Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2010.07.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру (бұдан әрі- мемлекеттік қызмет) - жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексерудің нәтижелері бойынша жасалған, құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті, бастапқы немесе кейінгі объектінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын техникалық паспортты беру рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет мекен-жайлары осы стандартқа 1-1-қосымшада көрсетілген «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы балама негізде көрсетіледі.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушылар қажетті құжаттарын тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш берген сәттен бастап:
уәкілетті органға жүгінген жағдайда:
1) пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт бес жұмыс күні ішінде беріледі;
2) жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт он жұмыс күнінің ішінде беріледі;
3) алаңы 1000 шаршы метрге дейін жылжымайтын мүліктің қалған объектілеріне техникалық паспорт он бес күнтізбелік күн ішінде беріледі;
4) алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектілерге техникалық паспорт өтініш беруші жүгінген күннен бастап бір айдың ішінде беріледі;
5) мерзімді одан әрі ұзарту өтініш берушімен келісім бойынша объектінің күрделілік санатына қарай жүргізіледі, бұл ретте жалпы мерзім өтініш беруші жүгінген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс;
6) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
7) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
Орталыққа жүгінген жағдайда:
1) пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге, гараждарға техникалық паспорт бес жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді);
2) жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт он жұмыс күнінің ішінде беріледі (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
3) алаңы 1000 шаршы метрге дейін жылжымайтын мүліктің қалған объектілеріне техникалық паспорт он бес күнтізбелік күн ішінде беріледі (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді);
4) алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектілерге техникалық паспорт өтініш беруші жүгінген күнінен бастап бір айдың ішінде беріледі (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді);
5) мерзімді одан әрі ұзарту өтініш берушімен келісім бойынша объектінің күрделілік санатына қарай жүргізіледі, бұл ретте жалпы мерзім өтініш беруші жүгінген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс;
6) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген уақыты 30 минуттан аспайды.
7) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
8. Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру үшін ақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады және оны ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың құрамдастарын техникалық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар алады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz. орналасады, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 1 және 1-1-қосымшаларына сәйкес уәкілетті органдардың және Орталықтардың үй-жайларында стендтерде орнатылады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Уәкілетті органда демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Орталықтарда мемлекеттік қызмет үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады, Орталықтардың филиалдары мен өкілдіктері үшін мерекелік және демалыс күндерін қоспағанда, түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Уәкілетті органда үй-жайлары бөлек кіру есігі, күту залы, анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт алу үшін жылжымайтын мүлік объектісінің иесі (өзге құқық иеленуші) немесе оның уәкілетті өкілі өзінің жеке басын куәландыратын құжатын және мынадай құжаттарды ұсынады:
уәкілетті органға:
1) белгіленген үлгідегі сауалды;
2) өтініш берушінің (жеке тұлғаның) және өтініш берушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2-1) өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты;
3) бұрын болған жағдайда жылжымайтын мүліктің қолда бар техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлік объектісі меншік иесінің (өзге құқық иеленушінің) салық төлеуші куәлігінің (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) көшірмесі;
4) жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды (салынған объектіні пайдалануға енгізгенге дейін жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар);
5) техникалық паспортты бергені үшін ақы төленгенін растайтын құжатты.
Орталыққа:
1) белгіленген үлгідегі сауалды;
2) өтініш берушінің (жеке тұлғаның) және өтініш берушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты;
2-1) өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты;
3) СТН-н (салық төлеушінің тіркеу нөмірі);
4) жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды (салынған объектіні пайдалануға енгізгенге дейін жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар);
5) техникалық паспортты бергені үшін ақы төленгенін растайтын құжатты.
13. Уәкілетті органда бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.
Орталықта бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не Орталықтың консультанттарында болады.
14. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау оларда «терезенің» арналуы мен атқаратын функциясы ақпарат ілінген «терезе» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ құжаттарды қабылдайтын қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдайтын қызметкер осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың журналда тіркелуін және құжаттарды орындауға беруді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган құжаттар пакетін алғаннан кейін жылжымайтын мүлік объектісін тексеруді және жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын дайындауды жүзеге асырады.
Орындалған құжаттар уәкілетті органның күту залында «терезе» арқылы беріледі.
Орталық арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде құжаттарды қабылдау оларда «терезенің» арналуы мен атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген «терезе» арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың журналда тіркелуін және құжаттардың жинақтаушы бөлімнің инспекторына табыс етілуін жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинақтауды, тізілімнің жасалуын және уәкілетті органға жіберілуін жүзеге асырады.
Орталық қоса берілген құжаттармен бірге өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін:
- жылжымайтын мүлік объектісін зерттеуді;
- жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын әзірлеуді;
- орындалған құжаттар тізілімін қалыптастыруды және тұтынушыға беру үшін Орталыққа жіберуді жүзеге асырады.
Орындалған құжаттар уәкілетті органнан қолхатта көрсетілген беру мерзімі өткенге дейін бір күн бұрын Орталыққа түсуі тиіс.
15. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсеткен жағдайда тұтынушыға:
сауалдың нөмірін және қабылдау күнін;
сұратылған мемлекеттік қызметтің түрін;
жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын (кадастрлық нөмірін);
қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;
құжаттарды беру күнін, уақытын және орнын;
құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Орталық арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде тұтынушыға:
сауалдың нөмірін және қабылдау күнін;
сұратылған мемлекеттік қызметтің түрін;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;
құжаттарды беру күнін, уақытын және орнын;
құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
16. Уәкілетті органда дайын құжаттарды тұтынушыға беруді онда мерзімі көрсетілген қолхат негізінде құжаттарды беруді жүзеге асыратын қызметкер «терезе» арқылы күн сайын жүзеге асырады.
Орталықта дайын құжаттарды тұтынушыға беруді онда мерзімі көрсетілген қолхат негізінде «терезе» арқылы күн сайын Орталық инспекторы жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген және құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде және жылжымайтын мүлік объектісіне қол жеткізу қамтамасыз етілмеген жағдайда уәкілетті орган қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде бас тартудың себептерін көрсетіп, күту залының «терезесі» арқылы хабарлама береді.
Мемлекеттік қызмет Орталық арқылы көрсетілген кезде, құжаттарды ресімдеу кезінде қателіктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттар пакеті толық берілмеген және жылжымайтын мүлік объектісіне қол жеткізу қамтамасыз етілмеген жағдайда уәкілетті орган қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде Орталыққа кейіннен өтініш берушіге беру үшін бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізуден бас тартылған кезде өтініш берушіге қызмет көрсеткені үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы қайтарылып беріледі. Осы құжат техникалық паспорт алуға сұрау хатты қайта жіберген немесе уәкілетті органның төленген соманы қайтарып беруі үшін ұсынылуы мүмкін.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкілетті органның және Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады.
Шағым уәкілетті орган мен Орталық басшысының атына беріледі. Уәкілетті орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген.
23. Қабылданған шағым уәкілетті орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
24. Уәкілетті орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелері осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті орган мен Орталықтың жұмыс кестелеріне сәйкес айқындалады.
Уәкілетті орган мен Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген.
Орталықтар мен уәкілетті органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы:www.minjust.kz.
«Жылжымайтын мүлік объектілерінің
техникалық паспортын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасу мекен-жайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | Ақмола облысының ХҚО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | 40-10-76 | қабылдау бөлмесі 40-10-63 |
2 | Ақтөбе облысының ХҚО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-40-34 | қабылдау бөлмесі 56-57-87 |
3 | Алматы облысының ХҚО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | 24-31-10 | қабылдау бөлмесі 24-41-33 |
4 | Атырау облысының ХҚО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | 28-39-14 | қабылдау бөлмесі 28-40-14 |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | 47-14-96 | қабылдау бөлмесі 28-94-67 |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО | Семей қаласы, 408-орам, 21-үй | 33-57-97 | қабылдау бөлмесі 33-55-93 |
7 | Жамбыл облысының ХҚО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 43-84-15 | қабылдау бөлмесі 43-84-14 |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | 23-67-16 | қабылдау бөлмесі 23-68-81 |
9 | Қарағанды облысының ХҚО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 41-63-03 | қабылдау бөлмесі 41-63-10 |
10 | Қостанай облысының ХҚО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 53-45-74 | қабылдау бөлмесі 54-10-20 |
11 | Қызылорда облысының ХҚО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | 23-09-15 | қабылдау бөлмесі 23-08-46 |
12 | Маңғыстау облысының ХҚО | Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй | 42-23-14 | қабылдау бөлмесі 42-23-12 |
13 | Павлодар облысының ХҚО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 33-47-54 | қабылдау бөлмесі 33-47-35 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 33-21-12 | қабылдау бөлмесі 33-31-03 |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | 21-48-43 | қабылдау бөлмесі 30-06-79 |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | 378-09-10 | қабылдау бөлмесі 378-09-09 |
17 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй | 249-69-04 | қабылдау бөлмесі 248-17-77 |
18 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-72 | қабылдау бөлмесі 378-47-01 |
19 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | 386-90-18 | қабылдау бөлмесі 239-65-52 |
20 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй | 234-09-27 | қабылдау бөлмесі 234-09-35 |
21 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй | 37-21-94 | қабылдау бөлмесі 37-02-06 |
22 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 31-үй, 1,2,3 іүж | 40-66-54 | қабылдау бөлмесі 40-65-62 |
23 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй | 32-07-13 32-46-97 | қабылдау бөлмесі 32-42-79 |
24 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы Тілендиев даңғылы, 81, 85-үйлер | 37-70-46 | қабылдау бөлмесі 37-74-34 |
«Жылжымайтын мүлік объектілерінің
техникалық паспортын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-1-қосымша
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Орналасқан мекен-жайы | Телефон нөмірі | Басшысының телефон нөмірі |
1 | «Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 9-үй | 23-32-58 | қабылдау бөлмесі 40-21-91 |
2 | «Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 108 «а» үй | 55-73-13 | қабылдау бөлмесі 55-73-07 |
3 | «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 76-үй | 27-33-93 | қабылдау бөлмесі 27-33-91 |
4 | «Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 96 «б» үй | 45-15-19 | қабылдау бөлмесі 45-15-34 |
5 | «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Өскемен қаласы, Буров көшесі, 51-үй | 53-79-73 | қабылдау бөлмесі 53-79-99 |
6 | «Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Орал қаласы, Театральная көшесі, 16/2-үй | 50-91-96 | қабылдау бөлмесі 51-10-44 |
7 | «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын-мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69-үй | 45-56-48 | қабылдау бөлмесі 45-58-22 |
8 | «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қарағанды қаласы, Ленин көшесі, 72/2-үй | 56-51-34 | қабылдау бөлмесі 56-56-63 |
9 | «Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қостанай қаласы, Досжанов көшесі, 84-үй | 50-62-87 | қабылдау бөлмесі 50-63-45 |
10 | «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қызылорда қаласы, Скатков көшесі, 96-үй | 23-07-34 | қабылдау бөлмесі 23-03-84 |
11 | «Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, 59-үй | 50-45-26 | қабылдау бөлмесі 50-76-11 |
12 | «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Павлодар қаласы, Есеналиев көшесі, 24-үй | 32-19-86 | қабылдау бөлмесі 32-03-24 |
13 | «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Петропавл қаласы, Көшеков көшесі, 10-үй | 33-38-38 | қабылдау бөлмесі 33-96-30 |
14 | «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Шымкент қаласы, Оспанов көшесі, 61-үй | 54-12-72 | қабылдау бөлмесі 53-50-53 |
15 | «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-58 | қабылдау бөлмесі 378-46-50 |
16 | «Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Астана қаласы, Иманов көшесі, 149-үй | 37-99-12 | қабылдау бөлмесі 37-65-58 |
«Жылжымайтын мүлік объектілерінің
техникалық паспортын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі) | | | |
1.2. Қызмет алу үшін кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2.2. Лауазымды адам дұрыс ресімдеген (тіркеу құжаттар жағдайларының) % (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызмет көрсету сапасына және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Тұтынушы дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған құжаттар % (үлесі) | | | |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтердің, ақпараттың % (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |