1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және рұқсат құжаттарын алғанға дейін төленеді.
2. Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша және (немесе) ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.
3. Алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнаулы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақша аудару жолымен жүргізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4. Қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ақшаны қабылдау жүзеге асырылғаннан кейінгі операциялық күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке алу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда, ақшаны есептеу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
5. Жеке тұлғалар алым сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сәйкестендіру нөмірі қойылады.
6. Алымдардың төленген сомаларын қайтару жүргізілмейді.
7. Отандық және шетелдік автокөлік құралдарының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруі үшін алынатын алымды есептеу, төлеу тәртібін және бюджетке енгізу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
66-тарау. АУКЦИОНДАРДАН АЛЫНАТЫН АЛЫМ
463-бап. Жалпы ережелер
Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрі - алым) аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) сату кезінде алынады.
464-бап. Алым төлеушілер
Аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
465-бап. Алым алу объектісі
1. Мүлікті (мүліктік құқықтарды) сатудың аукцион өткізу нәтижелері бойынша белгіленген құны алым алу объектісі болып табылады.
2. Мыналардан:
1) мемлекеттік мүлік объектілерін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган, оның аумақтық органдары өткізетін аукциондардан;
2) соттардың атқарушы құжаттарын мемлекет пайдасына мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы іс жүргізу органдары өткізетін аукциондардан;
3) мыналарды:
салық органдары иелік етуді шектеген мүлікті сату;
салық міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынған мүлікті сату;
соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыру бөлігінде мамандандырылған ашық аукциондардан;
4) мыналарды:
соттардың атқарушы құжаттарының негізінде мемлекет кірісіне тәркіленген мүлікті;
белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған мүлікті;
белгіленген тәртіппен мемлекетке өткен мүлікті сату жөніндегі аукциондардан;
5) банкрот заңды тұлғалардың конкурстық массасын сату жөніндегі аукциондардан;
6) мәжбүрлі түрде таратылатын банктердің, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату конкурстық массасын өткізу жөніндегі аукциондардан;
7) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы сауда-саттықта;
8) бағалы қағаздарды сату жөніндегі аукциондардан сатылатын мүлік (мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды.
466-бап. Алым ставкасы
Алым ставкасы аукцион өткізу нәтижелері бойынша айқындалған мүлікті (мүліктік құқықтарды) өткізу құнының 3 проценті мөлшерінде белгіленеді.
467-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлеушілер алым сомасын салық салу объектісіне ставка қолдану арқылы дербес есептейді.
2. Атқарушы іс жүргізу органдары соттардың атқарушы құжаттары бойынша өткізетін аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезінде салық салу объектісін бюджетке есептелетін атқару санкциясының сомасына түзету жүргізіледі.
3. Алым төлеу алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
4. Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмілелерін жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды салық органы олардың төленген жері бойынша алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша жүргізеді.
468-бап. Салық декларациясы
1. Алым төлеушілер аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзі орналасқан жердегі салық органдарына алым жөніндегі декларацияны табыс етеді.
2. Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан ішінде өткізілген аукциондар бойынша тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзі орналасқан жердегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.
67-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЛЫМ
469-бап. Жалпы ережелер
1. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиісті белгілі бір қызмет түрімен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) кезінде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады.
2. Лицензиялар беруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
3. Лицензиарлар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.
470-бап. Алым төлеушілер
Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 471-бап өзгертілді
471-бап. Алым ставкалары
Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып белгiленедi және мыналарды құрайды:
| Рет № | Лицензияланатын қызмет түрлері | Алым ставкалары, АЕК-пен |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым ставкалары: | |
| 1.1. | Жаңартылған энергия көздерiнен өз мұқтаждары үшiн электр және (немесе) жылу энергиясын өндiрудi қоспағанда, электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желілері мен кіші станцияларды пайдалану | 10 |
| 1.2. | Тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистралдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану | 10(500)* |
| 1.3. | Минералды шикізатты қайта өңдеу (кең таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда) | 10 |
| 1.4. | Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйелерін пайдалану | 10 |
| 1.5. | Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ 0,7 кг/см² жоғары қысыммен жұмыс істейтін және жылу жеткізу температурасы 115°С қазандықтарды, 0,7 кг/см² жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда) | 10 |
| 1.6. | Электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу | 10 |
| 1.7. | Өлшеу құралдарын шығару және жөндеу | 10 |
| 1.8. | Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуі және өткізуі | 10 |
| 1.9. | Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау | 230 |
| 1.10. | Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеу | 230 |
| 1.11. | Медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, шығару, өткізу және пайдалану | 200 |
| 1.12. | Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету | 230 |
| 1.13. | Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау-қаптау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, шығару | 230 |
| 1.14. | Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу | 230 |
| 1.15. | Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау | 50 |
| 1.16. | Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет | 50 |
| 1.17. | Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау | 230 |
| 1.18. | Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау | 10 |
| 1.19. | Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою | 10 |
| 1.20. | Тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулерге арналған тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу, қолдану, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды) және оларды өндіруге арналған бастапқы құрамдас заттарды әкелу жөніндегі қызмет | 10 |
| 1.21. | Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет | 10 |
| 1.22. | Жолаушыларды тасымалдау | 3 |
| 1.23. | Қауіпті жүктерді тасымалдау | 3 |
| 1.24. | Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет | 20 |
| 1.25. | Мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау жөніндегі қызмет | 9 |
| 1.26. | Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) | 9 |
| 1.27. | Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру | 20 |
| 1.28. | Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнаулы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу, ақпараттың таралып кетуін болдырмаудың техникалық арналарын іздеу | 20 |
| 1.29. | Монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ- дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу | 22 |
| 1.30. | Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу | 22 |
| 1.31. | Босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу | 22 |
| 1.32. | Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу | 7 |
| 1.33. | Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау | 3(10)** |
| 1.34. | Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, сатып алу | 3(10)*** |
| 1.35. | Зымыран-ғарыш техникасын жасауды, шығаруды, пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жер үсті инфрақұрылымдарын (полигонды, командалық-өлшеу кешенін, стендтік базаны және басқаларын) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңістігін пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлері | 186 |
| 1.36. | Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызмет | 25 |
| 1.37. | Байланыс саласында қызмет көрсету | 6 |
| 1.38. | Білім беру қызметі | 10 |
| 1.39. | Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет | 6 |
| 1.40. | Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау | 10 |
| 1.41. | Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу | 10 |
| 1.42. | Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу | 10 |
| 1.43. | Медициналық қызмет | 10 |
| 1.44. | Фармацевтикалық қызмет | 10 |
| 1.45. | Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл мүшесі бұзылған балалар үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну | 5 |
| 1.45-1 | мүгедектер, оның ішінде психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну | 5 |
| 1.45-2 | қарттар мен мүгедектер үшін жалпы үлгідегі медициналық- әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну | 5 |
| 1.45-3 | қарттар, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін аумақтық күндіз болатын орталықтарда арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну | 5 |
| 1.45-4 | қарттар, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін оңалту орталықтарында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну | 5 |
| 1.45-5 | қарттар, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін үйде күндізгі күтім жасайтын арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну | 5 |
| 1.46. | Адвокаттық қызмет | 6 |
| 1.47. | Нотариат қызметі | 6 |
| 1.48. | Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) | 6 |
| 1.49. | Зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын бағалау | 6 |
| 1.50. | Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару | 10 |
| 1.51. | Аудиторлық қызмет | 10 |
| 1.52. | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету | 50 |
| 1.53. | Лотерея (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткізу | 10 |
| 1.54. | Жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы | 6 |
| 1.55. | Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, қайта даярлау | 10 |
| 1.56. | Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету | 10 |
| 1.57. | Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету | 10 |
| 1.58. | Туроператорлық, турагенттік қызмет, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтер | 10 |
| 1.59. | Ветеринария саласындағы қызмет | 6 |
| 1.60. | Сот-сараптама қызметі | 6 |
| 1.61. | Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жасалатын археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру | 10 |
| 1.62. | Банк операциялары | 80(40)**** |
| 1.63. | Банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар | 80 |
| 1.64. | Өмірді сақтандыру саласындағы қызмет | 50 |
| 1.65. | Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет | 50 |
| 1.66. | Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет | 20 |
| 1.67. | Сақтандыру брокерінің қызметі | 30 |
| 1.68. | Сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызмет | 5 |
| 1.69. | Брокерлік қызмет | 30 |
| 1.70. | Дилерлік қызмет | 30 |
| 1.71. | Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет | 10 |
| 1.72. | Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет | 30 |
| 1.73. | Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет | 30 |
| 1.74. | Кастодиан қызметі | 30 |
| 1.75. | Трансфер-агенттік қызмет | 10 |
| 1.76. | Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет | 10 |
| 1.77. | Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызмет | 10 |
| 1.78. | Кредиттік бюроның қызметі | 40 |
| 1.79. | Жобалау-іздестіру қызметі | 10 |
| 1.80. | Құрылыс-монтаждау жұмыстары | 10 |
| 1.81. | Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерін қоспағанда) өндіру (шығару) | 10 |
| 1.82. | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсету | 10 |
| 1.83. | Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет | 10 |
| 1.84. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау | 10 |
| 1.85. | Этил спиртінің өндірісі | 500 |
| 1.86. | Сырадан басқа алкоголь өнімінің өндірісі | 500 |
| 1.87. | Сыра өндірісі | 100 |
| 1.88. | Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату қызметін қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату | 100 |
| 1.89. | Темекі бұйымдарын өндіру | 500 |
| 1.90. | 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) |
| 1.91. | Тауарлардың экспорты мен импорты | 10 |
| 1.92. | Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту | 10 |
| 1.93. | Астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызмет | 10 |
| 1.94. | Ойын бизнесі саласындағы қызмет: | |
| | казино мен ойын автоматтары залы үшін жылына | 3 845 |
| 1.95 | Тауар биржалары саласындағы қызмет: | |
| | тауар биржасы үшiн | 10 |
| биржа брокерi үшiн | 5 |
| биржа дилерi үшiн | 5 |
| | тотализатор мен букмекерлік кеңсе үшін жылына | 640 |
| 2. | Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым ставкалары: | |
| 2.1. | тауарлардың экспорты мен импортына лицензияның телнұсқасын беруді қоспағанда, барлық қызмет түрлері үшін | лицензия беру кезіндегі ставканың 100%-і |
| 2.2. | тауарлардың экспорты мен импортына | 1 |
| 3. | Лицензияларды қайта ресімдегені үшін ставкалар: | |
| 3.1. | тауарлардың экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензиялардың барлық түрлері үшін | лицензия беру кезіндегі ставканың 10%-і, бірақ 4 АЕК-тен артық емес |
| 3.2. | тауарлардың экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдегені үшін | 1 |
Ескерту:
1) * лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:
мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану - АЕК-тің 500 еселенген мөлшері;
тау-кен, мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральды газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
2) ** лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:
азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау -АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын сатып алу - АЕК-тің 3 еселенген мөлшері;
3) *** лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:
азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, өткізу -АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу -АЕК-тің 3 еселенген мөлшері;
4) **** банк операцияларына байланысты қызметті лицензиялау үшін лицензиялық алым ставкалары:
екінші деңгейдегі банктер үшін -АЕК-тің 80 еселенген мөлшері;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін АЕК-тің 40 еселенген мөлшері.
