454-бап. Алым төлеушілер
Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен 455-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
455-бап. Салық салу объектісі
Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері:
1) мыналарды:
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;
дара кәсіпкерлерді;
жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды;
жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын;
радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;
көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);
2) осы баптың 1) тармақшасында аталған тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) 456 баптың 1-бағанына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 456-бап өзгертілді
456-бап. Алым ставкалары
Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымдарды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi және мыналарды құрайды:
| Рет № | Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері | Ставкалар (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін: | |
| 1.1 | заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 1.1.1. | заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 6,5 |
| 1.1.2. | шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 2 |
| 1.1.3. | саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 14 |
| 1.2 | бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 1.2.1. | қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін | 1 |
| 1.2.2. | қайта тіркегені үшін | 0,5 |
| 1.3 | балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 1.3.1. | мемлекеттік тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) | 2 |
| 1.3.2. | қызметінің тоқтатылуын қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені (оның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | 1 |
| 1.4 | заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін | 0,25 |
| 2. | Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 2.1. | дара кәсіпкерлерді тіркегені үшін | 2 |
| 2.2. | дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін | 0,25 |
| 3. | жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 3.1 | мыналарға меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін: | |
| 3.1.1. | пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға | 0,5* |
| 3.1.2. | көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа | 8* |
| 3.1.3. | гараждарға | 0,5* |
| 3.1.4. | мыналарды қамтитын тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар): | |
| 3.1.4.1. | бір объект | 10* |
| 3.1.4.2. | екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілер | 15* |
| 3.1.4.3. | алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілер | 20* |
| 3.1.4.4. | оннан көп жеке тұрған объектілер | 25* |
| 3.2 | шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін: | |
| 3.2.1. | көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа, тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар) меншік, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін | 1 |
| 3.3. | жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тіркегені үшін | 0,5* |
| 3.4. | сервитутты (объектілерге қарамастан) тіркегені үшін | 0,5 |
| 3.5. | кондоминиум объектісін тіркегені үшін | 1 |
| 3.6. | ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін | 0,25* |
| 3.7. | құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін | 0,25* |
| 3.8. | жылжмайтын мүліктің апатқа ұшырауына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартылуына байланысты және ауысу құқығына байланыссыз өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін | 0,25* |
| 3.9. | құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін | 0,25* |
| 3.10. | міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік займ шарты бойынша талаптар құқықтарын басқаға беруді тіркегені үшін | 0,25* |
| 3.11. | құқықтың пайда болуының негізі болып табылатын шарт талабының (құқық ауыртпалығы) немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін | 0,25* |
| 3.12. | жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін | 0,5* |
| 3.13. | құқықтық талап етуді тіркегені үшін | 0,25 |
| 3.14. | Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мемлекетік органдар салған (туындатқан) жылжымайтын мүлікке құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін | 0 |
| 3.15. | республикалық меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары үшін мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықты тіркегені үшін | 0 |
| 3.16. | жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) жүйелі түрде тіркегені үшін | 0 |
| 3.17 | мемлекеттік органдар шешімінің негізінде жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін, оның ішінде елді мекендердің атауы, көше аттары, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайлары) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауға байланысты кадастр нөмірлері өзгерген кезде тіркегені үшін | 0 |
| 3.18 | жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын бергені үшін | 0,25 |
| 4. | Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін | |
| 4.1. | жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын тіркегені үшін: | |
| 4.1.1. | жеке тұлғалардан | 1 |
| 4.1.2. | заңды тұлғалардан | 5 |
| 4.2. | жылжымалы мүлік кепілінің және кеменің немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін | 0,5 |
| 5. | Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 5.1. | сәулелік қуаты 10 мВт дейінгі радиоэлектрондық құралдарды қоса алғанда, сәулелік қуаты 200 мВт дейінгі ұялы және транкингтік байланыстың абоненттік құрылғыларын қоса алғанда, сәулелік қуаты 200 мВт дейінгі сымсыз радиоға қолжетімділік жүйелерінің абоненттік құрылғыларын қоса алғанда, радиоәуесқойлық қызметтің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиіліктегі құрылғыларын тіркегені үшін | 0 |
| 5.2. | сәулелік қуаты 200 мВт-тен жоғары ұялы және транкингтік байланыстың абоненттік құрылғыларын, сәулелік қуаты 200 мВт-тен жоғары сымсыз радиоға қолжетімділік жүйелерінің абоненттік құрылғыларын, сондай- жаһандық дербес жылжымалы спутниктік байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркегені үшін | 2 |
| 5.3. | 5.1 және 5.2-тармақтарда аталған радиоэлектрондық құралдарды қоспағанда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды тіркегені үшін | 10 |
| 5.4. | радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиіліктегі құрылғылардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың: | |
| 5.4.1. | осы кестенің 5.2.-тармағында көрсетілген | 0,4 |
| 5.4.2. | осы кестенің 5.3.-тармағында көрсетілген | 1 |
| 6. | Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін: | |
| 6.1. | мыналарды мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 6.1.1. | механикалық көлік құралын немесе тіркемені | 0,25 |
| 6.1.2. | теңіз кемелерін | 60 |
| 6.1.3. | өзен кемелерін | 15 |
| 6.1.4. | шағын флот кемелерін: | |
| 6.1.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 3 |
| 6.1.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 2 |
| 6.1.4.3. | өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді | 1,5 |
| 6.1.5. | азаматтық әуе кемелерін | 7 |
| 6.2. | мыналарды: | |
| 6.2.1. | механикалық көлік құралын немесе тіркемені | 0,25 |
| 6.2.2. | теңіз кемелерін | 30 |
| 6.2.3. | өзен кемелерін | 7,5 |
| 6.2.4. | шағын флот кемелерін: | |
| 6.2.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 1,5 |
| 6.2.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 1 |
| 6.2.4.3. | өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді | 0,75 |
| 6.2.5. | азаматтық әуе кемелерін қайта тіркегені үшін | 7 |
| 6.3. | мыналардың: | |
| 6.3.1. | механикалық көлік құралының немесе тіркеменің | 0,25 |
| 6.3.2. | теңіз кемелерінің | 15 |
| 6.3.3. | өзен кемелерінің | 3,75 |
| 6.3.4. | шағын флот кемелерінің: | |
| 6.3.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердіі | 0,75 |
| 6.3.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердіі | 0,5 |
| 6.3.4.3. | өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелердіі | 0,38 |
| 6.3.5. | азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін | 3,5 |
| 7. | Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін: | |
| 7.1. | дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркегені үшін | 11 |
| 7.2. | дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қайта тіркегені үшін | 5 |
| 7.3. | мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін: | 0,7 |
| 8. | Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін: | |
| 8.1. | туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды тіркегені үшін | 3 |
| 8.2. | туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды тіркегені үшін: | |
| 8.2.1. | жеке тұлғалардан | 2 |
| 8.2.2. | заңды тұлғалардан | 3 |
| 8.3. | мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін | 2 |
| 9. | Мерзімдік баспа басылымы мен ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) үшін: | |
| 9.1. | балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы | 2 |
| 9.2. | өзге тақырыптағы | 5 |
| 9.3. | мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін: | |
| 9.3.1. | балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы | 1,6 |
| 9.3.2. | өзге тақырыптағы | 4 |
Ескерту:
* Жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды жылдамдатылған тәртіппен жүргізілетін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
457-бап. Алымдарды төлеуден босату
Алымдарды төлеуден мыналар:
1) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу кезінде:
шаруа немесе фермер қожалықтары;
І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар);
2) жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
бөлек тұратын зейнеткерлер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);
кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген кезден бастап үш жыл ішінде;
3) жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);
4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеу кезінде - мемлекеттік мекемелер;
5) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);
кәмелетке толмағандар босатылады.
458-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алымдардың сомалары белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.
2. Алымдарды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін тіркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымдардың сомалары қайтарылмайды.
Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды төлеушілердің салықтық өтініші бойынша олардың төленген жері бойынша аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеу органы берген құжаттарды олар табыс еткеннен кейін салық органдары жүргізеді.
65-тарау. АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫМЕН
ЖҮРГЕНІ ҮШІН АЛЫМ
459-бап. Жалпы ережелер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүргені үшін алым (бұдан әрі - алым):
1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі;
2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуі (кетуі), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті;
3) ірі көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруі;
4) концессияға берілген ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын қоспағанда, ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүруі үшін өндіріп алынады.
2. Алым:
1) мыналардың:
жедел медициналық жәрдем қызметінің;
өртке қарсы қызметтің;
авариялық-құтқару қызметтерінің;
жол-патрульдік қызметтің арнаулы автокөлік құралдарының;
2) басқа баламалы жол болмаған кезде:
жолаушылар мен жүктерді қала маңы қатынастары мен кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен байланыстыратын қатынастарда тұрақты тасымалдайтын автобустардың;
белгілі бір аудан шегінде жолаушыларды (жүктерді) тұрақты тасымалдау мақсатында ақылы мемлекеттік автомобиль жолына жақын жатқан осыр ауданның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустардың;
белгілі бір ауданның шегінде қозғалыс кезінде ақылы мемлекеттік автомобиль жолына жақын жатқан осы ауданның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автокөліктердің;
су бөгеттерімен және темір жолдармен шектесетін жақын көліктік жол айырымдары арасындағы ақылы мемлекеттік жолдардың учаскелері (бөлігі) шегінде жүк автокөлік құралдарының, дөңгелекті өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік машиналардың ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүргені үшін алынбайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруі, егер ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.
460-бап. Алым төлеушілер
1. Осы Кодекстің 459-бабында белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүруін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
461-бап. Алым ставкалары
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып, мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
1) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі үшін - АЕК-тің 2 еселенген мөлшері;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсат ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келуі (кетуі), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
4) ірі көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруі үшін алым ставкасы мынаны қамтиды:
автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) жалпы нақты салмағының жол берілетін жалпы салмақтан асып түскені үшін есеп-қисап, бұл 0,005 еселенген АЕК мөлшеріндегі төлемақы ставкасын асып түскен әрбір (толық емесін қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;
автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік жүктемелерінің жол берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін есеп-қисап, бұл әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген осьтер үшін есептеледі және 1-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі:
1-кесте
| Рет № | Нақты осьтік жүктемелерден асып түсу, %-пен | Жол берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін тариф (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 5,0% ке дейін қоса алғанда | 0,011 |
| 2. | 5,0% тен 10,0% ке дейін қоса алғанда | 0,014 |
| 3. | 10,0% тен 20,0% ке дейін қоса алғанда | 0,190 |
| 4. | 20,0 % тен 30,0% ке дейін қоса алғанда | 0,380 |
| 5. | 30,0 % тен 50,0% ке дейін қоса алғанда | 0,500 |
| 6. | 50,0% тен жоғары | 1,0 |
автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің жол берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін есеп-қисап, бұл автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша асып түскені үшін есептеледі және 2-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі:
2-кесте
| Рет № | Автокөлік құралдарының көлемдік өлшемдері, метрмен | Жол берілетін көлемдік өлшемдерден асып түскені үшін тариф (АЕК) |
| | 2 | 3 |
| 1. | Биіктігі: | |
| 1.2. | 4-тен жоғары 4,5-ке дейін қоса алғанда | 0,009 |
| 1.3. | 4,5-тен жоғары 5-ке дейін қоса алғанда | 0,018 |
| 1.4. | 5-тен жоғары | 0,036 |
| 2. | Ені: | |
| 2.1. | 2,55-тен (изометрикалық қораптар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ке дейін қоса алғанда | 0,009 |
| 2.2. | 3-тен жоғары 3,75-ке дейін қоса алғанда | 0,019 |
| 2.3. | 3,75-тен жоғары | 0,038 |
| 3. | Ұзындығы: | |
| 3.1. | жол берілетін ұзындықтан асып түсетін әрбір метр үшін (толық емесін қоса алғанда) | 0,004 |
2. Отандық және шетелдік автокөлік құралдарының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруі үшін алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
462-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі