Үкіметтің мәжілісіне материалдар уақтылы тапсырылмаған, сондай-ақ сапасыз және толық емес көлемде тапсырылған жағдайда Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
Үкіметтің мәжілістеріне материалдардың уақтылы тапсырылмағаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жауапкершілік жүктеледі.
Премьер-Министрдің не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның тапсырмасы бойынша Үкімет мәжілісі шұғыл түрде өткізілетін айрықша жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін және Үкімет мәжілісіне қатысушыларға мәжілісте тікелей жеткізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
26. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар Үкімет
мәжілісінде қаралатын мәселелер бойынша хаттамалық шешімнің жобасын,
анықтамаларды, (5 беттен аспайтын көлемде) салыстырма кестелерді, слайдтарды, ақпараттық (талдамалық) және басқа да материалдарды қамтуға тиіс. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалатын материалдарға қойылатын талаптар Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен айқындалады.
27. Үкімет мәжілісіне құпия материалдар Кеңсеге Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес енгізіледі.
28. Мәжіліске қатысып отырғандар өздерінің атына немесе өздері білдіріп отырған органдардың (ұйымдардың) атына тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімінің деректер жазбасын жүргізуі тиіс.
29. Үкімет мәжілісінде қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді. Хаттамалар Үкімет мәжілісінің стенограммасы негізінде және оған сәйкес дайындалады. Премьер-Министрде болатын кеңестердің хаттамасын дайындау кезінде осындай тәртіп қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30. Елтаңбалық бланкіге шығарылған хаттамаға орындаушы, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.
4. Үкімет қаулылары
(Премьер-Министр өкімдері)
4.1. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын дайындау тәртібі
31. Мемлекеттік органдар Үкімет қаулыларының жобаларын (бұдан әрі - қаулылардың жобалары) дайындауды Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңнамалық актілердің, Президент актілерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің негізінде және оларды орындау үшін жүзеге асырады.
32. Қаулылардың жобаларын уәкілетті мемлекеттік органдар өз
бастамалары бойынша немесе егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді. Қаулылардың, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - өкімдердің жобаларын), сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе әзірлеуі мүмкін.
Өкімдерінің жобаларын дайындау әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылады.
4.2. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу
33. Қаулылар мен өкімдердің жобалары олардың заңнамада белгіленген құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдармен міндетті түрде келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.
34. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы (өкім) жобасының көшірмесін, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жібереді. Қаулының (өкімнің) жобасының көшірмесін келісуге алған кезде мемлекеттік органдар олардың басқа мемлекеттік органдардың оған алдын ала бұрыштама соғуын талап етуге және үстірт және өзге де негізсіз себептермен жобаны келісуден бас тартуға тиісті емес.
35. Орталық атқарушы органдардың Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау және келісу кезіндегі өзара іс-қимылы жауапты хатшылар (немесе жауапты хатшының функцияларын орындауға уәкілетті лауазымды тұлғалар) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 36-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36. Кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыны қоспағанда, қаулылардың жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің, актілеріне сәйкестік мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ Қаржы министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және Қаржы министрліктері теріс қорытынды берген кезде, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, қаулының жобасы Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
37. Оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдар болжанып отырған қаулылардың жобалары уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізетін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жасауға жатады. Жобаны әзірлеуші оны уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша оң қорытындысы болған кезде Үкімет басшылығының қарауына енгізеді.
Үкіметтің барлық нормативтік қаулыларының жобалары міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жатқызылады.
38. Дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулылардың (өкімдердің) жобалары сараптамалық қорытынды алу үшін дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберіледі. Дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және қаулының (өкімнің) жобасы қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады.
39. Заңнамаға сәйкес Әділет министрлігінде құқықтық сараптама жасауға жататын халықаралық ұйымдарға кіру және олардан шығу, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою мәселелері жөніндегі қаулылардың жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала келісілуге тиіс, ал құқықтық сараптамадан өткендері Сыртқы істер министрлігінде келісуге жатады. Бұл жобаларға мыналар қоса беріледі:
1) тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық
ұйыммен келісілген әзірлеуші органның басшысы алдын ала қол қойған
халықаралық шарттың жобасы не Сыртқы істер министрлігі куәландырған оған сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымға кіруі немесе одан шығуы не Қазақстан Республикасының шартқа қосылуы жоспарланып отырған көп жақты халықаралық шарттың мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) мәтіні;
2) Сыртқы істер министрлігі куәландырған халықаралық шарттардың көшірмелері және оларға қаулының жобасында немесе халықаралық шарттың жобасында сілтемелер бар жобаны әзірлеуші куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар.
Қол қойылған халықаралық шарттардың және халықаралық сипаттағы өзге де құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің дәлме-дәлдігін тиісінше Сыртқы істер министрлігі және әзірлеуші орган оларды Кеңсеге енгізгенге дейін қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 39-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 39-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
39-1. Барысында халықаралық шарттарға қол қою жоспарланатын сапар (халықаралық іс-шара) басталғанға дейін Президент пен Үкіметтің халықаралық шарттарға қол қою туралы шешімдерінің жобалары белгіленген тәртіппен мыналарға:
1) кемінде бес апта бұрын Әділет министрлігіне;
2) кемінде үш апта бұрын Сыртқы істер министрлігіне;
3) кемінде екі апта бұрын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізіледі.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар шеңберінде, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шаралар өткізілгенге дейін кемінде жиырма бес жұмыс күні бұрын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген тапсырмалардың жобаларын (меморганның тиісті келісу хаттарымен не меморган басшысының бұрыштамасымен қоса) Премьер-Министрдің Кеңсесіне беруді қамтамасыз етеді.
Премьер-Министрмен тапсырмалардың жобаларын келіскеннен кейін Сыртқы істер министрлігі тапсырмалардың жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шаралар өткізілгенге дейін кемінде он бес жұмыс күні бұрын Президент Әкімшілігіне енгізеді.
40. ҚР Үкіметінің 2008.05.12. № 1161 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру мен
зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары жөніндегі қаулылардың
жобаларын келісу мен енгізу мәселелері Үкімет бекіткен тиісті нұсқаулыққа сәйкес айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 42-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42. Ведомстволардың санын, министрліктердің, агенттіктердің, олардың басшы лауазымды тұлғаларының штат санының лимиттерін ұлғайтуды көздейтін қаулылардың жобаларын Үкімет Президентпен немесе оның уәкілеттігі бойынша Президент Әкімшілігімен келіседі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 43-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
43. Әзірлеуші мемлекеттік органның қолдаухаты бойынша келісуші
мемлекеттік органдардың келіспеушіліктерін қарау мақсатында Премьер-Министрде оның орынбасарларында мәжіліс өткізілуі мүмкін.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кеңестер Кеңсенің Басшысында өткізілуі мүмкін, олардың нәтижелері Премьер-Министрге баяндалады.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен мазмұн 43-1-тармақпен толықтырылды
43-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде қарау процесінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламентінің қарауына тиісінше Президент актілерінің жобаларын және заң жобаларын енгізу туралы қаулы жобалары тұжырымдамалық өзгерген жағдайда, олар міндетті түрде мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісілуге тиіс.
44. Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Кеңсе Басшысы жедел мәселелерді шешу жөніндегі қаулылардың (өкімдердің) жобаларын келісудің өзге де рәсімін белгілей алады.
4.3. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу мерзімі
45. Қаулылардың (өкімдердің) жобаларын мемлекеттік органдарда қарау және келісу олар түскен күнінен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:
1) осы Регламентте көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, оның ішінде Президенттің және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы тиісінше Президент актілерінің жобалары мен заң жобалары - 10 жұмыс күні;
2) Премьер-Министр өкімдерінің жобалары - 5 жұмыс күні;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ ізгілік көмек мәселелері бойынша қаулылар мен өкімдердің жобалары - 3 жұмыс күні.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) халықаралық шарттарға қол қою (оларды жасасу) туралы және олардың күшіне енуі жөнінде мемлекетішілік рәсімдер жүргізуді көздейтін қаулылар мен Президент Жарлықтарының жобалары - 5 жұмыс күні.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 46-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
46. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Кеңсе
Басшысының тапсырмалары бойынша Үкіметтің қаулыларын немесе Премьер-Министрдің өкімдерін жедел қабылдау қажет болған кезде нақты жобаларды мемлекеттік органдарда келісудің неғұрлым қысқа мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайда қаулының (өкімнің) жобасына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет мәжілісінде, Үкімет басшылығында немесе Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысында болған кеңесте бұрыштама соғуы мүмкін.
4.4. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын келісу қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
47. Қаулының (өкімнің) жобасын қарау қорытындылары бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:
1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Бұл жағдайда әзірлеуші оған келісуші орган басшысының бұрыштамасын қою үшін жобаның түпнұсқасын ұсынады;
2) жоба бар ескертулер жойылған кезде келісілуі мүмкін. Бұл ретте ескерту келісуші органның басшысы қол қойған хатта баяндалады, мұнда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуы тиіс. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша келісуші мемлекеттік органдардың ескертулері тікелей құзыретіне жатқызылған келісуші мемлекеттік органның ескертулерін жою шартымен нормативтік актілердің құқықтық жобалары келісілуге жатқызылғанына байланысты мемлекеттік органның өзінің тікелей құзыретіне қатысты болуға тиіс. Әзірлеуші ескертулермен келіскен кезде жобаларды пысықтау жұмыс тәртібімен жүзеге асырылады, бұдан кейін жобаның түпнұсқасы келісуші органның бірінші басшысына бұрыштама соғуға беріледі;
3) жобаны келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші органның
басшысы қол қойған келісуден бас тартуға уәждеме бар хат қоса беріледі.
Келісуші мемлекеттік органдарға қаулылардың (өкімдердің) жобаларын»«ескертулермен» келісуге (бұрыштама соғуға) тыйым салынады.
48. Келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара тиімді шешімді іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етуге тиіс. Өзара тиімді шешімге қол жетпеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп, келіспеушіліктер хаттамасын жасайды. Мемлекеттік органдардың басшылары келіспеушіліктер хаттамасына қол қояды.
4.5. Қаулылардың жобаларын Үкіметтің қарауына енгізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 49-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
49. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган қаулының жобасын Кеңсеге келісуші мемлекеттік органдардың қорытындыларымен (хаттарымен) (келіспеушіліктер хаттамаларымен) және тиісті қосымшалармен бірге Кеңсеге енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 50-тармақ өзгертілді
50. Мемлекеттік органдар Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізетін мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған Үкімет қаулыларының жобалары мыналарды қамтуға тиіс:
1) Үкімет қаулысының жобасы;
2) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны қамтуға тиіс, онда мынадай негізгі мәліметтер қамтылуға тиіс:
тиісті нормативтік құқықтық актілерге жасалған сілтеме бар жобаны қабылдауға негіз, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса беріледі);
жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының шешімі қажет болған кезде (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтемелер, Республикалық бюджет комиссиясының шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі);
жоба қабылданған жағдайдағы болжалды салдарлар;
нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі;
жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер;
енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілер қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етіледі ме екендігін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы.
Дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулының (өкімнің) жобасына түсіндірме жазба міндетті түрде Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты дара кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) артуын растайтын есептемелердің нәтижелерін қамтуға тиіс.
Дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларымен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеудің дәлелденген себептерін келтіруге тиіс;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші қаулы жобасына түсіндірме жазбада келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс;
3) Үкіметтің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулының жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісінше негіздей отырып, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциясындағы салыстырма кестесі қоса беріледі;
нормативтік құдықтық акті жобасының әрбір абзацына қатысты негіздеме, соның ішінде тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті сілтемемен нормативтік құқықтық негіздеме келтірілуі тиіс;
қаулы жобасының жаңа редакциясы енгізілген кезде де қаулының жаңа редакциясының әрбір абзацының тиісті негіздемесімен (тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті түрде сілтемемен) бірге қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакцияларының әзірлеуші мемлекеттік орган басшысы әрбір парағына бұрыштама қойған және қол қойған салыстырма кестесін қоса беру қажет;
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) егер жобада қаулының (қаулылардың) күшін жою көзделетін болса, жобаға жобаны қабылдау қажеттілігіне негіздемені қамтитын, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған анықтама бірге беріледі;
4) егер қаулының (өкімнің) жобасы дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, жобаға салалық мүдделері жобада тікелей қозғалатын дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары бірге беріледі;
5) ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың қорытындылары (келіспеушіліктер хаттамасы).
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) орындау үшін қаулының жобасы әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері;
7) нормативтік құқықтық қаулылардың жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын міндетті түрде бірге беру қажет;
8) келісу парағы (қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
51. Жобаға ілеспе хатқа әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
52. Қаулылар (өкімдер) жобаларының және оларға қосымшалардың әр парағына әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы алдын ала қол қояды.
53. Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық актілерден, Президент, Үкімет және Премьер-Министр актілерінен басқа) сілтемелер болған кезде әзірлеуші осы құжаттардың тиісінше Сыртқы істер министрлігі немесе жобаны әзірлеуші куәландырған мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) көшірмелерін міндетті түрде жобаға қоса береді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 4.5-1-бөліммен толықтырылды
4.5-1. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 53-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-1. Белгіленген тәртіппен тіркелген қаулы жобасы (Премьер-Министрдің өкімдерін, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын, заң жобаларын және Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау үшін әзірленген, оларды Үкіметке жедел енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда) заңдық техника ережелерінің сақталуын және жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін Премьер-Министр Кеңсесінің Заң бөліміне, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдері ережелерінің сақталуын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігін алдын ала тексеруге (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі үшін әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дербес жауапты болады) Премьер-Министр Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне жіберіледі. Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба тіркелген сәттен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
53-2. Үкімет қаулысының жобасын алдын ала тексерудің нәтижелері туралы Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мен Заң бөлімінің меңгерушілері Кеңсе Басшысын немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны хабардар етеді.
Алдын ала тексерудің нәтижелері бойынша Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға мүдделі орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың) және Заң бөлімі, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушілерінің қатысуымен кеңес өткізеді, онда қаулының жобасын одан әрі қарау мен дайындау тәртібі белгіленеді:
1) Үкімет мәжілісіне шығару;
2) Кеңсенің бөлімдерінде пысықтау (Заң бөлімінің оңай жойылатын ескертулері жағдайында) және Үкімет мәжілісіне шығару;
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 3) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады, орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі
3) қаулының жобасын пысықтау және кейіннен Үкімет мәжілісіне шығару үшін оны Кеңсенің салалық бөліміне беру;
4) жобаны мемлекеттік органдарға пысықтауға қайтару.
Қолданыстағы заңнаманың нормаларын бұзушылықтары бар, алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ауытқыған жобалар қажет болған кезде Әділет министрлігіне және/немесе әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі және 10 (он) жұмыс күні ішінде олар пысықтайды.
53-3. Белгіленген тәртіппен тіркелген, нөмірге келіп түскен (Үкімет пен Кеңсе басшылығы бұрын берген тапсырмаларды орындау үшін) Үкімет қаулыларының жобалары, егер оларды осы құрылымдық бөлімше алдын ала қараған болса, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне (олардың құзыретіне сәйкес) тікелей жіберіледі.
53-4. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ауытқыған қаулылардың жобалары туралы ақпарат олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.
4.6. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын қабылдамау және пысықтауға қайтару
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 54-тармақ өзгертілді
54. Жоба пысықтауға:
1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде дәлме-дәлдіктің болмауы, осы Регламенттің, Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзушылықтар, жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі анықталған жағдайда Кеңсе Басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімі бойынша;
3) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде;
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын таныстыру хаттамасы негізінде;
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің Премьер-Министрмен келісілген хаттамасы негізінде;
4) жобаны әзірлеуші орган басшысының (жауапты хатшының) не оның өкілінің (ол өкілеттік берген тұлғаның) жазбаша келісімі болған кезде Кеңсе Басшысының рұқсатымен әзірлеушінің өкілі (өкілетті тұлғасы) жобаның келісу парағына қол қойып жұмыс тәртібімен қайтарылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 7 жұмыс күнінен аспауға тиіс
55. Жобаларды пысықтау мақсатында әзірлеуші мемлекеттік органның мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен жедел кеңестер шақыруға құқығы бар.