472-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алым сомасы белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін алым төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
2. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылында лицензия алатын төлеушілер алым сомасын лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төлейді.
3. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін төлейді.
4. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару жүргізілмейді.
Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын, лицензиар берген құжатты табыс еткеннен кейін олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.
68-тарау. ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ҰЙЫМДАРЫНА РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРГЕНІ ҮШІН АЛЫМ
473-бап. Жалпы ережелер
1. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым (бұдан әрі - алым) байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат (рұқсат телнұсқасын) (бұдан әрі - рұқсат) берген кезде алынады.
Осы тараудың ережелері бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияның негізінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.
2. Рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Радиожиілік спектрінің белдеулерін (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүргізілуі мүмкін.
Радиожиілік спектрінің белдеулерін (номиналдарын) конкурс өткізу арқылы бөлу кезінде алынатын бір жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге жататын алымның есебіне жатқызылмайды.
4. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
474-бап. Алым төлеушілер
1. Осы Кодекстің 473-бабының 1-тармағында аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушілер болып табылады.
2. Өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін орындау үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттік мекемелер алым төлеушілер болып табылмайды.
475-бап. Алым ставкалары
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 475-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
Алым ставкалары тиісті республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерін негізге ала отырып, аумағында телевизия және радио хабарларын тарату қызметтері көрсетілетін елді мекенде тұратын халық санына, хабар таратқыш құралдың қуаты мен телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату арналарының санына байланысты белгіленеді және мынаны құрайды:
| Рет № | Қолдану/радиожиілік өрісі | Халық саны (мың адам) | Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт) | Бір арна үшін алым ставкасы (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін: | | | |
| 1.1. | Телевизия/метрлiк | | | |
| 1.1.2. | | 10-ға дейiн қоса алғанда | 100-гe дейiн қоса алғанда | 20 |
| 1.1.3. | | 10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда | 500-ге дейiн қоса алғанда | 41 |
| 1.1.4. | | 10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда | 500-ден астам | 83 |
| 1.1.5. | | 50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда | 1000-ғa дейiн қоса алғанда | 124 |
| 1.1.6. | | 50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда | 1000-нан астам | 249 |
| 1.1.7. | | 100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда | 1000-ғa дейiн қоса алғанда | 290 |
| 1.1.8. | | 100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда | 1000-нан астам | 435 |
| 1.1.9. | | 200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда | 2000-ғa дейiн қоса алғанда | 828 |
| 1.1.10. | | 200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда | 2000-нан астам | 1243 |
| 1.1.11. | | 500-ден астам | 5000-ға дейін қоса алғанда | 2367 |
| 1.1.12. | | 500-ден астам | 5000-нан астам | 3550 |
| 1.2. | Телевизия/ дециметрлiк | | | |
| 1.2.1. | | 10-ға дейiн қоса алғанда | 100-гe дейiн қоса алғанда | 13 |
| 1.2.2. | | 10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда | 500-ге дейiн қоса алғанда | 26 |
| 1.2.3. | | 10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда | 500-ден астам | 52 |
| 1.2.4. | | 50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда | 1000-ғa дейiн қоса алғанда | 78 |
| 1.2.5. | | 50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда | 1000-нан астам | 155 |
| 1.2.6. | | 100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда | 1000-ғa дейiн қоса алғанда | 181 |
| 1.2.7. | | 100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда | 1000-нан астам | 272 |
| 1.2.8. | | 200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда | 2000-ғa дейiн қоса алғанда | 518 |
| 1.2.9. | | 200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда | 2000-нан астам | 777 |
| 1.2.10. | | 500-ден астам | 5000-ға дейін қоса алғанда | 1479 |
| 1.2.11. | | 500-ден астам | 5000-нан астам | 2219 |
| 1.3. | Радио хабарларын тарату/УҚT ЧМ(FМ) | | | |