Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу
кодекстеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат):
1) 59-баптың екінші бөлігінде:
«жартысынан» деген сөз «үштен екісінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үштен екісінен» деген сөздер «төрттен үшінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 63-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«8. Қылмыстардың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы жағдайында адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.»;
3) 69-баптың бірінші бөлігінде:
в) тармағындағы «он» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
г) тармағындағы «он бес» деген сөздер «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 76-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.»;
5) 77-баптың бесінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Бұл норма ауыр немесе аса ауыр қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға қолданылмайды.»;
6) 206-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нақ сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) ірі мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
7) мынадай мазмұндағы 227-1 және 245-1-баптармен толықтырылсын:
«227-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының
сәйкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру
құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ
абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту
үшін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау,
пайдалану, тарату
1. Жасап шығарушының немесе заңды иесінің келісімінсіз ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын құқыққа сыйымсыз өзгерту, ұялы байланыс абонентінің сәйкестендіру картасының телнұсқасын құқыққа сыйымсыз жасау, -
екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын өзгертуге немесе ұялы байланыс абонентінің сәйкестендіру картасының телнұсқасын жасауға мүмкіндік беретін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату, -
бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Нақ сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не ұйымдасқан топпен;
б) бірнеше рет жасалса;
в) бұрын компьютерлік ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізгені, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламалар жасағаны, пайдаланғаны, таратқаны үшін сотталған адам жасаса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
«245-1-бап. Сапасыз құрылыс
1. Құрылыс ұйымдары басшыларының, жұмыс жүргізушілердің және құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, электр станцияларын, тұрғын үйлерді немесе өзге де құрылыс объектілерін пайдалануға тапсыруы және (немесе) пайдалануға қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуі, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр зиян келтіруге әкеп соқса, -
бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат):
1) 50-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
"Ескерту. Қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсері деп табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды, төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын түсіну кepeк.";
2) 65-баптың екінші бөлігінің 10) тармағындағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын;
3) 174-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Көрсетілген шығыстарды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.«;
4) 184-баптағы «бір айға дейін» деген сөздер «екі айға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 192-бапта:
екінші бөлікте:
«107-бабында (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «112,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«187-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «227-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«245,» деген цифрлардан кейін «245-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«327-бабында (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «330-2 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 223-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Tepгeу және анықтау органдары алып қойған ұлттық және шетел валютасы түріндегі ақшалай қаражат қылмыстық процесті жүргізуші органның депозиттік шотына салынады.»;
7) 267-1-баптың екінші бөлігі «орынбасарларында» деген сөзден кейін «, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорларда» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 280-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«280-бап. Қылмыстық істі прокурорға жіберу
1. Тергеуші айыптау қорытындысына қол қойғаннан кейін іс осы іс бойынша қадағалауды жүзеге асырып отырған прокурорға дереу жіберіледі.
2. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болған және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іске айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тіркелуге тиіс.
Айыпталушыда - Қазақстан Республикасының азаматында жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізетін органның өтініші бойынша уәкілетті орган іс бойынша тергеу аяқталғанға дейін оны құжаттауға тиіс.
Айыпталушыда - шетелдікте жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, қылмыстық іске айрықша жағдайларда өзге құжат қоса тіркелуі мүмкін.
Ескерту. Осы бапта:
1) азаматтың паспорты;
2) жеке басының куәлігі;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына берілетін ықтиярхат;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
5) жүргізушінің куәлігі;
6) әскери билет;
7) тууы туралы куәлік (он алты жасқа толмаған адам үшін);
8) азаматтың тууы туралы акт жазбасы жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылады.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 8-і.
№ 210-III ҚРЗ