22) Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларын бекітеді;
23) тұрақты ұшудың кестесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстердің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
24) субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде Ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығын бекітеді;
25) азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекітеді;
26) азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат береді;
27) әуежайдың және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелері мен Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаларды келісуді жүзеге асырады;
28) мүдделі мемлекеттік органдар арасында авиациялық қауіпсіздік саласындағы қызметті үйлестіруді жүзеге асырады, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекеттерін тексеруде мемлекеттік органдарға жәрдемдеседі, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
29) әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсаттамалардың түрлері мен нысандарын бекітеді;
30) авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекітеді;
31) азаматтық авиация саласында әуе қозғалысына қызмет көрсетілуін, ұшудың радиотехникалық және метеорологиялық қамтамасыз етілуін бақылауды, сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен оның сапасын тексеруді жүзеге асырады;
32) авиациялық техника мен оған жерде қызмет көрсету құралдарының ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
33) әуе кемесі, оның компоненттері, қосалқы бөлшектері мен қосымша аспаптары жай-күйінің пайдаланушыға берілген ұшуға жарамдылығы сертификатының талаптарына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
34) авиация персоналына жататын адамдардың осы Заңға сәйкес белгіленген талаптар мен нормаларды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
35) авиация персоналының кәсіптік даярлығы және денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды азаматтық авиация ұйымдарының қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асырады;
36) әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) объектілерінің, қону алаңдарының күтіп-ұсталуын және осы Заңның 65-бабы 1-тармағының 1)-7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген әуежай қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
37) азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарының бұзылуын есепке алуды жүргізеді;
38) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарауындағы ұйымдарды азаматтық авиация саласында сертификаттауға, инспекциялық тексеруге тартудың тәртібі мен шарттарын айқындайтын қағидаларды бекітеді;
39) тексеру парақтарының нысандарын әзірлеп, бекітеді және тексерулердің жыл сайынғы жоспарларын бекітеді;
40) азаматтық авиация ұйымдарын тексеру мәселелері бойынша ведомстволық есептіліктің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
41) азаматтық авиация ұйымдары қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін әзірлейді және бекітеді;
42) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының азаматтық авиацияның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
1) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдары мен пайдаланушыларға ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша оларды орындау мерзімдерін белгілей отырып, нұсқаулар мен инспекторлық нұсқамалар беруге;
2) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдары мен пайдаланушылардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды сұратуға, сондай-ақ түсініктемелер мен материалдарды олардың ұсынылу мерзімдерін белгілей отырып талап етуге;
3) қызметтік міндеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы әуежайларының барлық бақыланатын аймақтарына, әуе кемелеріне және пайдаланушылардың ангарларын, отын сақтау орындарын, қызмет бөлмелерін және авиациялық оқу орталықтарын қоса алғанда, азаматтық авиация ұйымдарының объектілеріне кедергісіз кіруге;
4) авиация персоналы куәлігінің, кеме, ұшу құжаттамасының, сертификаттардың, рұқсаттардың және берілуі осы Заңда көзделген құжаттардың болуын, сондай-ақ шетелдік кемелерді қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігін тексеруге;
5) ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің бортында (әуе кемесінің кабинасында немесе салонында болу құқығымен қоса) пайдаланушымен келісім бойынша болуға құқығы бар.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары азаматтық авиация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, азаматтық авиация ұйымдары мен пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы Заңда белгіленген негіздерде және тәртіпке сәйкес тексерулер жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезеңінде азаматтық авиация ұйымдарының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және олардың жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға міндетті.
15-бап. Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы құзыреті
Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) әуе кеңістігін пайдалану мен мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды жүзеге асырады;
3) әуе шабуылына тойтарыс беру немесе әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзуды болғызбау және (немесе) тоқтату жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына және қауіпсіздігіне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою жөнінде шаралар қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзудың жолын кеседі;
5) тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен, ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалануға арналған режимдерді және қысқа мерзімді шектеулерді белгілейді;
7) тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсаттар береді;
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге арнайы бөлінген дәліздерден тыс шет мемлекеттердің әуе кемелерінің әуе кеңістігінде халықаралық ұшуды орындауына рұқсаттар береді;
9) шет мемлекеттердің мемлекеттік авиациясы әуе кемелерінің халықаралық ұшуды орындауына арналған рұқсаттарды келіседі;
10) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін мемлекеттік авиацияның бұзуын есепке алуды жүргізеді;
11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын штурмандық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
15) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркелім және қосымша танылым белгілерін салу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
16) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерінің пайдалануға жарамдылығының нормаларын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарына қойылатын тактикалық-техникалық талаптарды бекітеді;
17) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларын бекітеді;
18) Мемлекеттік авиация әуеайлақтарының, автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерінің тізілімін және оны жүргізу тәртібін бекітеді;
19) мемлекеттік авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды береді;
20) мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын есепке алуды жүргізеді, авиациялық оқиғалар мен инциденттерді сыныптауды, мемлекеттік органдардың мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерге тексеру жүргізу жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
21) мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны бекітеді, мемлекеттік авиациядағы ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
22) Мемлекеттік авиацияның авиация персоналын куәландыру қағидаларын бекітеді және мемлекеттік авиацияның авиация персоналына жататын адамға оның қажетті білімі мен дағдысының бар екенін, сондай-ақ оның денсаулығының белгіленген талаптарға сай екенін растайтын кәсіптік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған куәлікті береді;
23) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік авиацияның қызметкерлері лауазымдарының тізбесін айқындайды;
24) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
25) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
26) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
27) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
28) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекітеді;
29) Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
30) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16-бап. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау
1. Осы Заңда азаматтық авиация саласындағы сертификаттау деп осы Заңда көзделген әуе кемелерінің, әуеайлақтардың және авиациялық қызметтер көрсетудің әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растау түсініледі.
2. Сертификаттаудың мақсаты адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканың және азаматтардың сапалы авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
16-бабының 3-тармағының екінші-алтыншы абзацтары ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
Өтініш беруші сертификаттау жүргізудің алдында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға сертификаттық зерттеуге жасалатын алдын ала қорытындыны ұсынуға міндетті.
Сертификаттық зерттеуге жасалатын алдын ала қорытындыны дайындау құжаттарды сараптау және сертификатталатын объектіні зерттеу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
Сертификаттық зерттеуге жасалатын алдын ала қорытындыны дайындауды және беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарауындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын ұйым жүзеге асырады.
Аталған ұйымның қорытындыны дайындау және оны беру жөніндегі жұмысы мемлекеттік монополия саласына жатады, осы ұйым мен өтініш беруші арасында жасалатын шарт бойынша өтеулі негізде жүзеге асырылады.
Сертификаттық зерттеуге жасалатын алдын ала қорытындыны дайындаудың және берудің мерзімі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарауындағы ұйым мен оның сертификаттық зерттеуге жасалатын алдын ала қорытындыны дайындауды жүзеге асыратын инспекторлары қорытындыда көрсетілген мәліметтердің дәйектілігі үшін жауаптылықта болады.
5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарауындағы ұйым көрсететін қызметтердің бағасы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді.
3-тарау. ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
1. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру әуе кемелерінің ұшуын (әуе қозғалысын) қауiпсiз, үнемдi және тұрақты орындауды, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметтi қамтамасыз етудi көздейдi.
Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру:
1) әуе кеңiстiгiнiң құрылымын белгiлеуді;
2) осы Заңның 25-бабында белгiленген басымдықтарға сәйкес әуе кеңiстiгiн пайдалануды жоспарлауды және үйлестiруді;
3) бақыланатын әуе кеңiстiгiн пайдаланудың рұқсат беру тәртібін айқындауды және қамтамасыз етуді;
4) бақыланбайтын әуе кеңiстiгiн пайдаланудың хабарламалық тәртібін айқындауды және қамтамасыз етуді;
5) әуе қозғалысын ұйымдастыруды, олар:
әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (аэронавигациялық қызмет көрсетуді), әуе қозғалысын басқаруды;
әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды;
әуе қозғалысына қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, әуе қозғалысын басқару мақсатында әуе кеңiстiгiн ұйымдастыруды және әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды білдіреді;
6) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын оның пайдаланушыларының барлығы өздерінің жауапкершілігі аймақтары шегінде сақтауын қамтамасыз етуді:
1) әуе трассаларында, жергілікті әуе желілерінде және әуеайлақтар аумағында - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтар туралы хабарлай отырып, аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары;
2) мемлекеттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен басқа да аудандарында - әуе қозғалысын басқару органдары;
3) әуе трассаларынан және жергілікті әуе желілерінен тыс әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ұшып өту кезінде әуе қозғалысын басқару органдары немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары жүзеге асырады.
3. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыруды азаматтық авиация және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларында айқындалған тәртiппен олар үшiн белгiленген аймақтар мен аудандарда әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару органдары жүзеге асырады.
Әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсету органдары немесе әуе қозғалысын басқару органдары аудандық диспетчерлiк пункттер және әуеайлақ ауданының диспетчерлiк пункттері болып бөлiнедi.
4. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.
5. Мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен аудандарын, сондай-ақ сыныпталмайтын әуеайлақтардың аудандарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсетудi азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым жүзеге асырады.
Жекелеген әуеайлақтардың ауданында әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жеке меншік нысандағы аэронавигациялық ұйым жүзеге асыруы мүмкін.
6. Әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе кемесiнiң әуе қозғалысын басқару үшiн жауапкершiлiк әуе қозғалысына қызмет көрсетудің немесе әуе қозғалысын басқарудың бiр органына ғана жүктеледi және әуе кемесi олардың жауапкершілік аймақтары арасындағы шекараны кесiп өткен кезде басқа органға берiледi.
7. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары орындалатын ұшудың ауқымы мен күрделілігіне қарай үлгі нұсқаулыққа сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.
8. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бұзылуына байланысты күтпеген мән-жайлар жағдайына іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және оларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
9. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын адамның осы Заңның 54-бабына сәйкес берілген әуе қозғалысы диспетчерінің қолданыстағы куәлігі болуға тиіс.
18-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызмет
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметке:
1) әуе кемелерiнiң және басқа да ұшу аппараттарының ұшуы;
2) атыстардың және зымырандарды ұшырудың барлық түрлерi, жарылыс жұмыстары және материалдық объектiлердiң әуе кеңiстiгiнде қозғалуымен байланысты өзге де қызмет жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар болып табылады.
19-бап. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасы
1. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасы, сондай-ақ әрбір сыныптағы әуе кеңістігі шегінде ұшуға және әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.
2. Әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандары, әуеайлақтар мен әуетораптар аудандары, әуе трассалары, жергілікті әуе желілері, әуе кемелерінің ұшуына арналған маршруттар мен арнайы аймақтар, бақыланбайтын әуе кеңістігі аудандары, тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар және әуе кеңістігіндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленетін басқа да арнайы элементтер белгіленеді, бұлардың жиынтығы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымын құрайды.
Әуе кеңістігінің құрылымы Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін әуе кеңістігі деп шегінде ұшудың нақты түрлері орындалуы мүмкін және ол үшін әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері мен ұшу қағидалары айқындалған белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі түсініледі.
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін бақыланатын және бақыланбайтын болып бөлінеді.
Бақыланатын әуе кеңістігі деп шегінде әуе кеңістігінің сыныптамасына сәйкес әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету қамтамасыз етілетін белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі түсініледі.
Бақыланбайтын әуе кеңістігі деп шегінде әуе кеңістігінің сыныптамасына сәйкес әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету ғана қамтамасыз етілетін немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері болмайтын әуе кеңістігі түсініледі.
4. Әуе кеңістігінің сыныптамасы ұшу түріне, әуе кемелерін өзара эшелондауға, әуе қозғалысына қызмет көрсету түріне, әуе кемелерінің ұшу жылдамдығы бойынша шектеулерге, радиобайланысқа қойылатын талаптарға, әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарының ұшуға рұқсат беруінің қажеттігіне байланысты белгіленеді.
20-бап. Әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұсыну
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар үшін аэронавигациялық ұйым ұсынатын әуе қозғалысына қызмет көрсету олардың мемлекеттік тиесiлiгiне, ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан шарттардың (жария шарттардың) негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұсынылатын әуе қозғалысына қызмет көрсету:
1) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелері, сондай-ақ борттағы авариялық жағдайға, материалдық бөлiгiнің істен шығуына немесе ақауына байланысты маршруттары өзгертілген әуе кемелері әуе кемесiнiң ұшып бара жатқан жері айқындалған кезден бастап;
2) әуе кемелерi iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшін;
3) әуе кемелерi дүлей зілзалалар кезінде халыққа медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету үшiн;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелері;
5) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін, корольдiк тұлғаларды, шет мемлекеттердің мемлекет және үкiмет басшыларын тасымалдайтын әуе кемелерi;
6) егер шарт ережелерінде әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін ақы төлеуден босату көзделген болса, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ұшуды орындаған жағдайларда өтеусіз жүзеге асырылады.
21-бап. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.
2. Аэронавигациялық ақпарат көздері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты өтеусіз негізде беруге міндетті және мұндай ақпараттың дәйектілігі, нақтылығы және уақтылы берілуі үшін жауаптылықта болады.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың дәйектілігін, нақтылығын және уақтылы берілуін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.
22-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері
1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету мынадай түрлерді:
1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтиды, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету деп:
әуе кемелері арасындағы және әуе кемелерінің маневр жасау алаңындағы кедергілермен соқтығысуын болғызбау;
әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу мақсаттарында бақыланатын әуе кеңістігінде ұсынылатын қызмет көрсету түсініледі;
2) ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді қамтиды, оның мақсаты ұшудың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету үшін қолда бар байланыс құралдарын пайдалана отырып, консультациялар мен ақпарат беру болып табылады;
3) тиісті ұйымдарды іздестіру-құтқару қызметтерінің көмегіне мұқтаж әуе кемелері туралы хабардар ету және осындай ұйымдарға қажетті жәрдем көрсету үшін ұсынылатын қызмет көрсету болып табылатын авариялық хабар беруді қамтиды.