Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта қайта шығару
үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштердiң тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қазандағы № 1100 қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта қайта шығару үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштердiң тiзбесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 27 қазандағы
№ 1100 қаулысымен
бекiтілген
Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың
дыбыс жазбаларын жеке мақсатта қайта шығару үшiн
пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық
жеткiзгіштердiң тiзбесi
1. Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта қайта шығару үшiн пайдаланылатын жабдықтар:
1) бейнетюнермен бiрiктiрілген немесе бiрiктiрiлмеген бейнежазғыш аппаратура;
2) дыбысты қайта шығаратын құрылғыларды қамтитын немесе қамтымайтын дыбыс жазғыш аппаратура;
3) компьютерлердi қоса алғанда, дыбыстау-бейнелеу туындыларын және дыбыс жазбаларды қайта шығару үшін пайдаланылуы мүмкiн жабдықтар.
2. Дыбыстау-бейнелеу туындыларын және (немесе) фонограммаларды (дыбыс жазбаларды) жеке мақсатта қайта шығару үшiн пайдаланылатын аналогты және цифрлық материалдық жеткiзгiштер:
1) аналогты дыбыстау компакт-кассеталары - жазудың аналогты нысаны мен дыбыстарды қайта шығаруға арналған дыбыстау кассеталары (МС);
2) аналогты бейне-кассеталар - жазбаның аналогты нысаны мен дыбыстарды және бейнелердi қайта шығаруға арналған бейне-кассеталар (VHS);
3) Compact, Disc Digital Audio форматындағы компакт-дискілер ең ұзақ дыбыс шығару уақыты 90 минутқа дейiнгі 44,1 КгЦ және 16 бит СТЕРЕО режимiнде жазбаның цифрлық нысаны мен дыбыстарды қайта шығаруға арналған 12 сантиметр көлемiндегі қайта жазылмайтын бір жақты компакт-дискілер - СD-DA;
4) Compact Disc Read Only Memory форматындағы немесе Compact Disc Read Only Memory eXtended Architecture форматындағы компакт-дискiлер - жазбаның цифрлық нысаны мен дыбыстарды және (немесе) бейнелердi қайта шығаруға арналған 12 сантиметр көлемiндегі қайта жазылмайтын бiр жақты компакт-дискілер - CD-RoM немесе СD-RoM/XA;
5) Compact Disc Digital Video форматындағы компакт-дискілер жазбаның цифрлық нысаны мен дыбыстарды қайта шығаруға және жазбаның аналогты нысаны мен бейнелердi қайта шығаруға арналған 12 сантиметр көлемiндегі қайта жазылмайтын бiр жақты компакт-дискiлер - CD-Video;
6) Digital Versatile Disc форматындағы компакт-дискiлер жазбаның цифрлық нысаны мен дыбыстарды қайта шығаруға және жазбаның цифрлық нысаны мен бейнелердi қайта шығаруға арналған 12 сантиметр көлемiндегi қайта жазылмайтын компакт-дискілер - DVD;
7) цифрлық дыбыстау компакт-кассеталары - жазбаның цифрлық нысаны мен дыбыстарды қайта шығаруға арналған 100,4x63,8x9,6 миллиметр көлемiндегi екi жақты компакт-кассеталар - DCC;
8) МР3 плеері үшiн жад картасы.