Сараптаманы ұйымдастырушыға ғылыми сараптама жүргiзу барысында шеккен шығыстары туралы есеп береді;
ғылыми сараптама жүргiзудiң мәнiсіне қатысты мәлiметтердiң, оның орындалу барысының және ғылыми нәтижелерiнiң жасырын болуын қамтамасыз етеді;
шартта белгiленген өзге де мiндеттердi алады.
9. Сараптамалық қорытынды
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
18. Жүргiзiлген ғылыми сараптама нәтижелерi бойынша ғылыми сараптама жүргiзудiң мәнiсi жөнiнде сарапшылардың уәждi, ғылыми негiзделген, шынайы және толық тұжырымы болуы тиiс сараптамалық қорытынды жасалады.
Сараптаманы ұйымдастырушыда сараптамалық қорытынды тұжырымдарына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, ол тиiстi түсiндiрмелер беруi үшiн сарапшыға жүгiне алады не оған Сараптаманы ұйымдастырушы белгiлеген мерзiмде қайталама ғылыми сараптама жүргiзудi мiндеттей алады.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
19. Сараптамалық қорытынды ғылыми сараптама жүргiзген ұйымның фирмалық бланкiсiнде дайындалады, ал ғылыми сараптаманы жеке тұлға жүргiзген жағдайда, қорытындыда оның аты-жөнi және оның құзыретiн көрсететiн деректер көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
20. Нормативтік құқықтық акт жобасының ғылыми сараптамасының қорытындысында мыналар көрсетiлуi тиiс:
ғылыми сараптама жүргiзген ұйым немесе адам;
ғылыми сараптама жүргiзiлген ғылым саласы;
Сараптаманы ұйымдастырушы;
ғылыми сараптаманың мәнiсi мен мақсаттары, сарапшы алдына қойылған сұрақтар;
нормативтік құқықтық акт жобасының атауы;
нормативтік құқықтық акт жобасының арналуы;
нормативтік құқықтық акт жобасының құрылымы;
қойылған сұрақтарға негiзделген және толық жауаптар.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды
20-1. Заң жобасы тұжырымдамасының ғылыми құқықтық сараптамасының сараптамалық қорытындысында мыналар көрсетілуге тиіс:
ғылыми құқықтық сараптаманы жүргізген ұйым немесе тұлға;
Сараптаманы ұйымдастырушы;
ғылыми құқықтық сараптаманың мәні мен мақсаттары, сарапшының алдына қойылған мәселелер;
заң жобасы тұжырымдамасының атауы;
қойылған мәселелерге негізделген және толық жауаптар.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
21. Ғылыми сараптамаға бірнеше нормативтік құқықтық актілердің жобалары немесе заң жобаларының тұжырымдамалары ұсынылған жағдайда сарапшы ғылыми сараптама жүргізеді және нормативтік құқықтық акт жобасының немесе заң жобасы тұжырымдамасының әрқайсысы бойынша қорытынды жасайды.
22. Сараптамалық қорытындыға сараптама жүргiзушi ұйымның бiрiншi басшысы немесе ғылыми сараптама жүргiзген жеке тұлға қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 23-тармақ өзгертілді
23. Ғылыми сараптама тұжырымдары ұсынымдық сипатта болады. Сараптамалық қорытындыда нормативтік құқықтық акт жобасына ескертулер мен ұсыныстар болған кезде Сараптаманы ұйымдастырушы оларды құзыретіне сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау кіретін мемлекеттік органдарға пысықтау және тиісті ұстанымды қалыптастыру үшін нормативтік құқықтық актінің жобасымен бір мезгілде жібереді.
Ғылыми сараптама терiс қорытынды берген кезде, Сараптаманы ұйымдастырушы нормативтік құқықтық акт жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес пысықтау туралы өз бетiмен шешiм қабылдайды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы мен оған берiлген сараптамалық қорытындыны Қазақстан Республикасы Yкіметінiң не Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарауына енгiзген кезде Сараптаманы ұйымдастырушы нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдарды қабылдамау себептерiнiң уәждi негiздемесiн беруi тиiс. Сараптаманы ұйымдастырушы тиісті негіздемелердің көшірмесін бір мезгілде сарапшыға береді.