Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - Қазақстан Республикасында халықтың ішкі көші-қонын есепке алу және Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің конституциялық және азаматтық құқықтарын жүзеге асыру мақсатында азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
Қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесін пайдаланып аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органының қызметкері көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 27-тармағының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны азаматтарды тіркеу кітабында азаматты тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығарылғаны туралы белгі қою болып табылады.
6. Тіркеуден шығаруға басқа тұрғылықты жерге кеткен, сот үкімі негізінде бас бостандығынан айыруға сотталған, сотпен тұрғын үйді пайдалану құқығы жойылды деп танылған адамдар, қайтыс болғандар жатады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) азаматтарды тіркеуден шығару екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде жасалады.
2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін жүргізіледі.
9 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (www.minjust.kz) сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету сенбі, жексенбі, мереке, демалыс күндерін қоспағанда, түскі асқа сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-дан сағат 18.30-га дейін ұсынылады.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған Орталық ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Тіркеуден шығару үшін тұтынушылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) тіркеу есебінен шығару туралы арызы;
2) азаматтарды тіркеу кітабы;
3) жеке куәлігі (он алты жасқа дейінгі балалар - туу туралы куәлігі) (көшірмесі);
4) әскери міндеттілер, бұдан басқа жергілікті әскери басқарманың әскери есептен шығару туралы белгісі бар әскери билеті (әскери міндеттілер-тіркеу куәлігін) (көшірмесі).
Тұтынушылар құжаттардың көшірмелерімен бірге құжаттардың түпнұсқаларын да ұсынады, түпнұсқалар көшірмелерімен салыстырылып тексерілген соң иесіне қайтарылады.
13. Бланкілер күту залының арнайы тіреуіштерінде орналастырылады.
14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» атқаратын қызметтері мен оның міндеттері туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның қызметкері құжаттарды осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексерген соң, азаматтарды тіркеу кітабына тіркеуден шығарылғаны туралы мәлімет енгізеді және белгі қояды.
15. Тұтынушыға осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген:
1) сұратылып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
2) құжаттарды берген күні мен орны;
3) уәкілетті органның құжаттарды қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты бар құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
16. Дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның қызметкері сенбі, жексенбіні қоспағанда, «терезе» арқылы сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қолхат негізінде көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, оған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделген және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті орган қызметкерінің және Орталық инспекторларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінен 58-00-58 телефоны арқылы алуға болады.
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе уәкілетті органның және Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Уәкілетті органдардың және Орталықтар басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшасында көрсетілген.
23. Қабылданған шағым уәкілетті органның және Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тіркеледі және түскен уақытынан бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеру жүргізу қажет болған жағдайда күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Шағымдарды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Уәкілетті органдар мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті орган мен Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес анықталады.
Уәкілетті органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшасында көрсетілген, сондай-ақ ресми ақпараттар көздерінде және уәкілетті органдар мен Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады.
Уәкілетті органдар мен Орталық басшыларының байланыс телефондары мен мекен-жайлары осы стандарттың 1 және 1-1-қосымшаларында көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты
жері бойынша тіркеу есебінен шығару»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасу мекен-жайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | Ақмола облысының ХҚО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | 40-10-76 | 40-10-63 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының ХҚО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-40-34 | 56-57-87 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының ХҚО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | 24-31-10 | 24-41-33 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының ХҚО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | 28-39-14 | 28-40-14 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | 47-14-96 | 28-94-67 қабылдау бөлмесі |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО | Семей қаласы, 408-орам, 21-үй | 33-57-97 | 33-55-93 қабылдау бөлмесі |
7 | Жамбыл облысының ХҚО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 43-84-15 | 43-84-14 қабылдау бөлмесі |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | 23-67-16 | 23-68-81 қабылдау бөлмесі |
9 | Қарағанды облысының ХҚО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 41-63-03 | 41-63-10 қабылдау бөлмесі |
10 | Қостанай облысының ХҚО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 53-45-74 | 54-10-20 қабылдау бөлмесі |
11 | Қызылорда облысының ХҚО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | 23-09-15 | 23-08-46 қабылдау бөлмесі |
12 | Маңғыстау облысының ХҚО | Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй | 42-23-14 | 42-23-12 қабылдау бөлмесі |
13 | Павлодар облысының ХҚО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 33-47-54 | 33-47-35 қабылдау бөлмесі |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 33-21-12 | 33-31-03 қабылдау бөлмесі |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | 21-48-43 | 30-06-79 қабылдау бөлмесі |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | 378-09-10 | 378-09-09 қабылдау бөлмесі |
17 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй | 249-69-04 | 248-17-77 қабылдау бөлмесі |
18 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-72 | 378-47-01 қабылдау бөлмесі |
19 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | 386-90-18 | 239-65-52 қабылдау бөлмесі |
20 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй | 234-09-27 | 234-09-35 қабылдау бөлмесі |
21 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО | Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй | 37-21-94 | 37-02-06 қабылдау бөлмесі |
22 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 31-үй, 1,2,3 іүж | 40-66-54 | 40-65-62 қабылдау бөлмесі |
23 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй | 32-07-13 32-46-97 | 32-42-79 қабылдау бөлмесі |
24 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы Тілендиев даңғылы, 81, 85 үй. | 37-70-46 | 37-74-34 қабылдау бөлмесі |
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты
жері бойынша тіркеу есебінен шығару»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-1-қосымша
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Уәкілетті органның орналасқан мекен-жайы | Бөлімнің телефон нөмірі | Басшысының телефон нөмірі |
1 | Ақмола облысының Әділет департаменті | Көкшетау қаласы, М. Горький, 37 үй | 25-13-42 | 25-09-39 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының Әділет департаменті | Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан, 51 «а» үй | 56-30-80 | 55-09-59 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының Әділет департаменті | Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі, 69 «а» үй | 24-00-64 | 21-08-15 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының Әділет департаменті | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 16 «а» үй | 35-47-19 | 45-64-69 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 6 үй | 22-21-97 | 47-87-17 қабылдау бөлмесі |
6 | Жамбыл облысының Әділет департаменті | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 45-22-89 | 43-05-05 қабылдау бөлмесі |
7 | Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Орал қаласы, Достық көшесі, 208 үй | 51-52-73 | 51-80-43 қабылдау бөлмесі |
8 | Қарағанды облысының Әділет департаменті | Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі, 1 үй | 41-20-40 | 42-05-33 қабылдау бөлмесі |
9 | Қостанай облысының Әділет департаменті | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 38 үй | 54-55-78 | 54-82-23 қабылдау бөлмесі |
10 | Қызылорда облысының Әділет департаменті | Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 үй | 26-21-25 | 26-24-03 қабылдау бөлмесі |
11 | Маңғыстау облысының Әділет департамент | Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 8 үй | 43-31-68 | 42-05-70 қабылдау бөлмесі |
12 | Павлодар облысының Әділет департаменті | Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 18 үй | 32-73-31 | 32-32-58 қабылдау бөлмесі |
13 | Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Петропавловск қаласы, Конституция көшесі, 72 үй | 31-00-11 | 33-23-80 қабылдау бөлмесі |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16 үй | 23-77-97 | 23-23-76 қабылдау бөлмесі |
15 | Алматы қаласының Әділет департаменті | Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 287 үй | 392-15-74 | 392-25-75 қабылдау бөлмесі |
16 | Астана қаласының Әділет департаменті | Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15 үй | 32-15-75 | 39-12-13 қабылдау бөлмесі |
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты
жері бойынша тіркеу есебінен шығару»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғалары % (үлесі) | | | |
1.2. Қызмет алуды кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2.2. Құжаттарды дұрыс ресімдеген жағдайлары (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқалар) % (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызметті көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші тапсырған оқиғалардың % (үлесі) | | | |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызмет көрсетулердің, ақпараттардың % (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Қызмет көрсетудің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санымен негізделген шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
4.4. Шағымдану мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |