6) Қазақстан Республикасының Президентiне судьяларды мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға құрметтi атақтар беру туралы ұсыныс енгiзедi;
7) Республика судьяларына «Құрметтi судья» атағын бередi, осы атақты беру тәртібі туралы ереженi бекiтедi;
8) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
9) заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның мiндетi Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайда Төрағаның мiндетiн уақытша атқаруды Қазақстан Республикасының Президентi Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының (судьясының) бiрiне жүктейдi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 21-баптын тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшiн судьялардың тиiстi құжаттарды дайындауын қамтамасыз етедi;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпарат бередi;
5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сот алқасының төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның мiндетiн атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша алқа судьяларының бiрiне жүктеледi.
22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы
1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)(бұр. ред. қара) ; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;
2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрмелер береді, нормативтiк қаулылар қабылдайды және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
3-1) заңға сәйкес сот істерін қадағалау тәртібімен қарайды;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының хабарламасын тыңдайды;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) облыстық соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды талқылайды және тиісті қорытындылар шығарады;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыс Хатшысын және ғылыми-консультациялық кеңестiң құрамын бекiтедi , сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриін сайлайды;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
7-1) сот төрелігін іске асыру бойынша төмен көрсеткіштері немесе сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін екі және одан да көп тәртіптік жазалары бар судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)
7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;
8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып табылады.
3. Жоғарғы Сот жалпы отырысының жұмыс тәртібі өзi бекiтетiн регламентпен белгiленедi.
3-бөлiм. СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСI
1-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
23-бап. Судья мәртебесi
1. Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.
Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен судьяға сот төрелiгiн жүзеге асыру жөніндегі өкiлеттiктер берiледi, ол өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайды және сот билiгiн жүргiзушi болып табылады.
Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.
2. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайды.
24-бап. Судьялардың ауыстырылмайтындығы
1. Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негiзде өкiлеттiктерге ие болады.
2. Судьяның өкiлеттiгi тек қана осы Конституциялық заңда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн.
25-бап. Судьяның тәуелсiздiгi
1. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады.
Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
2. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.
3. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
4. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.
26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi
1. Судьяның тәуелсiздiгi:
1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен;
2) судьяның сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі қызметiне араласқаны үшiн, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшiн заңда жауаптылық белгiлеумен;
3) судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен;
4) Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкiлеттiгiн тоқтату және тоқтата тұру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;
5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2. Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады.
Егер судьядан тиісті өтініш түссе, ішкі істер органдары судья мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкілікті шаралар қабылдауға міндетті.
Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi.
27-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеуi
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1. Судьяны, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімiнсiз, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгiленген жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келісімiнсiз оны қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға тиіспеушілік оның жеке басына, меншігіне, ол тұратын тұрғын үй және қызметтік үй-жайларға, ол пайдаланатын жеке және қызметтік көлік құралдарына, оған тиесілі құжаттарға, багажына және өзге де мүліктеріне тиіспеушілікті қамтиды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2. Судьяға қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға қатысты арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.
3. Судьяға Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен куәлiк берiледi.
28-бап. Судьяға қойылатын талаптар
1. Судья:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға , судьяның антына адал болуға;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2) сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әділдігіне, объективтілігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
3) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;
4) судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
2. Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
Судьялар партияларға, кәсiптiк одақтарға кiре алмайды, қандай да бiр саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуiне болмайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 29 - бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)(бұр. ред. қара)
29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Аудандық соттың судьясы болып:
жиырма бес жасқа толған;
жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар;
біліктілік емтиханын, оның ішінде мамандандырылған магистратурада тапсырған;
медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растаған;
сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пікірін алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкін. Мамандандырылған магистратураны оқып бітірген адамдарға тағылымдамадан өту талап етілмейді.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс стажы бар немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс стажы бар азамат облыстық соттың судьясы бола алады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс стажы бар немесе кемінде он жыл судьялық жұмыс стажы бар азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Судьялыққа кандидаттар тұрақты негізде сотта тағылымдамадан өтеді.Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережеде айқындалады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 29 -1- баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
29-1-бап. Судья лауазымына кандидатты медициналық куәландыру
1. Судья лауазымына кандидаттың судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растау үшін оған медициналық куәландыру жүргізіледі.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Судьяның кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін аурулардың тізбесі жергілікті және басқа соттарды ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 30 бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
30-бап. Судья қызметіне кандидаттарды іріктеу
1. Судья қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан қызметке орналасуға тең құқық қамтамасыз етіледі.
2. Жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттар іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос орынға орналасуға өтініш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар арасынан конкурстық негізде жүзеге асырады.
Жоғары Сот Кеңесі конкурстың нәтижелері бойынша жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.
3. Аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураны тиісті облыстық соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі қарайды.
Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі қарайды.
Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы қызметіне кандидат Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады.
Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.
Жоғарғы Соттың Төрағасы қызметіне кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды.
Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Соттың Төрағасы, судьясы қызметінің бос орындарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.
31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жергілікті және басқа соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Жергілікті және басқа соттардың сот алқалары төрағаларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша бес жыл мерзімге Сенат сайлайды.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Жергілікті және басқа соттардың төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайды.
6. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 7 тармақ өзгертілді
7. Жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары өкiлеттiк мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн, егер олар бұрынғы қызметтерiне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиiсiнше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.
Тиісті сотта судьялардың бос орны болмаған жағдайда осындай лауазымға қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары олардың келісімімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 8 тармақпен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 8 тармақ өзгертілді
8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, судьялардың жалпы саны қысқартылған кезде осы соттың судьялары олардың келісімімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына тағайындауға конкурссыз ұсынылуы мүмкін.
32-бап. Судьяның ант беруi
1. Судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған адам мынадай мазмұнда ант бередi:
«Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн».
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының отырысында ант бередi.
3. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Облыстық соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы мен судьясы, аудандық соттың төрағасы мен судьясы қызметіне алғаш рет тағайындалған адамдар облыстық соттың жалпы отырысында ант береді.
Судья төраға не сот алқасының төрағасы немесе басқа соттың судьясы болып тағайындалған кезде қайтадан ант бермейді.
33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру
1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:
1) судья Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихатының депутаттығына кандидат болып тiркелсе;
2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;
3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келісім берiлсе;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтату қажеттігі туралы судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының шешімі болса;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) кәсіби жарамсыздығына байланысты судьяның атқаратын қызметіне сәйкес келмейтіні туралы Сот жюриінің қорытындысы болса.
Судьяның өкілеттіктері тоқтатыла тұрған кезде оның тиісті соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметіндегі өкілеттіктері тоқтатыла тұрады;
4) басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.
2. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұруды:
Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Қазақстан Республикасының Президентi;
Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.
3. Егер судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға негiз болған мән-жай жойылса, судьяның өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.
34-бап. Судьяны қызметтен босату және оның өкiлеттiгiн тоқтату
1. Судьяның өкiлеттiгi мынадай негiздерде:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1) судья орнынан түскенде;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) судья өз тілегі бойынша қызметінен босағанда;
2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы бойынша;
3) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенде;
4) осы судьяға қатысты айыптау үкімі заңды күшiне енгенде;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда ;
6) судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген жағдайда;
7) судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) соттың таратылуына немесе өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне байланысты, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы немесе судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімiн бермесе;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)