Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 323 Қаулысы
(2009.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 7 сәуірдегі
№ 323 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Бычкова Светлана Федоровна | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі |
Никитинская Екатерина Сергеевна | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша); |
мына:
«Меркель Иоган Давидович | - Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты (келісім бойынша)» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Меркель Иоган Давидович | - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)»; |
көрсетілген құрамнан Баталов Асқар Болатұлы, Бөрібаев Асқар Исмайылұлы, Уәйісов Мерей Құрманұлы, Қазыханов Ержан Хозеұлы, Мусин Қобыланды Нұрғалиұлы, Саудабаев Дәулет Советұлы, Скрябин Сергей Васильевич шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 738 қаулысында:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Асанов Жақып Қажманұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі; |
мына:
«Ешімова Дана Ақылбекқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заң басқармасының бастығы» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ешімова Дана Ақылбекқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары»; |
көрсетілген құрамнан Баталов Асқар Болатұлы, Балтабаев Қуаныш Жетпісұлы, Бахтыбаев Ілияс Жақыпбекұлы, Елекеев Ирак Қасымұлы, Саудабаев Дәулет Советұлы, Скрябин Сергей Васильевич шығарылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 92-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Турецкий Николай Николаевич | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Дворецкий Владимир Яковлевич | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі атқарушы дирекциясының Парламентпен жұмыс жөніндегі директоры (келісім бойынша) |
Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Жұмағұлов Ерлан Әскерұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры, хатшы |
Нұғманова Элмира Әбдікқызы | - заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Баталов Асқар Болатұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы, Иманқұлов Еділбай Исламұлы, Меркель Иоган Давидович, Мусин Қобыланды Нұрғалиұлы, Саудабаев Дәулет Советұлы, Скрябин Сергей Васильевич шығарылсын.