Орталық немесе жергілікті атқарушы органдар арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс енгізген жағдайда, техникалық-экономикалық негіздемені түзетуге бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты қабылдамау арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныспен кейіннен жүгінуге кедергі болып табылмайды.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгертудің орындылығы туралы хабарламаны алған күннен бастап үш ай ішінде арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты енгізген тұлғалар қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, құрылған арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесін түзетуді қамтамасыз етеді.
Уәкілетті орган қажет болған жағдайда, құрылған арнайы экономикалық аймақтың түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесін техникалық-экономикалық негіздеменің түзетуі аяқталған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді. Инвесторлар техникалық-экономикалық негіздеменің тәуелсіз сараптамаларын жүргізе алады.
Мемлекеттік органдардың құрылған арнайы экономикалық аймақтың түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесіне сараптамалар жүргізуі түзетілген техникалық-экономикалық негіздеме уәкілетті органға берілген күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзім ішінде аяқталуға тиіс.
Уәкілетті орган түзетілген техникалық-экономикалық негіздеме сараптамаларының қорытындысын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, құрылған арнайы экономикалық аймақтың түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесін қоса беріп, арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
8-бап. Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттары
1. Арнайы экономикалық аймақ жиырма бес жылға дейінгі мерзімге құрылады.
2013.18.02. № 79-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Арнайы экономикалық аймақ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде не Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жер учаскелерінде құрылады.
Арнайы экономикалық аймақтар азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі жер учаскелерінде де құрылады.
2013.18.02. № 79-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған, арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беріледі.
Инфрақұрылым объектілерін салуға, сондай-ақ қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға арналған, арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқарушы компанияға, автономды кластерлік қорға арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беріледі.
Басқарушы компания, автономды кластерлік қор қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын адамдарға және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) беруге кұқылы.
Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілері басқарушы компанияға, автономды кластерлік қорға жалға, сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жарғылық капиталды толықтыру есебіне берілуі мүмкін.
Басқарушы компания, автономды кластерлік қор қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын адамдарға және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілерін беруі мүмкін.
4. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жер учаскелері арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуге тиіс.
Инфрақұрылым объектілерін салуды немесе реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары немесе қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар өздеріне уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) немесе кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берілген жер учаскесінің аумағында өздеріне қажетті инфрақұрылым объектілерін салуды өз қаражаты есебінен жүзеге асыруға құқылы.
2013.18.02. № 79-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын, қызметтің басым және (немесе) қосалқы түрлерін жүзеге асыруға арналған жеке меншіктегі жер учаскелерін олардың меншік иелері басқарушы компанияға арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдалану (жалдау) шартына сәйкес уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) бере алады.
Басқарушы компания арнайы экономикалық аймақ құрылатын, қызметтің басым және (немесе) қосалқы түрлерін жүзеге асыруға арналған жеке меншіктегі жер учаскелерін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына немесе қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шартына сәйкес уақытша өтеулі кейінгі пайдалануға (қосалқы жалға) беруге құқылы.
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдалану (жалдау) және арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шарттары тиісінше арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалдаудың) және арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгі шарттарына сәйкес жасалады.
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдалану (жалдау) және арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шарттарының мерзімдері арнайы экономикалық аймақ құрылатын мерзімнен аспауға тиіс.
Жер учаскесінің меншік иесі осы Заңның талаптарына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте, жер учаскесінің меншік иесімен арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдалану (жалдау) шарты жасалмайды.
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының жеке меншігіндегі жер учаскелеріне қолданылмайды.
6. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде:
1) мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуді;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін «бір терезе» қағидаты қолданылады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды арнайы экономикалық аймақтың аумағында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы баптың 4-тармағына сәйкес орналастырылуы және жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етіледі.
9-бап. Өтініш берушілерге қойылатын талаптар
2013.18.02. № 79-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін өтініш берушінің техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес келетін мөлшерде қаржылық қамтылымы болуға тиіс.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін өтініш берушінің қаржылық қамтылымы мынадай тәсілдермен:
1) ақшамен;
2) банк кепілдігімен;
3) кепілгерлікпен;
4) мүлік кепілімен;
5) сақтандыру шартымен қалыптастырылады.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін өтініш беруші қаржылық қамтылым тәсілдерінің кез келгенін, оның ішінде екі немесе бірнеше тәсілді біріктіріп қолдану жолымен таңдап алуға құқылы.
2. Өтініш берушілерге:
1) жер қойнауын пайдаланушылар;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;
3) арнайы салық режимдерін қолданатын ұйымдар;
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) қолданысқа енгізілгенге дейін көзделген инвестициялық салық преференцияларын қолданатын (қолданған) ұйымдар;
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар;
5) ойын бизнесін ұйымдастырушылар жатпайды.
