ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 56-тармақ өзгертілді
56. Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсеге пысықталған жобаны (Кеңсеге бұрын енгізілген қаулы жобасын бірге беруге рұқсат етіледі) не жобаны қараудан алу туралы жазбаша өтінішті ұсынуы тиіс. Қаулылардың жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді пысықтауды Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 57-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
57. Қажет болған кезде Үкіметтің басшылығы және Кеңсе Басшысы
әзірлеуші мемлекеттік органдардың жобаларды пысықтау және оларды Кеңседе келісуді қысқартуы мүмкін.
58. Премьер-Министр қаулының (өкімнің) жобасын қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізу үшін кез келген тиісті ұйымға жібере алады.
59. Жоба:
1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде қабылданбауы мүмкін.
4.7. Үкімет қаулыларының жобаларын Үкіметтің дауыс беруіне шығару
60. Премьер-Министр не Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысы қаулының жобасын дауыс беру үшін Үкіметтің мәжілісіне шығарады немесе сырттай дауыс беру тәртібімен Үкімет мүшелеріне жібереді. Үкімет қаулыларының жобалары Премьер-Министр айқындайтын мерзімдерде түсу тәртібімен қаралады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 61-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
61. Қаулылардың жобаларын қарауды Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы мәжілістің күн тәртібіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістеріне қарауға шығарылатын қаулылар жобаларының тізімі орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға) жіберіледі.
Жариялау көзделетін барлық қаулылар жобаларының көшірмелері Үкімет мәжілісінің алдында Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 62-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
62. Үкіметтің мәжілістерінде қаулының жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жоба бойынша «осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі дайындаған анықтамаға сәйкес қолда бар ескертулер мен ұсыныстар жөнінде Кеңсе Басшысы баяндайды.
63. Әрбір Үкімет қаулысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері көрсетіліп, хаттамалық шешім қабылданады.
64. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 65-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
65. Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша өткізіледі.
66. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша материалдарды дауыс беру үшін жіберген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы Премьер-Министрмен келісім бойынша сырттай дауыс беру мерзімдері қысқартылуы мүмкін.
67. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министрдің Кеңсесіне жазбаша жауаптар жібереді, онда өздерінің пікірін білдіреді. Жазбаша жауап көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда Үкімет мүшесі жобаны қабылдауға дауыс берді деп саналады. Дауыс беруді Үкімет мүшелері алмастыру құқығынсыз өткізеді.
68. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдауға дауыс берсе сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.
69. Қаулының жобасы бойынша сырттай дауыс беру нәтижелері осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 70-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
70. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр болмаған кезде Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр белгілеген тәртіппен оны алмастыратын тұлға немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға қол қоя алады.
Үкімет қаулыларының жобалары оларды Үкімет мәжілісінде қарағаннан кейін екі күннің ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына ұсынылуы тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі 10 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Үкімет Басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге мерзімі белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 70-1-тармақпен толықтырылды
70-1. Үкімет мәжілісінде қабылданған (сырттай дауыс беру тәртібімен) қаулылардың жобаларына Премьер-Министрдің орынбасары (тиесіліге қарай), Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 70-2-тармақпен толықтырылды
70-2. 70-1-тармақта көрсетілген жобалар бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама жасайды.
71. Қаулының (өкімнің) түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге тыйым салынады.
4.8. Үкіметтің қаулыларын (Премьер-Министрдің өкімдерін) тіркеу және есепке алу
72. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін тіркеуді және есепке алуды Кеңсе жүзеге асырады.
Қол қойылған Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз ету үшін жауапты бөлімшесі:
1) құпия емес қаулылар үшін - күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен, өкімдер үшін - дефис арқылы «ө» әрпін қойып, күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен;
2) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қаулылар мен өкімдер үшін - құпия емес қаулылар (өкімдер) үшін кезекті реттік нөмірден және»«қпү» кіші әріптерінен;
3) аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар мен өкімдер үшін - құпия қаулының (өкімнің) кезекті есепке алу нөмірін дефис арқылы берілген құпиялық белгісіне сәйкес»«аса м» -»«аса маңызды», «өқ» -» «өте құпия», «қ» - «құпия» кіші әріптерімен бірге қойып, құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден;
4) ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша қаулылармен (өкімдермен) құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден кейін дефис арқылы қойылатын цифрлы литері бар тіркеу нөмірі жоғарыда көрсетілген тәртіппен беріледі.
73. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің түпнұсқалары Кеңседе тұрақты сақталатын құжаттарға жатқызылады және Кеңседе кемінде 15 жыл сақталады, осы мерзім өткеннен кейін олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына мемлекеттік сақтауға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
74. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкімдердің) қосымша даналары Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің куәландырылған көшірмелері немесе олардың үзінді көшірмелері белгіленген тәртіппен адресаттардың шектеулі санына жіберіледі.
Оларда техникалық қателер анықталған кезде Үкіметтің құпия емес қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын ауыстыру Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте, бастапқы жіберілген даналарды алғандарға «Бұрынғы жіберілгеннің орнына» мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкімдердің) түзетілген нұсқалары жіберіледі. Адресаттар көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқасын алғаннан кейін олар қаулылардың (өкімдердің) бұрын жіберілген даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиіс.
Аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар (өкімдер) Кеңсе Басшысының хатымен ресми түрде қайтарып алынады.
Жариялануға тиіс барлық қаулылар Премьер-Министрдің Кеңсесімен келісіледі.
75. Үкіметтің нормативтік қаулылары қабылданғаннан кейін министрліктер мен олардың ведомстволары, агенттіктер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бір ай мерзімде өздерінің актілерін Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес келтіруге және қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында тиісті актілер шығаруға міндетті.
76. Мемлекеттік органдар республиканың заңнамасына қайшы келетін және құқықтың ескірген нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін өздері әзірлеуші болып табылған, қабылданған қаулылардың (өкімдердің) тұрақты мониторингін жүзеге асыруға міндетті.
77. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда, оның актілерінің күші жойылды деп тану туралы, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 5-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындау және келісу тәртібі
78. Үкімет енгізетін Президент актілерінің жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиісті орган жүзеге асырады.
Президент актілерінің жобалары Кеңсеге осы Регламентте Үкіметтің қаулылары үшін көзделген тәртіппен енгізіледі.
Президент актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне Үкімет қаулыларымен не Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) хаттарымен енгізіледі, сондай-ақ бір мезгілде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы электрондық құжаттар форматында (нысанында) беріледі. Бұл ретте, әдетте, хаттармен Президент Әкімшілігі бұрын пысықтау үшін қайтарған жобалар қайта енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес өз бастамалары бойынша не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.
Тиісті бланкілерде әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындаған Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобалары Премьер-Министрдің Кеңсесіне бірінші басшының не жауапты хатшының ілеспе хатымен енгізіледі.
Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет, Қаржы министрліктерінің бірінші басшылары міндетті түрде бұрыштама соғады.
Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасьі мен оның қосымшасының әр парағына, егер актінің жобасы екі және одан көп парақтан тұратын болса, акті жобасының бірінші парағын қоспағанда, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
Егер тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, Президент актілерінің жобаларын пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Кейіннен қосымша нормативтік құқықтық актілер қабылдауды талап ететін Президент актілерінің жобаларына құзыреттері Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасында белгіленетін әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары алдына ала қол қойған тиісті қосымша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бірге береді.
Президенттің халықаралық шарттар мен келісімдер туралы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне халықаралық құжаттарға қол қою белгіленген күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын беріледі.
79. Үкімет Президент Әкімшілігіне енгізетін Президент актілерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған жобалары мыналарды қамтуға тиіс:
1) Президент актісінің жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысының белгіленген тәртіппен Үкіметтің мөрімен куәландырылған көшірмесі немесе Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) Президентке арналған хатының түпнұсқасы не Премьер-Министрдің немесе оны алмастырушы тұлғаның ілеспе хаты;
2) Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға), Кеңсе Басшысы, жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның әрі Әділет және Қаржы министрліктерінің басшылары бұрыштама соққан Президент актісінің тиісті бланкідегі жобасы. Президент актісінің жобасы мен оған қосымшаның әр парағына жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы алдын ала қол қоюы тиіс. Кеңседе пысықталған енгізілетін Президент актісінің жобасына әзірлеуші орган, Әділет және Қаржы министрліктері бірінші басшыларының бұрыштамалары бар Үкіметке енгізілген Президент актісінің жобасын қоса тіркеуге рұқсат етіледі;
3) егер Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;
4) көлемі үш парақтан аспайтын, ал күрделі мәселелер бойынша бес парақтан аспайтын түсіндірме жазба, мұнда мәселенің мәні, әлеуметтік-экономикалық және қажет болғанда саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, жобаны қабылдаудың күтіліп отырған салдарының болжамы, осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің бұрын қабылданған актілерінің тізбесі және олардың орындалуы туралы ақпарат баяндалады;
5) егер акті жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін болса, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар Қазақстан Республикасы Президентінің актісі жобасының қолданыстағы және ұсынылып отырған редакциясының салыстырма кестесі;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес нысанда жасалған келісу парағы;
7) Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасымен белгіленетін тікелей құзыреті болған кезде әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары дәйектеген, қабылдануы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің енгізілетін жобасын іске асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобалары;
8) акт жобасында мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адамның бұрыштамасы болған жағдайда, оған осы міндеттердің жүктелгені туралы бұйрықтың немесе өкімнің көшірмесі;
9) өзге де қажетті материалдар.»;
6. Үкіметтің заң шығару қызметі
6.1. Заң шығару қызметін жоспарлау
80. Үкіметтің заң шығару қызметі Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына (бұдан әрі - Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 81-тармақ өзгертілді
81. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалы жоспарларын қалыптастыру Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдаулары, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Жоспар заң жобаларының, оның ішінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар, нақты заң жобаларын Әділет министрлігіне, Үкіметке және Қазақстан Республикасының Парламентіне (бұдан әрі - Парламент) Үкімет пен Парламентке енгізу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының Парламентінде қаралуы мерзімдері, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мен енгізу үшін жауапты лауазымды тұлғалар көрсетіле отырып, қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобаларының тізбесін білдіреді.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 82-тармақ өзгертілді
82. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын Әділет министрлігі, жыл сайын заң жобаларының тұжырымдамалары түрінде 1 шілдеге дейін Әділет министрлігіне жолданатын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) ұсыныстарының негізінде жасайды және жыл сайын 1 қазанға дейін Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіппен Үкіметке ұсынады. Бұл ретте Әділет министрлігі Жоспардың жобасына енгізілген әрбір заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесін қамтитын анықтаманы қоса береді.
Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы Жоспарға қандай да бір заң жобасын енгізу үшін міндетті шарт болып табылады.
83. Жоспарды Президентпен келісу «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 84-тармақ өзгертілді
84. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімін ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдьщ Жоспарынан алып тастау немесе оған қосымша заң жобаларын енгізу туралы мәселелер алдын ала Президент Әкімшілігімен келісілген Үкіметтің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен шешіледі.
Мыналар:
Мемлекет басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары қабылданған Жоспарға заң жобаларын қосу негіздері болып табылады.
Мыналар:
Мемлекет басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары;
алып тастауға ұсынылатын заң жобасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы;
бірнеше заң жобаларын бір реттеу нысаны бойынша біріктіру қабылданған Жоспардан заң жобаларын алып тастау негіздері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығында көзделген Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жатқызылған құжаттар, Үкіметтің іс-шаралары жобаларының нормалары (ережелері) заң жобалауды қамтамасыз ету бөлігінде Ведомствоаралық комиссиямен келісіледі.
Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудің жаңа тетіктерін енгізу перспективалы Жоспарға өзгерістер және толықтырулар енгізумен бірге жүргізілуге тиіс.
Заң жобалау жұмыстарының қабылданған жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Мемлекет басшысымен не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен міндетті түрде келісілуге жатады.
85. Перспективалы және ағымдағы жоспарлардың орындалуын жалпы
бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есептіден кейінгі айдың 1-күніне ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, басым заң жобалары және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленетін заң жобалары жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуі туралы мәліметті ұсынады.
Жоспарланған заң жобаларын әзірлеу мерзімі бұзылған кезде Кеңсе Әділет министрлігі ақпаратының негізінде Премьер-Министрге заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізе алады.
86. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
87. Заң жобаларын әзірлеудің және ұсынудың сапасы, уақтылығы үшін Жоспарда көрсетілген лауазымды тұлғалар дербес жауапкершілікте болады.
6.2. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру тәртібі
88. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қарау тәртібі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен бірге Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 89-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
89. Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оған қосылу туралы заң жобаларын әзірлеу және енгізу «Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша (халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобаларын қоспағанда) «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетін құқықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы, қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізу міндетті. Бұл ретте оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдарларды болжайтын заңнамалық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 90-тармақ өзгертілді
90. Заң жобасын әзірлеуші жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті ғылыми және қажет болған жағдайда - криминологиялық ғылыми сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).
Әзірлеуші көрсетілген қорытындыларды заң жобасына басқа материалдармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде Кеңсеге міндетті түрде енгізеді. Ғылыми сараптаманың теріс қорытындысы кезінде (мемлекеттік экологиялық сараптаманы, оның нәтижелері бойынша заң жобасында міндетті түрде жойылуға тиіс ескертулерді қоспағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайтадан немесе қосымша сараптама жүргізу туралы өз бетімен шешім қабылдайды.
Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзірлеуші заң жобасына анықтама парақта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-тармақ өзгертілді
91. Дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңдардың жобалары ұсынымдық сипатта болатын сараптамалық қорытындылар алу үшін заң жобасы салалық мүдделерін тікелей қозғайтын дара кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктеріне жіберіледі және заң жобалары қабылданғанға дейін оларға міндетті қосымшалар болып табылады.
Жобаны әзірлеуші сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда заң жобасына анықтама парақта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіз келтіруге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 91-1-тармақпен толықтырылды
91-1. Егер Қазақстан Республикасы заңының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын жан-жақты пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қарауына заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бір мезгілде енгізеді.
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда ол заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның сауалы бойынша заңға тәуелді актінің тиісті жобасын ұсынады.
6.3. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 92-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)