3) он бес жасқа толған балалардың кәсiби бағдарлау, қызмет саласын таңдау, жұмысқа орналасу, еңбегiнің қорғалу, еңбегiне ақы төлену құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепілдi қамтамасыз етудi;
4) балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету, оларды әлеуметтiк қорғау, соның iшiнде туылуы мен тәрбиеленуiне байланысты, балалары бар азаматтарға мемлекеттік жәрдемақы төлеу жолымен кепiлдi материалдық қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өмiрлiк қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк бейiмдеу және әлеуметтiк оңалту жөніндегі шараларды;
5) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығын қамтамасыз етудi;
6) балаларды сауықтыру мен олардың демалысын ұйымдастыруды, соның iшiнде төтенше жағдайларда, сондай-ақ экологиялық жағынан қолайсыз және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сондай деп танылған аумақтарда тұратын балаларды сауықтыруды ұйымдастыруды;
7) біліктi заң көмегiн көрсетудi қамтиды.
3. Мемлекеттік ең төменгi әлеуметтiк стандарттар олардың өмiр сүру жағдайларындағы аймақтық айырмашылықтар ескерiле отырып айқындалады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi мемлекеттік басқарудың органдары қосымша әлеуметтiк стандарттар белгiлей алады.
4. Тиiстi білім беру ұйымдарындағы, арнаулы оқу-тәрбие ұйымдарындағы, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарындағы немесе өзге де мекемелер мен ұйымдардағы балалардың өздерiне ұсынылған қызмет көрсетулердiң мемлекеттік ең төменгi әлеуметтiк стандарттарға сәйкестiгін мезгiл-мезгiл бағалап отыруға құқығы бар.
19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
1. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы.
2. Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар өздерiнiң қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне сәйкес баланың күтiлуi мен жан-жақты дамуына қажеттi өмiрлiк жағдайларды қамтамасыз етедi.
3. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын өзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлердi құрады және оларды қолдап отырады.
4. Мемлекет балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады.
20-бап. Баланың мiндеттерi
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
4-тарау. Бала және отбасы
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы
Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары
Әрбір бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 23-баптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді
23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттік қолдау
Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi.
24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi
1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері өздерiнің қабiлетi мен қаржы мүмкіндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.
2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндеттi.
25-бап. Баланың ата-анасымен бipгe тұру құқығы
1. Баланың өз ата-анасымен немесе басқа да заңды өкілдерiмен бiрге тұруға құқығы бар.
2. Баланың, ата-анасының немесе заңды өкілдерiнiң ықтиярынсыз баланы ата-анасынан немесе заңды өкілдерiнен айыруға тыйым салынады. Оларды айыру туралы шешiмдi ерекше жағдайларда және баланы қорғау мақсатында қандай дәрежеде қажет болуына қарай сот қана қабылдайды.
3. Ата-анасы бiр-бiрiнен бөлек тұрған жағдайда баланың тұратын жерi ата-анасының келісімiмен, ал ол болмаған жағдайда, ата-аналар арасындағы дау сот арқылы шешiледi. Бұл орайда сот бала ата-анасының жеке қасиеттерi мен жағдайларын, сондай-ақ баланың мүдделерi мен пiкiрiн ескередi.
26-бап. Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы
1. Баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар.
2. Бала құқығын шектеуге байланысты туындаған, осы бапта көзделген даулар сот тәртібімен шешiледi.
5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары
27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға оның мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғаншылық, қамқоршылық немесе патронат белгіленеді.
2. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға белгiленедi, ал қамқоршылық он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға белгiленедi.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық органдары болып табылады.
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның iшiнде тәрбиелеушi, емдеушi немесе басқа мекемедегi балаға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес патронат белгiленуi мүмкiн.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Аға-інілері және апа-сіңлілері бар балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген жағдайда, олардың бірге тұруы үшін жағдай жасалады.
28-бап. Бала асырап алу
Отбасында өсiріп-жетiлдiру мен тәрбиелеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырап алуға берiлуi мүмкін.
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оны отбасында тәрбиелеуге беруге мүмкіндiк болмаған жағдайда, тәрбиелейтiн, емдейтiн немесе сол сияқты өзге де балалар мекемелерiне орналастырылуға тиiс.
2. Балаға тиесiн алимент, жәрдемақы және басқа әлеуметтiк төлемдер оның банк шотына аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен төленедi.
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелердегi балаға отбасылық тәрбиеге жақындатылған жағдай жасалады. Баланың күтіп-бағуды пайдалануға, тәрбие, білім алуға, жан-жақты дамуға, ар-ожданы мен қадiр-қасиетінің құрметтелуiне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуiне, ана тiлінiң, мәдениетiнiң, ұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрiнің сақталуына құқығы бap.
