Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары бекітілсін:
1. «Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру»;
2. «Өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу»;
3) «Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу»;
4) «Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу»;
5) «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу»;
6) «Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1710 қаулысымен
бекітілген
«Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі — стандарт) шағын өлшемді кемелерді басқару құдығына куәлік беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының, «Қазақстан Республикасы су қоймаларында шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1998 жылғы 10 тамыздағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 618 нөмірмен тіркелген) № 172 бұйрығымен бекітілген Кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау бойынша нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет аттестаттау емтиханын жақсы тапсырған сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде көрсетіледі.
Қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген мерзімі: 20 минуттан аспайды.
Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік алу кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген мерзімі: 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша орналасқан: www.mtk.gov.kz.
10. Аумақтық органның жұмыс кестесі бес күндік жұмыс аптасын (9:00 - 18:30), оның ішінде түскі асқа үзілісті (13:00 - 14:30) құрайды. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Емтиханды экстернмен қабылдау туралы мәселені шешу кезінде белгіленген құжаттарға қосымша аумақтық орган бастығының атына ұсыныс ресімделеді.
11. Қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылатын мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндіктері шектелген адамдарға жағдай жасалынған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар аумақтық орган ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін тұтынушы мыналарды ұсынады:
1) кеме жүргізушілерді дайындауды жүзеге асыратын оқу мекемелері беретін әуесқой кеме жүргізушілерді дайындау курстарын аяқтауы туралы анықтама;
2) аумақтық орган беретін кеме жүргізушінің жеке карточкасы;
3) тұтынушының тұрғылықты мекен-жайы бойынша денсаулық сақтау мекемелері беретін медициналық анықтамасы (№ 083/У нысанындағы);
4) 3x4 см өлшемдегі 3 сурет.
Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру аттестаттау емтиханын жақсы тапсырғаннан кейін емтихан комиссиясы қорытындысының негізінде жүргізіледі.
13. Кеме жүргізушінің белгіленген үлгідегі жеке карточкасының нысанын аумақтық орган қызметкері береді.
14. Осы стандарттың 12-тармағында аталған құжаттар аумақты қорғанның кеңсесіне осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылады.
Аумақтық орган мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде кеңсе қызметкері құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарды тіркеу кітабына тиісті жазба енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмесе тұтынушыға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растамасы беріледі.
15. Осы стандарттың 12-тармағында аталған құжаттарды тапсырған
тұтынушыға емтихан парағы беріледі.
Емтиханды аумақтық органдардың емтихан комиссиялары қабылдайды.
Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына емтихан қабылдау шағын өлшемді кеме жүргізушілерді дайындау жөніндегі оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Емтихан комиссиясының отырысы кезінде хаттама жасалады, оған емтихан тапсырушылардың тегі, аты және әкесінің аты, қозғалтқыш қуатының (желкендердің ауданы) және әр емтихан тапсырушы үшін жүзу ауданының көрсеткіші көрсетілген емтихан тапсыру нәтижелері жазылады, хаттаманы түзетуге, өшіруге рұқсат етілмейді.
Шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік беру емтихан тапсырғаннан кейін емтихан комиссиясының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
16. Шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлікті аумақтық органның кеңсесі иесіне шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік беру журналына қол қойдырып береді.
17. Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына емтиханды дұрыс тапсыра алмау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Аумақтық органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақтауына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Аумақтық органның жұмыс нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін аумақтық органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша аумақтық органдар кеңселерінің қызметкерлері түсіндіреді.
22. Шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша аумақтық орган басшысының атына беріледі. Аумақтық органдардың басшылары шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда шағым бұдан әрі осы стандарттың 24-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына жіберіледі. Көліктік бақылау комитеті төрағасының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым бұдан әрі осы стандарттың 25-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі басшылығының атына жіберіледі.
Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
23. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымды қабылдап алған адам ұсынылған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген шағымның екінші нұсқасы не шағымның көшірмесі шағымның қабылданғандығын растайтын құжат болып табылады.
Шағым заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта не электрондық почта арқылы хабарланады.
6. Байланыс жасау ақпараты
24. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты аумақтық органдардың мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, электрондық почтаның мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 24-27-08.
25. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, интернет-ресурсы: www.mtk.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 24-13-12.
«Шағын өлшемді кемелерді басқару
құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі
Р/с № | Бөлімшелердің атауы | Толық заңды мекенжайы | Байланыс телефоны, электрондық почтасының мекенжайы |
1. | Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша «Солтүстік»« өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Көкшетау қ., Абай к-сі, 87 | 8-(7162) 25-69-93 ktk_akm@mtc.gov.kz |
2. | Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Ақтөбе қ., 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы, 5А | 8-(7132) 54-29-03 ktk_aktb@mtc.gov.kz |
3. | Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Талдықорған қ., Шевченко к-сі, 131 | 8-(7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc.gov.kz |
4. | Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Атырау қ., Привокзальный 5 шағын ауданы, 17-үй | 8-(7122) 26-16-33 ktk_atr@mtc.gov.kz |
5. | Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Қарағанды қ., Гапеева к-сі, 5 | 8-(7212) 77-22-40 ktk_kar@mtc.gov.kz |
6. | Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Павлодар қ., Бектұров к-сі,107 | 8-(7182) 32-06-39 ktk_pavl@mtc.gov.kz |
7. | Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Шымкент қ., Молдағұлова к-сі, нөмірсіз | 8-(7252) 56-08-94 ktk_uko@mtc.gov.kz |
«Шағын өлшемді
кемелерді басқару
құқығына куәлік беру»
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
2-қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1.Уақтылылығы |
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) | | | |
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан артық күтпеген тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген есептемелер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Тұтынушы құжаттарды бастапқыдан дұрыс толтырған және тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі) | | | |
3.3. Ол туралы ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) | | | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) | | | |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |