Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 шілдедегі
№ 227-II Заңы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат, № 23, 921-құжат):
1) 21-баптың 2-тармағы "ортақ шаруашылық" деген сөздердiң алдынан "кемiнде бес жыл" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 29-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тұрғын үйдiң және жер учаскесiнiң нарықтық құнын қоса, меншік иесiне құқығы тоқтатылғанға дейiн төленетiн ақшалай өтем төленуге, сондай-ақ меншiк иесiне келтiрiлген залалдардың орны толық толтырылуға;";
2) тармақшадағы "жаңа" деген сөз "тұрмысқа жайлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 116-бапта "жаңа" деген сөздер "тұрмысқа жайлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 119-1-баппен толықтырылсын:
"119-1-бап. Қазақстан Республикасының астанасында мемлекеттік
қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қоюға (сатып
алуға) байланысты тұрғын үйдi бұзған кезде меншiкке
тұрғын үй беру ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасының астанасында мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қойған (сатып алған) кезде алып қойылатын (сатып алынатын) жер учаскесiнде орналасқан тұрғын үйдiң меншiк иесiнің таңдауы бойынша тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтем төленедi не меншігіне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе үй) берiледi, егер азаматтарға заңмен өзге де жеңiлдiктi нормаларға кепiлдiк берiлмеген болса, оның пайдалы алаңы алып қойылатын (сатып алынатын) тұрғын үйдiң (пәтердің немесе үйдiң) пайдалы алаңынан аспауға тиiс.
Осы Заңның 115-бабында көзделген шарттық мiндеттемелерге орай нақ сол немесе басқа жер учаскесiнде бұзылған тұрғын жайлардың орнына жаңадан салынған тұрғын үйлерден бұрынғы меншiк иелерiнiң (жалға алушылардың) меншiгiне (жалға) басқа тұрғын үй беру құрылыс салушының келісімiмен ғана жүзеге асырылады."
2. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 7-8, 79-құжат):
1) 3-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн жердi алып қою (сатып алу) туралы шешімдер қабылдайды, бұл орайда жер учаскелерінің меншік иелері немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар учаскелердi алдағы кездегi алып қоюдан (сатып алудан) кемiнде үш ай бұрын бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жазбаша хабардар етiлуге тиiс";
2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
"3-1-бап. Жер учаскелерiн мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн алып қою
(сатып алу) ерекшелiктерi
1. Жер пайдалану құқығын сатып алған меншiк иелерi мен мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою алдағы кезде жер учаскелерiн сатып алуға дейiн үш айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оларды мiндеттi түрде хабардар ете отырып сатып алу тәртібімен жүзеге асырылады. Меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар осындай хабар алған күннен үш ай өтпей тұрып жер учаскесiн сатып алуға меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының келісімiмен ғана жол берiледi.
Егер меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiнiң жер учаскесiн мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн сатып алу туралы шешiммен келiспесе не сатып алынатын жер учаскесiнiң бағасы немесе сатып алудың басқа да шарттары жөнiнде олармен келісімге қол жетпесе, астананың атқарушы органы үш ай өткеннен кейiн жер учаскесiн сатып алу туралы сотқа талап қоюға құқылы.
2. Сатып алынатын жер учаскесінің бағасын анықтаған кезде оған жер учаскесiнiң немесе оған құқықтардың және онда тұрған жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны, сондай-ақ жер учаскесiнен айырылуына байланысты меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген залалдар, олардың үшiншi тұлғалар алдындағы мiндеттемелерiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға байланысты шегетiн залалдарын қоса алғанда, барлық залалдар қосылады.
3. Уақытша өтеусiз жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн алып қою жер пайдалану құқығы сатып алынбай жүзеге асырылады. Жер пайдаланушыларға толық көлемiнде залалдардың орны толтырылады, сондай-ақ олардың тiлегi бойынша басқа жер учаскесінің берiлуi мүмкiн.".
3. "Жер туралы" 2001 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 4, 21-құжат):
1) 67-баптың 2-тармағының бірінші және екінші сөйлемдері "жер пайдаланушыға" және "жер пайдаланушы" деген сөздерден кейін ", егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 70-баптың екінші бөлігі "жер пайдаланушысына" деген сөздерден кейін ", егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті