушы компания көрсететін қызмет үшін сыйақы;
2) нысаналы қарыздық қаржыландыру;
3) инфрақұрылым объектілерін, жер учаскелерін, сондай-ақ өзге де мүлікті жалға және (немесе) қосалқы жалға беруден түсетін кірістер;
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) жарғылық капитал ретінде енгізілген қаражаттар;
4) басқарушы компанияның қызметінен түсетін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады.
2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Дербес кластерлік қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын тарату
1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан немесе мерзімінен бұрын тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес таратылады (қайта ұйымдастырылады).
2. Арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан немесе арнайы экономикалық аймақты мерзімінен бұрын тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін басқарушы компанияны ерікті түрде тарату туралы шешімді акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды, ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кредиторлардың келісімі бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін айқындайды.
Басқарушы компанияның акционерлері ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдамаған жағдайда басқарушы компанияны тарату мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғамды мәжбүрлеп тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
5-тарау. Арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі және жұмыс істеу шарттары
24-бап. Арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін осы Заңда, Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген арнайы құқықтық режим қолданылады.
25-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына салық салу
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер салынады.
26-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеу
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылады.
Шегінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың шекарасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы актісіне сәйкес айқындалады.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қолданылады.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады.
Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағында кедендік бақылауды Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында өзгеде кедендік рәсімдермен, оның ішінде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болуы және қойылуы мүмкін.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар
Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттармен еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылады және кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан тауарлар ретінде қаралады.
28-бап. 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
29-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын құқықтық қорғау кепілдіктері
1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етілетін құқықтар мен мүдделерді қорғауға кепілдік беріледі.
2. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының мүлкін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет иелігіне алуға, реквизициялауға) тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айрықша жағдайларда және тәртіппен жол беріледі.
3. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асырудан алынған табыстарды өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
30-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
32-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған арнайы экономикалық аймақтар, оларды тарату туралы шешім қабылданғанға дейін немесе осы арнайы экономикалық аймақ құрылған мерзім аяқталғанға дейін өз мәртебесін сақтайды. Арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері басқарушы компания құрылғанға дейін, бірақ уәкілетті орган айқындаған мерзімнен аспайтын мерзімде басқарушы компаниялардың функцияларын орындай алады.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған арнайы экономикалық аймақтарды басқару үшін тартылған оператор-компаниялар оларды жаңадан құрылған басқарушы компанияға бергенге дейін басқарушы компаниялардың функцияларын орындай алады.
Бұл ретте осы оператор-компаниялар осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап бір жылдан аспайтын мерзімде басқарушы компаниялардың функцияларын орындайды.
Басқарушы компанияның функцияларын арнайы экономикалық аймақтар үшін тартылған оператор-компанияның орындауы туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
3. Арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі басқарушы компания құрылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей, басқарушы компанияға арнайы экономикалық аймаққа қатысты және басқарушы компанияның осы Заңда көзделген функцияларды орындауы үшін қажетті барлық құжаттар мен ақпаратты беруге міндетті, содан кейін осы әкімшілік таратылуға тиіс.
4. Басқарушы компания құрылған күннен бастап уәкілетті орган мен оператор-компаниялар арасында жасалған шарттар бұзылуға тиіс.
2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асыру талабы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай қызмет түрлерi үшін міндетті талап болып табылмайды:
1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру, бағдарламалық қамтылымды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру;