Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы
№ 274 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 22 Қаулысы
(2008.15.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 274 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. Пилоттық жоба ретінде оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ӘКК ҰК» АҚ) құрылысын және Астана қаласы оның орналасатын жері болып белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 752 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. «ӘКК ҰК» АҚ қызметінің негізгі мәні мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайда қазбаларды барлау, өндіру, қайта өңдеу жолымен Ақмола, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
«ӘКК ҰК» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне берсін;
«ӘКК ҰК» АҚ-ны оның орналасуы үшін ғимаратпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп:
1) «ӘКК ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын республикалық бюджеттің қаражатынан 2000000000 (екі миллиард) теңге мөлшерінде қалыптастыруды;
2) «ӘКК ҰК» АҚ-ның жарғысын әзірлеуді және бекітуді;
3) «ӘКК ҰК» АҚ-ны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының 1, 3-тармақтарында көзделген іс-шараларды орындағаннан кейін «ӘКК ҰК» АҚ-ға «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын қосу жолымен оны қайта ұйымдастырсын.
5. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 752 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екі апта мерзімде:
1) «ӘКК ҰК» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумның жобасын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесіп, жоғарыда аталған Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
7. Ақмола және Қарағанды облыстарының, Астана қаласының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) 2007 жылғы 20 қаңтарға дейін коммуналдық меншік объектілерін түгендеуді аяқтасын және олардың нәтижелерін «ӘКК ҰК» АҚ-ның қарауына берсін;
инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды жүзеге асыру үшін «ӘКК ҰК» АҚ-ға коммуналдық меншік объектілерін беруді қамтамасыз етсін;
2007 жылғы 20 қаңтарға дейін:
инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларға қатысу үшін жер учаскелерін «ӘКК ҰК» АҚ-ға жеке меншікке немесе жерді пайдалануға беруді;
«ӘКК ҰК» АҚ-ның концессиялардағы үлесі сияқты жер қойнауын пайдалану құқығымен пайдалы қазбаларды әзірлеуге, өңірлік индустриялық және технологиялық парктерді ұйымдастыруға, шекара маңы ынтымақтастығы орталықтарына қатысуын;
жер учаскелерінің және ауыл шаруашылығы өндірісі ысырабының құнын инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды іске асыру шеңберінде «ӘКК ҰК» АҚ-ның үлесіне жатқызуды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігімен бірлесіп, 2007 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде қордағы жерді, оның ішінде арнайы жер қорының; құрылыстан бос елді мекендердің; астында пайдалы қазбалар бар; өңірлік индустриялық және технологиялық парктерді орналастыруға арналған; олардың алаңы мен шекарасын анықтай отырып, шекара маңы ынтымақтастығы орталықтарының жерін түгендеуді аяқтасын және түгендеу нәтижелерін «ӘКК ҰК» АҚ-ның қарауына берсін.
8. Мүдделі мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілетін активтердің құнын инвестициялық, инновациялық және өзге де жобалардың шеңберінде «ӘКК ҰК» АҚ-ның үлесіне жатқызуды қамтамасыз етсін.
9. Осы қаулының 7-тармағы 1) тармақшасының нормалары мыналарға: мемлекеттік жер пайдаланушыларға; жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру, саяжай және жеке тұрғын үй құрылысы, бау-бақша мен жеке ауланы ұстау үшін; заттай гранттар ретінде; еркін экономикалық аймақтарға берілетін жер учаскелеріне қолданылмайды.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2007.06.08. № 664 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1403 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қаңтардағы
№ 22 қаулысымен
бекітілген
«ӘКК ҰК» АҚ барлауды, өндіруді және қайта өңдеуді жүзеге
асыра алатын пайдалы қазбалар, оның ішінде кең таралған
пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемінің тізбесi
__________________________________________________________________
№ | Пайдалы қазба | Өлшем бірлігі | Қорлар
__|____________________________|__________________|_______________
1 Мыс мың т барлық қорлар
2 Қорғасын мен мырыш мың т барлық қорлар
3 Марганец рудалары млн.т барлық қорлар
4 Темір рудалары млн.т барлық қорлар
5 Боксит рудалары млн.т 100-ге дейін
6 Никель мың т 25-ке дейін
7 Қалайы
түпкілікті мың т 15-ке дейін
шашыранды мың т 5-ке дейін
8 Вольфрам
түпкілікті мың т 300-ге дейін
шашыранды мың т 10-ға дейін
9 Титан-циркон мың т 800-ге дейін
10 Көмір
энергетикалық млн.т 400-ге дейін
қоңыр млн.т 700-ге дейін
11 Тальк млн.т барлық қорлар
12 Магнезит млн.т барлық қорлар
13 Волластонит млн.т барлық қорлар
14 Хризотил астбесі млн.т барлық қорлар
15 Графит млн.т барлық қорлар
16 Мусковит млн.т барлық қорлар
17 Вермикулит млн.т барлық қорлар
18 Битумдар млн.т барлық қорлар
19 Кең таралған пайдалы қазбалар млн.т барлық түрлер
мен қорлар
20. Жер асты сулары барлық қорлар
21. Нефелин сиениттері млн.т 800-ге дейін
22. Барит млн.т 10-ға дейін
23. Кварц млн.т 8-ге дейін
24. Калийлі тұздар млн.т барлық қорлар
25. Бром млн.т барлық қорлар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қаңтардағы
№ 22 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акңияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-85-жолмен толықтырылсын:
«21-85. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-26-жолмен толықтырылсын:
«237-26. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ.
3. «Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 101-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық компаниялардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:
«15. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ».
4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:
«13. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ».