2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Шаруа (фермер) қожалығының басшысы Қазақстан Республикасының тиiстi әлеуметтiк сақтандыру, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарында өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша сақтандырушы ретiнде тiркеледi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына және басқа органдарға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз табысынан белгiленген тәртiппен қаржы енгiзедi.
5. Шаруа (фермер) қожалығында жұмыс iстеген уақыт еңбек кiтапшасы не Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн жүзеге асырылған сақтандыру жарналарының төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жалпы және үздiксiз жұмыс стажына есептеледi.
6. Шаруа (фермер) қожалықтарының мүшелерiне, сондай-ақ жалданып жұмыс iстеген азаматтарға зейнетақы тағайындау мен төлеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша жүргiзiледi.
14-бап. Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң шарттары
1. Шаруа (фермер) қожалығы өз шығындарын алынатын табысының есебiнен жабады.
2. Шаруа (фермер) қожалығының өндiрiстiк, коммерциялық және өзге де қатынастары шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Шаруа (фермер) қожалығының қызметiне, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар тарапынан араласуға тыйым салынады.
15-бап. Шаруа (фермер) қожалығының банк шоттары
Шаруа (фермер) қожалығы банк шоттарын ашуға және банктегi өз ақшаларына иелiк етуге құқылы.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 Заңымен 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Шаруа (фермер) қожалығына салық салу
Шаруа (фермер) қожалығына салық салу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
17-бап. Шаруа (фермер) қожалығына кредит беру және оны сақтандыру
1. Шаруа (фермер) қожалығы қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп пен ережелер бойынша мүлкiн, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салып кредит алуға құқылы.
2. Шаруа (фермер) қожалығы сақтандыру туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жалға алынған және жеке меншiк өндiрiс құрал-жабдықтарын, сондай-ақ ауыл шаруашылық дақылдарының егiсiн (екпелерiн), көпжылдық екпелердi, шығарған өнiмдерiн, шикiзатты, материалдарды жойылуы немесе зақымдануы жағдайынан сақтандыруды жүзеге асырады.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11; 08.01.03 ж. № 375-11 (бұр. ред. қара); 13.03.03 ж. № 395-11 (бұр. ред. қара); 29.12.03 ж. № 512-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Шаруа (фермер) қожалықтарын мемлекеттік қолдау
1. Қызметкерлерiнiң жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және орта есеппен алғанда жыл iшіндегі активтерiнiң жалпы құны алпыс мың мәрте есептiк көрсеткiштен аспайтын шаруа (фермер) қожалығы:
1) алып тасталды
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау жөнiнде қосылатын қуаттар үшiн ақы төлеуден заңдарда көзделген тәртiп пен жағдайда босатылады;
3) мемлекет қатысатын екiншi деңгейдегi банктерде ақы алынбай шот ашады;
4) бухгалтерлiк есептілікті жеке кәсiпкерлер ретiнде оңайлатылған тәртiппен бередi;
5)
6) шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн мемлекеттік мұқтаждар үшiн тапсырыстар орналастыру кезiнде басым құқықты пайдаланады;
7) шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберiнде тиiстi жылға арналған мемлекеттік бюджетте белгiленген шекте жеңiлдiктi жағдайларда ақпараттық қызмет (қаражат), сондай-ақ ғылыми-техникалық талдамалар мен технологиялар;
8) шағын кәсiпкерлiктi қолдау үшiн көзделген қаражат есебiнен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру iсiн жүргiзедi.
1-1. Шаруа (фермер) қожалықтары жекелеген салық түрлерiн есептеу мен төлеудiң Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес оңайлатылған не жалпы белгiленген тәртібін қолдануға құқылы.
2. Ауылшаруашылық өндірісіне инвестицияларды жүзеге асыратын және арнаулы салық режимін пайдаланбайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда инвестициялық преференциялар берілуі мүмкін.
4. Мемлекет отандық шаруа (фермер) рыногын дамыту мен қорғауға жәрдемдеседi.
5. Шаруа (фермер) қожалықтарын дамытуды мемлекеттік қолдаудың ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
19-бап. Шаруа (фермер) қожалықтарының бiрлескен қызметi
1. Шаруа (фермер) қожалықтары ерiктi негiзде кооперативтерге, қоғамдарға және басқа да бiрлестiктерге бiрiгiп, кооперативтiк, шаруашылық серiктестiктерiнiң және басқа да ұйымдардың қызметiне қатыса алады.
2. Шаруа (фермер) қожалығы өз қалауы бойынша кез келген ұйымнан шығуға құқылы.
ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Шаруа (фермер) қожалығының қызметiн тоқтатудың ережелерi мен тәртібі
1. Егер қожалықтың қызметiн жалғастырғысы келетiн бiрде-бiр қожалық мүшесi, мұрагер немесе басқа адам қалмаса, сондай-ақ банкрот болған және жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайларда шаруа (фермер) қожалығының қызметi тоқтатылады.
2. Шаруа (фермер) қожалықтарының қызметi тоқтатылған кезде ортақ мүлiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың бiреуiне үлес бөлiп беру ортақ мүлiк құқығындағы әрбiр қатысушылардың үлесi алдын ала анықталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Үлестiк меншiктегi мүлiк оған қатысушылар арасында бiр-бiрiмен келісім бойынша бөлiнуi мүмкiн.
4. Шаруа (фермер) қожалығының қызметiн тоқтату кезiнде мүлiктi, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын бөлудiң шарттары мен тәртібі азаматтық заңдармен реттеледi.
5. Шаруа (фермер) қожалығының қызметiн жүзеге асыру нәтижесiнде туатын мүлiктiң, жер даулары мен өзге де даулар сот тәртібімен қаралады.
21-бап. Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдардың бұзылғаны үшiн жауаптылық
Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
Қазақстан Республикасының