2. Аталған негiздер бойынша қызметтiк тұрғын үйден шығару туралы талап еңбек қатынастарын тоқтатқан күннен бастап үш жылдың iшiнде қойылуы мүмкiн.
ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен 112-бап өзгертілді; 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 112-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
112-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай беру тәртібі
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай кәсiпорын, мекеме әкiмшiлiгiнiң шешiмi бойынша еңбек шартымен жұмыс iстейтiн кезеңiнде, сондай-ақ студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың оқуы кезеңiнде тұруы үшiн берiледi.
Шешiмде жатақханадан тұрғын үй-жай берiлген адаммен бiрге тұрғызылатын барлық адамдар аталуға тиiс. Басқа адамдарды тұрғызуға тыйым салынады.
113-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын үй-жайларды пайдалану тәртібі
1. Жатақханалардағы тұрғын үй-жай төсектiк және бөлмелiк үлгiлерде болуы мүмкiн.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын алаңның көлемi бiр тұрушыға Республикада қолданылып жүрген тұрғын алаңның санитариялық нормасынан кем болмауға тиiс.
Бөлмелiк үлгiдегi жатақханада тұрушыға отбасы мүшелерiнiң санына қарай екi және одан да көп бөлмелерден тұратын тұрғын үй-жай берiлуi мүмкiн.
3. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақханаларды пайдалану ережесін, сондай-ақ бұл жатақханалардағы тұрғын үй-жайларды пайдаланғаны үшiн төленетiн ақының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
4. Қажет болған жағдайда жатақхана берген кәсiпорынның немесе мекеменiң әкiмшiлiгi жатақханада тұратын адамдарды (отбасы мүшелерiмен бiрге) сол немесе басқа жатақханадағы басқа тұрғын үй-жайларға көшiруге құқылы. Бөлмелiк үлгiдегi тұрғын үй-жайда тұратын адамға көшiру кезiнде басқа бөлмелiк үлгiдегi тұрғын үй-жай берiледi.
ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен 114-бап өзгертілді
114-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақханадан шығару
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген және осы еңбек қатынастарын тоқтатқан адамдар, сондай-ақ оқу орындарында оқыған және олардан шығып қалған адамдар өздерiмен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерiмен қоса оларға жұмысына немесе оқуына байланысты берiлген мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханасынан басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылуға тиiс.
Осы ереже еңбек шарты немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды.
2. Осы Заңның 107-бабында көзделген негiздер бойынша да жатақханадан басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуы мүмкiн.
5 БӨЛIМ
16-тарау. Тұрғын үй беру жөніндегі шарттық
Мiндеттемелер
115-бап. Шарттық мiндеттемелер ұғымы және олардың түрлерi
1. Тұрғын үй Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тұрғын үйдi меншiкке немесе пайдалануға беру туралы шарт негiзiнде берiлуi мүмкiн.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шарттар атап айтқанда:
1) күрделi жөндеу кезiнде тұрғын үй беру туралы;
2) бұзылуға тиiстi тұрғын үйдi сол жерден немесе жақын маңдағы жер учаскесiнен салынатын тұрғын үйдiң орнына тұрғын үй беру шартымен босату туралы;
3) құрылыс салушыға құрылыс алаңында орналасқан және бұзылуға тиiстi тұрғын үйлерде тұратын азаматтарды орнына басқа тұрғын үйлер беру шартымен шығару үшiн тұрғын үйлер беру туралы;
4) басқа жерге кетуiне байланысты тұрғын үйдi сол елдi мекенге қайтып келгеннен кейiн басқа тұрғын үй беру шартымен жергiлiктi атқарушы органға немесе заңды тұлғаға өткізу туралы;
5) тұрғын үйдiң (үйдiң бiр бөлiгiнiң) немесе тұрғын үй кешенiнiң құрылысына еңбек етiп қатысқан адамға немесе құрылысты қаржыландыруға өз қаражатымен қатысқан адамға тұрғын үй беру туралы;
6) еңбек шартының ережелерi бойынша тұрғын үй беру туралы жасалуы мүмкiн.
ҚР 10.07.01 ж. № 227-II Заңымен 116-бап өзгертілді
116-бап. Орнына басқа тұрғын үй беру жағдайымен бұзылуға тиiстi тұрғын үйдi босату туралы шарт
1. Жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн бөлiнуiне байланысты тұрғын үйлердi бұзған жағдайда тұрғын үйдi бұзушы құрылыс салушылар мен меншiк иелерiнiң (жалдаушылардың) арасында бұзылған тұрғын үй-жайлардың орнына бұрынғы меншiк иелерiне (жалдаушыларға) нақ сол немесе басқа жер учаскесіндегі жаңадан салынған тұрғын үйлерден меншiгiне (жалға) тұрғын үй беру туралы шарт жасалуы мүмкiн.
Бұл жағдайда құрылыс салушы меншiк иесiне (жалдаушыға) сол Заңның 75-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй беруге мiндеттi, ал бұзылуға тиiстi тұрғын үй иелерi (жалдаушылар) өздерi орналасқан үй-жайларды шартта көрсетiлген мерзiмде босатуға мiндеттi. Тараптардың келісімi бойынша шартта тұрмысқа жайлы тұрғын үй берудiң өзге де жағдайлары мен мерзiмдерi, мүмкiн болатын өтемақы сомасы, тұрғын үйдiң көлемi, қабаты, бөлмелер саны, отбасының құрамы және басқа тараптардың мүддесiн қозғайтын жағдайлар көрсетiледi.
Тұрғын үй тиiсiнше меншiкке немесе пайдалануға берiлуi мүмкiн.
Көшiрiлуге тиiстi азаматтар тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiлгенге дейiн осы елдi мекенде орналасқан әрi техникалық және санитариялық нормаларға сәйкес келетiн уақытша тұрғын үйлерге (олардың келісімiмен) орналастырылады. Уақытша тұрғын жайға ақы төлеу жөніндегі шығындар құрылыс салушыға жүктеледi.
2. Егер тұрмысқа жайлы тұрғын үй шартта көрсетiлген мерзiмде берiлмесе, құрылыс салушы соттың шешiмi бойынша өз қаражаты есебiнен тұрған үйiнен айрылған меншiк иесiне (жалға алушыға) шарттың ережелерiнде көзделген талаптарға сәйкес басқа тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ шарттық мiндеттемелердiң бұзылуы салдарынан келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi болады.
6 БӨЛIМ
17-тарау. Өтпелi ережелер
117-бап. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтар кезегiнiң сақталуы
1. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұрған азаматтар осы Заң күшiне енгiзiлген кезден бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан бұрынғы тәртiппен тұрғын үй алу құқығын сақтайды.
2. Мемлекеттік кәсiпорындардың тұрғын үй қоры мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына берiлген жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органға тұрғын үй қорымен бiрге жұмыс орны бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтардың тiзiмi де берiледi.
Бұл орайда тұрғын үй қоры берiлген кезде жұмыс орны бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын адамдар оларды жұмыс орны бойынша есепке қабылдау күнiн негiзге ала отырып тұрғылықты жерi бойынша жасалған тiзiмге енгiзiледi. Егер аталған адамдар тұрғылықты жерi бойынша да есепке тұрса, олар арыз берушiнiң таңдауымен жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша есепке қойылған күнiне қарай тiзiмге енгiзiледi.
Жергiлiктi атқарушы органдар тұрғын үйге мұқтаждар тiзiмiне өзгерістердi осы Заңның 78-бабында белгiленген тәртiп бойынша, енгiзiлген өзгерістер себебiн көрсету және анықтау арқылы он күн мерзiм iшiнде жария етедi.
ҚР 21.03.02 ж. № 308-II Заңымен 118-бап өзгертілді
118-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте және кезектен тыс тұрғын үй беру
1. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаждарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын үй:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына және белгiленген тәртiппен соларға теңестiрiлген адамдардың отбасыларына;
2) Кеңес Одағының Батырларына, Социалистiк Еңбек Ерлерiне, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған және бұрын "Ардақты ана" атағы берiлген аналарға, сондай-ақ Даңқ, Еңбек Даңқы, "КСРО Қарулы Күштерiнде Отанға қызмет еткенi үшiн" ордендерiмен марапатталғандарға;
3) азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде және КСРО мен Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі басқа да жауынгерлiк операциялар кезiнде ұрыс қимылдарын жүргiзген армия құрамында болған адамдарға, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандарына, жауынгер-интернационалистерге, сондай-ақ КСРО мен Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі жауынгерлiк операцияларға қатысқан басқа да адамдарға;
4) I және II топтағы мүгедектерге (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
5) мемлекеттік немесе қоғамдық мiндеттердi атқару кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртібін қорғау кезiнде не өндiрiстегi жазатайым жағдайдың салдарынан қаза тапқан адамдардың немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердiң (партизандардың) отбасыларына;
6) заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдарға;
7) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша экологиялық зiлзалалардың, Чернобыль апатының, Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ азаматтық және әскери мақсаттағы басқа да ядролық объектiлердегi жарылыстардың салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарға;
8) заңсыз сотталу немесе саяси тұрғыда сотсыз қуғын-сүргiнге ұшырау (сот тәртібімен саяси қуғын-сүргiн құрбандары деп таныту немесе саяси қуғын-сүргiннен зардап шегу) фактілері сот тәртібімен анықталған азаматтарға;
9) 30 жасқа дейiн алғаш некеге отырған және некеге отырғаннан кейiнгi алғашқы үш жылда балалы болған жас жұбайлар отбасыларына;
10) мүгедек балаларды тәрбиелеушi адамдарға;
11) көп балалы отбасыларға;
12) III топтағы мүгедектерге, жасына байланысты демалысқа шыққан зейнеткерлерге, жалғызбасты аналарға (некеге тұрмаған бала тәрбиелеушi әйелдерге), егiз бала тапқан отбасыларына, егер азаматтардың бұл санаты Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген тәртiппен анықталатын ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыс алатын болса;
13) жиырма жылдан артық қызмет атқарған және әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттың (қызметкерлер санының) қысқаруына байланысты босатылған әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери қызметке дейiнгi тұрған жерiне қайтып оралған кезде;
14) мемлекеттік білім беру мекемелерiнiң педагогикалық қызметкерлерiне;
15) мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде халыққа тiкелей медициналық және дәрi-дәрмек көмегiн көрсетушi медицина және фармацевтика қызметкерлерiне;
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) судьяларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне тең дәрежеде берiледi.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан бiрiншi кезектi тәртiппен тұрғын үй алған азаматтар жергiлiктi атқару органдарының шешiмi бойынша ғана бiрiншi кезектi тәртiппен басқа тұрғын үй алудың тiзiмiне тағы да енгiзiлуi мүмкiн.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаждарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезексiз тұрғын үй: 1) тұрғын үйi Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғат апаттарының салдарынан тұру үшiн жарамсыз болып қалған азаматтарға;
2) мемлекеттік балалар мекемесiнен, туған-туысқандарынан, қорғаншысынан немесе қамқоршысынан қайтып оралған адамдарға, бұрын тұратын тұрғын үйiне оның бұзылуы немесе тұрғын емес үй-жай етiп жабдықталуы себептi қайтып оралуы мүмкiн болмаған жағдайда;
3) заңсыз сотталу салдарынан тұрғын үйiнен айрылған ақталған адамдарға, бұрынғы тұрғын үйiн қайтару мүмкiн болмаған кезде, егер тұрғын үй беру туралы талап ақталғаннан кейiнгi бiр жылдың iшiнде мәлiмделсе;
4) кәмелетке толғанға дейiн ата-анасынан айрылған жиырма жасқа толмаған жетiм балаларға берiледi. Әскери қызметке шақырылған кезде мұндай адамдардың жасы олардың мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
5) еңбек шартынан туындайтын мемлекеттік мiндеттемелер әсерiмен тұрғын үй берiлуге тиiстi не бұрынғы тұрғын үйiн пайдалану мүмкiндiгiнен заңсыз айрылған адамдарға;
6) бұрынғы тұрғын үйi өздерiне сақталмайтын жағдайда, егер бұл басқа жерге көшумен байланысты болса, сайланбалы мемлекеттік қызметке сайланған адамдарға берiледi.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары берiлген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үй алуға құқылы.
119-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан шарт арқылы
тұрғын үй беру
1. Осы Заң қабылданғанға дейiн қолданылып келген тұрғын үй заңдарына сәйкес жасалған шарттар осы Заңда мұндай шарттар жасау көзделмеген жағдайларда да орындалуға тиiс.
2. Тұрғын үй-жай беру туралы шарт жасасқан мемлекеттік кәсiпорынның тұрғын үй қоры мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына берiлген жағдайда шартпен келісілген тұрғын үй беру мiндетi бұл қорды өз иелiгiне қабылдаған жергiлiктi атқарушы органдарға жүктеледi.
3. Мемлекеттік тұрғын үй қоры мен аяқталмаған тұрғын үй құрылысы басқа құрылыс салушыға берiлген кезде оған бұрынғы құрылыс салушының шартпен келісілген тұрғын үй беру мiндеттерi жүктеледi.
ҚР 10.07.01 ж. № 227-II Заңымен 119-1-баппен толықтырылды
119-1-бап. Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн алып қоюға (сатып
алуға) байланысты тұрғын үйдi бұзған кезде меншiкке
тұрғын үй беру ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн алып қойған (сатып алған) кезде алып қойылатын (сатып алынатын) жер учаскесiнде орналасқан тұрғын үйдiң меншiк иесiнің таңдауы бойынша тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтем төленедi не меншігіне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе үй) берiледi, егер азаматтарға заңмен өзге де жеңiлдiктi нормаларға кепiлдiк берiлмеген болса, оның пайдалы алаңы алып қойылатын (сатып алынатын) тұрғын үйдiң (пәтердің немесе үйдiң) пайдалы алаңынан аспауға тиiс.
Осы Заңның 115-бабында көзделген шарттық мiндеттемелерге орай нақ сол немесе басқа жер учаскесiнде бұзылған тұрғын жайлардың орнына жаңадан салынған тұрғын үйлерден бұрынғы меншiк иелерiнiң (жалға алушылардың) меншiгiне (жалға) басқа тұрғын үй беру құрылыс салушының келісімiмен ғана жүзеге асырылады.
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 119-2-баппен толықтырылды
119-2-бап. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету
құқығын беру ерекшелiктерi
Осы Заңның 98-1-бабының күшi Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығын iске асыруға байланысты туындайтын құқық қатынастарына ғана қолданылады.
ҚР 21.03.02 ж. № 308-II Заңымен 120-бап өзгертілді
120-бап. Қызметтiк тұрғын үйден шығару ерекшелiктерi
Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн берiлген қызметтiк тұрғын үйден тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй берiлместен:
1) I және II топтағы мүгедектердi (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдарды;
3) мемлекеттік немесе қоғамдық мiндеттердi, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртібін қорғау кезiнде, өндiрiстегi жазатайым жағдайдың салдарынан қаза тапқандардың немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердiң отбасыларын;
4) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша Чернобыль апатының, Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ басқа да азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарды;
5) қызметтiк тұрғын үй берген кәсiпорында немесе мекемеде кемiнде он жыл жұмыс iстеген адамдарды;
6) қызметтен босатылған, өздерiне соған байланысты қызметтiк тұрғын үй берiлген, бiрақ сол кәсiпорынмен немесе мекемемен еңбек қатынастарын тоқтатпаған адамдарды;
7) жасы бойынша немесе денсаулық жағдайы бойынша, сондай-ақ штаттардың қысқаруына, кәсiпорынның немесе мекеменiң таратылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарды;
8) қызметтiк тұрғын үй берiлiп, қайтыс болған қызметкерлердiң отбасы мүшелерiн;
9) көп балалы отбасыларын шығаруға болмайды.
121-бап. Мемлекеттік емес меншiк нысанына негiзделген
заңды тұлғаларға тиесiлi тұрғын үйлердi пайдалану
Мемлекеттік емес меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғаға тиесiлi тұрғын үйдi жалдау (жалға беру) жөнiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн жасалған шарт аталған шарттың қолданылу мерзiмiнде күшiн сақтап қалады.
Қазақстан Республикасының