Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық
сипаттамалары туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2010.07.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметтерді аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
5. Көрсетілетін мемлекетті қызметтің аяқталу нысаны жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген сәттен бастап:
1) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
тұтынушы ақпараттық қызметті электронды түрде алуға жүгінген кезде:
1) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама сұрау келіп түскен сәттен бастап 30 минут ішінде электронды түрде ұсынылады;
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz., сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде орнатылады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Уәкілетті органда демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
Орталықтарда құжаттарды қабылдау демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Орталықтардың филиалдары мен өкілдіктері үшін бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушылар мыналарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш, онда сауал берілетін орган, берілетін ақпараттың түрі, жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, оның тұрған жері, өтініш берушінің деректері (тегі, аты, әкесінің аты, паспорттық деректері (жеке куәлігінің деректері), ал болған жағдайда - жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), жеке тұлғаның тұратын жері, заңды тұлғаның атауы және деректемелері, ал болған жағдайда — бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)) көрсетіледі;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжат.
Құқық қорғау, сот және атқарушы органдар өз құзыретіне сәйкес өтініш жасаған жағдайларда және нормативтік құқықтық актілерде көзделген басқа да жағдайларда сұрау салуда талап етілген ақпарат негіздемесі, сондай-ақ сұралатын ақпараттың пайдаланылу мақсаты көрсетіледі.
13. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың есеп журналына тіркелуін және құжаттарды жинақтаушы бөлімнің инспекторына табыс етілуін жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілімнің жасалуын және уәкілетті органға жіберілуін жүзеге асырады.
Орталық қоса берілетін құжаттармен бірге өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін мыналарды:
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес әзірлейді.
- орындалған құжаттар тізілімін қалыптастырады және тұтынушыға беру үшін Орталыққа жібереді.
Орындалған құжаттар уәкілетті органнан қолхатта көрсетілген беру мерзімі өткенге дейін бір күн бұрын Орталыққа түсуі тиіс.
Өтініш беруші электронды түрде ақпараттық қызмет алу үшін тікелей Орталыққа жүгінген кезде, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат жазбаша сұрау негізінде «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесін қолдана отырып ұсынылады және тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.
Орталық қызметкері түскен өтініш бойынша сұрауды өзінің электронды қолымен растап, тиісті электронды дерекқорына сұрау жолдайды.
Уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қолымен расталған және сұрауға түскен электронды құжат басып шығарылады және өтініш берушіге беріледі.
Уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электронды құжат басылған қағаз жүзіндегі құжатқа заңды түрде теңестіріледі.
15. Тұтынушыға:
сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Дайын құжаттарды тұтынушыға беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген және құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде уәкілетті орган қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде Орталыққа кейіннен тұтынушыға беру үшін бас тартудың себептерін көрсетіп, хабарлама жолдайды.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкілетті органның және Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады.
Шағым уәкілетті орган мен Орталық басшысының атына беріледі. Уәкілетті орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1, 1-1-қосымшаларда көрсетілген.
23. Қабылданған шағым уәкілетті орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Уәкілетті орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелері осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті орган мен Орталықтың жұмыс кестелеріне сәйкес анықталады.
Уәкілетті органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген.
Орталықтар мен уәкілетті органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген
құқықтар (ауыртпалықтарды) және
оның техникалық сипаттамалары
туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасу мекен-жайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | Ақмола облысының ХҚО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | 40-10-76 | қабылдау бөлмесі 40-10-63 |
2 | Ақтөбе облысының ХҚО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-40-34 | қабылдау бөлмесі 56-57-87 |
3 | Алматы облысының ХҚО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | 24-31-10 | қабылдау бөлмесі 24-41-33 |
4 | Атырау облысының ХҚО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | 28-39-14 | қабылдау бөлмесі 28-40-14 |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | 47-14-96 | қабылдау бөлмесі 28-94-67 |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО | Семей қаласы, 408-орам, 21-үй | 33-57-97 | қабылдау бөлмесі 33-55-93 |
