221-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы
1. Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларация табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет ірі мөлшердегі салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса, -
екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салына отырып немесе онысыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
бес жүзден үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, азаматтың салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 16.03.01 ж. № 163-II Заңдарына сәйкес 222-бап өзгертілді; 2009.07.12. № 222-IV Заңымен 222-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
222-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару
1. Декларация табыс ету міндетті болып табылса да, декларацияны табыс етпеу не декларацияға кірістер және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу жолымен, салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде көзделген алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Ұйымның салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуі, егер төленбеген салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде жасалған деп және егер төленбеген салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдер сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 222-1-баппен толықтырылды
222-1-бап. Салық төлеушінің салық берешегі шотына билік ету шектелген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттері
Билік етуге салық органдары шектеу қойған мүлікті ысырап етуі, иеліктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлкіне билік ету шектелген адамның осындай мүлікті беруден бас тартуы, кредит ұйымдары қызметшісінің салық органдары шығыс операцияларын тоқтатып қойған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұрынғы ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 223-бап өзгертілді
223-бап. Тұтынушыларды алдау
1. Меншiк нысанына қарамастан, тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететiн дүкендерде немесе басқа кәсiпорындарда не сауда (қызмет көрсету) саласында кәсiпкерлер ретiнде тiркелген азаматтардың кем өлшеуі, кем тартуы, кем санауы, тауардың (қызмет көрсетудiң) тұтынушылық қасиеттерi немесе сапасына қатысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл iс-әрекеттер елеулi мөлшерде жасалған болса -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттердi:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ;
в) iрi мөлшерде жасаса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Тұтынушыларға айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бір бөлiгінен асатын сомада зиян келтiрген алдау елеулi мөлшер деп, кемiнде үш айлық есептiк көрсеткiш сомасындағы алдау - iрi мөлшер деп танылады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 224-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
224-бап. Заңсыз сыйақы алу
1. Мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның мемлекеттік қызметтердi атқаруға уәкiлеттi адамы болып табылмайтын қызметкерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамының, сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқару қызметтерiн атқармайтын қызметкерiнiң өз мiндеттерi шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткенi үшiн материалдық сыйақыны, жеңiлдiктердi немесе мүлiктiк сипаттағы қызмет көрсетулердi заңсыз алуы, егер бұл әрекеттер қорқытып алумен байланысты болса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Бiрнеше рет немесе iрi мөлшерде сыйақы алумен байланысты жасалған дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер адамның алған сомасы немесе оған көрсетiлген қызметтiң құны үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен асса, заңсыз сыйақы алу iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
225-бап. Табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмiлелердi тiркеу
Табиғат пайдалану жөніндегі көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тiркеу, табиғат ресурстарын мемлекеттік есепке алу мен мемлекеттік жер кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты табиғат ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғат ресурстарын қорғап, молықтырғаны үшiн төлемдi қасақана төмендету, егер бұл әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге жеке мүддесi үшiн жасаса -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
226-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету
1. Күш қолданамын деп, бөтеннiң мүлкiн жоямын немесе бүлдiремiн деп, сол сияқты жәбiрленушi мен оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделерiне едәуiр зиян тигiзуi мүмкiн мәлiметтердi таратамын деп қорқыту арқылы мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгiлерi болмаса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл сала отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) күш қолданып;
в) ұйымдасқан топпен жасалса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 227-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
227-бап. Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату
1. Заң мен қорғалатын компьютерлiк ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, электронды есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесіндегі немесе олардың желiсіндегі ақпаратқа заңсыз кiру, сол сияқты ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адамның ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желісін бұзуға әкеп соқса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған не адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желісін бұзуға көпе-көрiнеу әкелетiн ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану не тарату -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген абайсыздықпен ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2007.08.01. № 210-III ҚР Заңымен 227-1-баппен толықтырылды
227-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының әйкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату
1. Жасап шығарушының немесе заңды иесінің келісімінсіз ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын құқыққа сыйымсыз өзгерту, ұялы байланыс абонентінің сәйкестендіру картасының телнұсқасын құқыққа сыйымсыз жасау, -
екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын өзгертуге немесе ұялы байланыс абонентінің сәйкестендіру картасының телнұсқасын жасауға мүмкіндік беретін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату, -
бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Нақ сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не ұйымдасқан топпен;
б) бірнеше рет жасалса;
в) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
8-тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV Заңымен (бұр. ред. қара) 228-бап өзгертілді
228-бап. Өкiлеттiктердi теріс пайдалану
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамның өз өкiлеттiктерiн осы ұйымның заңды мүдделерiне қарсы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса -
бес жүзден сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан төрт жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алтын айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы Кодекстiң баптарында мемлекеттік орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы не мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-өкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адам деп танылады.
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 229-бап өзгертілді
229-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы
1. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитордың немесе аудиторлық ұйым жетекшісінің өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар, немесе ұйымдар үшiн пайда табу және артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көпе-көрiнеу кәмелетке толмаған немесе әрекет қабiлетi жоқ адамға қатысты не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
230-бап. Жекеше күзет қызметi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалану
1. Жекеше күзет қызметi басшысының немесе қызметшiсiнiң лицензияға сәйкес, өздерiне берiлген өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қарамастан асыра пайдалануы, егер бұл әрекет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қару немесе арнаулы құралдар қолданып немесе ауыр зардап келтiрген дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес; 2009.07.12. № 222-IV Заңымен (бұр. ред. қара) 231-бап өзгертілді
231-бап. Коммерциялық сатып алу
1. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлiк беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы заңсыз қызмет көрсету -
бес жүзден сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер -
сегіз жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның сегіз айдан бір жылға де кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметiн атқаратын адамның заңсыз ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлiк алуы, сондай-ақ өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн мүлiктiк сипатта көрсетiлген қызметтi пайдалануы -
бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
б) бiрнеше рет;
в) қорқытып алумен байланысты жасалған болса -
екі мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір жылға дейінгі кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол қылмыстық iс қозғауға құқығы бар органға сатып алушылық туралы өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Бұрын жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда мүлiктi беру немесе алу, мүлiктiк сипаттағы қызметтер көрсету немесе мұндай қызметтердi сыйлық немесе сыйақы ретiнде пайдалану егер мүлiктiң немесе қызметтердiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын болса, онша маңызды болмауы себептi қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк ретпен қудаланады.
232-бап. Мiндеттерiне адал қарамау
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқарушы адамның қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн атқармауы немесе тиiстi дәрежеде атқармауы, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
9-тарау. Қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстар
ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңына сәйкес 233-бап жаңа редакцияда ; 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.14.06. № 290-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 233-бап өзгертілді
233-бап. Терроризм
1. Жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту, - төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) бірнеше рет;
б) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндiретін қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолдана отырып жасалса, -
жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.