«Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 шілде № 1065 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау республикалық басқармасы мекемесi қайта құру жолымен шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi- Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетi мемлекеттік басқарудың органы, сондай-ақ кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсiн.
ҚР Үкіметінің 2000.04.02. № 167 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi нысанасы мыналар болып белгiленсiн:
электр энергетикасы және энергия үнемдеу мәселелерi бойынша, оның iшiнде қайта жаңартылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектiлердiң жобалары бойынша белгiленген тәртiппен энергетикалық сараптама жүргiзу және қорытындылар беру;
энергетикалық жабдықтар мен электр және жылу тораптарындағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды, сондай-ақ оларда өндiрiстік жарақат алу жағдайларын тексеру кезiнде оған белгiленген тәртіппен қатысу.
4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегi комитет кәсiпорынның жарғысын заңдарда белгіленген тәртіппен әзiрлеп, бекiтсін және оны мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсін.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 8 қарашадағы № 1489 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., № 35, 443-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі