Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржылық ұйымдардың біріндегі өкілдер санын уәкілетті орган айқындайды.
2. Өкіл өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
3. Уәкілетті орган банктегі, жинақтаушы зейнетақы қорындағы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы.
4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
5. Өкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) банктің, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдайды;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сауалдың, нұсқамаларының, талаптарының сақталуын бақылайды;
3) банкте, жинақтаушы зейнетақы қорында, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) банк, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) (бұдан әрі - банктің, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады;
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және өз пікірін білдіру құқығынсыз байқаушы ретінде банк, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысына қатысады.
6. Өкіл:
1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарынан және (немесе) олардың лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша нысандағы мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілікті және банк, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын сұратуға;
2) автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) қол жеткізуге құқылы.
7. Өкіл:
1) өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының бермеуі немесе уақтылы бермеуі, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі келтіруі, осы қаржы ұйымдарының тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабарлауға;
2) уәкілетті органның банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті.
8. Өкіл жіберілетін банк, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) өкілге өз функцияларын орындауына жәрдем көрсетуге;
2) өкілге осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржылық ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және барлық ақпарат көздеріне қолжетімдікті қамтамасыз етуге;
3) өкілден сауалды алған күні не сауалда белгіленген және өздерімен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге;
4) өздерінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
5) өкілдерді өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті.
9. Өкіл өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыруы барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақталымдарының құпиясын, сақтандыру немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, оның ішінде уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін үш жыл ішінде жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Өкіл уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде өзі өкілі болып табылған банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына жұмысқа қабылдана алмайды.
Өкіл банк, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдары отырыстарының барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.»;
3) 10-баптың екінші бөлігі және 10-1-бап алып тасталсын.
10. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат):
32-бапта:
3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары алып тасталсын;
4) тармақша:
мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
«осы тармақшаның он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он сегізінші абзацтарында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру;»;
мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«титулдық сақтандыру;»;
10-тармағының тоғызыншы және оныншы абзацтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) тәуелсіз актуарий ретінде қызметті жүзеге асыратын және тізбесі мен оларға қойылатын талаптарды қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарының мүшелері болып табылатын адамдардың қызметін қоспағанда, сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызмет;».
2-бап.
1. Осы Заң мыналарды:
1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 39) тармақшасының он бірінші абзацын;
2) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 1) тармақшасының он үшінші - он бесінші абзацтарын, 28) тармақшасының он бірінші, он екінші және жиырмасыншы абзацтарын, 39) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 8-тармағын;
3) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының бесінші абзацын, 6-тармағы 1) тармақшасының отыз сегізінші абзацын, 6) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 9) тармақшасының он жетінші - жиырма төртінші абзацтарын, 10) тармақшасының бесінші абзацын, 15) тармақшасының он алтыншы және он жетінші абзацтарын, 18) тармақшасын, 19) тармақшасының жетінші абзацын, 45) тармақшасын, 10-тармағының тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін және сақтандыру агенттерінің қызметін осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасы оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарының, 15) тармақшасы үшінші абзацының, 16) тармақшасының, 17) тармақшасы төртінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жоғарыда аталған ережелердің орындалуын растау үшін сақтандыру ұйымдары осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім басталған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде мынадай құжаттарды:
1) сақтандыру агенттерінің оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандарды тапсырғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімін;
3) сақтандыру агенттерімен жасалған тапсырма шарттарының көшірмелерін табыс етуге міндетті.
3. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 17) тармақшасы жетінші абзацының ережелері сақтандыру ұйымдарының сақтандыру агенттеріне сыйақыларды төлеу жөніндегі, бұрын жасалған агенттік келісімдерден немесе сақтандыру агентінің сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу құқығын куәландыратын өзге де құжаттардан туындаған қатынастарға қолданылады.
4. Сақтандыру ұйымдары сақтандыру бойынша біртұтас дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасуға және бұл ұйымға осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 54) тармақшасының жүз жиырма төртінші - жүз қырық алтыншы абзацтарында көзделген тәртіппен мынадай мерзімдерде:
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары - 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде тіркелуге міндетті.
2) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру ұйымдары осы баптың 2 және 4-тармақтарының талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен оларды сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруға құқылы.
6. Сақтандыру агенті осы тармақпен 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін белгіленген шектеулерді ескере отырып, сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшамен төлеген кезінде бірнеше сақтандыру ұйымының атынан және солардың тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырады.
Сақтандырушыдан сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін төлемді қолма-қол ақшамен алуға бір сақтандыру ұйымының атынан және соның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасқан кезде жол беріледі.
Сақтандыру агенті сақтандырушыдан төлемді әрбір сақтандыру шартына есептегенде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолма-қол ақшамен қабылдайды.
Сақтандыру агенті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін сақтандырушылардан алынатын қолма-қол ақша пайдаланылатын төлемдердің күнделікті жиынтық мөлшері сақтандыру ұйымының әрбір сақтандыру агенті үшін белгілеген лимитінен аспауға тиіс.
Сақтандыру агентіне сақтандырушылардан алған сақтандыру сыйлықақыларынан тапсырма шарты бойынша өзіне тиесілі сыйақыны ұстап қалуға тыйым салынады.
7. 1-баптың 6-тармағы 29) тармақшасының оныншы абзацы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
8. Актуарий 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде актуарийлерді оқытудың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы шілденің 15-і.
№ 338-IV