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетiн, емделетiн және сол сияқты өзге де мекемелердiң аталған мекемелердегi балаларға қатысты педагогикаға жат немесе азғындық әрекеттер жасаған қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және соған ұқсас басқа да мекемелердегi баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды, оның жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айрылған жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беріледi.
30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдар
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Балалар үйлерiне туғаннан бастап үш жасқа дейінгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды Балалар үйiнде уақытша күтіп-бағу үшiн арнаулы бөлiмше ашылады.
Мамандандырылған Балалар үйлерiне туғаннан бастап төрт жасқа дейiнгi, психикасының және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балалар қабылданады.
Арнаулы білім беру ұйымдарына он бiр жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, мiнез-құлқы ауытқымалы балалар орналастырылады.
Интернаттық ұйымдарға үш жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.
Жалпы үлгiдегi жалпы білiм беретiн мектеп-интернатқа жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ күн көрiсi төмен және көп балалы отбасылардың алты жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, осы үлгiдегi ұйымдарда күтіп-бағылуға қайшы келетiн медициналық көрсеткiштерi жоқ балалар қабылданады. Интернаттық ұйымдар кәмелетке толмағандарға тұратын орын бере отырып, тәрбиелеуге, білім беруге және күтiп-бағуға мемлекеттік кепiлдiктi қамтамасыз етедi.
Ақыл-eci кем балаларға арналған интернат-үйлерге төрт жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, күтіп-бағуды, медициналық, тұрмыстық қызмет көрсетудi және әлеуметтiк-еңбекке бейiмделудi қажет ететiн балалар қабылданады.
Отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдарына он сегiз жасқа дейiнгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдарына қабылдаудың және оларды күтiп-бағу жағдайының тәртібі отбасы үлгiсіндегі балалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйлерi туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң шешiмi негiзiнде балалар үйлерi мен балалар ауылының жиырма үш жасқа дейiнгi түлектерi, он алты жастан бастап балалар ауылы мен балалар үйлерiнен көшiрiлген тәрбиеленушiлер Жасөспiрiмдер үйлерінде әлеуметтiк бейiмделуден өтуi мүмкiн.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына қадағалаусыз және қараусыз қалған үш жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi балалар олардың ата-аналарын немесе басқа заңды өкілдерiн анықтау үшiн қабылданады.
2. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға балаларды қабылдау және оларды күтiп-бағу талаптары, осы Заңмен белгiленбеген бөлiгiнде, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген орган бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
6-тарау. Мүгедек баланың құқықтары
31-бап. Мүгедек баланың толымды өмiрге құқықтары
1. Мүгедек баланың қоғам өмiрiне белсене араласуына ықпал ететiн өз қадiр-қасиетiн қамтамасыз ету жағдайындағы толымды өмiрге денi сау балалармен бiрдей құқығы бар.
2. Мүгедек бала өзiнің дене бiтiмiне, ақыл-ес қабiлетiне және тiлегiне сай білім алуға, қызмет түрi мен кәсiптi таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға құқылы.
3. Ақыл-есiнiң немесе дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларды қоса алғанда, мүгедек балалар мамандандырылған балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтiк көмек aлуға құқылы.
32-бап. Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепiлдiктер
1. Мемлекеттік органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүгедек баланың денсаулық жағдайын, қажеттерi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, оны оқыту, кәсiптiк даярлау, лайықты жұмыс тауып беру және жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.
2. Мүгедек балалардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, оларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтi жеке жүзеге асыратын және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен жеңiлдiктер белгiленуi мүмкiн.
33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттік көмек
1. Мемлекет мүгедек балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық шаралар кешенiн жүзеге асырады.
2. Мүгедек балаларға көрсетiлетiн мемлекеттік көмек Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
3. Мүгедек балаларды тәрбиелеушi және оларды күтiп-бағуды жүзеге асырушы ата-аналардың және басқа да заңды өкілдердің мемлекеттік көмек алуға құқығы бар.
7-тарау. Бала және қоғам
34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу
1. Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерiмен, рухани қазыналарымен және әлемдік мәдениет жетiстiктерiмен танысуына мүмкіндiк жасайды.
2. Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабiлетiн дамыту үшiн ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио хабарларын шығаруды, балаларға арналған газеттер, журналдар, кiтаптар басып шығаруды көтермелейдi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.
3. Порнографияны, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететiн және құқық бұзушылыққа ықпал ететiн бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиеттi, ойын-сауық және басқа iс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады.
35-бап. Бала және дiн
1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, білім беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.
2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келісімiмен жасалады. Балаларды дiнге тарту жөніндегі мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.
36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау
1. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтiретiн әлеуметтiк ортаның, ақпараттың, насихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi.
2. Салауатты өмiр салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім берудi мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бiрi деп таниды.
3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс.
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуына тыйым салынады.
37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау
1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған білім беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.
2. Балаға алкогольдi iшiмдiктердi, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.
4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерiнде, сондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде шылым шегуге, темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
5. Балалар мекемелерiнде, білім беру ұйымдарында және оларға iргелес жүз метр радиустегi аумақта алкоголь өнiмдерiн сатуға тыйым салынады.
38-бап. Баланы есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау
1. Бала есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн немесе улы заттарды қолданудан, оларды дайындаудан, сатудан немесе өзге де жолдармен таратудан қорғауға тиiс.
2. Баланы есiрткi, психотроптық заттарды тұтынуға тартқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Баланы оның денсаулығына, имандылық және рухани жағынан дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау
1. Балаларға арнап нәсілдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни өшпендiлiктi өршiтуге бағытталған, тектiк-топтық ерекшелiктi, соғысты насихаттайтын, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулерi, порнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтiретiн ойыншықтарды, кинофильмдердi, дыбыс- және бейнежазбаларды көрсетудi, сатуды, сыйға тартуды, көбейтудi және прокатқа берудi жүзеге асыруға, әдебиеттердi, газеттердi, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-бап. Баланы жезөкшеліктен қорғау
Баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 40-1-баппен толықтырылды
40-1-бап. Баланы оның денсаулығына, имандылық және рухани жағынан дамуына зиян келтіретін өнімдер айналымына тарту іс-әрекеттерінен қорғау
Баланы порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді, өзге де заттарды не материалдарды дайындауға, жарнамалауға, көпшілік алдында көрсетуге немесе таратуға тарту, сол сияқты оларды балаға сату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу
Баланы соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға, балалардың әскерилендiрiлген құрамаларын құруға тыйым салынады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 7-тарау 41-1-баппен толықтырылды
41-1-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау
Қазақстан Республикасы, орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне қарамастан, балаларды заңсыз алып кетудің, ұрлап әкетудің, олармен сауда жасаудың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оларды тұрақты тұратын еліне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.
8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
42-бап. 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
43-бап. Баланың заңды өкілдерi
1. Баланың заңды өкілдерi барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, оның iшiнде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнайы өкiлеттiксiз баланың (немесе баланы асырап алуы) туралы куәлiгi, ата-аналарының паспорты, қорғаншының жеке басының куәлiгi негiзiнде балаларға өкілдiк етудi және олардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында кәмелетке толмағандардың дербес азаматтық, неке-отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастарға түсу және өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау құқығы көзделген жағдайларды қоспағанда, он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн олардың заңды өкілдерi қорғайды.
3. Тәрбиелеу, емдеу ұйымдарындағы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарындағы балаларға өкілдiк ету мен олардың мүдделерiн қорғауды осы ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға өкілдік ету мен оның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау yaқытша, баланы отбасына немесе балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асырушы ұйымға орналастырғанға дейiн қорғаншылық, және қамқоршылық органына жүктеледi.
44-бап. Мемлекеттік органдар және баланың құқықтарын қорғау
Балалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
45-бап. Осы Заңды орындау кезiнде дауларды шешу тәртібі
Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар), сондай-ақ балаға білім беру, оны тәрбиелеу, дамыту, оның денсаулығын сақтау, оны әлеуметтiк қорғау мен оған әлеуметтiк қызмет көрсету, оның әлеуметтiк бейiмделуіне, әлеуметтiк оңалуына жәрдемдесу жөніндегі қызметті және (немесе) ол қатысатын өзге де қызметті жүзеге асыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiпте, баланың денсаулығына, мүлкiне келтiрiлген зиянды, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-бап. Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттік баяндама
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы балаларды қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады және ол ресми баспа басылымдарында жарияланады.
47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау
1. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың өз мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.
2. Баланың тұрып жатқан жерiндегі қорғаншы және қамқоршы органдар, аумақтық көшi-қон қызметтерi ата-анасының не өзге де заңды өкілдерiнiң бар екендiгi және олардың тұратын жерi туралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалау немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.
9-тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер етуден ерекшеліктері
48-бап. Бала жауапкершiлігінің ерекшелiктерi
1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жаза түрiн белгiлеу кезiнде баланың өмiр сүру мен тәрбиелену жағдайын, психикалық даму деңгейiн, жеке басының өзге де ерекшелiктерiн, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалын ескеруге тиiс.
49-бап. Баланың мiнез-құлқына әсер етудің ерекшелiктерi
Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтiруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсiлдерiнде баланың адамдық қадiр-қасиетiне менсiнбей, қатал, дөрекi қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиiс.
10-тарау. Қорытынды ережелер
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 50-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік