1. Жеке профилактикасы шаралары:
1) қадағалаусыз және панасыз қалған;
2) арнаулы бiлім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұсталатын;
3) адамның психикикасына дене мүшесi функциялары мен мiнез-құлқына керi әсерiн тигiзетiн алкогольдік ішімдіктерді, есiрткi құралдарын, психотроптық және өзге де күштi әсер ететiн заттарды шамадан тыс пайдаланатын;
4) дәлелсiз себептермен жалпы білім беретiн оқу орындарына бармайтын;
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, әкімшілік жауаптылықтан немесе тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданыла отырып тағайындалған әкімшілік жазаны орындаудан босатылған;
6) қылмыстық жауапкершіліктен немесе ақталмайтын негiздер, оның iшiнде рақымшылық немесе кешiрiм жасау актілерi бойынша жазадан босатылған;
7) қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатын жасқа толмауына байланысты қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын немесе психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуының кешеуiлдеуi салдарынан қылмыстық белгiлерi бар әрекет жасаған;
8) қамауға алуға байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған қылмыс жасады деп айыпталған немесе күдiктi болған;
9) жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған;
10) жазасын өтеу кейiнге қалдырылған немесе үкiмнiң орындалуы кейiнге қалдырылған;
11) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босатылған;
12) ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн сотталған және сот тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жазадан босатқан;
13) шартты түрде, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына, бас бостандығынан айыруға байланысты емес өзге де жазалау шараларына сотталған кәмелетке толмағандарға қатысты жүргiзiледi.
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Егер кәмелетке толмағандардың ата-аналары, басқа да заңды өкiлдерi оларды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз мiндеттерiн орындамаса, олардың мiнез-құлқына терiс әсер етсе, оларға қатысты, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты да жеке профилактикасы шаралары жүргiзiледi.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары олардың тарапынан жаңа құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оларды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою мақсатында кәмелетке толмағандардың құқықтық санасына және мінез-құлқына мақсатты түрде жүйелі әсер ету үшін қолданылады.
2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары:
1) профилактикалық әңгімелесу;
2) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс;
3) профилактикалық есепке алу және бақылау;
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу;
5) тәрбиелік ықпал ету шаралары;
6) қорғау нұсқамасы;
7) әкімшілік жаза қолдану;
8) сот үкімі бойынша қабылданатын шаралар болып табылады.
3. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары осы шаралар қолданылатын кәмелетке толмағандардың жеке ерекшеліктері және олар жасаған құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейі ескеріле отырып айқындалады.
4. Мүдделі адамдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
5. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
6. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын есепке алу орталық атқарушы органдар белгілеген тәртіппен олардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 19-2-баппен толықтырылды
19-2-бап. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіздер
1. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдануға мына мән-жайлардың бірі:
1) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
2) құқық бұзушылық жасау не жасауға әрекет ету фактісін ішкі істер органы қызметкерінің тікелей анықтауы;
3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін өзі басқару органдарынан түскен материалдар негіз болып табылады.
2. Құқық бұзушылық жасау туралы немесе оны жасау қатері туралы өтініштер мен хабарламаларды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 19-3-баппен толықтырылды
19-3-бап. Профилактикалық әңгімелесу
1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері құқыққа қарсы мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын анықтау, құқық бұзушылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіру және заңға мойынсынушылық мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру болып табылады.
2. Профилактикалық әңгімелесуді құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану құзыретіне жататын кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемелекеттік органы мен мекемесінің өкілі құқық бұзушылық жасаған немесе оған қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіз бар адаммен өткізеді.
3. Профилактикалық әңгімелесу кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі мемлекеттік органдарының қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ тұратын жері, оқуы, жұмыс орны бойынша не тікелей құқық бұзушылық анықталған жерде өткізіледі және оның ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс.
4. Профилактикалық әңгімелесу өткізілетін кәмелетке толмаған адамға құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату қажеттілігі туралы ескертіледі.
5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 19-4-баппен толықтырылды
19-4-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс
1. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар анықталған жағдайда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемлекеттік органдары тиісті ұйымның басшысына немесе лауазымды адамына оларды жою туралы ұсыныс жібереді.
2. Тиісті ұйымның басшысы немесе лауазымды адамы ұсынысты алған күннен бастап бір ай мерзім ішінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемлекеттік органдарына ұсынысты қарау нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы жазбаша түрде ақпарат беруге міндетті.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 19-5-баппен толықтырылды
19-5-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау
1. Профилактикалық есепке алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бірқатар шектеулер белгіленген және бірқатар міндеттер жүктелген кәмелетке толмағандарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында ақпаратты жинау және тіркеу үшін жүргізіледі.
2. Профилактикалық есепке алуға, оларға қатысты:
1) қорғау нұсқамасы шығарылған;
2) олардың бос уақытын өткізуіне шектеу қою және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған;
3) жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны туралы шешім қабылданған;
4) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес, сондай-ақ шартты түрде немесе жазасын өтеу кейінге қалдырылған жаза белгіленген кәмелетке толмағандар қойылады.
3. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары немесе қылмыстық-атқару инспекциясы жүргізеді.
4. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұратын кәмелетке толмағандардың белгіленген шектеулерді сақтауын және жүктелген міндеттерді орындауын жүйелі түрде байқау болып табылады. Бұл адамдардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оларға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
5. Мүдделі адамдар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
6. Ішкі істер органдары немесе қылмыстық-атқару инспекциясы кәмелетке толмаған адамға қорғау нұсқамасы шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
7. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепке алу қолданылатын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Белгіленген шектеулердің қолданылу мен жүктелген міндеттердің орындалу мерзімі біткеннен кейін адам профилактикалық есептен шығарылып, оған бұл туралы жазбаша нысанда хабарланады.
8. Профилактикалық есептегі қамтылған мәліметтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
9. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі айқындаған тәртіппен олардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады.
20-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң негiздерi
Егер осы Заңның 19-бабында көзделген мән-жайлар мынадай құжаттарда:
1) соттың үкімінде, ұйғарымында немесе қаулысында;
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, прокурордың, тергеушінің, анықтау органының қаулысында;
3) шағымдарды, өтiнiштердi немесе басқа да хабарларды тексерудiң нәтижелерi бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесi органының немесе мекемесiнiң басшысы бекiткен қорытындыда;
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) кәмелетке толмағанның не оның ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың құзыретiне қатысты мәселелер бойынша оларға көмек көрсету туралы өтiнiштерiнде ресми көрсетiлген болса, олар кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң негiздерi болып табылады.
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Жеке профилактикасы шаралары жүргiзу мерзiмдерi
Кәмелетке толмағандарға олардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты жеке профилактикасы шаралары кәмелетке толмағандарға әлеуметтiк және өзге де көмек көрсету үшiн қажеттi мерзiмде немесе кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекет жасауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жойғанға дейiн немесе олар он сегiз жасқа толғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да мән-жайлар туындағанға дейiн жүргізiледi.
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Өздерiне қатысты жеке профилактикасы шаралары жүргізілетін адамдардың құқықтары
1. Өздерiне қатысты жеке профилактикасы шаралары жүргiзiлетiн кәмелетке толмағандар, олардың ата-аналары немесе заңды өкiлдерi, сондай-ақ өзге де адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында , осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде кепiлдiк берiлген құқықтармен және бостандықтармен қамтамасыз етiледi.
2. Арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында бағып-күтiлетiн кәмелетке толмағандардың осы баптың 1-тармағында аталған құқықтармен қатар, белгiленген тәртiппен:
1) осы мекемелерге орналастырылғандары туралы ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне хабарлауға;
2) кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесi органдары мен мекемелерiнiң қызметкерлерi қабылдаған шешiмдер бойынша аталған жүйенiң жоғары тұрған органдарына, сондай-ақ прокуратура органдары мен сотқа шағымдануға;
3) iзгiлiктi, адамның ар-намысын кемсiтпейтiн қарым-қатынас жасалуына;
4) телефонмен сөйлесу және саны шектелмеген кездесулер арқылы отбасымен байланыс жасап тұруға, посылкалар, бандероль алуға, саны шектелмеген хаттар мен жеделхаттар алуға және жiберуге;
5) тегiн тамақпен, киiммен, аяқ киiммен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен нормалар бойынша басқа да заттай ризықпен қамтамасыз етiлуге құқығы бар.
23-бап. Осы Заңның орындалу кепiлдiктерi
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң органдары мен мекемелерi өз құзыретi шегiнде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге, оларды кемсiтудiң барлық нысандарынан, күш көрсетуден немесе психикалық зорлықтан, қорлаудан, дөрекi қарым-қатынастан, сексуалдық және өзге де пайдаланудан қорғауды жүзеге асыруға, өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтауға, сондай-ақ мыналарға:
1) прокуратура органдарына - кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы;
2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларға - кәмелетке толмағандардың білім алуға, еңбек бостандығына, демалуға, тұрғын үйге және басқа да құқықтарының бұзылу жағдайлары туралы, сондай-ақ органдар мен мекемелердiң қызметтеріндегі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алуға кедергi жасайтын кемшiлiктер туралы;
3) қорғаншы және қамқоршы органдарына - ата-аналарының немесе заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалған не өмiрiне, денсаулығына қауiп төндiретiн немесе тәрбиесiне кедергi келтiретiн жағдайда қалған кәмелетке толмағандар туралы;
4) iшкi iстер органдарына - қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандар, тұрмысы қолайсыз отбасылар, құқық бұзушылық немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасаған (жасап жүрген) кәмелетке толмағандар, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық қызмет немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тартып жүрген немесе оларға қатысты басқа да құқыққа қарсы iс-әрекеттер жасап жүрген ата-аналар мен өзге де ересек адамдар туралы;
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) денсаулық сақтау органдарына - алкогольдік ішімдіктерді, есiрткi құралдарын, психотроптық және адамның психикасына және дене мүшелерiнiң функциялары мен мiнез-құлқына терiс әсерiн тигiзетiн өзге де күштi әсер ететiн заттарды құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты тексерiлудi, қаралуды немесе емделудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы;
6) білім беру органдарына - балалар үйлерiнен, мектеп-интернаттардан және басқа да балалар мекемелерiнен өз ерiктерiмен кетуiне байланысты не дәлелсiз себептермен жалпы білім беру орындарындағы оқуларының тоқтатылуына байланысты мемлекеттiң көмегiне мұқтаж кәмелетке толмағандар туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
24-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың қызметiн бақылау
Мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын ведомстволық бағыныстағы органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асырады.
25-бап. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті