5) теңiз портының капитаны туралы ереженi бекіту;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 3-тармақ 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердiң жүзу және тұру ережесін бекіту;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын беру және кеменi шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 3-тармақ 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру;
7) кемелердiң мемлекеттік тiркелуiн бақылауды жүзеге асыру;
8) кемелердiң сыныпталуын бақылауды жүзеге асыру;
9) кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10) халықаралық жүзуге шығатын кемелердің, порттардың, жағалаудағы объектiлердiң, кеме жүзетін гидроқұрылыстардың, жасанды аралдардың және теңiздегі басқа да құрылыстардың техникалық куәландырылудан өткізілуін қамтамасыз ету;
11) теңiз жолдарының, лоцмандық қызметтiң және өзге де теңiз қызметтерiнiң жай-күйiн бақылау;
12) теңiз көлiгiнiң нысанды киiм берiлетiн қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн, нысандар үлгiлерi мен айырым белгiлерiн, нысанды киiм киіп жүру тәртібін және қамтамасыз ету нормаларын бекіту;
13) теңіз порттарын жобалауға, салуға және реконструкциялауға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен келісім беру;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 3-тармақ 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) теңiзде жасанды аралдар және басқа да құрылыстар салуды келісу;
14) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ 15) тармақшамен толықтырылды; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
15) кемелердiң мемлекеттік тiзiлiміндегі кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 16)-47) тармақшалармен толықтырылды
16) порттың теңіз әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау;
17) шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру;
18) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің пайдаланудағы, қысқы тоқтап тұрудағы, жөндеудегі теңіз кемелерін, сондай-ақ жасалып жатқан кемелерді тексеріп қарауды жүргізуін бақылау;
19) порттың теңіз әкімшілігі жүргізетін, теңіз кемелерінің қатысуымен болған авариялық жағдайларды сыныптауды, тексеру жүргізуді және есепке алуды бақылау;
20) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылау;
21) кеменің атауы (немесе оған атау беруден бас тарту) туралы шешім қабылдау;
22) Қазақстан Республикасының кеме құрылысы және кеме жөндеу ұйымдарын техникалық қадағалау мен куәландыруды жүргізу;
23) теңіз порттарының, жағалаудағы объектілердің, гидротехникалық құрылыстардың, жасанды аралдардың қызметін бақылау;
24) Мемлекеттік кеме тізілімінің, бербоут-чартер тізілімінің және кеме кітабының жүргізілуін бақылау;
25) Қазақстан Республикасының теңіз порттарының арасындағы қатынастардағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды иелігіндегі жүк тиеу портынан (пунктінен) жүк түсіру портына (пунктіне) дейінгі тасымалдаулар мен сүйретулерді бақылау;
26) су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру;
28) кемеде кеме құжаттарының болуын тексеру;
29) кемелерге кеме құжаттарын және мемлекеттік борт нөмірлерін беру;
30) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамындағы адамдарды дипломдауды бақылау, сондай-ақ теңізші паспорттарын беру;
31) шағын көлемді кемелерді басқару құқығын беретін куәліктер беру;
32) жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын мемлекеттік бақылау, оларды бұзушылықты анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау;
33) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері сауда мақсатында теңізде жүзуге пайдаланатын кемелердің мемлекеттік тіркелуіне мемлекеттік бақылау;
34) тасымалдаушы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуын мемлекеттік бақылау;
35) сыныптау органдарының теңіз кемелеріне техникалық қадағалау жүргізуін және оларды сыныптауын мемлекеттік бақылау;
36) кемелер ішкі су жолдарында пайдаланатын байланыс саласындағы ережелердің, нормалар мен стандарттардың орындалуын мемлекеттік бақылау;
37) жеке және заңды тұлғалардан уәкілетті органның құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша қажетті ақпарат, материалдар, анықтамалық деректер сұрату;
38) су көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына қатысты тексеру;
39) лицензиялаудың біліктілік талаптарының сақталуын тексеру;
40) тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде актілер жасау және су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттар мен нормаларды бұзушылық анықталғанда оларды жою туралы нұсқамалар енгізу;
41) хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда теңіз және шағын көлемді кемелерді әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, теңіз және шағын көлемді кемелерді тексеріп қарауды жүргізу;
43) заңды тұлғаға тиесілі, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болған, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, көлік құралдарын, тауарларды, өзге мүліктер мен заттарды тексеріп қарауды жүргізу кезінде табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүліктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыру;
44) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақты, тауарларды, өзге де мүліктерді қарап шығу, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеру;
45) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатыстыру үшін тиісті мамандарды тарту;
46) мемлекеттік органдарға көлік оқиғаларының, су көлігін пайдалану ережелерін бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
47) кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ұйымдастыру, оларды аттестаттауды жүзеге асыру жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-бап 3-1 тармақпен толықтырылды
3-1. Жергiлiктi атқарушы органдар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн салуды және қайта жаңартуды ұйымдастыру кезiнде жобаларды уәкiлеттi органмен келiседі.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
4. Теңiз жолдарын навигациялық-гидрографиялық жағынан қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Әскери-теңiз Күштерiнiң тиiстi қызметi жүзеге асырады.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5-бап. Каботаж
Каботажды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен уәкілеттi орган берген рұқсат негізінде шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзетiн кемелер жүзеге асырады.
6-бап. Лицензиялау
Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы жекелеген қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының заң актілері негiзiнде лицензиялануға тиiс.
7-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы сақтандыру
1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң ерiк бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары мен тәртібі тараптардың келісімiмен белгіленедi.
2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктің мiндеттi сақтандырылуға тиiстi түрлерiне:
1) жолаушының өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелi;
2) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) қауiптi жүктердi тасымалдау кезіндегі, сондай-ақ кемелерден аққан (екi мың және одан да көп тонна мұнай тасымалдау кезiнде) мұнаймен теңiздi ластаудан келтiрiлген залал үшiн тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелi жатады.
Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.
Қызметкерлер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жазатайым оқиғалардан мiндеттi түрде сақтандырылуға жатады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара)
8-бап. Сәйкестікті растау
1. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қызметке жататын өнімді және оның өмірлік циклі процестерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау жөніндегі құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды
1-1 тарау. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
8-1-бап. Жалпы талаптар
1. Тасымалдау процесіне қатысушылар адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзу қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
2. Сауда мақсатында теңізде жүзу қауіпсіздігі адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесіне қатысушылардың авариясыз жұмыс істеу жағдайын ұйымдастыруға, су жолдарын теңізде жүзетін қалыпта ұстауға, кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және ішкі су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жарамды жағдайда ұстауға, сондай-ақ кемелерде авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.
Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық реттеу объектілері:
1) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелер, порттар, жағалаудағы объектілер және су жолдарындағы құрылыстар;
2) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау), пайдалану процестері болып табылады.
8-2-бап. Сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезінде олардың жобалау құжаттамасы мен Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезінде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және теңізде жүзу қауіпсіздігіне қатысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
3. Егер сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді дайындау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақ жүргізу талап етілсе, онда олар жобалық құжаттамалардың барлық талаптарын орындай отырып, толық көлемде жүргізілуге тиіс.
4. Әрбір кеме корпусы сәйкестендіру нөмірімен таңбалануға тиіс. Таңбалау көрінетін, анық және өшірілмейтін болуға тиіс.
5. Кеме борттан асып құлап кету қаупін болғызбайтындай және борттан тыс қалған адамдарды құтқаруды қамтамасыз ететіндей түрде әзірленуге тиіс.
6. Негізгі рульдік басқару орны айналаны шолуды қамтамасыз етуге тиіс.
7. Кеме пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен жабдықталуға тиіс, онда өрт туындау және бату қаупіне ерекше назар аударылуы керек.
8-3-бап. Сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілер мен су жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезіндегi қауіпсіздік талаптары
1. Кемелер, порттар, жағалаудағы объектілер мен сауда мақсатында теңізде жүзу процесімен байланысты теңіздегі құрылыстар қауіптілігі жоғары аймақтар болып табылады және заңнамалық актілер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы актілерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және теңіздегі құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар заңнамалық актілер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы актілері талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
3. Сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді пайдалану адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға теріс әсер етпеуге тиіс.
2-тарау. Кеме
9-бап. Кемеге меншiк құқығы
1. Кемелер:
1) мемлекеттiң;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының;
3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгінде болуы мүмкiн.
2. Кеменiң меншiк иесi кемеге қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекет iстеуге, соның iшiнде кеменi басқа тұлғалардың меншiгiне берiп, иелiктен айырылуға, меншiк иесi болып қала отырып, оларға кеменi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын беруге, кеме ипотекасын белгiлеуге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық салуға, өзге де түрде билiк етуге құқылы.
10-бап. Кеме атауы. Кеменi дараландыру тәртібі
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 10-баптың 1-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тiркелуге тиiстi кеменiң өз атауы болуға тиiс.
Меншiк иесi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен кеме атауын қояды және өзгертедi.
2. Кеме атауының өзгертiлгенi туралы меншiк иесi кеменiң тiркелген кепiлдерiн кепiлге ұстаушыларға дереу хабарлайды.
3. Кеменi дараландыру және белгi беру дабылын, сондай-ақ спутниктiк байланыстағы кеме станциясының сәйкестендiрiлген нөмiрiн беру тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
11-бап. Кеменiң ұлттығы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының ұлттығында болады.
2. Қазақстан Республикасының ұлттығын иеленушi кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге мiндеттi.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 11-баптың 3-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Кеме осы Заңның 16-бабының 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасының кемелерi тiзiлiмдерiнiң бiрiнде мемлекеттік тiркелген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығына ие болады.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 11-бап 3-1- тармақпен толықтырылды
3-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы:
1) мемлекеттiң;
2) азаматтардың және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге берiледі.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 11-баптың 4-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде меншiкке иемденiп алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты куәландыратын және кеме Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тіркелгенге дейiн жарамды болатын, бiрақ бiр жылдан аспайтын уақыт қолданылатын уақытша куәлiк берген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланады.
5. Шет мемлекеттiң кемелер тiзiлiмiнде тiркелген, уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен бербоут-чартер бойынша қазақстандық кеме жалдаушының пайдалануына берiлген кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы уақытша берiлуi мүмкiн.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланбайтын кемеде осы тудың көтерiлгенi үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылықты мойнына алады.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 12-бап толықтырылды
12-бап. Кеменi шет мемлекет туын көтеруге уақытша көшiру
Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген кеме бербоут-чартер бойынша шетелдiк кеме жалдаушының иеленуiне немесе пайдалануына берiлген жағдайда мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде, кейіннен әрбiр екі жыл сайын ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын мерзімге, бiрақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге тиiстi тiзiлiмге тiркелiп және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы тоқтатылып, шет мемлекеттің туын көтерiп жүзуге уақытша көшiрiлуi мүмкін.
13-бап. Кеменi сенiмгерлiк басқаруға беру
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кеменiң меншiк иесi меншiк иесiнiң мүдделерiне сыйақы алу үшiн кеменi басқаруды сенiмгерлiк басқару шарты бойынша жүзеге асыру үшiн сенiмгер басқарушыға беруге құқылы.
Шаруашылық жүргiзудегi немесе оралымды басқарудағы кеменi меншiк иесiнің немесе уәкiлеттi органның келісімiнсiз сенiмгер басқаруға беруге болмайды.
Кеменiң сенiмгерлiк басқаруға берiлуi оған меншiк құқығымен сенiмгерлiк басқарушыға ауысуына әкеп соқпайды.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 13-баптың 2-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Кеменiң сенiмгерлiк басқаруға берiлуi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мiндеттi түрде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
3. Кемелердi басқару және оларды пайдалану саласында құзыреттi тұлға сенiмгер басқарушы бола алады.
4. Кеменi сенiмгерлiк басқару шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
14-бап. Кеме құжаттары
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Кеме құжаттары нысандарының тізбесін, оларды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Кемеде мынадай кеме құжаттары:
1) теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік;
2) кемеге меншік құқығы туралы куәлік;
3) жүзуге жарамдылығы туралы куәлік;
4) жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);
5) өлшем куәлігі;
6) жүк маркасы туралы куәлік;
7) мұнаймен ластануды болдырмау туралы куәлік;
8) ағынды сулармен ластануды болдырмау туралы куәлік;
9) қоқыспен ластануды болдырмау туралы куәлік;
10) сыныптау куәлігі;
11) кеме рөлі;
12) кеме журналы;
13) машина журналы (механикалық двигателі бар кемелер үшін);
14) санитарлық журнал;
15) ағынды суларға қатысты операциялар журналы;
16) қоқысқа қатысты операциялар журналы;
17) мұнай танкерлері болып табылмайтын кемелер үшін мұнай операциялары журналы;
18) мұнай танкерлері үшін мұнай операциялары журналы;
19) жүзу құқығы туралы кеме санитарлық куәлігі;
20) кеме билеті (кемелердің кейбір санаттары үшін);
21) бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік;
22) кемеге (жасалып жатқан кемеге) құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
23) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлік;
24) кеме тізілімінің сауалнамасы;
25) қысқы тоқтап тұрудағы кемелерді орналастыру жоспары және бекіту тәсілдері;
26) авариялық жағдайды тексеру туралы акті (авариялық жағдайды тексеру кезінде);
27) кемені куәландыру актілері;
28) кеме құрылысы және кеме жөндеу зауыттарын тану туралы куәлік;
29) кемелерді және порттық құрылыстарды күзету жөніндегі халықаралық талаптарға сәйкес кемелерді күзету жөніндегі құжаттар;
30) кеме жүргізушілерінің, кеме электромеханиктерінің, кеме радиомамандарының және кеме механиктерінің дипломдары;
31) кеме командасы адамдарының біліктілік куәліктері;
32) теңізге батқан мүлікті көтеріп шығаруға, портта құрылыс, гидротехникалық және өзге де жұмыстарды жүргізуге рұқсат ету құжатының нысаны болуға тиіс.
2. Шетелде жүзуге шығатын кемелердiң, Қазақстан Республикасының суларында жүзуге арналған тиiстi ережелерде көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттары болуға тиiс.
3. Шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кiретiн кемелерiнде Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
15-бап. Кемелердi техникалық қадағалау
1. Кеме теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандыратыны белгiлi болғаннан кейiн ғана жүзуге жiберiлуi мүмкін.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 15-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Теңіз кемелерiн техникалық қадағалауды, куәландыруды және сыныптауды тиiсiнше Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртіппен уәкілетті орган және сыныптау қоғамдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары мен ұйымдарының кемелерге және кеменің жекелеген элементтерiне техникалық қадағалау жүргiзiлуiне жол берілмейді.
Кемеге сынып беру уәкiлетті орган және сыныптау қоғамы беретін сыныптау куәлігімен куәландырылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Кеме құжаттары болмаған кезде немесе шетел туын көтерiп жүзiп жүрген кеме Қазақстан Республикасының теңiз портына келген кезде, тиiстi құжаттарының болуына қарамастан, теңiзде қауіпсiз жүзудің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарын қанағаттандырмаса, уәкiлеттi орган мұндай кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзушi кемелермен бiрдей негiзде куәландырудан өткізуге құқылы.
3-тарау. Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
16-бап. Қазақстан Республикасының кеме тiзiлiмдерi
1. Кеме Қазақстан Республикасы кеме тiзiлiмдерiнiң (бұдан әрi - кеме тiзiлiмдерi) бiрiнде:
1) Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде;
2) кеме кiтабында;
3) бербоут-чартер тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
2. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар, сондай-ақ онымен жасалатын мәмiлелер кеме тiркелген тиiстi тiзiлiмде мiндеттi түрде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 16-баптың 3-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік тiркелуге тиiс, жасалып жатқан кеме жылжымайтын мүлiкке теңестiрiледi.
Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы киль салынған немесе сарапшының қорытындысымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстары жағдайында жасалып жатқан кемелер тiзілiмiнде тiркелуi мүмкiн. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеген кезде тиiстi куәлiк берiледi.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (құқықтық кадастр) енгізілуге тиіс.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 16-баптың 4-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар кемелері, мұнай құйып тасушы, сүйретiп жүзушi кемелер, қалқымалы бұрғылау құрылғылары, құрғақ жүк тасушы кемелер, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелерi (жер снарядтары және басқалар), сондай-ақ қуаттылығы елу бес киловаттан кем емес бас двигательдi өздiгiнен жүретiн кемелер және сыйымдылығы сексен тоннадан кем емес өздiгiнен жүрмейтiн кемелер тiркеледi.
5. Кеме кiтаптарында бас двигательдердiң қуаттылығына және сыйымдылығына қарамастан, спорттық, серуендiк кемелер, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында аталмаған кемелер тiркеледi.
6. Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде және кеме кiтаптарында гидроұшақтар, сондай-ақ шлюпкалар мен кеменiң керек-жарақтары болып табылатын өзге де қалқымалы құралдар тiркелмейдi.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 16-баптың 7-тармағы толықтырылды