10-бап. Өтініш беруші арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру және оны арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне қосу үшін беретін құжаттар
1. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының қызметі қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Өтінімге қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштегі мынадай құжаттар:
1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі;
7) өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы есептік күнге қаржылық есептіліктің көшірмесі;
8) жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі;
9) қызмет көрсететін банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы (картотеканың болмауы туралы) үзінді жазбасы және кредиттiк тарихта бар толық немесе iшiнара ақпарат туралы мәліметтер қамтылған кредиттік бюродан алынатын кредиттік есеп;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) тіркеу есебіне қою орны бойынша мемлекеттік кіріс органынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
2013.18.02. № 79-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықытырлды
11) өтініш берушінің қаржылық қамтылымының болуын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Егер заңды тұлға құжаттарды берген кезде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде жоқ екендігі туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.
Шетелдік заңды тұлғалар осы тармақтың 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген заңдастырылған құжаттарды, сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндiні немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бірге ұсынады.
3. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға берілген өтінімді қарау рәсімі
1. Өтініш беруші өтінім берген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы:
1) өтінімді ол берілген күні өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді;
2) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
3) 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінімді жобаларды іріктеу тәртібі мен өлшемшарттарына сәйкес қарайды.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мәлімделген қызмет түрі қызметтің басым түрлеріне, өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар осы Заңның 10-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, өтініш берушіге қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мәлімделген қызмет түрі қызметтің басым түрлеріне және өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады.
2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған күні қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлайды.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органынан қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалғаны туралы хабарлама алғаннан кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы туралы мәліметтерді енгізеді және бұл жөнінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органын хабардар етеді. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне тиісті жазба енгізілген күннен бастап өтініш беруші арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы деп танылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасқаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік кіріс органдарына хабарлайды.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік кіріс органдары арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасқаны туралы хабарламасын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын есепке алуды жүзеге асырады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы қызметті жүзеге асыру туралы жасалған шарттың негізінде арнайы экономикалық аймақтан тысқары жердегі өзінің дараланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тоқтатады.
Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жердегі қызметке жол беріледі.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылуы:
1) арнайы экономикалық аймақ таратылған;
2) қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі аяқталған немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мемлекеттік кіріс органдарын қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті жүзеге асыру туралы шарт қолданысының тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мәртебесінен айыру рәсімі
1. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамаған жағдайда, қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты түрде бұзуға құқылы. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының міндеттемелерді орындамағаны анықталған кезде уәкілетті орган белгілейтін тиісті актілер жасалады.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамағаны туралы және бұзушылықтарды күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабардар етеді.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы көрсетілген ескертулерді жою жөнінде шаралар қабылдамаған жағдайда, арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты түрде бұзу туралы кемінде он жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
2. Қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты түрде бұзған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы бұл жөнінде арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын, мемлекеттік кіріс органдарын, уәкілетті органды, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарын хабардар етеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметті жүзеге асыру туралы шарттың біржақты тәртіппен бұзылғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын осы шартта көзделген тәртіппен біржақты түрде бұзады.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар мынадай талаптарға сай болуға:
1) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндіруші болып табылуға;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) дара кәсіпкерді және заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының аумағындағы тиісті тіркеу органы (әділет, мемлекеттік кіріс органы және статистика органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге тиіс.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай болған кезде қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен мердігерлік жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға белгіленген тәртіппен шарт жасасуға міндетті.
Мердігерлер жүзеге асыратын қызметтің қосалқы түрлері жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сипаты бойынша қызметтің басым түрлеріне сәйкес келуге тиіс емес.
13-бап. Тұлғалардың қосалқы қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін ұсынатын құжаттары
1. Қызметтің қосалқы түрлері арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жасалатын шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қосалқы қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органына өтінім ұсынады.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өтінімге уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі құжаттар қоса беріледі.
14-бап. Тұлғаларға қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға рұқсат берудің негізі мен рәсімі
1. Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат беруге арналған өтінім келіп түскен кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ұсынылған құжаттардың уәкілетті орган бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді;
2) өтінімдерді тіркеу журналына өтінімді тіркейді. Өтінімнің тіркелген күні оның берілген күні болып табылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Ұсынылған құжаттар уәкілетті орган бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкес келген жағдайда, өтінімді берген тұлғаға арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілген болып есептеледі.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінім тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім берген адамға, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ әрекет ету аймағында орналасқан мемлекеттік кіріс органына осы адамға арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілгені туралы хабарлайды.
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ұсынылған құжаттар уәкілетті орган бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкес келмеген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінім тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімді қайтарады. Өтінімді қайтару тұлғаны жіберілген кемшіліктерді жойғаннан кейін басқарушы компанияға қайтадан өтініммен жүгіну құқығынан айырмайды.