7 | Жамбыл облысының ХҚО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 43-84-15 | қабылдау бөлмесі 43-84-14 |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | 23-67-16 | қабылдау бөлмесі 23-68-81 |
9 | Қарағанды облысының ХҚО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 41-63-03 | қабылдау бөлмесі 41-63-10 |
10 | Қостанай облысының ХҚО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 53-45-74 | қабылдау бөлмесі 54-10-20 |
11 | Қызылорда облысының ХҚО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | 23-09-15 | қабылдау бөлмесі 23-08-46 |
12 | Маңғыстау облысының ХҚО | Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй | 42-23-14 | қабылдау бөлмесі 42-23-12 |
13 | Павлодар облысының ХҚО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 33-47-54 | қабылдау бөлмесі 33-47-35 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 33-21-12 | қабылдау бөлмесі 33-31-03 |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | 21-48-43 | қабылдау бөлмесі 30-06-79 |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | 378-09-10 | қабылдау бөлмесі 378-09-09 |
17 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй | 249-69-04 | қабылдау бөлмесі 248-17-77 |
18 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-72 | қабылдау бөлмесі 378-47-01 |
19 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | 386-90-18 | қабылдау бөлмесі 239-65-52 |
20 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй | 234-09-27 | қабылдау бөлмесі 234-09-35 |
21 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО | Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй | 37-21-94 | қабылдау бөлмесі 37-02-06 |
22 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 31-үй, 1,2,3 іүж | 40-66-54 | қабылдау бөлмесі 40-65-62 |
23 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй | 32-07-13 32-46-97 | қабылдау бөлмесі 32-42-79 |
24 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы Тілендиев даңғылы, 81, 85 үй. | 37-70-46 | қабылдау бөлмесі 37-74-34 |
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 1-1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген
құқықтар (ауыртпалықтар) және
оның техникалық сипаттамалары
туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-1-қосымша
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Уәкілетті орган орналасқан мекенжай | Бөлімнің телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Ақмола облысының Әділет департаменті | 020000, Көкшетау қ., М. Горький көш., 37-үй | 40-21-65 | 25-30-14 қабылдау бөлмесі |
2. | Алматы облысының Әділет департаменті | 488003, Талдықорған қ., Қабылиса жырау көш., 69 А үй | 24-43-47 | 21-08-15 қабылдау бөлмесі |
3. | Ақтөбе облысының Әділет департаменті | 030000, Ақтөбе қ., Әбілхайыр хан даңғ., 51 А үй | 56-30-16 | 56-30-80 қабылдау бөлмесі |
4. | Атырау облысының Әділет департаменті | 060006, Атырау қ., Баймұханов көш., 16 А үй | 46-53-15, 46-53-12 | 35-75-38, 35-75-39 қабылдау бөлмесі |
5. | Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | 070002, Өскемен қ., Ворошилов көш., 6-үй | 55-59-26 | 22-19-83 қабылдау бөлмесі |
6. | Жамбыл облысының Әділет департаменті | 080000, Тараз қ., Қойгелді көш., 158 А үй | 43-67-17 | 43-05-05 қабылдау бөлмесі |
7. | Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | 090006, Орал қ, Достық даңғ, 208-үй | 50-82-91 | 51-35-45, 50-79-41 қабылдау бөлмесі |
8. | Қарағанды облысының Әділет департаменті | 100019, Қарағанды қ, Жамбыл көш, 11 А үй | 56-64-12 | 42-05-33 қабылдау бөлмесі |
9. | Қостанай облысының Әділет департаменті | 110000, Қостанай қ., Таран көш., 38-үй | 50-65-40 | 54-82-23 қабылдау бөлмесі |
10. | Қызылорда облысының Әділет департаменті | 120014, Қызылорда қ., Әйтеке би көш., 29-үй | 23-03-57 | 27-04-72 қабылдау бөлмесі |
11. | Маңғыстау облысының Әділет департаменті | 130000, Ақтау қ., 12-ші шағын ауд., 8-үй | 50-32-20 | 42-05-70 қабылдау бөлмесі |
12. | Павлодар облысының Әділет департаменті | 140000, Павлодар қ., Ленин көш., 18-үй | 32-43-02 | 32-43-94 қабылдау бөлмесі |
13. | Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | 150010, Петропавл қ., Конституция көш., 72-үй | 33-27-53 | 33-26-35 қабылдау бөлмесі |
14. | Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | 160012, Шымкент қ., Желтоқсан көш., 16-үй | 23-31-70 | 23-23-76 қабылдау бөлмесі |
15. | Астана қаласының Әділет департаменті | 010000, Астана қ., Жеңіс даңғ., 15-үй | 48-88-36 | 39-12-13 қабылдау бөлмесі |
16. | Алматы қаласының Әділет департаменті | 050008, Алматы қ., Байзақов көш., 287-үй | 392-16-16 | 392-25-75 қабылдау бөлмесі |
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген
құқықтар (ауыртпалықтарды) және
оның техникалық сипаттамалары
туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі) | | | |
1.2. Қызмет алу үшін кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2.2. Лауазымды адам дұрыс ресімдеген (тіркеу құжаттар жағдайларының) % (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызмет көрсету сапасына және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Тұтынушы дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған құжаттар % (үлесі) | | | |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтердің, ақпараттың % (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |