2. Егер осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында өзгеше белгіленбесе, қоғамның бастамасы бойынша орналастырылған акцияларын қоғамның сатып алуы директорлар кеңесінің шешімі негізінде жүргізіледі.
3. Қоғамның:
1) акционерлердің бірінші жалпы жиналысын өткізгенге дейін;
2) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп бекітілгенге дейін;
3) егер акцияларды сатып алу нәтижесінде қоғамның өз капиталының мөлшері осы Заңда белгіленген ең төменгі жарғылық капиталдың мөлшерінен аз болса;
4) егер акцияларды сатып алу кезінде қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес төлем қабілетсіздігі не дәрменсіздігі белгілеріне сәйкес келсе не аталған белгілер қоғамда оның барлық талап етілетін немесе сатып алу болжанатын акцияларды сатып алу нәтижесінде пайда болса;
5) егер сот немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім қабылдаса, өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуға құқығы жоқ.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Егер қоғамның бастамасы бойынша оның сатып алынатын орналастырылған акцияларының саны акцияларды сатып алу-сату мәмiлесi (мәмiлелерi) жасалғанға дейiнгi олардың жалпы санынан бір процент асатын болса, ол өз акционерлеріне осындай сатып алу туралы хабарлауға міндетті.
Қоғамның өзі орналастырған акцияларын сатып алуы туралы хабарламасында өзі сатып алатын акциялардың түрлері, саны, бағасы, мерзімі туралы және оларды сатып алу талаптары туралы мәліметтер болуға тиіс және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Қоғамның өз акционерлері сатып алуға өтініш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам сатып алуға жариялаған акциялардың санынан асып түскен жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесілі акциялардың санына барабар сатып алынады.
27-бап. Қоғамның орналастырған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алуы
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қоғам орналастырылған акцияларды сатып алуды:
1) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған (егер акционер қоғамды қайта ұйымдастыру туралы мәселе қаралған акционерлердiң жалпы жиналысына қатысып, оған қарсы дауыс берсе);
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-1- тармақшамен толықтырылды
1-1) акционерлердің жалпы жиналысы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған (егер акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе егер ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешімді қабылдауға қарсы дауыс берсе)
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-2- тармақшамен толықтырылды
1-2) сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;
2) осы Заңда және қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған iрi мәмiле жасау туралы шешiммен және (немесе) жасалуында қоғамның мүддесi бар мәмiле жасау туралы шешiммен келiспеген;
3) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамның жарғысына осы акционерге тиесiлi акциялар бойынша құқықтарды шектейтiн өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiм қабылдаған (егер акционер осындай шешiм қабылданған акционерлердiң жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешiмнiң қабылдануына қарсы дауыс берсе) жағдайларда өзiне қойылуы мүмкiн қоғам акционерiнiң талап етуi бойынша жүргiзуге тиiс.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Орналастырылған акцияларды акционердiң талап етуi бойынша қоғамның сатып алуы қоғамның акцияларды сатып алуы кезiнде олардың құнын айқындаудың осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Акционер осы баптың 1-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап немесе сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде қоғамға жазбаша өтініш жіберу арқылы өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы қоғамға талап қоюға құқылы.
Аталған өтініш алынған күннен бастап отыз күн ішінде қоғам акционерден акцияларды сәйкес белгіленген бағамен сатып алуға міндетті.
3. Қоғамның өз акционерлері сатып алуға өтініш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам сатып алуы мүмкін акциялардың санынан артық болған жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесілі акциялардың санына барабар сатып алынады.
28-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы бойынша шектеулер
1. Қоғам сатып алатын орналастырылған акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс, ал қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуға жұмсайтын шығыстары:
1) орналастырылған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алған кезде - акционерлердің жалпы жиналысында осы Заңның 27-бабының 1-тармағында аталған шешімдердің бірі қабылданған күнгі жағдай бойынша;
2) орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алған кезде - қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша оның өз капиталы мөлшерінің он процентінен аспауға тиіс.
2. Қоғам сатып алған акциялар оның акционерлері жалпы жиналысының кворумын анықтаған кезде есепке алынбайды және онда дауыс беруге қатыспайды.
29-бап. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
30-бап. Қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары
1. Қоғам айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға оның жарғысында мұндай шығару мүмкіндігі көзделген жағдайда ғана құқылы.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ.
2. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын шығаруға қоғамның жарияланған және орналастырылған акциялары арасындағы айырма шегінде жол беріледі.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау талаптары мен тәртібі айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектісінде көрсетіледі.
31-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу
1. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу құқығын қоғам жарғысының ережелерімен шектеуге немесе алып тастауға болмайды.
Егер кепіл талаптарында өзгеше көзделмесе, акционердің дауыс беруге және өзі кепілге салған акция бойынша дивидендтер алуға құқығы болады.
2. Қоғам өзі орналастырған бағалы қағаздарды:
1) кепілге берілетін бағалы қағаздар толық төленген;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) қоғамның сатып алған акцияларын қоспағанда, қоғамға кепілге берілетін және оның кепілінде жатқан акциялардың жалпы саны қоғамның орналастырылған акцияларының жиырма бес процентінен аспаған;
3) егер қоғам жарғысында өзгеше белгіленбесе, кепіл туралы шартты директорлар кеңесі мақұлдаған жағдайда ғана кепілге қабылдай алады.
3. Егер кепіл талаптарында өзгеше белгіленбесе, қоғам орналастырған және оның кепілінде жатқан акциялар бойынша дауыс беру құқығы акционерге тиесілі болады. Қоғам өзінде кепілде жатқан акцияларымен дауыс беруге құқылы емес.
4. Қоғамның бағалы қағаздарының кепілін тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес белгіленеді.
29.11.03 ж. № 500-ІІ ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді; 13.12.04 ж. № 11-IІІ ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
32-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн қоғамның жарияланған акциялары есебiнен өтеу
13.12.04 ж. № 11-IІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Егер жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн (бұдан әрі - мерзімі өткен берешек) төлеу мерзімі үш айдан астам өтіп кетсе, Қазақстан Республикасының мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органы (бұдан әрі - мемлекеттік орган) қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеткізу мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес қоғамның жарияланған акцияларына билік етуін шектеу туралы шешім қабылдауға;
2) қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеуге жеткіліксіз болған жағдайда қоғамның мерзімі өткен берешегін қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығартқызып, кейіннен оларды орналастыру арқылы өтеткізу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.
2. Қоғамның жарияланған билік етуі шектелген акцияларын және мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастыру Қазақстан Республикасының салық заңдарында билік етуі шектелген мүлікті өткізу үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қоғам қызметін республиканың экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор салаларда жүзеге асыратын жағдайда, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеу есебіне мемлекет меншігіне оларды мәжбүрлеп алып қою арқылы орналастыруға құқылы.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын мемлекет меншігіне алып қою оларға мемлекеттік меншік құқығын қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiнде тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі.
4. Жарияланған акцияларды сот шешімімен мәжбүрлеп шығаруды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
5. Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан түскен ақшаны, қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеуді қоспағанда, өзге мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.
Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан алынған сома мерзімі өткен берешек сомасынан асып түскен жағдайда айырма қоғамның кірісіне жіберіледі.
6. Қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеу үшін қажетті акциялардың орналастырылу бағасы мен санын қоғаммен келісе отырып, мемлекеттік орган белгілейді. Мемлекеттік органның бастамасымен акциялардың орналастырылу бағасын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалаушының да белгілеуі мүмкін.
Акциялардың орналастырылу бағасын бағалаушы белгілеген жағдайда бағалауға байланысты шығындарды қоғам көтереді.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Мерзімі өткен берешек қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан түсетін ақша есебінен өтелген жағдайда немесе қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларға мемлекеттің меншік құқығы қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiнде тіркелген кезден бастап қоғамның мерзімі өткен берешегі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес өтелген болып есептеледі.
5-тарау. Қоғамды басқару
33-бап. Қоғамның органдары
1. Мыналар қоғам органдары болып табылады:
1) жоғары орган - акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда - сол акционер);
2) басқару органы - директорлар кеңесі;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.
4) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және қоғам жарғысына сәйкес өзге де органдар.
2. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3 тармақ өзгертілді
3. Бұрын мемлекеттік қызметшi болған және өзінің қызметтік функциялары бойынша қоғам қызметіне мемлекет тарапынан бақылау мен қадағалау жөнінде өкілеттігі болған жеке адам осындай өкілеттік тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде, дауыс беретін акцияларының кемінде он проценті мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі қоғамның органдарын қоспағанда, осы қоғамның органына сайлана алмайды.
4. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері
1. Республикалық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Ұлттық Банкінің шешімі бойынша өзге мемлекеттік органға беруі мүмкін.
2. Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы жергілікті атқарушы органның шешімімен өзге мемлекеттік органға берілуі мүмкін.
3. Мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша акционер ретінде мемлекеттің мүдделерін білдіреді.
Мемлекеттік акциялар пакеттерін иелену мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар акционерлердің жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешімдердің жобаларын мемлекеттің қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкіметімен және (немесе) мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілетті мемлекеттік органмен алдын ала жазбаша түрде келісуді қамтамасыз етуге міндетті мәселелер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ұлттық басқарушы холдингті және ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі қоғамның директорлар кеңесі атқарушы органның ұсынуы бойынша қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің орта мерзімді жоспарларын бекітеді.
Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлары мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін тәртіппен және мерзімдерде табыс етіледі. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің жоспарлау және есептілік мәселелері «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4-1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді
4.1. Құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, қызметінің негізгі мақсаты ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа заңды тұлғалардың өзіне меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен тиесілі акциялар пакетін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын акционерлік қоғам ұлттық басқарушы холдинг болып табылады.
Ұлттық басқарушы холдингтің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Ұлттық даму институттары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акционерлік қоғамдар ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған, қызметінің басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы жобаларды іске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтік, инновациялық, сервистік ұйымдар.
2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды; 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 4-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Yкіметі құрылтайшысы және жалғыз акционері болып табылатын, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлік қоғамдардың өзіне меншік құқығымен тиесілі акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады.
2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасының өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі және ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған акционерлік қоғам ұлттық компания болып табылады. Жекешелендіруге жатпайтын мүлікті ұлттық компанияларға берудің талаптары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ұлттық компаниялардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның атқарушы органы аталған акцияларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер мөлшерінің болжамды көрсеткіштерін жоспарланып отырған жылдан алдыңғы жылдың бірінші сәуіріне дейін табыс етуге міндетті.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталын ұлғайту кезінде акциялардың қосымша эмиссиясын төлеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік органдар жүргізуі мүмкін.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 8 -тармақпен толықтырылды
8. 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ерекшеліктері
1. Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережелері негізінде жүзеге асырылады.
Жанама иелену әрбір келесі ұйымның өзге ұйым акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызын меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен иеленетінін білдіреді.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар:
1) тендерге қатысушыларға ұсынылатын тендерлік құжаттамада тендерге қатысушылардың - қазақстандық тауар өндірушілердің, жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілердің бағаларын шартты түрде төмендету жөніндегі талаптарды көздеуге;
2) қазақстандық тауар өндірушілердің, жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілердің өтінімдерін қарау және тендер жеңімпазын таңдау кезінде бағаларды шартты түрде төмендетуді қолдануға;
3) тендерге қатысушылардың баға ұсыныстары тең болған кезде қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілерге артықшылық беруге тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде осы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша ақпарат беруге міндетті.
Қазақстандық қамту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бойынша айқындалады.
35-бап. Акционерлердің жалпы жиналысы
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді.
Қоғам акционерлердің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті. Акционерлердің өзге жалпы жиналыстары кезектен тыс болып табылады.
Акционерлердің бірінші жалпы жиналысы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен және акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесi жасалғаннан кейін шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында:
1) қоғамның жылдық қаржылық есептілігі бекітіледі;
2) қоғамның аяқталған қаржы жылы үшін таза кірісін бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері айқындалады;
3) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселе қаралады.
Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесінің және қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақы беру мөлшері және олардың құрамы туралы қоғамның акционерлеріне хабарлайды.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы олар бойынша шешімдер қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған басқа мәселелерді де қарауға құқылы.
3. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс.
Есепті кезең ішінде қоғамның аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға дейін ұзартылған болып саналады.
4. Барлық дауыс беретін акциялары жалғыз акционерге тиесілі қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді. Осы Заңда және қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді мұндай акционер жеке-дара қабылдайды және бұл шешімдер артықшылықты акциялармен куәландырылған құқыққа нұқсан келтірмейтін және оны шектемейтін жағдайда жазбаша түрде ресімделуге тиіс.
5. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда қоғамның жалғыз акционері немесе қоғамның барлық дауыс беретін акцияларын иеленуші тұлға заңды тұлға болып табылса, осы Заңда және қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының заңдарына және заңды тұлғаның жарғысына сәйкес заңды тұлғаның осындай шешімдерді қабылдауға құқығы бар органы, лауазымды адамдары немесе қызметкерлері қабылдайды.
36-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті
1. Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мына мәселелер жатқызылады:
1) қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциясында бекіту;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) осы кодекстi қабылдау қоғамның жарғысында көзделген жағдайда, корпоративтiк басқару кодексiн, сондай-ақ оған енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
2) қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрiн өзгерту туралы шешiм қабылдау;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды